Материалдар / Берекелі алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Берекелі алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
күз мезгілі туралы түсінік беру, жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар жасыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
737
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: Тіл дамыту
Тақырыбы:Жануарлар әлемінде

Мақсаты:1.Білім деңгейін пысықтау.Сұраққа толық жауап беруге
жаттықтыру.
2.Құралдармен ұқыпты жұмыс жасауға,достыққа тәрбиелеу.
3.Балалардың ақыл-ойын,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Байланыстырып сөйлеуге,ойын арқылы қызығушылығын
дамыту.
Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап,сергіту,пысықтау.
Көрнекіліктер:интерактивті тақта,суреттер,қуыршақтар
Пән аралық байланыс:математика, сурет,ән-күй.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
-Балалар біз қандай ертегілерді білеміз?
-«Жыл басына таласқан хайуанаттар,Қарлығаштың құйрығы неге айыр,Түлкі мен Тырна,Шалқан,Бауырсақ» ертегілері.
-Балалар осы ертегілердің бәрінде жануарлар бар екен.Сенлерге осы ертегілердің ішінде қайсысы көбірек ұнайды?
-«Бауырсақ» ертегісі.
-Ендеше осы ертегіні қонаққа шақырып,жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз.
-Кәне кім айтады бұл ертегі қалай басталушы еді?(балалар ертегіні өздері айтады)
.-Бауырсақ,быуырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ:Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін.
Қоян:Жоқ, мен ән тыңдамаймын.Балалар мен сендерге тапсырмалар алып келдім соны сендер орындасаңдар мен бауырсақты жемеймін.
-Ал,балалар, қоянның тапсырмасын орындап,бауырсақты құтқарып алайық.
Қоянның тапсырмасы:
1.Қандай жануарларларды білесіңдар?
2.Үй жануарларын,жабайы жануарларды атаңдар?
(жануарлар туралы қысқыша түсінік беру
-Енді бауырсақ кіммен кездеседі?
-Қасқырмен
-Балалар, қасқыр қандай аң?
-Жыртқыш аң.
-Осы үй жануарларын адамдар жақсы көреді,неге,не үшін дейді?
Қасқырдың тапсырмасы.
1.Адамдарға үй жануарларының берер пайдасы не?
2.Адамдар оларды қалай күтеді?
(үй жануарларының пайдасы,оларды күту туралы айту
Сергіту сәті:Қарлығаш
-Енді бауырсақ кіммен кездеседі?
-Аюмен
-Балалар менің ле сендерге тапсырмам бар.
Аюдың тапсырмасы:
1.Үй жануарлар туралы қандый мақал-мәтел, тақпақтар білесіңдер?
2.Үй жануарларының төлдерін атаңдар?
-Бәрекелді,жарайсыңдар,сендердің арқаларыңда біз бауырсақты аюдан да құтқарып қалдық.
-Енді бауырсақ кіммен кездеседі?
-Түлкімен
-Осы сәтте жай басып түлкі келеді.
-Балалар сендер мен туралы не білесіңдер?
Балалар:жұмбақ, тақпақ білеміз
-Ал кәне, айта қойыңдар (балалар түлкі туралы жұмбақ,тақпақ айтады)
Түлкінің тапсырмасы:
-Бәрекелді ,балалар енді менің сендерге мынадай тапсырмам бар.Сендер мен туралы тақпақ айтып бердіңдер енді менің қоян, тиін қасқыр, аю туралы тақпақтар тыңдағым келеді.
(қоян,тиін,қасқыр,аю туралы тақпақтар айту
-Енді менің келесі тапсырмам:
2.Берілген геометриялық пішіндердің ішінен бауырсаққа ұқсайтын пішінді табу жәңе суретін салу.
-Жарайсыңдар,балалар сендердің білімдерің жақсы екен,сендер менің барлық тапсырмамды орындадыңдар ,мен бауырсақты жемеймін,беріміз дос болайыық.
Сонымен біз осы ертегі барысында үй жануарлары,жабайы жануарлар туралыне білетінімізді көрсеттік.
Бүгінгі сабаққа бәрің де жықсы қытыстыңдар,суреттерің де тамаша.Жарайсыңдар.
(сабаққа жақсы қатысқан балаларға жұлдызша тарату
Енді бүгінгі сабағымызды «Біз өмірдің гүліміз»әнімен аяқтаймыз.
ШҚО,Абай ауданы,М.Әуезов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі;Карменова Самал Сериковна



































Тақырыбы: «Жомарт күз»

Мақсаты:
Білімділік:Балаларға табиғат туралы,күз ерекшелігі туралы түсінігін молайту.
Тәрбиешілік: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: 1.Түсіндіру әдісі.
2.Тосын жағдай.
3.Қылқаламмен сурет салу.
4.Сұрақ-жауап әдісі.
Қолданылатын көрнектіліктер:
Тәрбиеші үшін: үлгі сурет,қылқалам, су бояу.
Балалар үшін:қол сүртетін сүлгі, қылқалам, су бояу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы.
Алдымен сәлемдесу: рәсімімен басталатын сабақта балалар бір-біріне жылылық шырай таныту үшін
Біздің кұлкіміз көңілді.
Жеткізсін жылу мен шаттықты
Бөліскен жақсы ғой өмірде
Қуаныш,мейірім,бақытты.

