Материалдар / "Би төресі-Төле би"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Би төресі-Төле би"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Бастауыш сынып" бірлестігі апталығында Төле бидің 360 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық сыныптан тыс жұмысы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : «Би төресі-Төле би» танымдық сағат
Мақсаты : халық ауыз әдебиетінің бірі шешендік сөздер жанрының ерекшелігімен таныстыру.

Міндеттері: — оқушыны адалдыққа, тапқырлыққа, шешендікке тәрбиелеу; сөз мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.

Ресрустар: слайд, видео роликтер
Барысы:
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылық ояту
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар?! Танымдық сағатымыз ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің де қызметін атқарған, өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған "Қазақ билеріне" арналады.Қазақ билері әділ және елге сыйлы болуға тиісті болатын. Өз әділдігімен елге танымал болған қазақтың атақты билері: · Төле би (1663—1759 жж.) · Қазыбек би (1667—1764 жж.) · Әйтеке би (1644—1700 жж.) Қазақ халқының бұл билері елді үш жүздің бірлігін сақтауға шақырды.
Қазақтың атақты билері Төле би, қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, т.б. билерден, шешендерден қалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы жалғасын тауып келеді. 
Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке, 
Асқар тау Қазығұрттай білімді еді. 
Бірі күн, бірі туған айдай болып, 
аманға сәйкесімен келіп еді.- деп, Тәуке ханның билерді асқар тауға, күнге, айға теңеуі тегін емес. Тәуке ханның тұсында ұлы жүзге Төле би, орта жүзге Қазыбек би, кіші жүзге Әйтеке би басшы болды. Енді, осы атақты билердің ішіндегі Төле биге тоқталамыз. 
Олай болса барлығымыз назарымызды экранға аударайық.
Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзенінің бойындағы Әулиеата маңындағы Жайсаң Жайлау деген жерде дүниеге келген.
Нұрәділ:
Төле жасынан араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. Төленің әкесі Әлібек те сөзге ділмәр, шешен, би болған адам.
Ақтілек:
Төле әкесіне еріп жүріп, ел таниды, жер көреді. 15 жасында билікке араласып, өзінің әділдігімен, ақылдылығымен жұрт арасында таныла бастайды. Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған. 

Ардақты істерімен, асыл қасиеттерімен, асқан әділдігімен, кемеңгерлік ғибрат-кеңестерімен, «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр-қайратын жұмсаған ғұлама заманында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған. Мұның себебі былайша: «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезінде ел ауғанда Төле үйін жықпай, қасиетті жұртын қимапты. Сонда жоңғарлық әскербасы Төле биден көшпей қалудың сырын құмартып, қиыла сұрапты.

Кәусар
– Шаңырағыма бір бейкүнә қарлығаш ұя салып еді, ол жер бетін топан суы басқанда Нұқ пайғамбардың кемесін сақтап қалған, жыланға адам баласының жем болу қаупі туғанда қызғыштай қорғаған құс еді. Осындай киелі құстың ұясын бұзып, балапандарын зарлатып-сарнатып кете алмадым, – дейді дана туған Төле би.

«Бір ауыз сөзі мың ауыз сөзге татитын» Төленің ғажайып болмысын жүйрік таныған қалмақ қолбасшысы:
– Шын әулиенің өзі екен – деп, өзіне де, еліне де көз алартпапты.
Өзінің даналығымен «Қарлығаш би» атанған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар.Ендігі кезекті соған берейік.

Нұрхан
Атадан ұл туса игі,
Өзі біліп тұрса игі.

Ата жолын қуса игі.
Жаудан бұққан немені,

Өзіне келер ұятын,
Ортасынан қуса игі! —

Ақерке
Өгiздi өрге салма — қанатың талар,
Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.
Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.
Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер.

Әлибек
Атасызға ата бол,

Батасызға бата бол.

Арып-ашқан ғаріптің

Жел жағына жота бол,

Панасызға пана бол,

Кек сақтамас бала бол,

Дос сүйініп, қас сыйлар

Асу бермес дана бол!

Адильжан
Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Молдалықтан не пайда,
Шариғатты өзгертіп,
Нашарларды алдаса?

Мирас
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Раяна
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

Айару
Жаңбыр жаумаса, жер – жетім,

Басшысы болмаса, ел – жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз – жетім...

Гауһар
Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.
Медина
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алды. Төле бала әуелі әкесіне барыпты, жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

- Балам, мынаны сындырып көрші Санжар

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.

- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындырып береді. Әлібек Би:

- Бұдан не түсіндің, балам, дейді.

- Сонда, Төле бала:
Сұлтан

- Түсіндім, әке, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады» дегеніңіз ғой.
Сажар

- Бәрекелді балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.

«Ел ішінде он бес жасқа жаңа толған жас Төлеге бата берген Қыбырай би деп айтылады. Оның себебі он бес жасар Төле би Түркістан қаласына үлкен хан ордасына маңызды шаруамен аттанып бара жатқан кез екен. Қыбырай – Дулат ішіндегі азулы би, атақты шешен болған адам. Ол батагөй қария, аса сабырлы, ақ дегені – алғыс, көпке жұғымды, ұзақ жасаған жан болыпты. Үлкен өмір сапарына аттанған жас Төлеге Қыбырай атасы былай бата беріпті:

Ақерке Ж
...Ақбоз мінген айдарлым,

Тарпаң туған тұмарлым...

