Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
БІЛІМ БЕРУДЕ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
БІЛІМ БЕРУДЕ МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫНЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ
Шымкент қаласы, №54 жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Айдосова Айнур Ерубаевна
Тәрбие процесінің диалектикалылығы оның үздіксіз дамуынан, динамикалылығынан, үнемі қозғалыста болатындығынан, өзгеріске түсетіндігінен көрінеді. Тәрбие процесі онда орын алып отырған себептерге байланысты дамиды. Ол балалардың жас ерекшеліктеріне, әртүрлі жағдайлар мен нақты ситуацияларға байланысты өзгеріске түседі.
Тәрбие процесінің диалектикасы оның ішкі және сыртқы қайшылықтарына байланысты ашылады. Тұлға қалыптасуының барлық сатыларында туындайтын ішкі қайшылықтың негізгісі – тұлғаның жаңа қажеттіліктері мен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылық. Осы жерде туындайтын қайшылық адамды белсенді түрде тәжірибе игеруге, толықтыруға, жаңа білімдер мен мінез-құлық нормаларын алуға итермелейді.
Тәрбие процесінің бағыттылығы мен нәтижесіне сол сияқты сыртқы қайшылықтар да күшті әсер етеді. Мектеп пен отбасы арасындағы қайшылық, ата-аналар мен педагогтардың кейбір талаптарына теріс көзқараста болуы тәрбиелеуде кері әсер береді. Кейінгі кезде күшейіп отырған тарихи, әдеби, саяси ақпарат мазмұнындағы қайшылықтар да жеткіншектерде негативті әсер тудырады. Сөз бен істің қайшылығы тәрбиеде қиындықтар тудырады. Педагогтардың аса мән беретін қайшылықтарының бірі – сыртқы әсерлер мен тәрбиеленушінің ішкі ұмтылыстарындағы қарама-қайшылықтар. Баланың ішкі жан дүниесінің қажеттіліктерін есепке алмай жүргізілген тәрбие процесі сәтсіздікке ұшырайды.
Педагог-ғалымдар тәрбие процесінің бірнеше ерекшеліктерін бөліп көрсетеді:
Бірінші ерекшелігі - тәрбиенің көп қырлы факторлы процесс екендігі. Тәрбие мақсат, міндет, мазмұн, идеологиялық бағыт беру, отбасы, мектеп, орта, жұртшылық сияқты әлеуметтік күштердің тәрбие мен талап қоюдағы бірлігін сақтау, тәрбие әдістерін дұрыс талдап, тиімді пайдаланудың басты ерекшелігі;
Екінші ерекшелігі – тәрбиенің ұзақ процесс екендігі. Адам өмір бойы тәрбиеленеді. Тәрбие ұзақ уақытты, шыдамдылықпен тәрбие жұмысын жүргізуді қажет ететіндігімен ерекшеленеді;
Үшінші ерекшелігі - тәрбиенің сатылы сипатта болатындығы;
1-сатыда: отбасында, балабақшада, бастауыш мектепте тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игеру. Сезімдер мен мінез-құлықтың алғашқы дағдылары бойға қалыптасады.
2-сатыда: этикалық түсініктерді меңгеріп, күрделі сезімдері дұрыс дами бастайды. Қоғамда тәртіп ережелерін сақтау, орындау дағдысы қалыптасады.
3-сатыда: дүниені тереңірек тану арқылы көзқарастың қалыптасуы.
Төртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы бір орталыққа жинақталып жас шамасына, тәрбие деңгейіне қарай күрделенуі;
Бесінші ерекшелігі – тәрбие ісінің екі жақты белсенді процесс екендігі. Жетекшінің тәрбиелік ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі ойымен, ниетімен, өзін-өзі тәрбиеленуімен ұштасып жұмыстың нәтижелі болуын қамтамасыз етеді;
Алтыншы ерекшелігі – тәрбие ісінде педагогтар ұжымының ұйымдастырушылық қабілетінің күшті болуының мәні зор;
А.С. Макаренко «Тәрбие беру жұмысы ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы» деп бекер айтпаған.
Жетінші ерекшелігі - тәрбие нәтижесін тез арада анықтау, тексеру, бағалау өте қиын процесс. Оқушылардың қаншалықты тәрбиелі, иманды екенін анықтау өте қиын;
Сегізінші ерекшелігі – тәрбие болашаққа ұмтылған іс-әрекет, бүгін мен ертеңі келешек өмірдің ұштасуы.
А) Тәрбие жұмысын ұйымдастыру едәуір қиындық тудырады. Жетекші оқушының бос уақытын есепке алып өзі белгілейді.
Б) Тәрбие жұмысының жалпы мазмұнына ыңғайлап, сынып жетекшісі тақырыптарды өзі таңдап, тәрбие материалдарын өзі сұрыптап алып инсцировка жоспар жасайды. Аталған ерекшеліктер мен қиындықтар сынып жетекшісінен сан-саналы білім мен іскерлікті, шеберлік пен дағдыны, педагогикалық іскерлікті, тәжірибені қажет етеді.
Оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің мазмұны
Тұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты процестің бірі – оқыту процесі (оқу процесі) болып табылады. Оқыту процесі күрделі процесс болып табылатындықтан оның анықтамалары да әртүрлі.
