Білім беру саласы: «Таным» Пән: Құрастыру. Тақырыбы: "Балабақша айналасындағы қоршау"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру саласы: «Таным» Пән: Құрастыру. Тақырыбы: "Балабақша айналасындағы қоршау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кірпіштерді төрт бұрыш бойына бір-біріне белгілі бір арақашықтықты сақтай отырып орналастыруды үйрету. Балабақшаны сүйюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ортаңғы (3 жастан бастап), ересек (4 жастан бастап) жастағы топтарға арналған ҰОҚ конспектісі

Өткізу күні: 

Тәрбиеші: 

Білім беру саласы: «Таным»

Пән: Құрастыру

Өтпелі тақырып: «Балабақша»

Тақырыбы: "Балабақша айналасындағы қоршау"

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Кірпіштерді төрт бұрыш бойына бір-біріне белгілі бір арақашықтықты сақтай отырып орналастыруды үйрету. Балабақшаны сүйюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қарапайым заттарды құрастыра білу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Құрылыс материалын пайдаланып айналасын қоршауға құрастыра білуге үйрету, олардың өзара қатынасымен ерекшеліктеріне сәйкес құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, Көрсету, Әңгімелеу,Ойын,сұрақ – жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Құрылыс материалдары, кубиктер

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Бақшамызға барғанда Жолыққан бар жандарға. Ертемен ақ пейілмен, «Қайырлы таң» деймін мен Балалар шеңберге тұрып бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді Қақпа туралы түсіндіріліп, суреті көрсетіледі.

2.Негізгі бөлім:

Балалардың серуенде жүргенде қақпа көргендерін естеріне түсіреді. Олар өте үлкен. Қақпадан балалар, үлкендер, тіпті машиналар аулаға кіре алатынын айтады. - Қазір сендер қандай қақпа тұрғызасыңдар, оны кубиктерден құрастыру. - Алдымен кубикті кубикке қою қажет. Жоғары жағына кірпіш қоямыз.

Міне, әдемі биік қақпа құрастырдық. - Енді сендер де осындай биік қақпа құрастырып көріңдер. Тек түзу қою керек, әйтпесе әдемі қақпа болмайды, тіпті ол сынып қалуы мүмкін. (Машина өтетін қақпа құрастыру ) Тәрбиеші үш үлкен кірпішті алып, жеке - жеке балаларға көрсетіп, жауап алады. Кірпіштің пішіні мен түсін сұрайды. Ойыншық машинаны көрсетіп, осы машина өтетіндей қақпа жасау керегін айтады. Балалар құрастырып болған соң, ойнатуға және өздеріне ұнайтын құрылыспен толықтыруға болады.

Сергіту сәті:

Жел себеді, бетімізге

Тербелейді, ағаштар

Кіп-кішкентай, ботақандар

Үп-үлкен боп, өседі.

Екі кірпішті тігінен қойып, үстін үшінші кірпішпен жабады. Міне, қақпа даяр болды. Осы қақпадан ойыншық машинаны ары - бері бірнеше рет өткізеді. Тәрбиеші үлгісінен соң, балардың өздері сондай қақпа жасап, одан машинаны өткізіп ойнауға ынтасы артады. Балаларға көмек беруге асықпау қажет. «Қақпа құрастыру» ойыны.

Балаларға, жеке жұмысқа, дидактикалық материалдар мен ойыншық машиналар таратылады.

Қорытынды :

Балалар жеке жұмыс жасайды. Қақпаны бұзбай ойнауы қадағаланады. Жақсы

қатысқан балалар мадақталады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2022
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі