Білгірлер мен білімділер
(сайыс)
Жүргізуші:
Білген сайын келеді біле
бергім,
Біле беру емеспе тілегі
елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске
жет,
Білімді, әрі білікті жас
жеткіншек-деп сайысымызды
бастаймыз.
Сайыс
шарттары
1-кезең.
Таныстыру
2-кезең.Білгенге маржан (
15 сұрақ)
3-кезең Шебер
қолдар
4-кезең Сөз ойла, тез
ойла
5-кезең Ойлан,
тап!
6-кезең Өлеңді
толықтыр
7-кезең Кім
жылдам
8-кезең Халық
тәжірибесі-қайнар бұлақ ( ертеректе қолданған
сүйектен жасалған бұйымдардың атауы берілген, сол сөздерге анықтама
беріп, қайда қолданатынын айту)
1-кезең
Таныстыру
1-топ 5 сынып
«Білгірлер»
2-топ 6 сынып
«Білімділер»
2-кезең «Білгенге
маржан»
5-сыныпқа арналған
сұрақтар
Ұлылардың ұрпағымыз
кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған
еселі.
Тартыстағы сайысқа да
қатысып,
Сұрақтарды білімділер
шешеді.
СҰРАҚТАР
1.Табиғат дегеніміз
не?(адамның тіршілік етіп
отырған ортасы)
2.870-950 жылдары өмір
сүрген атақты ойшыл-ғалым, философ, энциклопедист кім?
(Әл-Фараби)
3.Табиғи жолмен жасалған
арна арқылы ағатын су?(өзен)
4.Қазақстанда ең ұзын, суы
мол өзен?(Ертіс)
5.Жердің су
қабығы?(гидросфера)
6.Галактика дегеніміз
не?(жеке жұлдыздар
тобы)
7.Алғашқы қазақ ғарышкері
кім және қай жылы ұшты?(Тоқтар Әубәкіров 1991
жылы)
8.Глобус деген не?
(жер шарының
кішірейтілген моделі)
9.Ең терең шұңғыма қалай
аталады?(Мариан)
10.Мұхит, теңіз суларының
құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі?
(шығанақ)
11Тілінің ұшында уы бар
жорғалаушы? (жылан)
12.Қазақ халқының жыл
атауына кірген жәндік? (ұлу)
13.Бір секундта 500 рет
қанат қағатын жәндік (маса)
14.Емдік табиғи қасиеті бар
бунақденелі жәндік (ара)
15.Күн гүлі деп аталатын
өсімдік?(күнбағыс)
6-сыныпқа арналған
сұрақтар
Келді міне сыналар шақ
айналып,
Тереңіне білім теңіз
байланып.
Жылдамдығың, алғырлығың
сыналар,
Шыңға шықты біліміңе
сайланып.
СҰРАҚТАР
1.Қызыл кітаптың тұңғыш
және екінші, үшінші басылымы қай жылдары жарық
көрді?(1978;1991;1996)
2.Өсімдік ұлпаларын атаңдар
(түзуші, негізгі, жабын,
тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы)
3.Тамырлар шығу тегіне
қарай қалай бөлінеді? (негізгі, жанама,
қосалқы)
4.Фотосинтез деген не?
(өсімдіктердің бейорг.
заттардан күн энергиясын пайдаланып, орг. заттар көмірсулар алу
және ауа түзетін процесс.)
5.Балдырларды зерттейтін
ғылым (альгология)
6.Біржасушалы балдырларға
нелер жатады? (хломидоманада,
хлорелла,хлорококк)
7.Мүктерге нелер
жатады?(жасыл мүк, шымтезек
мүгі)
8. «Плаун» орысшадан
аударғанда қандай мағына береді?
(жылысқы,жүзу,жылжымалы)
9.Адам қолымен өсірілетін
өсімдік (мәдени)
10. «Өсімдік пионері» деп
қай өсімдікті атайды? (қына)
11.Сабақтың ортаңғы бөлігі
қалай аталады? (өзек)
12.Бактерия сөзінің
мағынасы?(таяқша)
13.Сүйегімен кептірілген
абрикос? (өрік)
14.Пенициллин дәрісін
қандай өсімдіктен алады? (пеницилл
саңырауқұлағы)
15.Секіре алмайтын
жануар?(піл)
3- кезең
«Суретшілер»
5-сынып Қыс
мезгілі
6-сынып Көктем
мезгілі
4- кезең «Сөз ойла, тез
ойла» Берілген сөздердің ішінен
бірнеше сөз биология пәніне қатысты ойлап
шығару.