Ерте дәуірдегі және ортағасырлық ойшылдар еңбектерінде «оқыту», «оқыту процесі» ұғымдары «білім беру» деген мағына береді. Өткен ғасырдан бастап оқыту ұғымына білім беру және оқу компоненттері енгізіле бастады. Мұнда білім беру – мұғалімнің оқу материалын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті, оқу – оқушының ұсынылған білімдерді меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде көрінеді. Кейінірек оқыту түсінігі сол сияқты мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыруды басқару іс-әрекеті және мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекетін де қамтиды.
Қазіргі түсінікте оқытудың мынадай белгілері бар:
1) екіжақты сипат;
2) мұғалімдер мен оқушылардың өзара іс-әрекеті;
3) мұғалім тарапынан басшылық;
4) арнайы жоспарланған ұйымдастыру және басқару;
5) тұтастық және бірлік;
6) оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестік;
7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесін басқару.
Кесте-Оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынасы
Педагог іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
|
|
Тәлім-тәрбие жұмысының бағыттары мен мазмұны
а) Дене тәрбиесі
Жеке тұлғаны жан-жақты дамытуда дене тәрбиесі мен жан тәрбиесі ерекше орын алады. Олай дейтін себебі: адамзат қоғамы сан ғасырлардан бері жинақталған рухани және материалдық байлықты игеру, жаны таза, дені сау азаматтың қолынан ғана келеді. Дене тәрбиесінің негізгі мақсат-міндеттері – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайтуға қамқорлық жасау, өмір тіршілігіне қажетті икемді қимыл-әрекетке жаттықтыру, күш-қуатын молайту және мәдени-тазалық дағдыларына баулу болып табылады.
Дене тәрбиесі бүкіл организмнің қызметін дамыту үшін ғана қолайлы жағдай жасап қоймайды, денсаулығы мықты, төзімді, жүйкесі берік болып жетілуіне дене еңбегі мен ақыл-ой еңбегіне бейім болып қалыптасуына мүмкіндік тудырады.
Дене тәрбиесі өзге тәрбие бағыттарымен әсіресе, еңбек тәрбиесімен тығыз байланыста, жүйелі, бірін-бірі толықтыра отырып жүргізіледі.
Адамның адам болып қалыптасуының құралы – еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір адамға, оның еңбекке саналы шығармашылық көзқарасына байланысты. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты.
ә) Ақыл – ой тәрбиесі
Бала күнделікті өмірде айналадағы құбылыс, қоршаған орта туралы сан түрлі мағлұматтар мен дағды, білім игереді. К.Д. Ушинский айтқандай: «Ақыл-ой» дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан-алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың ғана дамуы емес, оның дамуы ойлау процесінің құбылыстарымен де сипатталады. Ақыл – ойдың дамуы дегеніміз – оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, тәжірибе жинақтауынан оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық-сапалық өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды дамытудың шарты - жастардың сан қилы іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, тілді меңгеру, қабылдауы мен түсінуі, берілетін ғылым, білім сапасы. Жас ұрпақтың ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым білімнің ұштасуына байланысты. Халықтық педагогикада «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Оқу – білім шырағы, білім – өмір шырағы», «Ақыл азбайды, білім тозбайды» деген өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларда жас ұрпақтың ақыл-ойын тәрбиелеу үшін пайдаланған.
б) Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау – тәрбиенің басты мақсатын айқындайды. Барлық уақытқа бірдей, барлық халықтарға ортақ ереже болмаса да, жалпыға бірдей қарапайым қағидалар бар. Мысалы, барлық заманда табиғат апаты кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетіп моральдық борыш деп есептелген. Өз балаларының алдында әкелік және аналық борышын орындамаған ата-аналарды, ата-анасы алдындағы борышын ұмытқан балаларды мораль атауының бәрі де айыптаған. Қоғамдық орындарда ең қарапайым тәртіп сақтау, үлкенді сыйлау ережелері барлық уақытта да болған. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына ең алдымен отбасынан, Отанға, елге деген сүйіспеншілік, борыш сезімін тәрбиелеу, жолдастық, достық, жанашырлыққа баулу жатады.
в) Эстетикалық тәрбие
Педагогикада эстетикалық тәрбие – кең ұғым. Ол әсемдікті сезе білуге тәрбиелейді. Эстетикалық тәрбие көркемөнер құралдары арқылы ғана емес, қоғамдық өмірдің, оқудың, еңбектің, табиғаттың әсемдігін тану кезінде, адамдармен қарым-қатынас үстінде тәрбиеленеді.
г) Экологиялық тәрбие
Табиғат пен адам арасындағы өмірлік қатынас, адамның рухани дамуы, денінің саулығы, күннің нұры мен шуағына, Ай сәулесіне, бұлт пен нөсерлі жаңбырға, ауа-райын т.б. жаратылыс әлемінің өзгерістеріне байланысты болған.
Экологиялық тәрбие жұмысын ұйымдастыру:
1. Табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау, қоректендіру, ұялар жасау;
2. Табиғи ортаны жақсарту: алаңды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу, айналаға ағаш егу, айналаны көгалдандыру;
3. Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау;
4. Экологияны зертеген ғалымдардың еңбектерін оқу;
5. Экология тақырыбына кездесулер ұйымдастыру;
6. Табиғатқа экскурсиялар ұйымдастыру;
7. «Семей-Невада қозғалысы» туралы тәрбие шараларын ұйымдастыру;
д) Құқықтық тәрбие.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес азаматтардың құқығы мен талап-тілегін, мұқтаждарын қорғап, оларды қамқорлығына алады. Әрбір азамат өз мемлекетінің Заңына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндеті деп есептейді.