Материалдар / БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалы білім беру арқылы оқушылардың алған теориялық білімін практикалық іспен байланыстыра отырып, олардың дүние танымын кеңейтіп, белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Боскумбаева Жанар Ибрагимовна

Астана қаласының әкімдігінің

«№82 «Дарын «мамандандырылған лицей»КММ

Сапалы білім беру арқылы оқушылардың алған теориялық білімін практикалық іспен байланыстыра отырып, олардың дүние танымын кеңейтіп, белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз. Білімнің сапасын көтеруде қазіргі таңда қолданылып  жатқан әдіс-амалдар өте көп, олар оқушылардың қызығушылығын арттыруда, жаңа технологиялар да жылдан-жылға көбею үстінде. Жаңа технология негізінде оқушы, біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілер бойынша жұмысты іске асырады. Екіншіден, танымдық іс-әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды. Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылы таныс емес жағдайдағы проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғалануымен ерекшеленеді. Оқушы шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында ақпараттық көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру арқылы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.

Ал қазіргі оқытушы оқушыларға дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан оқушылар тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.

Осындай күрделі іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бүгінгі талапқа сай «құзіреттілік» негізінде өзінің әлеуетін көтеруді жүзеге асырады.

Оқушының іс-әрекетін мақсатты түрде ұйымдастыру, оған басшылық жасау, білімді өз белсенділіктерімен алуға жағдай туғызу – жаңа педагогикалық технологиялардың басты белгілері болып табылады. Көп жылғы тәжірибеде В.Ф. Шаталовтың «Тірек сызбалар арқылы оқыту технологиясы», В.К. Дьяченконың «Ұжымдық оқыту тәсілі», Қ.А.Әбдіғалиевтің «Шоғырландырып-қарқынды оқыту», Ж.А. Қараевтың «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы, жаңашыл ұстаз Қанипа Бітібаеваның ізденуге негізделген озық технологияларын пайдаланып, тиімділігіне көз жеткіздік. Қазірде осы айтылған әдістемелерді жүйелі түрде қолдануға мүмкіндік беретін «Модульдік оқыту технологиясы» кеңінен қолданылуда.

Жаңа мазмұнда оқыту оқушы құзіреттілігін қалыптастыруға көмектеседі. Құзіреттіліктер бұл пәндер жиынтығы емес, ол оқушының білімі, білігі және




дағдыларының үйлестірмелі сипаттарымен байланыстыратын жаңадан қалыптасқан сапа болып табылады.

Елжандылық рух беретін бірден бір пән – қазақ тілі мен әдебиетінен  пәнінен  күтілетін нәтиже имандылық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттері қалыптасады. Мемлекеттік және басқа да тілдерді игеру негізінде коммунактивтік құзыреттілігі қалыптасады. Ұлттық және әлемдік әдебиеттердің құндылықтарын игерген тұлға қалыптасады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, ұлттық ерекшеліктерді тани біледі. Әрбір сабақтан кейін оқушылар өзінің ой-толғанысын әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы білдіріп, бөлісіп отырғаны абзал. Осындай тәжірибелер арқылы, қазіргі оқытушы оқушылардың ішкі мүмкіндіктерін ашу арқылы, олардың шығармашылық қабілеттерін тани білуге жаңашыл іс-әрекет жасауға, білімге деген жетіспеушілігін сезіп білуіне, өмірде кездесетін көптеген жағдаяттарды шеше білуге, жаңаны танып білуге деген құлшынысын, қабілеттерін оята білуге  болады. Бастауыш мектеп балаға білім беріп ғана қоймай, оны жан жақты дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Бастауыш сынып оқушылары жаны жаңалыққа құмар, барлығын игеріп, білгілері келіп тұрады.Сондықтан да жаңа технологияларды бастауыш сыныпқа пайдаланудың маңызы зор.

Мұғалім –әр түрлі әдіс тәсілдердің түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың тындалым мен айтылым дағдылары арқылы өздігінен жұмыс істей білуге, оқылым және жазылым дағдылары арқылы ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге қол жеткізеді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде интербелсенді әдіс-тәсілдер түрлерін пайдалану оқушылардың білімін берік меңгерту құралы және балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруға көмектеседі. Тұйық оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады және мінез құлқы қалыптасады. Оқушы ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып  кеткенін аңғармай қалады. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына  сай, сабақты түрлендіру мақсатында  оқытудың  түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса, игі  нәтижеге жетері  сөзсіз. 

Баланы оқу - тәрбие үрдісінде дамыту мәселесі - бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және бүгінге дейаін күн тәртібінен түспей жүрген мәселесі.

Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады.

1) Биологиялық фактор.

2) Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта.

3) Тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Көптеген ғалым-педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты ролді ең алдымен, оқушылардың өз бетімен әрекеті,белсенділігі атқарады.

Себебі, қанша сапалы болсын, не мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса, жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.

Сол себепті де оқушының өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері, бала дамуындағы орны сияқты мәселені қозғауды жөн көрдім.

Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі ағартушы- ғалым Ахмет Байтұрсынов. Оның «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегіндегі пікірі бойынша бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі -оның білімінің шеберлілігін ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай, оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленгенмақсатқа қарай түзеп отыру керек.

Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына талапқа сай келуі, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге мән беріледі.

Өз бетіндік жұмыс- бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін оқушылардың өз бетіндік жұмыссыз дамыту мүмкін емес.

