Материалдар / Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу» ( дөңгелек үстел)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу» ( дөңгелек үстел)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындататын әр ұстазға Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімделуі үшін керек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
366
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қ.Мұңайтпасов атындағы ОРРММИК» РММ















Тақырыбы:

«Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу»

( дөңгелек үстел)



















Орындаған: Г.Смагулова







Астана қаласы

Тақырыбы: «Білім беру жүйесін жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеу»

( дөңгелек үстел)


Мақсаты: Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар тұлға тәрбиелеу.

Мұғалім: Елбасы Жолдауы - ел экономикасын жаңа нарықтық сапаға көтеріп, әлеуметтің әлеуетін әлді етеді. Нақты іске асуы тиіс іргелі бастамалар бар. Алда айқын бағыт, ауқымды міндет тұр. Белді отандық ғалымдардың сөзінше, маңызды құжат - жаһандық бәсекеге қабілеттілікті төмендетпей, 30 дамыған елдің сапына тұрып, санатына қосылудың алғы шарты. Биылғы Жолдауда білім секторын дамытуға айрықша мән берілген.Жолдаудың жетінші бөлімі «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталады.Осы бөлім бойынша сөз кезегін оқушыларға берейік.


1.«Білім – басты бағдар» 11 «А»сынып оқушысы Атабай Гүлімге сөз кезегін береміз.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде? 

Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы: өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет.

Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, атап айтатын болсақ, 2017-2018 оқу жылында 1-2-5-7- сыныптар жаңа оқу мазмұнына көшті. 2018-2019 оқу жылында 3-6-8 сыныптар, осы реттілік бойынша өз кезегімен қалған сыныптар да көшіріліп отырады. Бұл бағдарлама 2021 жылы аяқталатын болады.Бұл бағдарламада оқушылардың критериалды бағалау, күнделікті сабақта қалыптастырушы бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау арқылы білімдері тексеріледі. Сондықтан оқушы күнделікті сабақта баға үшін оқымайды, білім алу үшін оқиды.Бұл жаңа бағдарлама бойынша Блум таксомониясы, яғни спиральді оқыту жүйесі қарапайым тақырыптан күрделендіріп оқыту болып табылады.Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.

Жолдауда «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұл білім саласы басты назар­да екенін көрсетсе керек.Мысалы, Пре­зидент орта мектеп, колледж, ЖОО үздік оқытушыларының бейне­сабақтары мен бейнелек­цияларын Интернетке орналас­ты­­ру керек екенін атап өтті. Бұл расымен, еліміздің түк­пір-түк­пі­ріндегі ұстаздарға қолже­тім­ді әрі пайдалы дүние болары анық. Сонымен қатар бұл ауыл мен қала білімін теңестіруге жағ­дай жасайды деп ойлаймыз. Жаңа бағдарламаның алатын рөлінің ерекше еке­­нін ескерсек, бұл жаңартылған бағдарлама озық білімнің дамуына ерекше ықпал етері сөзсіз деп ойлаймын.

 2. «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы» 11«А» сынып оқушысы Рашитов Марлен. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты...

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс. Жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал, жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

Бұқаралық ақпарат деректеріне сүйенсек, бүгінде әлемнің 70% елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми зерттеулермен танысуда . Бұл дегеніміз – білім, ғылым, саясат пен техника, мәдениет пен өнер, спорт т.б. қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде таралады дегенді білідерді. Демек, латын әліпбиінің біздің отанымыздың әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орындалуы жолында маңызды роль атқаратыны сөзсіз.

Түркітектес халықтар тілінде латын әліпбиі 1926 жылдан бастап қолданылады. Латын әліпбиін алғаш қолданысқа енгізгендердің бірі – Түркия мемлекеті. Біздің елде ХХ ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялылары латын әліпбиіне көшу мәселесін көтерді. Қазақ тілінің табиғатына сай әліпби үлгісін жасап, қолданысқа енгізген болатын. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым А.Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткізеді» -, деген.

Мұғалім: Цифрлық дәуірге көшу - білім алу процесін жеңілдетіп, терең ізденіске жол ашады, - дей келе, ортаға «ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ» саласы бойынша 11 «А»сынып оқушысы Бекболат Әбдікерімге сөз кезегін береміз.


3. ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ: ОЗЫҚ ОТЫЗДЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Әлемдік нарықта ІТ саласы ауқымды орын алып отыр. Сондықтан, жастарды осы салаға мамандандырып бағыттайтын болсақ, әлемдік нарыққа кіретініміз анық. Себебі, заман талабы осындай. Бұл дегеніміз – үлкен орталық, статистикалық ақпараттарды жинау, оған дұрыс анализ жасау, қорытынды ретінде көрсету. Цифрлы технология өзін-өзі ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың сенімді құралы болып табылмақ. Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы нақты әрі түйінді, еліміздің болашағы үшін маңызды мәселелерді көтерген атаулы құжат болды. Жолдауда біздің еліміз ширек ғасыр ішінде екі жаңғырту үрдісін аяқтап, үшінші экономикамыздың әлемдік деңгейде өсімін арттыруды қамтамасыз ететін жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу басымдығына көшуіміз керектігі айтылды.

Әр сала мамандары бас қосқан жиын­да елімізде экономикалық және технологиялық дүмпу болуы қажеттілігі баса айтылды. Ал, ол үшін тағы сол ІТ саласына басымдық беріледі. Елбасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына көшетіндігімізді, сол арқылы дамыған 30 елмен терезе теңестіретінімізді жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама төрт басты бағытты іске асыруды көздейді. Олар: цифрлы инфрақұрылымды дамыту, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, экономиканың базалық салаларын цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша электронды және мобильді үкімет жүйесін жетілдіру. Елімізде 2020 жылға дейін интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы хабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Байқап қарасақ, ол бізге аса қиындық тудыра қоймайды. Оның бір ғана дәлелі смартфондар. Қазіргі таңда әлемдегі халықтың 50 пайызы ғаламторға қосылған. Ал, елімізде 18 млн. адам болса, соның 53 пайызы қалада тұрады. Қазақстандықтардың қолында 25 миллионға жуық ұялы телефон бар, оның 70 пайыздан астамы интернетпен қамтылған. Міне, осының барлығы цифрлы заманның нақты дәлелі.

Жаңартылған мазмұн бойынша мектептерде электронды журнал, электронды күнделік енгізіліп қазіргі таңда Қазақстанның түкпір – түкпірінде қолданылуда.

Сонымен қоса жолдауда барлық өңірлерде лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керекгі жөнінде айтылды.

Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі.


- 10 «Б» сынып оқушысы Үсен Ұлбира: - Біз Елбасының Жолдауы бойынша білім саласын жан-жақты дамытуды қолға алуымыз қажет. Ең алдымен, IT-технологияларды жетік меңгеру керекпіз.Сол «Интернетке негізделген интеллектуалды дәуірде жаңа форматтағы білім беру секторларын көбейту - өзекті мәселе», - деп ойлаймын. Себебі, осыған дейін болмаған smart тыңайтқыштар, құрылыс материалдарының сапасын көтеретін технологиялар, ғарыштан мәлімдеме алуға қолайлы қондырғылар, робототехниканы дамыту керекпіз.Сондай қарқынмен дамыған ІТ технологиясын меңгерсек, дамыған 30 елдің қатарынан табылуымыз әбден мүмкін .

4. «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» 10 «А» сынып оқушысы Қарсақбаев Жансерік.

2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде.

Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде.

Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет.

Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған.

Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді.

Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр.

Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек.

Қорытынды сөз: Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар. Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген. Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек.«Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!