5-сынып
«Саңырауқұлақтар»
6-сынып
«Жорғалаушылар»
5-кезең «Ойлан
тап!» Берілген суреттердің
жалғасын дұрыс, ұқыпты, тиянақты табу.
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
1.Тектіден текті
туар..............(араланып)
2.Теріңді өзгерте алсаң
да,.......(тегіңді өзгерте
алмайсың)
3.Аяғын көріп асын
іш,..............(анасын көріп қызын
ал)
4.Жеті атасын білген
ер,...........(жеті жұрттың қамын
жер)
Жеті атасын
білмеген,............(құлағы мен жағын
жер)
5.Жұртыңды ауыстыра
алсаң да,............(ұлтыңды ауыстыра
алмайсың)
Салтыңды ауыстыра алсаң
да,............(халқыңды ауыстыра
алмайсың).
ЖҰМБАҚТАР
-
1.Жазда жайнайды,күзде
жайрайды. (жапырақ)
-
2.Мойны сұрақ белгісі,
бұл қандай көл құсы. (аққу)
-
3.Бұйра тұлымы желмен
ойнайды,қызыл мұрыны жерге бойлайды.
(сәбіз)
-
4.Құйрығы он қарыс,бұл
айбатты..........(жолбарыс)
-
5.Айбат шегер алыстан,аң
патшасы.........(арыстан)
-
6.Уылжыған албырт,дәмі
ғажап.............(алмұрт).
6-кезең «Өлеңді
аяқта»
Қазақ халқы төрт түлік
малдың тілімен төлдерін өлеңге қосу
Қой сүйеді баласын
«қоңырым» деп
Ештеңені білмейтін
«момыным»
деп.
Сиыр сүйеді баласын
«торпағым» деп
Қараңғыға баспаған
«қорқағым» деп
Түйе сүйеді баласын
«боташым» деп
Жаудыраған көзіңнен
«тоташым» деп
Ешкі сүйеді баласын
«лағым» деп
Тастан тасқа секірген
«шұнағым» деп
Жылқы сүйеді баласын
«құлыным» деп
Тұлпар болып жүгірер,
«жұрыным» деп
7-кезең «Кім
жылдам» Берілген парақшалардан
жануарлар мен
өсімдіктерді теріп
жинау
8-кезең «Халық
тәжірибесі-қайнар бұлақ» (шүмек, тоқубіз, қож(қожы, қазбай),
сояу(сүйрік))
Шүмек-қазақ баланы бесікке бөлегенде
ағаш шүмекпен қатар сүйектен әзірленген шүмекті де пайдаланған.
Ондай шүмекті қойдың, ешкінің асықты жілігінен жасаған. Ол үшін
асық орналасқан басын тұйық күйінде қалдырып, қырларын егеп,
жұмырлап алу керек.
Тоқубіз- қойдың, ешкінің кәрі жілігінің
құрығынан әзірленеді. Кейде оны кәрі жіліктің «шыбығы» , «қамшысы»
деп та атайды. Кәрі жіліктің жанына жабыса біткен осы жанама
шыбықты тазалап мұжып, қырнап алған соң үшкір жағын егеумен егеп,
ілдіргі жасайды. Мұндай бізбен иірілген жіптен қолғап, шұлық, шәлі,
мойынорағыш , т.б. киім-кешек тоқиды.
Қож, қожы,
қазбай- ұста-зергерлер көріктің
көмейіне көмір салуға, ыстық шоқты көсіп алуға, күл шығаруға арнап
малдың жауырын сүйегінен жасаған қалақ.
Сояу,
сүйрік-сүйектен істелген ине. Ондай
инемен қап, қанардың аузын, жабағыны тігуге болады. Қамыс, қоғаның
қылтиып жаңа шығып келе жатқан өркенін де қазақ сүйрік деп атаған.
Аппақ, жұмыр сүйектен әзірленген сояу ине сол қамыс сүйрігіне қатты
ұқсайды. Тіліміздегі «саусақтары сүйріктей» немесе «тырнақтары
сояудай» деген сөз тіркестері содан
қалыптасқан.
Қорытынды:
Бойларыңда от бар екен
байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен
байқадық.
Әрқашанда осы шоқты
өшірмей,
Жалындатып, шарықтаңдар
әрдайым.
«Қандай сынақ болсадағы
беріспе.
«Әрқашанда үміткер бол
жеңіске!» деп сайысымызды
аяқтаймыз.