Материалдар / «Білім беру ұйымы жағдйында заманауи мұғалімнің кәсіби қажуының алдын алу тәсілі»

«Білім беру ұйымы жағдйында заманауи мұғалімнің кәсіби қажуының алдын алу тәсілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік құралда стресске төзімділікті арттыруға және мұғалімдердің кәсіби қажуының алдын алуға бағытталған педагогикалық ұжыммен профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған эффективті тренинг әдістері ұсынылған. Әдістемелік құрал білім беру ұжымының педагогтарына, психологтарға арналған.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана қаласы

Сырбай Мауленовв атындағы №37 мектеп-лицейі








«Білім беру ұйымы жағдйында заманауи

мұғалімнің кәсіби қажуының алдын алу тәсілі»



Тренинг сабақтарының әдістемелік жинағы





Құрастырушы: Бекова А.А

Педагог-психолог











2022 – 2023 оқу жылы



Рецензент:


Бекова А.А. «Білім беру ұйымы жағдйында заманауи

мұғалімнің кәсіби қажуының алдын алу тәсілі» тренингтер жинағы, Астана қаласы, 2022жыл.


Әдістемелік құралда стресске төзімділікті арттыруға және мұғалімдердің кәсіби қажуының алдын алуға бағытталған педагогикалық ұжыммен профилактикалық жұмыстар жүргізуге арналған эффективті тренинг әдістері ұсынылған. Әдістемелік құрал білім беру ұжымының педагогтарына, психологтарға арналған.



























МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе.................................................................................................

  2. Өзектілігі.............................................................................................

  3. Педагогтардың кәсіби қажу себебі, диагностикасы...........................

  4. Эмоционалды қажудың алдын алу бойынша мұғалімдерге арналған тренинг сабақтары...............................................................................

  5. Қорытынды. Ұсыныстар.....................................................................

  6. Глоссарий............................................................................................

  7. Пайдаланылған әдебиеттер.................................................................























КІРІСПЕ


Қазақстанда сондай-ақ басқа да елдерде қызметкерлердің эмоционалды қажуы жайлы жиі айтылады. Кәсібу қажу проблемасы бойынша көптеген елдерде зерттеулер XX ғасырдың 70-ші жылдары басталды. Бұған себеп, америкалық халықты психологиялық-әлеуметтік қолдау басшылығына қызметкерлер жұмысының тиімсіздігі, олардың ашуланшақтық, ашу-ыза эмоцияларының белсенді формалары көрініс беретіндігі жайлы шағымдар түсе бастаған. Бұл құбылысты терең зерттеу жүргізе келе психологтар мен дәрігерлер «қарым-қатынас (коммуникация) жағдайындағы стресс» деген ерекше ұғымды ашуға негіз болды. Бұл жағдайды американдық психиатр Герберт Фрейденбергер (Herbert Freudenberger), «burnout» - қажу, күйіп қалу деп атауды ұсынды. Заманауи зерттеулерге сәйкес, психикалық күйзеліс ең алдымен әлеуметтік саланың кәсіптерінде көрінетін физикалық, психикалық және эмоционалдық қажу жағдайы.

Соңғы онжылдықтарда білім беру ұйымындағы мұғалімнің психикалық денсаулығын сақтау мәселесі ерекше өткір мәселе болып отыр. Қазіргі қоғам білім беру жүйесіне жоғары талаптар қояды. Осы талаптарды орындауға ұмтылған мұғалімдер кәсіби құзыреттілік деңгейін үнемі жақсартуға мәжбүр болуда, бұл өз кезегінде физикалық және интеллектуалдық шамадан тыс жүктемелерге әкеледі. Жұмыстағы шиеленіс жағдайлары (сыныпта оқушылармен қарым-қатынас жасаудағы қиындықтар, оқушылардың тәртіпті бұзуы, ата-аналармен, әкімшілікпен, қызметкерлермен қақтығыстар) мұғалімнің эмоционалдық ресурстарының сарқылуына әкеледі. Кәсіби «қажудың» салдары отбасындағы проблемаларға, ең алдымен кәсіби қарым-қатынастың бұзылуына әкелуі мүмкін.