Бастауыш мектепте өз бетіндік жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені, бұл жастағы баланың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмыстарға талпынысы басым болады.

Сол себепті, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Сол арқылы оқушылардың іс- әрекетінің дербестігі артады.

Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы; жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу керек.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен де ұштасады. Осыған орай олардың дербестігі ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның бел- сенділігін арттырады. Бұл екі термин өзара ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында, айырмашылық бар. Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік дербестікке қарағанда мағынасы кең ұғым.

Осыларды ескере келе, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда төмендегідей әдіс-тәсілдерді пайдаландым:

-проблема тастап оқыту,

-сұрақ-жауап,

-талдау-жинақтау,

-сөздік жұмыс,

-топтастыру.

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және тәжірибесінің көрсеткіші ретінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығу шылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыздым:

1) Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар;

2) Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;

3) Өз ойын ын еркін құрастыруға тақырыпқа берілген әдеби-шығармашылық бағыттағы жұмыстар;

1) Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сөздік жұмыстар пайдаландым. Соның ішінде сөздік жұмыстарының маңызы зор. Сөздік жұмысы оқушының тілін байыту жолдарының бірі екені белгілі. Сөздік жұмыс оқушының жаңа сөздер үйренуде бұрын білетін не түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ, сөйлем құрауға материалдар береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға шығарма жазуға көмектеседі.Сондықтан да кез-келген сабақта сөзбен жүргізілетін жұмысты әрқалай түрлендіруге болады. Сөзге қатысты түрлі ойындар, сөзжұмбақтар,басқатырмалар беріледі. Бұл жұмыстар баланы бір жағынанойландыруға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке ынталандырады.

Тапсырмалар:

а) Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап табу.

ә) Оңнан оқыса да, солдан оқыса да өзгермейтін, үш әріпті он сөз ойлап жазу.

нан как көк тұт іні

шаш кек тот сұс құқ

Кейбір сөздерден сөз тіркесін жасап,мысал келтіру.

(сұс көрсету, құқ қорғау)

б)Сөзден сөз шығару.

Кемпірқосақ (қосақ, кемпір, кем,қос, пір, сақ, ақ, ем)

Дөңгелек (дөң, өң, дөңгеле, еле, кел, лек, ек, ел)

в) Берілген буындардан сөз құрап жазу.Найзағай, терезе, балапан.

Ұршық, орындау, көше, жалау.

г) Жұмбақ шешу ( тіс, киім, кірпі, ірімшік, ілгіш)

д)«Өзің ұйқасын тап», Бұл тапсырманың баланың ойлауына, шығармашылығына жол ашары анық.

Мысалы: Кітап та күн секілді, Ғылым нұрын шашады.

Өрге бастап көшіңді, Көңіліңді...................

е).Берілген тұйық немесе ашық буынның бас аяғына әріп қосу арқылы, бітеу буынды сөздер жазу тапсырма ұсынамын. Мысалы: «Үн» - күн, түн, жүн; «Ай»

- май, шай, сай, тай, бай, лай;

Ж)«Та» - тау, тас, тар, там, тал, тат; «Кү» - күн, күз, күл, күш, күй, күт т.б

Бұл қандай аң, қандай құс? Аға + шал = ш....ғ а,

Сыр + болжа = ж....б с,

Одақ + қылт = то.....лд қ,

Қыр + бос = б....рс....қ сияқты.

Осындай тапсырмаларды әр сабағымда жиі қолданамын. Бұндай тапсырмалар баланың ойлауына, шығармашылығына жол ашады деп ойлаймын.

Бастауыш сынып оқушылары білімдерін тек іс- әрекеттер үстінде көзбен көру арқылы игеретіні белгілі. Яғни әр сабақтың қызықты, мазмұнды өтуіне ойындардың, дидактикалық материалдардың тигізетін әсері ерекше.

«Сандықтағы құпия сөз»

«Т»дыбысынан басталатын сөздер ойлау тапсырма беремін.

Та, то, ту т.б

Тау, тал, тон т.б

Тара, таға, таза т.б



Бұндай жұмыстың пайдасы мынада:

Өз ойын жинақы сөйлеуге дағдыланады


Shape1

Өтілген жұмыстарды еске түсіреді




Жазу сауаттылығын дамыта отырып,қатесіз жазуға қалыптасады


Өздігінен ойланып жұмыс істеуге үйренеді






Дыбыстық талдау жасауға дағдыланады








Қорыта айтатын болса, оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда басты назар аударатын мәселе- оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап етемін. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Қоғамның білім беру жүйесінің алдына қойған талабы: оқыту барысында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін шешу.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып сабақтың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі бөлігінің бірі- әр мұғалім сабақ жоспарын құрастырған кезде нақты мақсаттар қойып, соған жету жолдарын ізденушілік, жауапкершілік көз қараспен қарауы. Жан-жақты дайындалуы, өз білімін өзі шыңдау,  шығармашыл қабілеттерін үнемі арттырып отыру қажет.

Оқушының танымдық белсенділігін қалай дамытуға болады? Сабақтың тиімділігін қалай арттыруға болады? Жаңа технологиялардың осы мақсаттарға жетудегі пайдасы қаншалықты? деген сұрақтарға өз жұмысымда жауап беруге тырыстым. Бұрын бастауыш мектеп мұғалімінің басты міндеті баланы оқуға, сануға үйрету болса, қазір бастауыш мектеп – оқушының тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану – мұғалімнен үлкен шеберлікті, ідненушілікті, шығармашылықты талап етеді.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!