Материалдар / Бесік тәрбиесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бесік тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалдар студенттерге, мұғалімдер мен жас аналарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
788
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың тәрбиесі ана құрсағынан басталады. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету – анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент 9 ай, 9 күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет – сабырлылық. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек. Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда. Баланы асырап бағу, тәрбиелеп өсіру әкеге де міндет. Әке дөрекелік мінез көрсетіп, балаларына немқұрайлы қараса, ол тәрбие емес. Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болу керек. Сәби екеуінің ортақ баласы. Тәрбиенің негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Бала не көрсе, не естісе, соны қайталайды. Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алатын көрінеді. Тіпті медицинаның өзі құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері болатынын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Бұл үрдісті біздің бабаларымыз да жақсы білген. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп-қонып жүріп ән айтып, күмбірлете күй тартқан. Ән айту арқылы көңілдегі аурудың барлығының қашатынын олар әлімсақтан білсе керек. Шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сеніпті. Бала бойға біткен сәттен бастап, қазақтың ұлттық тәрбиесін, әдет-ғұрпын бойға сіңіріп, бойына қарап, денсаулығын күтіп, табиғаттың сұлу көріністерін тамашалап, қазақтың дәстүрлі әні мен жырын тыңдағаны абзал. Өйткені ана қуанса, іштегі бала да қуанады, ана қайғырса бала да қайғырады. Ата-бабамыз сөз өнеріне сыйдыра білген жұрт, «Алып – анадан туады» – дейтін өсиет сөзінде ұрпағына тек тән құрылысының жетілуін ғана емес, «алып» деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, жан-дүниесінің де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Бұл адам жанының 12-мүшесі, яки арналары – түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар жан дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр – өкпе – бүйрек – тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете мән берілмейді.

Адамның тән құрылыстары – дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, жан-дүниесі де қарапайым түйсіктен – санаға дейін жетіледі, бұл кезеңнің адам тәрбиесіндегі орны өлшеусіз. Жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның тума қасиеттерін ұштап тәрбиелеуші – тек ана. Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ: Ұрық тазалығы – еркектің аталық парызы болған да, ана құрсағындағы тәрбие – әйелдің аналық парасаты екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы бес сезімдері ғана емес, сондай-ақ ішкі бес сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық жүрек тәрбиелері оянбай, жан дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз, жігерлері құм, мінездері дөкір, ұяттан безген, ешкімді де сүймейді, қабілеті әлсіз, түйсігі жоқ, көкірек көздері оянбаған, денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді. Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны мүлде бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді, көңіл-күйін көтереді. Есейе келе өнерге, сөз өнеріне бейімделеді. Әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі екені баршаға белгілі. Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтатын әже, ана азайды. Бесік тербететін баланың өзі бөпесін өлең айтып ұйықтататын. Бұрын ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендер де құлағын салып тыңдап отыратын. Кейінгі кездерде жастардың халық әніне назар аудармауы, өлеңге әуестенбеуінің бір себебі – осы бесік жырының ұмытылуында болса керек деп сұхбат алған әжелер айтқан болатын. Ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің күре тамыры болып табылатын бесік жырының тарихы өте тереңде жатыр. Жылдар ағымымен сан түрлі өзгеріске ұшырап отырса да, бүгінгі күнде әр шаңырақта шырқалып, жаңарып, жасарып келетіні қуантады.Ауыл әжелері айтып берген біз естімеген, ешқандай жинақтарға енбеген бесік жырлары оның түрлерінің молдығын дәлелдейді. Бір-біріне сазы да, сөздері де ұқсай бермейтін, бірінен-бірі асып түсетін осы бір «әлди әндерді» жазып алып, жинақ етіп шығару қолға алынса нұр үстіне нұр болар еді. Әжелеріміз айтқан осындай асыл сөздер тек бір шаңырақтың емес, бүкіл халықтың игілігіне жарап, тәрбие құралына айналса, біз секілді болашақ ұрпақтың ертеңінің жарқын болары анық. Сәби санасына ұлттық тәрбиені, халықтың дүниетанымы мен салт-дәстүрін сіңіртуге таптырмас құрал болып табылатын бесік жырының халыққа берері мол. Оны жаттап, айтып, таратып, түрлі нұсқаларымен танысу біздің болашағымызды нұрландыра түсері сөзсіз. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі«Теміртау көпсалалы Мирас колледжі» ЖММ







РефератТақырыбы: Құрсақ және бесік тәрбиесі









Орындаған: Есбенбетова С.КТексерген: Баймухан Саулеш







Теміртау 2017
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!