Қазіргі уақытта психологтар келесі тәуекел топтарын анықтады, оларға кәсіби қажуға бейім адамдар кіреді:

- қызмет сипаты бойынша әртүрлі адамдармен ұзақ уақыт бойы қарқынды қарым-қатынас жасайтын қызметкерлер (таныс және бейтаныс адамдармен);

- жеке психологиялық ерекшеліктері бойынша адамдармен үнемі қарым-қатнас жасауға дайын емес, оқшау, интроверттер тез қажуға бейім;

- жұмысқа байланысты тұлға аралық және ішкі конфликтілерге бейім адамдар;

- төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге және қиын жағдайда қалған адамдарға ұзақ уақыт бойы көмек көрсетіп келе жатқан мамандар;

Осылайша, бүгінгі таңда мұғалімдердің кәсіби шаршау мәселесі өзекті болып табылады және зерттелінетін құбылыстың алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар беріледі.
















































ӨЗЕКТІЛІГІ

1. Кәсіби және эмоционалды қажу синдромы бар мұғалімдер санының артуы.

2. Педагогтың кәсіби қажуы балалардың эмоционалдық жағдайына және ұжымның психологиялық климатына әсері.

3. Жұмыс істейтін маманның эмоционалдық, энергетикалық және жеке ресурстарының сарқылуы (эмоцияларының өшірілуі, жағымды эмоциялардың жоғалуы, отбасы мүшелерімен қарым-қатынаста алшақтықтың пайда болады; алаңдаушылық пен қанағаттанбау жағдайы пайда болуы; және әріптестерге ашулану; өмірлік құндылықтардың әлсізденуі).

4. Адамның физиологиялық жағдайының нашарлауы (ағзалар мен жүйелердің созылмалы ауруларының пайда болуы және өршуі: жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан-ішек жолдары және т.б.) ауруларының пайда болуы.

5. Жеке жетістікке жету мотиациясының төмендеуі, өзін-өзі бағалау төмендігі, жеке мүмкіндіктердің, табыстардың, жетістіктер мен жауапкершіліктердің шектелуі.



























Педагогтардың кәсіби қажу себебі, диагностикасы

Бүгінгі таңда эмоционалды қажу себебін диагностикалаудың көптеген әдістері бар. Сіздерге ең танымал әдістердің бірін ұсынамын.

К.Маслач бойынша «Кәсіби (эмоционалды) қажу» сауалнамасы

«Кәсіби (эмоционалды) қажу» сауалнамасы К.Маслах пен С.Джексонның үш факторлық моделі негізінде құрастырылған және Н.Водопянова, Е.Старченковамен сарапталған. Әдістеме мына критерийлер бойынша анықталады «эмоционалды сарқылу», «деперсонализация» және «кәсіби жетістіктер» диагностикасы. Тестте еңбек әрекеттерін орндауына байланысты маманның сезімдері мен алаңдатушылығын анықтауға байланысты 22 мәлімдемеден тұрады.

Қажу деңгейінің болуы жоғары көрсеткішпен көрсетіледі «эмоционалды сарқылу» және «деперсонализация», төменгі шкалалары бойынша ұпайлар «кәсіби тиімділік» шкаласы бойынша көрсетіледі. Тиісінше, маман өз мүмкіндіктерін неғұрлым төмен бағаласа соғұлым кәсіби қажу байқалады.

Нұсқау

Сіздің жұмысыңызға қатысты сезімдер мен алаңдаушылығыңыз туралы 22 мәлімдеме ұсынылады. Әрбір мәлімдемені мұқият оқып шығыңыз және жұмысыңызда эмоционалды жай-күйіңіз жайлы өз тұжырымдамаңызды қалдырыңыз.

Егер сізде жұмыс барсында бұл тұжырымдар мүлде кездеспеген болса, жауап парағында 0 позициясы «ешқашан» белгілейсіз. Егер сізде көрсетілген тұжырымдардың бірі жұмыс барысында кездескен болса, оны қаншалықты жиі сезінгеніңізді 6-позиция - «күнделікті» белгілейсіз. Ол үшін сәйес тұжырымдаманың ұпай санын шеңбер арқылы сызып көрсетіңіз.


1

Мен өзімдегі эмоционалды түрде шаршауды сезінемін

1 2 3 4 5 6

2

Жұмыстың соңына қарай өзімді сығылған лимон сияқты сезінемін.

1 2 3 4 5 6

3

Таңертең тұрғанда жұмысқа барудың алдында денемдегі шаршауды сезінемін

1 2 3 4 5 6

4

Мен әрбір шәкіртімді (оқушымды) жақсы түсінемін және барлығымен жақсы тіл табыса аламын табамын


1 2 3 4 5 6

5

Мен оқушларыммен тек ресми түрде, сөйлесемін, эмоцияларға аз берілемін, мен олармен қарым-қатынасты азайтуға тырысамын

1 2 3 4 5 6

6

Сабақ барысында және сабақтан кейін мен өзімді эмоционалды күшті әрі жақсы көңіл-күйді сезінемін

1 2 3 4 5 6

7

Мен оқушыларым арасындағы проблемалы мәселелерді оңай шешемін

1 2 3 4 5 6

8

Мен өзімнің көңіл-күйімнің жоқтығын, апатияны сезінемін

1 2 3 4 5 6

9

Мен өзімнің әріптестерім мен оқушыларымның жұмыстарына оң әсерін бере аламын

1 2 3 4 5 6

10

Соңғы кездері мен ұжымнан алыстай бастадм және өзгелерге тым қаталмын

1 2 3 4 5 6

11

Әдетте мектептегі оқушылар олардың ата-аналары және әкімшілік менен тым көп талап етеді. Олар тек өз мүдделерін көздейді.


1 2 3 4 5 6

12

Менің болашаққа көптеген кәсіби жоспарларым бар және олардың жүзеге асатынына сенемін

1 2 3 4 5 6

13

Мен жұмыста эмоционалдық қажуды сезінемін

1 2 3 4 5 6

14

Мен көп нәрсеге немқұрайлылық пен қарап, қызығушылық жоғалғанын сезінемін, ал

бұрын мұның барлығы мені бақытты еткен нәрсе

1 2 3 4 5 6

15

Мен барлық оқушыларға жанашыр бола алмаймын әсіресе тәртібі нашар және үйренуге құлшынысы жоқ


1 2 3 4 5 6

16

Мен барлығынан тыс жерде болып, жұмыстан үзіліс алғым келеді


1 2 3 4 5 6

17

Мен оқушыларыммен, әріптестеріммен оңай ынтымақтастық қарым-қатынас құра аламын

1 2 3 4 5 6

18

Оқушылармен және олардың ата-аналарымен олардың әлеуметтік жағдайы мен мінез-құлқына қарамастан оңай араласамын

1 2 3 4 5 6

19

Мен жұмыста да, үйде де жұмыстарымды орындап үлгеремін

1 2 3 4 5 6

20

Мен өзімді мүмкіндіктер шегіне жеткендей сезінемін


1 2 3 4 5 6

21

Мен өмірімде әлі де көп нәрсеге қол жеткізе аламын

1 2 3 4 5 6

22

Әріптестер, оқушылар және олардың ата-аналары проблемалары мен міндеттерінің ауыртпалығын кейде маған жүктейді


1 2 3 4 5 6

















Нәтижелерді өңдеу

Қатысушылар саны : 79 сыналушы



Тренингтік жұмыстардың жүргізілу негізінде мұғалімдердің жұмысқа қабілеттілігінің арту динамикасын анықтау барысында М.Кубышкина бойынша «МАС» әдістемесі алынды. Әдістеме мансап,бәсеке және мақсатқа жету қабілеттілігін анықтайды.