Сәлеметсіз бе?-деген жылы сөздер айтады.

Тәрбиеші: балалар сендерді шын көңілмен қуаныш шеңберіне шақырамын.
Біздің жасап тұрған шеңберіміз неге ұқсайды?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, керегесі кең,босағасы берік,үлкен киіз үйдің шанырағына ұқсайды екен.Демек бұл біздің балабақша.Мұнда біз ынтымақты өмір сүріп,тәлім-тәрбие алып жүрміз.Енді бір-бірімізбен дос,бауыр тату ойнайтынымызды дәлелдеп,алақандарымызды беттестірейікші.Алақандарынызды түйістіргенде нені сезінеміз?
Балалар: жылылықты.
Тәрбиеші: Жылылық қай жерімізден шығады?
Балалар: Жүрегімізден.
Тәрбиеші: Ендеше жүрегімізден шыққан жылылықтың қуатынмен: «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
Мен бастайын,сендер жалғастырыңдар.
Бәріміз күндей жарқырайық.
Мен табиғатты сүйемін.
Аспанымыз ашық болсын.
Тату дос болайық.
Тәрбиеші: Өте жақсы,қандай әдемі тамаша тілектер айттыңдар.Адамдар бір-біріне жылы сөздер айтқанда айналаның ерекше жарқырай түседі.
Енді орынымызға отырайық.
Балалар, мен жұмбақ-өлең оқимын мұқият тыңдап не туралы екенін айтып беріңдер:

Шөп сарғайып,
Өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бай жаза алмай
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Қай мезгіл,кім айтады?
-Күз
-Дұрыс айтасыңдар,рахмет.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Алтын күз» деп аталады.
Неліктен «Алтын күз» дейміз.
Күз түскенде күн салқындайды.Шөптер,жапырақтар алтындай сап-сары болып,сарғаяды,сондықтан «Алтын күз» деп атайды.
Күздің басқа жыл мезгілімен қандай ерекшілігі бар?
-Күн қысқа,түн ұзақ.Жаңбыр жиі жауады.Күзде астық жиналады.
Тәрбиеші: Күзде неше ай бар?
( Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Енді балалар тыныштық сақтап 1,2,3 дегенде көзді жұмып күзгі орманға қиялмен серуелдеп қайтайық.
Тәрбиеші: Орман іші қандай тып-тыныш.
Жапырақтан айырылған ағаштар сығандай.Аяқ асты сары жапыраққа толы.Ауасы қандай керемет.1,2,3 көзімізді аштық та қайтіп балабақшамызға оралдық.Есік қағып,Күз ханшайымы қонаққа келеді.
Тәрбиеші: бізге қонақ келіп қалыпты.
Сәлеметсыңба күз ханшайым.

Балалар күз ханшайымының көңіл күйі жоқ секілді.Не себепті жабырқаулы күйде екен өзінен сұрап көрейік.Күз ханшайымы сен неге көңілсізсің?
Тәрбиеші: Балалар бүгін сендер білімдеріңді көрсетіп белсенділік таныттыңдар.Енді орындарымыздан тұрып сергіту жаттығу жасайық
Қане қанат жазайық.
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
Тәрбиеші: рахмет балалар енді орындарымызға жайғасайық та Күз
ханшайымының талдарына жапырақтар жасайық.
Жапырақтың салыну техникасын түсіндіріп,содан соң,жұмысқа кірісу.
Тәрбиеші: Аяқтаған жұмыстарды арнайы тақтаға іліп,қояды.
Ақын М.Айтовтың «Алтын күзде» шығармасынан үзінді оқиды.
Күзде дала жаурайды.
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды.

Соңынан тәрбиеші сабақты қорытындылап,жақсы қатысқан балаларды мадақтайды.
Сендерді жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.
Қиын шақта достарды біз қолдайық.
Келесі көріскенше сау болайық.





























Ата-аналарға психологиялық кеңес

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.

4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.

6. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.

9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

10. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.

11. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!