Материалдар / білгірлер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

білгірлер

Материал туралы қысқаша түсінік
сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
555
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы: «Білгірлер» сайысы


Мақсаты.
Білімділік:

Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгергенін тексере отырып, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік:

Ана тілін сүюге, құрметтеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық:

Оқулық және қосымша материалдарды деректерін тиімді пайдаланып, ғылыми танымдық қабілеттерін жетілдіру.
(Екі сыныптан қазақ тілі мен әдебиетке бейім 9 оқушы іріктелініп алынып, 3 топ құрылды).

Армысыздар құрметті оқушылар, қонақтар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Білімділік – біздің ең жоғарғы шыңымыз. Сол шыңнан шыға білу әр азаматтың міндеті.Тіл — өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт — дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы. Ендеше, ана тіліміздің қасиетін білетін өрендерімізді ортаға шақырып, «Білгірлер!» ақыл-ой, зерделілікті танытатын сайысымызды бастайық!

-Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе-бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.

Топты таныстыру.
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-


Ендеше ортамызға қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 9 «а» және 10 сынып оқушыларын шақырамыз.


І. «Қазақ жастары» тобы:

Мүшелері:

1. Альтаева Аяжан

2. Мырзабекова Наргиз

3. Бояубаева Жасмин

4. Сагдатова Камила

5. Жусупова Аружан

6. Кайржанова Диана


ІІ. «Жас ұрпақ» тобы:

Мүшелері:
1. Дюсембаева Индира

2. Жакишева Жұлдыз

3. Олжабекова Дильназ

4. Сарманова Камила

5. Паскулова Гульден

6. Шпекова Жансая







ІІІ. «Жалын» тобы:

Мүшелері:

1. Алеева Дания

2. Әпсемет Нәзім

3. Игілік Ләззат

4. Бекенова Азалья

5. Досмагамбетова Бибигүл

6. Белгибаева Айсана


(Әділқазылармен таныстыру)

-Әділ қазы, ақ қазыға сәлем бер,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар, сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл,- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:


Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1-кезең: «Не? Кім? Қашан? Қанша? Қайда?»

2-кезең: «Ойлан да, аяқта»

3-кезең: «Ойлан тап»

4-кезең: «Дода».

5-кезең: «Жорға»

6-кезең: «Асыл сөз»


Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жана ма?
Тәрбие тәлім табар мән
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда

1-кезең

«Не? Кім? Қашан? Қанша? Қайда?». Әр топқа 5 сұрақтан, әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

І топ:
1. Арыстан баб Қожа Ахмет Йасауиге не берді ? (құрма жемісі)

2. Асан Қайғы не іздеді? (Жерұйықты)

3. Шоқанның әкесі кімнің немересі? (Абылайдың)

4. Есімдік ненің орнына жүреді? (есім сөздердің)

5. Мағжан Жұмабаев қашан дүниеге келген? (1893)

6. Ыбырай Торғайда қашан мектеп ашты? (1864)

7. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? (9)

8. Шоқан Уәлиханов 1858-1859 жылдары қайда саяхат жасады? (Қашқарияға)

9. Біржан Сарамен айтысу үшін қайда келді? (Сараның үйіне, Жетісу өңіріне)

10. Ресми стиль қайда кездеседі? (кеңседе, мекемелерде, құжаттарда)


ІІ топ:

  1. «Пунктир» деген не? (нүкте)

  2. Ыбырай балаларды оқытуға не сияқты кірісті?(аш қасқырдай)

  3. Абайға кітапханада кім кездесті? (Михаэлис)

  4. Махамбет Өтемісұлының ЮНЕСКО көлемінде мерейтойы қашан аталып өтті? (2003)

  5. Үтір мен сызықша қашан қатар қойылады? (жалғаулықты қарсылықты салалас)

  6. Дулат Бабатайұлы қанша жыл өмір сүрді? (72 жыл)




  1. Бұқар жырау қайда дүниеге келді? (Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы)

8. Жамбыл ұлына қайда хат жазды? (майданға)

9. «Қазақ хрестоматиясы» қайда басылып шықты? (Орынбор қаласы)

10. Публицистикалық стиль қайда кездеседі? (баспа беттерінде)


ІІІ топ:

  1. Абайдың соңғы еңбегі не болды? (қарасөздері)

  2. Амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан бұлар не?(себеп үстеулер)

  3. «Даналық кітабы» авторы кім? (Қожа Ахмет Йасауи)

  4. Ақтамберді жырау қанша жасында алғашқы соғысқа қатысты? (17)

  5. «Қыз Жібек» фильмі қанша елде көрсетілді? (43)

  6. Балқожа би Ыбырайды қанша жасында қолына алды? (5 жас)

  7. «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар....» деп басталатын нешінші қарасөз? (31 қарасөзі)

8. «Күлтегін», «Тоныкөк» қайдан табылды? (Орхон, Енисей)

9. Абай Құнанбаев Семейде қайда оқыды? (Ахмет – Риза медресесі)

10. Ауызекі сөйлеу стилі қайда кездеседі? (диалогта)


2 -кезең. «Ойлан да, аяқта» Топқа 10 ұпайдан беріледі
Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.

І топ
1. Әдепті бала – арлы бала, ....... (Әдепсіз бала – сорлы бала)
2. Еңбектің наны тәтті, …жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық – зор … (байлық)
4. Кітап – білім бұлағы, …– өмір шырағы (білім)
5. Балалы үй – базар, ...... (баласыз үй – қу мазар)


ІІ топ

6. Ырыс алды -… (ынтымақ)
7. Өзге елде сұлтан болғанша,… (өз елінде ұлтан бол)
8. Білекті бірді жығар,… (білімді мыңды жығар)
9. Ашу – дұшпан, ақыл –дос, ........ (ақылына ақыл қос)
10. Досы көпті жау алмайды, … (ақылы көпті дау алмайды)


ІІІ топ

11. Бірлік болмай, ..... (тірлік болмас)

12. Еңбек етсең ерінбей, ..... (тояды қарның тіленбей)

13. Жалқаудың ........ (ертеңі бітпес)

14. Қыстың қамын, ..... (жаз ойла)

15. Сөйлей-сөйлей шешен боласың, ....... (көре-көре көсем боласың)


3 – кезең: «Ойлан тап». Топқа 1 ұпайдан беріледі
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз? (жылы-жылы сөйлесең)
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (оқу инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын «аппағым» дейді)
4. Қар жана ма? (қалауын тапса қар жанар)
5. Оттан да не ыстық? (Отан оттан да ыстық)
6. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)
7. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)
8. Білгенің қанша, білмегенің қанша? (білгенің тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз – қорқақ, қол - батыр)



10. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)

11. Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (Көрмедім деген бір сөз, көрдім деген он сөз)
12. Неден үйреніп, неден жирену керек? (жақсыдан үйрен, жаманнан жирен)

4. «Дода» кезеңі.

Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.

Білдірер білім елге білім сырын,

Біліксіз білімді аттап, бөсіп өтер, - деп Ахмет Йүгінеки айтқандай келесі кезең «Әдебиет парақтарынан» сайысымызға көшеміз.

  1. Ел қорыған мен едім,

Мен де айырылдым елімнен.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айырылдың көліңнен.

Кімнің өлеңі? Кімге арналған? (Махамбет, Исатайға «Қызғыш құс»)

  1. «Бір аңызда үйін бір топ ұрылар тонап, үйдегі бар дүние-мүлкін арбаға тиеп әкетіп бара жатқанда...... Қарақшылар біріне-бірі қарап, «мынау бір әулие адам екен» деп алған дүние-мүлкін үйіне қайтып апарып тастап кетеді.

Қайдан алынған үзінді? Кейіпкері кім?

  1. Асқар таудың өлгені,

Басын мұнар шалғаны.

Көктегі бұлттың өлгені,

Аса алмай тауда қалғаны.

Кімнің шығармасы?

  1. «Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды»

Кімнің шығармасы, қайдан алынған?

  1. Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

Кімнің, қай шығармасынан алынған үзінді?

  1. «Жаздың бір әдемі күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен жеміс, гүл жапырақтарын көріп жүрді»

Қай шығармадан алынған, кімнің шығармасы?


5 кезең: Келесі кезеңіміз «Жорға» кезеңіне өтелік.

Бұл кезеңде бізде әдебиет теориясы бойынша сұрақтар беріледі.

Әр сұраққа 1 ұпайдан беріледі.

1. Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды? (портрет)

2. Заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын, анықтайтын суретті сөз қалай аталады? (Эпитет)

3. Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі кейпінде суреттеу тәсілін не деп атайды? (кейіптеу)

4. Затты не құбылысты кішірейте суреттейтін көркемдік құрал не деп аталады? (литота)

5. Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлеуі не деп аталады? (диалог)

6. Көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші бір затпен, құбылыспен салыстырып бейнелеуді не деп атаймыз? (Теңеу)

7. Көркем әдебиеттегі табиғат көркін суреттеу не деп аталады? (пейзаж)

8. Сөздерді қарама-қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды не дейміз? (ирония)

9. суреттеп отырған затты не құбылысты айқындау үшін ұқсас басқа затқа не құбылысты балау қалай аталады? (метафора немесе ауыстыру)





6-кезең

«Әдебиеттің адам өмірінде алатын орны» ой қозғау айту (топ басшылар қорғалымы)


Қорытынды: Сөз өнері –халық даналығының жемісі. Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салып, талантын таныдық.
Сайысымыздың алты кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке! – дей келе,

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» деген ойды бүгінгі сайысымызда таразылап, әділ бағасын береді деген оймен әділқазылар алқасына сөз береміз.
















































«Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 25 қазақ қыздар гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Тақырыбы: «Б І Л Г І Р Л Е Р»




Қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша

9-10-сыныптар арасындағы сайыс сабақ



















Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің

мұғалімі А.К.Рахимбаева



\



2017-2018 оқу жылы





«БІЛГІРЛЕР» сайысынан көріністер

Picture 10

Picture 7 Picture 9



Picture 6

Picture 5

Picture 3





Picture 4



Picture 2



Picture 1

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!