Материалдар / Берекелі алтын күз тәрбие сағаты МАД

Берекелі алтын күз тәрбие сағаты МАД

Материал туралы қысқаша түсінік
Берекелі алтын күз тәрбие сағаты МАД Балаларды күздің кереметімен таныстыру. Күз туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі:«Берекелі Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер. күзге арналған қол өнерлер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2021
1071
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Берекелі алтын күз

Мақсаты:1) Балаларды күздің кереметімен таныстыру.

2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.

3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:«Берекелі Алтын күз» жазуы бар плакат, күз туралы суреттер.

 Балалар күзгі әуенмен залға кіреді. «Тамшылар» музыкасымен
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.
Армысыздар ата - аналар, қадірлі қонақтар!

Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша

-«Берекелі алтын күз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
күз мезгіліне арналған әнге кезек береміз
Ән « Күз тамаша»

Жүргізуші: Балалардың өлең жолдарына кезек берейік

А сынып қыздары

.Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналар тізіліп.

: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.

Қандай өзі береген,

Алмасын - ай алмасын.

Жемісі көп не деген,

Жеп тауыса алмайсың.

:

Өрік шие, балы бар,

Қауын, қарбыз көбейді.

Жегің келсе бәрін ал,

Неге аласың демейді.

:

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген


Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,

Қане тіке тұрайық
Бау – бақшаға барайық
Жеміс теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Жүргізуші:

Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.

Қанекей мұқият тыңдаңдаймыз
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Балалар айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

Балалар Күз мезгілі балалар өлең шумақтарын хормен айтады.

Кел бізге Алтын күзАлтын күз,

Келші менің далама.

Алтын күз,Алтын күз,

Келші біздің бақшаға. Алтын күзАлтын күз,


- Жарайсыңдар, ендеше қонағымызды ортаға шақырайық!
Күз ханшайымы: Әуен қойылады

Әмина

Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.



Жүргізуші: -Қош келдің күз Ханшайымы,төрлет, ал балалар өнерімізді көрсетейік , мерекені тойлайық.

Балалардың Көкеністерге арналған тақпақтарына кезек берейік 0-ә ұлдары

Әділет
1.Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішішмізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?

Рахымжан.Асханадан шықпаймын,
Атым – пияз бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Мирас.Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған –
Балдай тәтті қауынмын.

.АйсұлтанКөрсең егер бақшада
Доп екен деп қалма.
Шөл қандырар қарбызбын,
Ерте үзіп алма!

Аян.Көктеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі - жиі суғарып.

.ЕрасылБақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.

Заманбек.Картоп – біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған –
Ағайынбыз бәріміз.

Жүргізуші: Би «Көкеністер мен Жемістер биі»

Жүргізуші:Жемістерге арналған өлең жолдарына кезек береміз



1 : Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

2Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар.

Жазда әдемі киінем,

Тілді балай үйірем.

3Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде

«Менен аулақ жүр»- деймін.

Уылжыған өрікпін

Бау - бақшаға көрікпін.

4Қара өрік:

Қара деген атым бар,

Менен де дәм татыңдар.

Дәрі орнына жүруге,

Кейде менің хақым бар.

5Құлпынай:

Піскен кезде құлпынай,

Қандай әсем шіркін - ай.

Қарай бергің келеді,

Дүркін, дүркін дүркін ай.

6Шие:

Шиемін, мен шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Қышқыл шырын менде бар,

Төмен басты иемін.

7Қарақат:

Торсиған бал ауызға

Кіп кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

8 (Анар)
Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.

9.Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.

Жүргізуші: : Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі демекші

Би

Қыздарыздардың «Күзгі жапырақтар » биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Қыздарымыздың күз мезгіліне арналған өлең жолдары

0-ә қыздары


Гүлдана: Сарғайды тоғай,
Сап - сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

Айша: Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.

Жанель Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

  1. Келгенің қызық-ау.

Айзере: Ел егінін жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

Гүлнұр: Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Айжан : Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Ақниет

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкеізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

Жүргізуші: Ойын: «Күн мен жаңбыр!»

Әуен қойылады күн шыққан, жаңбырдың қыздар шығады


: Керемет! Қандай әдемі!!
Жүргізуші:

Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Күз ханшайымы: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.(Ойын «Көкөністер мен жемістерді ажырат» ) кім жылдам екенін көрейік

Әуен қойылады жылдам музыка
Жүргізуші: -- Жарайсыңдар, балалар!, біздің балалар қандай епті, жылдам.


.
Би

Тауыс биі Қамбар Айзере Тоқтар Айзере Назарбай Жанель


Жүргізуші: Ән «Алтын күз»


Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ата - аналар бүгінгі «Берекелі алтын күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып».




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