Материалдар / Білім алушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және мектепішілік ІІБ есепте тұрған оқушылармен жүргізілген жұмыстар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім алушылардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және мектепішілік ІІБ есепте тұрған оқушылармен жүргізілген жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепішілік құқыбұзушылықтың алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2021
1162
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады? Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қыл­мыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұр­ған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыға­ды. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ­ды­рына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүрген­дерін қадағаламауынан пайда болады. Сондықтан тәртібі нашар, ішкі істер орган­дарын­да есепте тұрған оқу­шылармен жүйелі жұмыс жүргізуден жалықпау керек. Қазіргі таңда мектебімізде 5 тәртібі қиын оқушы 2020 – 2021 оқу жылы басында мектепішілік бақылауға тіркелді.

Олар:

  1. Шилкин Эмиль 8в – облыстық нарко диспансерлік орталықта тіркеліп тұр (желім искеу)

  2. Шилкин Роман 9б- облыстық нарко диспансерлік орталықта тіркеліп тұр (желім искеу)

  3. Сайлауов Малик 8а – ұрлық жасағаны үшін (велосипед ұрлау)

  4. Вруцкий Максим 9б – тәртіпсіздігі үшін

  5. Пивень Алексей 9б – тәртіпсіздігі үшін

Аталған оқушылар қыркүйек айында Қамқоршылық Кеңестің отырысында қаралып, мектепішілік бақылауға қойылды. Сынып жетекшілер жинақтаған ақпарат бойынша әрбір оқушыға жеке арнайы папка жасақталды. Сынып жетекшілер мектеп психологымен бірлескен жұмыстар жүргізіп, ата – аналарымен жеке әңгімелесу сағаттарын ұйымдастырды. Әлеуметтік педагог сынып жетекшілермен үйлеріне барып, әлеуметтік жағдайына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, АКТ жбу жасақталды. 2020 – 2021 оқу жылында аталған оқушылармен зум платформасы арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог онлайн тренингтер ұйымдастырды.

Қаңтар және ақпан айларында аталған оқушылармен ЖІЖ инспектор К.З.Тасмухамбетпен құқықбұзушылық бағытында кездесу сағаты ұйымдастырылып, оқушыларға қатысты көптеген мәліметтер берілді. Мичурин ауылдық округінің учаскелік полициясы О.Ю.Овчинников мектеп бақылауында тұрған оқушыларының үйлеріне барып, ата – аналарымен әңгімелесу сағаттарын ұйымдастырды.

Құқықбұзушылықтың алдын  алу­дың бірден-бір жолы – оқу­шылардың мектептен тыс уа­қытта қосымша біліммен қам­тылуын дұрыс ұйым­дас­тыру. Аталған оқушылар мектепте назардан тыс қалмай үнемі бақылауда болып, бос уақыттарын тиімді өткізу барысында мектеп әкімшілігі бірнеше үйірмелерге тартуды қолға алды. Шилкин Эмиль қазіргі уақытта волейбол үйірмесіне қатысады, Шилкин Роман ауылдық мәдениет үйінің жанынан ұйымдастырылған гитара үйрену үйірмесіне қатысып жүр. Сайлауов Малик мектепішілік қол күрес үйірмесіне қатысады. Вруцкий Максим мен Пивень Алексей мектепішілік «Картинг» үйірмесіне қатысып, аудандық жарыстарда сыналып жүр.

Қазіргі таңда оңалту шаралы жақсы бағытқа қойылып, оқушылар қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып келеді. Вруцкий Максим жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртібінің дұрыс бағытқа қойылып 12 наурызда 2021 жылы жасөспірімнің себепсіз сабақ жіберуіне байланысты қойылған аудандық есептен шығарылды. Болашақта тәртіпті оқушылардың қатарынан қосылатынына сенімдіміз.

Ұсынба:

  1. Аталған оқушыларды мектепішілік










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!