Туралап тартып шығатын,

Алысты жақын қылатын

Көреген көзді бол!

Мыңнан жалғыз қиялап,

Туралап тартып шығатын

Алысты жақын қылатын

Сезеген сары сөзді бол!

Айналаңда ақ еділ

Хақтың жолын ту еткен –

Елің болсын ормандай.

Жау жоқ деме – досыңда,

Дос жоқ деме – жауыңда,

Жүрмегейсің қорғанбай.

Кәмелетке келіпсің,

Еліңе дес беріпсің,

Мүшелерден адал өт,

Қарияға аман жет.

Қай қиянда жүрсең де –

Осы батам – болсын серт!

«Төле Әлібекұлы он бес жасында-ақ билік етіп, кесім айтқан. Бұл жағдай былайша сипатталады: «Төле бидің шешесі қайтыс болып, жыл толған соң әкесі Әлібек бәйбішесіне ас береді, үш жүздің баласына үш жүз үй тігеді, әр үйге күтуші тағайындайды. Әлібек баласын шақырып алып:

Төле қарағым, ортадағы үлкен ақ боз үйдегі кісілердің қолына су құй, – деп тапсырады. Бірақ жас бала жүрексініп, сескене табалдырық аттайды. Ол Мамай бидің алдына келгенде сүрініп кетеді. Баланы сынап көргісі келген Мамай би:

Е, балам, олжаңа ортақпыз, асса әкең Әлібекке де қалдырып қой, – депті. Төле әдеп сақтап, шәугім-табақты алып сыртқа шығады да, үйге қайта кіріп:

Дат, тақсыр, – депті.

Мамай би:

Балам, құлағымыз сенде, – дейді.

Сонда бала Төле:

Іңкәр
– Таңның таң екенін кім білер,

Сарғайып барып атпаса.

Күннің күн екенін кім білер,

Қызарып барып батпаса.

Орданың орда екенін кім білер,

Мен сияқты қызметші бала,

Сүрініп құлап жатпаса.

Иттің ит екенін кім білер,

Жығылып жатқан баланың

Тақымынан қаппаса.

Бұл сөзім сізге өткен шығар,

Сүйегіңізге жеткен шығар.

Сұраған сөз шекер ме,

Би олжасыз кетер ме?!

Осы сөзім сізге олжа,

Түсінсеңіз жетер де, – деп шығып кетеді.

Осы оқиғадан кейін Мамай би:

Е, халайық жаңағы бала кім еді? – деп сұрайды.

Жұрт:

Әлібек бидің баласы – Төле.

Мамай би:

Бүгіннен бастап билікті сол балаға бердім, ендігі билеріңіз Төле болады, – депті.

Біз оқыған ескі деректерде Төлені он үш жасында би болды, содан бастап атақ-абыройы биіктеп, өркен жая бастады деуші еді. Ал Қазанғаптың жырынан Төле бабамыз билікті тоғыз жасынан бастап қолға алғанын байқаймыз. Бұл кісі би атағын алмай тұрып, төрт рет ел ішінде билік жасапты. Мұның ең алғашқысы – екі әйелдің бір балаға таласы көрінеді, екеуі де бір баланы менің балам деп, бір - біріне тұра - тұра ұмтылады - мыс.

Осы кезде тоғыз жасар Төле үлкендерден рұқсат сұрап, сөйлеп кетеді:

Жансен
Бір билігін қылар ем,

Берсеңдер маған кеңшілік.

Алтын сап қылыш қолына ап,

Балаға қарап секірді,

Ортасынан қақ бөліп,

Екеуіңе берейін,

Мына бала жетімді.

Бұл шешімді естігенде, жұрт тына қалады. Жаңа ғана менің балам деген әйел басқаша сайрады:

Құндыз
– Бөлсең бөлгін деді де,

Қырықбайдың шешесі,

Ойланды, танып кекірді.

Жоғалттым деген бұл әйел:

Адина
– Қайда барса, сау жүрсін,

 Аман кетсін, – деді де,

Ботадай боздап өкірді.

Жоғалтқаның, бейшара,

Сенікі рас екен, – деп,

Соған берді баланы.

Төле бидің бұл аса тапқыр билігі ел-жұртқа ұнап, оны бұдан былай «Бала би» атандырады.

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: — Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа, не қалайсың, балам? — депті. Сонда Жетес бала: — О, қасиетті, баба! — Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, — депті. Онда қолыңды жай, балам, — деп Төле би:
Ансар:
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп көлдың ағасы бол!
Ақты ақ деп бағала, аумин,
Қараны карала
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол.
— Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол!
Досыңа адал бол!
Қорытынды.
Дүниеде не өлмейді? Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді, жақсы сөз жерде қалмайды. Артына аталы сөз қалдырған, азаттық, теңдік, туыстықты ту етіп көтерген, қазақ тарихының төрінен орын алған, қаншама ғасыр өтсе де, өскелең ұрпағына өшпес із, өнегелі сөз қалдырған Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің рухтары одан әрі биіктей берсін!- деп танымдық сағатымызды аяқтаймыз.
Назарларыңызға рахмет!





















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!