Материалдар / "Бес нәрсеге асық бол!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Бес нәрсеге асық бол!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Бес нәрсеге асық бол!" тақырыбында ашық сынып сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2023
414
3 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні

13.11.2023

Класы, жетекші

4 Ә/ Сарсенова Г.А

Сабақтың тақырыбы

«Бес нәрсеге асық бол»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет (талап, терең ой, қанағат, рақым, еңбек) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, инабатты болуға, еңбексүйгіштікке баулу арқылы тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Әдеп нормаларын толық біледі.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

(«Жеткіншектің Жеті Жарғысы»)

Әдеп нормаларын ұстану;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 5 топқа бөліп алу

I -топ . Талап

II- топ. Қанағат.

III- топ. Еңбек.

IV- топ. Терең ой.

V- топ. Рақым.

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Үлкенге де “сіз”

Кішіге де “сіз”

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз біз


Ой қозғау.

Тақырыппен таныстыру және тақырып бойынша сұрақ қою

-Осы тақырыптағы сөздерді қайдан естідіңдер, әлде кімнің сөзі екенін білесіңдер ме?

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Бес нәрсеге асық бол!», яғни ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет туралы болмақ.

Қане балалар, ең алдымен ұлы Абай Құнанбайұлының қай кезде өмірге келгенін, оның қысқаша өмірбаянын кім біледі есімізге түсірейік?

Жақсы, Абай (Ибраһи) 1845 жылы 10-тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. 1904 жылы жазда дүниеден өткен (60 жасқа қараған шағында).

А. Құнанбайұлының өлеңдерінің тақырыптарын кім біледі?

«Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Айттым сәлем қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»




Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы

5 топқа бөлінеді.












Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.




Негізгі бөлім

(15мин)



Әдеп

Арман мен Аян қалада тұрады. Екеуі де бір мектепте, бір сыныпта оқиды. Бүгін автобустың алдыңғы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп әжей кірді.

Аян орнынан тұрып, әжейге орын берді. Ал Арман болса көрмегенсіп, теріс қарап отыра берді.

Бір уақытта әжей, орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға берді. Әжей Аянның әдептілігіне сүйсініп, алғысын білдірді.

Аян алманың біреуін Арманға берді де қызығып алманы жеді, ал Арман жейін десе тамағынан өтпеді.

-Ал балалар сендер не істер едіңдер?

-Арманның істеген ісі дұрыс па?

Әдептілікке жата ма?

Неге алма Арманның тамағынан төтпеді?

Демек, адам бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен.

-Жақсы баладан осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуларың керек.

-Ал, балалар, өздерің ойланыңдаршы қасиеттердің жақсысы мен жаманын ажырата білемізбе?

Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер

Адам бойындағы жағымды қасиеттер

«Әжемнің ақылы» айдары

Асыл әжем әні


Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)





Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.




Қорытынды

(10мин.)




Оқушылар осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім мәнерлеп жатқа айтып береді?

Ғылым таппай мақтанба, Ғалым болмай немене

Орын таппай баптанба, Балалықты қойсаңыз

Құмарланып шаттанба, Болмасаңда ұқсап бақ

Ойнап босқа күлуге.

Бір ғалымды көрсеңіз.

Бес нәрседен қашық бол, «Ондай болмақ қайда?» - деп

Бес нәрсеге асық бол, Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Адам болам десеңіз,

Сізге ғылым кім берер

Тілеуің, өмірің алдыңда Жанбай жатып сөнсеңіз.

Оған қайғы жесеңіз

Дүние де өзі, мал да өзі

Өсек, өтірік, мақтаншақ, Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Еріншек бекер мал шашпақ –

Өзің үшін үйренсең

Бес дұшпаның білсеңіз. Жамандықтан жиренсең

Талап, еңбек, терең ой, Ашыларсың жылма-жыл.

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс көнсеңіз.

Рахмет, балалар, енді осы өлеңінде бес асыл қасиет деп Абай нені атаған?

Бес асыл қасиет: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Бірінші асыл қасиет – талап

Жақсы, ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін. Адам өмірде өз орнын табу үшін талапты, қабілетті, ізденімпаз, еңбекқор болуы тиіс. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады. Талап туралы сендер де мақыл, нақыл сөздер білесіңдер. Олай болса кім қандай мақал біледі?

Таудай болса талабың,

Бағың болып жанамын.

Талапты елге нұр жауар

Талапсыз неме құр қалар.

Талап пендеден,

Көмек алладан.

Екінші асыл қасиет – еңбек

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленеді. Ал енді еңбек туралы мақал айтып талқыласақ.

Жасампаз терді түлетіп,

Жаңғыртқан қайта мың рет

Шөлейтті жерді гүл етіп,

Жайқалтқан мен бір құдірет.

Еңбектің наны тәтті.

Үшінші асыл қасиет – терең ой

Адамның ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады. өз ортасына сыйлы болады.

Қыран қанат құстаймын,

Талабыңды ұштаймын.

Зерделіге достаймын,

Дарындыны қостаймын деген жолдарға қарасақ. Бой жеткен жерге ой жетеді дегенді қалай түсінеміз?


Төртінші асыл қасиет – қанағат

Төзімділікке үйрену, барға қанағаттану, қиындықты жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, табанды болу адамның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.

Бесінші асыл қасиет – рақым

Бұл дегеніміз басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп мойындау, кешірім сұрау – адам бойындағы ең жақсы қасиет.

Кешірімділік анадан,

Кішіпейілділік данадан.

Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Кем болма, кең бол.

Міне балалар біздер адам бойында кездесетін асыл қасиеттермен таныс болдық. Бұл бес асыл қасиетті біз ұлы Абайдың өлеңінен оқып үйреніп отырмыз. Бүгінгі сабағымызда осы бес асыл қасиетті бойымызға сіңіре отырып әрқайсысына тоқталдық. Олай болса ақылдарың көп, еңбексүйгіш, ойларың терең, әрқашан барды қанағат тұтатын, рақымды, кешірімді Қазақстанның білімді азаматы болуларыңа тілектеспін.



Әр топ постерді қорғайды.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.










Сынып оқушыларының үйден дайындап келген «Асыл әжем» әні орындалады және Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңі оқылады.









.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!