Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Бес асыл іс
Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатына материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
25 Сәуір 2018
2628
4 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БЕС АСЫЛ ІСМатниязова Гульнар КадиржановнаАрал көпсалалы колледжі «Келешекте біздің басымызға түспек бар оқиға – осы күнде қылып жүрген ісіміздің нәтижесі болмақшы» деп Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов айтып кеткен. Бүгінгі ұрпақ, ертеңгі халқымыздың, ұлтымыздың болашағы. Қоғамның әрбір мүшесі жұмылып, алдымен өз бойымыздан ізгілік пен туралықтың өнегесін көрсете отырып, балалар мен жастарға жақсылықты бұйыртып, жамандықтан аластатсақ қана елімізде саналы ұрпақ пен салауатты жастардың саны артады.Елбасының жастарға арналған мына бір сөздері әр жас азаматтың санасында жаңғырып тұратыны анық: «...жастарға айтарым – сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар. Ол үшін тиянақты білім керек. Сосын сол білімдеріңді өмірде жарата білуді, оны нақты пайдалана білуді үйреніңдер. Әсіресе не істеу керектігін жете түсінулерің қажет. Сонымен бірге, сендер қандай да бір өзгерістерге қашанда дайын тұруларың керек. Әйтпесе, ғаламдық деңгейдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі әншейін бос сөз болып қалады». Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Ал шығыс ойшылы әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен. Мен тәрбие жұмыстарымда студенттерді адамгершілікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, білімге деген құмарлығын арттыру мақсатында ұлтымыздың ұлы ойшылдарының философиялық тұжырымдарын пайдаланғанды жөн санаймын. Өзім жетекшілік ететін №80 оқу тобы студенттерімен өткізілген тәрбие сағатының материалдарын ұсынамын «Бес асыл іс» - адамгершіліктің Абай ұсынған этикалық-әдеп нормалары. Адамзат қоғамы тарихында - жеке адамның ақылы мен мінезі, адамгершілігі жағынан өсіп жетіліп, толық адам болып қалыптасуы күрделі мәселелердің бірі. Абай гуманистік танымы тұрғысынан өзі өмір сүрген 19 ғасырдағы қазақ қоғамы жағдайындағы жастардың адамгершілік негіздері, бойға ұялатар қасиеттері қандай болмақ деген ойға ерекше көңіл белді. Ойшыл ақын жас ұрпақты жаңа дәуір талабы деңгейінде, адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат тұтып, күрес жүргізді. Осы жолда Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңіңде: «Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді. Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлылық, батырлық т. б. толып жатыр. Осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері,«Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. Талап. Абай Қырық төртінші сөзін «Адам баласының ең жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың да түрлері кеп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Сонымен бірге ақын талапкердің өнерлес кісімен сыйлас болуының қажеттігін баса айтады. Ақын жастарға өнер үйренетін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық...» - деп Абай талаптың - дарынды, ынтаны дамытатыны, сондықтан да халықтың «талапты ерге нұр жауар» деген сөзді бекерге айтпағаны туралы ой толғайды. Ақын сүйікті баласы Әбдірахманның қазасына арналған туындысында талаптылықты бойына терең дарытқан «ескінің арты, жаңаның алды» болған үміт артар жас ұрпақтың көркем бейнесін жасайды: «Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға ерледің. Бір ғылым еді іңкәрің, Әр қиынға сермедің...» - дей келе, талапсыз адам ғылымға, болашаққа, өз өміріне жол сала алмайтынын ескертеді. Еңбек. Бүл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді ақын. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. «Жастықта бір күлгенің бір қаралық, Күлкі баққан бір көрер бишаралық. Әуелі өнер ізделік, қолдан келсе, Ең болмаса, еңбекпен мал табалық...» «Еңбек қылсаң ерінбей - Тояды қарның тіленбей...» -деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты - жан сақтау, мал табу, үй-ішін асырау. Екіншіден, еңбек арқылы адамның адамгершілік қасиеті танылады. ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақ халқының күнделікті өмір тұрмысы - бірыңғай мал бағу кәсібіне байланысты екенін, еңбектің сыңар жақтылығын сынға алып ақын: «Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған, Би болған, болыс болған енер емес, Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған...» -деп, өз елін отырықшылыққа, егіншілікке, ғылымға шақырады. Еңбекті «Бес асыл істің» негізгісі деп бағалаған Абай: «Бақпен асқан патшадан, Мимен асқан қара артық. Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық...» -деп, адамды дүние жүзіндегі тіршіліктің жасампаз күші етіп отырған оның еңбегі, адамның адамгершілігі тек адал еңбегімен бағаланатыны туралы ой қорытады. Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой, екіншісі - сөз. Ойлау - күрделі психикалық процесс, оның мазмұны өте бай, ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек тұрақты ақыл-ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Ақын мида қорытылып айтылған өзіндік тиянақты ұғым мен келелі пікірге толы ойлы сөзді құрмет тұтып: «Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ» - деп, ой-пікірсіз сылдыр сөзді адамдарды сынға алады. Көп айтты деп көне салатын, жұрт айтты деп сене салатын ойсыз надандарды Абай толық адам қатарына қоспайды. Ондайлардың терең ой мен ғылым іздемей, өтірік пен өсекке үйір болып, айт пен тойды ермек етіп өмірін босқа өткізетініне қатты қынжылады. Ақын:«Ойға түстім, толғандым, Өз мінімді қолға алдым. Мінезіме көз салдым, Тексеруге ойландым...» -деп, нағыз адам әрқашан өткен-кеткеніне қорытынды жасап, өмірге сын көзімен ой жүгірте, келешекке үмітпен, үлкен сеніммен қарауы керек деген тұжырым жасайды. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсіндіруінше қанағат - барға риза болу, місе түту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу: «Қулық, сұмдық, ұрлыкпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас, Зиян шекпей калмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас». Ал, қанағатсыздық - өзі тойса да, көзі тоймайтын тойымсыздық, нысапсыздық. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «Адам баласы қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп, мінейді. Өз өміріне, ез ісіне риза болмай, онымен қоймай арамдық жолға түскендерді Абай: «Жұрт жүр ғой арамдықты еп көрем деп, Тоқтау айтқан кісіні шет керем деп. Бар ма екен жай жүрген жан қанағатпен, Құдайдың ез бергенін жеп керем деп? - деп жиіркене сынайды. Әз заманындағы адамдардың тойымсыздығына, қанағатсыздығына ақын қатты қынжылады. «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға өлдің бөрі де есті», - деп, налиды. Рақым. Рақым дегеніміз ұғымдық, философиялық тұрғыдан алғанда адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі. Абайдың пікірінше терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі жүрек пен сезім. Ақын Он жетінші сөзінде: «...жүрек айтыпты: Мен - адамның денесінің патшасымын... менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын мен... әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық... менен шығады» - деп, жүректің қызметіне талдау жасайды. Абайдың тұжырымынша рақымдылық - барлық адам баласын өз бауырындай керу, езіне ойлаған жақсылықты өзгеге де жасау. Мейірімсіз, ешкімге жаны ашымайтын қатыгез адамдарды ақын жақсылықтың жауызы, жамандықтың дем берушісі деп бағалайды. Ақын қайырымсыз адамдардың іс-әрекетіне күйініп: «Сан кісі мұңайсын, Сабырмен шыдайсың. Күйемін, жанамын, Еш рақым қылмайсың...» -деп, оларды адамгершілікке шақырады. Қанша ғасыр өтсе де, ұлы Абайдың әрбір сөзі де өз мәнін жоймайды. Әрбір жас ел ертеңіне зор сеніммен қарап, Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышына айналсын. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.
- Пайдаланылған әдебиеттер: Уикипедия — ашық энциклопедиясы,
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,
- Ербол САРМУРЗИН,
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)