Эмоционалды қажудың алдын алу бойынша мұғалімдерге арналған тренинг сабақтары

I тақырып. «Менің кәсібім – менің хоббиім»

Танысу жаттығуы. Педагог-психолог мұғалімдерді шеңберге шақырады, өздерінің кәсібіне байланысты 5 жылға арнайы тілек хат жазу ұсынылады (тілек арнайы қағазға жазылады). Жұмысты бастау барысында сіздің кәсібіңіз өміріңізде қандай ерекше орын алатындығын түсінуден басталады.

Тепе-теңдік жаттығуы. Мұғалімдерге шеңберлердің суреттерімен жұмыс істеу ұсынылады:

біріншісінде ішкі психологиялық сезімдеріне терең назар аудару, жұмыстағы қазірғі жағдайға назар аударыңыз (кәсіби өмір), үй жұмысы және жеке өмір (саяхат, демалыс, хобби) құрылымы;

екіншісінде – жоғарыда айтылған жғдайлардың идеалды қатынасы.

Талқылау: Айырмашылықтар бар ма? Олар не? Неліктен бұлай болды? Бұл келіспеушіліктердің салдары қандай?


Өзін-өзі бағалау жаттығуы. Түрлі түсті қарындаштармен жазылған жағымды және жағымсыз эмоцияларды белгілеу. Эмоциялар неғұлым қатысушы бойында көп болса, соғұрлым сөйлемдер қанық әрі біртүсті боялады. Өзін-өзі диагностикалау өз бетінше толтырылады, талқылауға жатпайды. Қызығушылық танытқандар өзіндік әсерлерімен бөлісе алады.


«Допты үрлеу» жаттығуы.

Стресстік жағдайда біздің денеміздің ерекшеліктерінің бірі - бұл барлық бұлшықеттердің кернеуі. Бірақ шиеленіскен бұлшықеттер стресстік жағдайдан шығуға көмектеспейді, бізді одан да көп бекітеді.

Сондықтан сіз дәл қарама-қарсы реакцияны үйренуіңіз керек: ыңғайсыздық немесе стресс пайда болған барлық жағдайларда бұлшықеттерді босаңсыту.

Релаксацияға қалай қол жеткізуге болады?

Өзіңізді қандай да бір қақтығыс жағдайында елестетіп көріңіз, бұлшықеттеріңіздің қалай шиеленіскеніне назар аударыңыз. Өзіңізді қатты үрленген шар ретінде елестетіңіз. Енді арқанды шешіп, доптың қалай түсетінін елестетіңіз (дем шығарғанда: с-с-с-с деп айтуымыз керек). Қазір не сезінесіз? Тағы да қайталайық.

Кері байланыс. Қатысушылар өздеріне не ұнады, не ұнамады, олар үшін не маңызды болды, нені жаңадан үйренді, немен жұмыс істеу керек деп санайды.


II тақырып. Өзін-өзі бағалау және дұрыс талап қою.

Танысу жаттығуы. «Сіз менің кім екенімді білмейсіз...»

Музыканың сүйемелдеуімен қатысушыларға өздерін таныстыруға мүмкіндік беріледі, таныстыру ерекше формада жүргізіледі шеңбер бойымен қатысушылар «Сіздер менің кім екенімді білесіздер, бірақ менің .... қасиеттерім бар екенін білмейсіздер» (Мысалы: Сіздер менің мұғалім екенімді білесіздер, бірақ мен сонымен қатар домбырашы екенімді білмейсіздер).

Тапсырма мұғалімнің қызығушылықтары мен жеке ерекшеліктерін анықтауға бағытталған.






























Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!