Білім беру саласы: шығармашылық Бөлімі: мүсіндеу Тақырыбы: «Аққала»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы: шығармашылық Бөлімі: мүсіндеу Тақырыбы: «Аққала»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Екі бөліктен тұратын аққала сомдауды, аққаланың бейнесі айқындау үшін қосымша заттарды пайдалануды үйрету, ойын арқылы мүсіндеу дағдыларын ұштау, баланың тілін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшықеттері қимылын жетілдіру, ұқыптылықпен тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: демонстрациялық көрнекіліктер, ақ түсті ермексаз, ермексаз кесуге арналған құрал, тұғырық, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: аққала

Іс- әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

Мотивациялық кезең







Тәрбиеші М.Мақатаевтың «Аққала» өлеңінен үзінді оқиды. Ақ балам менің, ақ балам,

Аққала жаса, ақ балам.

Тәрбиеші балаларға шар тәрізді екі бөліктен тұратын ойыншық аққаланы ұсынады.



Балалар тәрбиеші мұқият тыңдай отырып, үлестірмелі материалдағы суретке көз жүгіртеді.


Ұйымдастырушылық ізденуші

Аққаламыз қандай түсті?

Біздің аққаланың басы қандай?

Ал мынау не?

Үлкендігі қандай?

Ермексаздан аққаланың домалақ денесін қалай жасайтынымызды кім көрсетеді?

Тәрбиеші балаларға домалақ мүсін сомдау амалдарын пысықтату үшін пластмассадан жасалған шарларды таратып береді.

Сергіту сәті.

Аппақ қарды уыстап,

Алақанға салайық

Оңға бір рет,

Солға бір рет,

Мойын бұрып алайық

Домалақтап аппақ қармен,

Біз аққала жасайық!

Тәрбиеші балаларға ақ ермексаздан жасалған «Аққаланы» көрнекілік ретінде көрсетіп, жасау жолдарын түсіндіреді.

Қолымызға ақ ермексаздың бір кішкене кесегін аламыз- бұл біздің сомдайтын аққаланың басы болады.

Енді осы кесекті екі алақанымызбен домалақтап, шар жасаймыз. Балалар, аққаланың басы дайын.Ал енді денесін дәл осылай сәл үлкендеу етіп жасап, басы мен денесін бір-біріне жабыстырамыз. Ал енді біздің аққалаға не жетіспейді?

Қолдарын сомдау үшін ақ түсті ермексаздың кішкене бөлшектері керек. Осы бөлшектерді де алақанымызбен домалақтап, екі жағына жабыстырып орналастырамыз. Ал мына түймелерден –көз, сәбізден мұрнын жасаймыз. Екі қолы ше?

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Ол аппақ түсті.


Домалақ


Ол кеудесі, іші

Ол жері де доп-домалақ,үлкендеу.

Балалар алақандарымен домалақ шар жасайды.



Шарларды қарастырады.






Балалар орындарынан тұрып, жерден еңкейіп қар алып, алақанға салып, қолдарындағы қарды домалақтай беріп, бойларын тік ұстап, оңға бір, солға бір мойындарын барынша соза қарайды.

Балалар жұмыс жасау ретімен танысады.








Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.











Екі қолдарымен ауада аққаланың бейнесін келтіреді.




Балалар қолдарына ақ ермексаздың бір кішкене кесегін алып, аққаланың басын, қолдарын, денесін домалақ шар тәрізді мүсіндейді.

Рефлекциялы түзету кезеңі

Оқу іс-әрекетінің соңында тәрбиеші балаларды мадақтайды. Балалар мүсіндеген «аққалаларын» тәрбиеші көрмеге қояды.


Қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Қайталай алады: екі бөліктен тұратын аққаланы

Түсінеді: домалақ пішінді сомдауды, ақ түс- қардың түсі, яғни қардай аппақ дегенді білдіретінін

Қолданады: мүсіндеуде- екі қолмен әр түрлі көлемдегі шарларды домалақтау, оларды көлеміне қарай қажетті дене мүшелеріне жапсыру тәрізді сомдау амалдарын.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
483
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі