Білім беру үрдісін жүйелі әрі тиімді басқарудың тетігі-педагогикалық менеджмент

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білім беру үрдісін жүйелі әрі тиімді басқарудың тетігі-педагогикалық менеджмент

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепті басқару саласы бойынша "Білім беру үрдісін жүйелі әрі тиімді басқарудың тетігі-педагогикалық менеджмент" тақырыбында жазылған мақала үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру үрдісін жүйелі әрі тиімді басқарудың тетігі-педагогикалық менеджмент


Мемлекеттің алға өрлеуі, әлемде өзіндік ерекше мәртебеге ие болуы оның ұлттық білім жүйесінің жаңашылдығына, даму бағытына байланысты. Алмағайып өмірге икемді баланы саналы да, сауатты табысты тұлғаға айналдыруда мектептің алар орны ерекше.

Мектеп әлемін өзгертетін мұғалім болса, сол мұғалімнің шығармашыл, көшбасшы болып дамуына жағдай жасай отырып, сенім мен өзара қолдау көрсететін,оқу мен оқытуды жақсартуда мектеп әкімшілігі ең бастысы педагогикалық менеджментпен жан-жақты қарулануы тиіс деп есептеймін. Ал педагогикалық менеджмент –бұл қағидалардың, әдістердің, ұйымдастырылған формалардың, технологиялық әдіс жинақтарының қызметін көтеруге және дамытуға бағытталған педагогикалық жүйелерді басқару тәсілі.Мектебіміздегі білім беру жүйесінің басты міндеттері- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға,дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету мүддесімен және заман талабына сай сапалы білім беру арқылы оқушылардың кәсіби қабілетін дамыту жолында жұмыс жасап келеді. Ондағы мақсатымыз – оқушыларымыздың ерекшеліктері мен бейімділіктерін дамытуда, білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қосымша білім беруді дамыту арқылы әр оқушының бойындағы қабілеттерін толық пайдалануға жағдай жасауда төменде аталатын қағидаларды басшылыққа алып келеміз:

Біріншіден,мектеп басшылығы ұжыммен ауызбіршілікте келіссімен жұмыс істеп, мектепті басқаруда күнделікті оқу мен оқыту процесін бақылап, сараптама талдау жасай отырып  алынған деректер негізінде мектептің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін белгілей отырып, бүкіл ұжымның жұмысын ұйымдастыруда ескеруі қажет: кадрларды дұрыс таңдау; мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету; мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау; олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу; оқу тәрбие процессінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;

Екіншіден,оқушыларды мектептің басқару жұмысына тарту арқылы кәсіби қабілетін танытуға бағыттау және дарындылықтарын дамыта отырып, кәсіп таңдауына көмек көрсету. Осы орайда, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларды түрлі іс-шараларға тартумен ғана шектелмей, тәртіпсіздікті жою жолында жасаған жұмыстары өз нәтижесін көрсеттіп келеді. Ұстаздармен бірге ата-аналар да оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, «Үш таған» жұмысының табысты болуына өз үлестерін қосу;

Үшіншіден, мектепте сапа мен бір мезеттік нәтижені қуалаумен шектелмей, оқушылардың шынайы өмірде тап болатын түрлі жағдаяттарды ұтымды шешуге бағыт-бағдар алып, табысты болуға үйрету керек. Балалар біздің сенімсіздігімізге күш, қателіктерімізге батылдық береді. Олар бізге іздену және зерттеу жүргізу қуанышын, зерттеудің құндылығын басқаларға және басқа заттармен қақтығысқа түсетін барлық жаңа дүниеге ашық болуды ұсынады, соны табыс етеді (Карлина Ринальди). Мұның барлығы оқушыға сапалы білім беруде маңызды орын алары ақиқат.  Бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары, өмірде өз орнын адаспай табатын, рухани жан дүниесі бай тұлғат қалыптастыра алсақ, бұл – тиімді әрі жүйелі басқарудың нәтижесі деп білемін.Сол себепті «Білім алу қабілеті - көшбасшының ең маңызды қасиеті». – деп Шерил Сандберг те текке айтпаса керек.

Тиімді әрі жүйелі менеджменттің нәтижесінде мектепте кәсіби ұжым мен оқуға арналған қолайлы орта құруды басты назарда ұстауда Билл Оуэнс «Көшбасшылықтың түпкі нәтижесі сөз емес, іс-әрекет», - деген екен. Сондықтан тек мықты директор ғана үздік нәтижелерге қол жеткізетін табысты мектепті қалыптастыруда жұмысты тиімді ұйымдастырып, ата-аналар, оқушылар және білім беру  орталарымен ашық жұмыс жүргізе отырып,мұғалімдерді мектеп әлемін ерікті түрде жақсартатын, өзімен бірге жігерлендіріп, тек басшылық жасамай, шығармашылық тұрғыда шабыттандырушы әрі көшбасшы бола білгенде ғана сапалы нәтижеге қол жеткізуге болады деген ойдамын.

Мақала авторы:..................................



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі