Материалдар / «Білгір физиктер» интеллектуалды турнир.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Білгір физиктер» интеллектуалды турнир.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Білгір физиктер» интеллектуалды турнир. 7 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2024
65
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
250 тг 188 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білгір физиктер» интеллектуалды турнир.

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру, өздігінен ізденуін тудыру, ең алғыр оқушыны анықтау.

Пән аралық байланыс: математика, информатика, биология

Техникалық құралдар: Компьютер, видеопроектор,презентациялар

Түрі: танымдық-ойын

Сайыс барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды шақыру, сәлемдесу.
II. Сайыс бөлімдерімен, шартымен таныстыру.


Жүргізуші-1:

1– тур «Бәйге» 10 сұрақ. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай)

2 – тур «Тіл өнері» 7 сұрақ (осы турдан кейін 1 топ сайыстан шығады).

3 – тур «Өрмекші» Формулалар эстафетасы (осы турдан кейін 1 топ сайыстан шығады)
4 – тур “Бекет” кезеңі. Бұл бөлімде командаларға ортақ қызықты логикалық сұрақтар қойылады. (осы турдан кейін 1 топ сайыстан шығады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.)

5 – тур «иә» немесе «жоқ» ойыны (осы турдан кейін 1 топ сайыстан шығады).

III. Қорытынды. Марапаттау.


Жүргізуші-1:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан-жақты дамыған, зерек болуы заман талабы. «Білгір физиктер» атты сайысқа 7-сыныптар қатысып, өз білімдерін сынайды.
Жүргізуші-2:

Армысыздар, құрметті жиналған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Білгір физиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Жүргізуші-1:

Ал, оқушы, ұстаздар,
Ортаға назар салайық.
Сайыскерлер шықпақ сайысқа,
Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Жүргізуші-2:

Мектебімізде болашағынан үміт артатын оқушыларымыз аз емес. Осындай оқушылар қатарында жүрген сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші-1:

1. Шақырамыз 7 «А» сыныбын жарысына,

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салыңдар ортамызға

Қанеки, шығыңыздар сайысуға, - деп 7 «А» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші-2:

2. Шын жүйрік шабысынан танылады,
    Бабы жетсе, бәйгеде бағы жанды.
    Білім менен өнердің сан қырлары,
    Оқушылардың бойынан табылады – 7 «Ә» сыныбын ортаға  шақырамыз.

Жүргізуші-1:

3. Есеп десе, көздері олардың нұр шашқан,
    Жаралғандай білім үшін әу бастан.
    7 «Б» келіп қапты сайысқа,
    Ақылы мен табаңдылығы жарасқан - ортаға  7 «Б» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші-2:

4. Архимед, Паскал ілімін,
    Таныған адал жүрегі.
    Үйренген білім мәйегін
    7 «В»  – сынып жүрегі ,-  ортаға  7 «В» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші-1:

5. Физикалық формуланы шашатын,
    Құбылыстың қасиеттерін ашатын.
    Қарсы алайық 7 «Г»-ні қол соғып,
    Ақырын сөйлеп, аяғын нық басатын -ортаға  7 «Г» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші-2:

6. Мінезге өздері анық бай,
    Жүрседе олар асықпай
    Есепте жан салмайды
    7 «Ғ» біздің  жалықпай ,- ортаға 7 «Ғ» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші-1:

7. Үлгілі тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаты

Әрқашанда мектепте

Шығып жүрген жақсы аты 7 «Е» сыныбын ортаға шақырайық

Жүргізуші-1:

Армысыздар, қымбатты төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздерде әділ баға берерсіздер-
дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:
1. Мектеп директоры: Абеева С.Х.
2. Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Ахитова Г.С.
3. Физика пәнінің мұғалімі: Калиева А.К.
4. Жаратылыстану бірлестік жетекшісі: Какина Н.Ж.

Жүргізуші-2:

1- тур. «Бәйге».

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.

Бұл кезеңде сайыскерлеріміз физикалық  анықтамаларға,өлшем бірліктер мен құбылыстарға жауап беруі тиіс. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Дайын болсаңыздар бастаймыз, мұқият болыңыздар.

Слайдтан бөлімше таңдау арқылы сұрақтар қойылады, егер сұрақтарға дұрыс жауап берсеңіздер ұяшықтағы баллды аласыздар.

Жүргізуші-1:


2- тур «Тіл өнері».

Бұл бөлімде командаларға қызықты физикалық жұмбақтар қойылады.

Әрбір дұрыс жауап 10 баллдық жүйемен есептеледі. Жауап беру үшін қол көтереміз.


Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға екі тілде.
Қазақ, орыс тілдерін білсеңіз,
Он ұпай, шәкірт, саған несібе


7 «А»

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол, путь)


7 «Ә»  
Жоғалмайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса
Жұмыс істейді әрқашан  (энергия)

 

7 «Б»

Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды  (масса)


7 «В»

Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды.   (температура)


7 «Г»

Қозғалысқа келтіріп
Жылдамдығын береді
Өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді.  (күш, сила)
  

7 «Ғ»      
Оңынан оқы тіршілік нәрі
Солынан оқы онсыз адам
Өсімдік, аң, құс
Әп-сәтте сөнер
Тұншығып бәрі. (ауа,воздух)


7 «Е»

Көп болса асықпайсың,

Мезетте қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт, время)


3 - тур. "Өрмекші" Формулалар эстафетасы

Формуладан формула шығарып, өрмек салу керек.


4- тур «Бекет».

Бекет” кезеңі. Бұл бөлімде командаларға ортақ қызықты логикалық сұрақтар қойылады.

Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі. Жауап беру үшін қол көтереміз.

1.Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)

2.Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

3. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)

4.Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)

5.Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)

6.Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)

7. Ғұмырында 40тонна тамақ жейді,жердегі ең ақылды тіршілік иесі? (Адам)


5 – тур «Тапқырлық».

Соңғы сайысымыз – «Иә» немесе «жоқ»

Әр топ 4 сұраққа жауап береді. Әрбір сұрақ 1 баллмен есептеледі.

1.Физика-табиғат туралы ғылым ба? (иә)

2. Жер өз осін 365 тәулікте бір айналып шығады ма? (жоқ)

3. Әлемнің үшінші ұстазы- Аристотель ма? (жоқ)

4. Әрқашан солтүстікті көрсететін жұлдыз-Темірқазық деп аталады (иә)


5. Термометр – дененің температурасын өлшейтін құрал (иә)

6. Ең үлкен планета – Уран (жоқ)

7. Дененің артында қалдырған сызық түріндегі із жол деп аталады. (жоқ)

8. Заттың тығыздығын табу үшін оның массасын көлеміне бөлу керек (иә)


9. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)

10. Заттар үш күйде болады ма? (иә)

11. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)

12. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)


13. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)

14. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)

15. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)

16. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)


17. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

18. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)

19. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)

20. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)


21. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә)

22. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)

23. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)

24. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)


25. Жұмыстың өлшем бірлігі - Ватт.(жоқ)

26. Энергия жоқтан пайда бола ма? (жоқ)

27. Массаның өлшем бірлігі грамм? (жоқ)

28. Физика табиғатты зерттейтің ғылым? (иә)

Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.Ойынымыздың жалпы қорытындысын әділ қазылар есептеуін сұраймыз.

VІ. Қорытындылау.

Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды турнир «Білгір физиктер» сайысы өз мәресіне жетті.

Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділ қазы алқасы,
әділ баға беріңіз.
Әділ қазыларға сөз кезегі беріледі.
Жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
физикалық сайысымыз тәмамдалды.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!