Материалдар / БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама Қазіргі таңда, инновацияны енгізу білім беру саласының тиімділігін арттырудағы маңызды жолға айналды. «Инновация ұғымы»- латын тілінен шыққан,аудармасы «жаңару», «өзгеру», «жаңалықты ендіру» -деген ұғымды білдіреді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
957
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сұраныс


ТАӘ толығымен

Мукашева Галина Шараповна


Облыс

Атырау


Ұйым, жұмыс орны

24 орта мектеп


Лауазымы

Оқу –тәрбие ісінің орынбасары,

физика пәнінің мұғалімі


Баяндама тақырыбы

Білім берудегі инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың негізі


Байланыс телефоны

87750288869


Е-mail

mukasheva.galina69@mail.ru



























БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ


Мукашева Галина Шараповна

Атырау қаласы, №24 орта мектеп

Оқу –тәрбие ісінің орынбасары, физика пәнінің мұғалімі


ХХІ ғасыр жаңа инновациялық технологиялардың дамыған уақыты. Қазіргі заман талабына сай ғылым мен техниканың жетістіктері білім беру саласында жүзеге асыру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиялық жолдауында «біз білім-ғылым-инновациялар үштігі» билеген постиндустриалдық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден, бұл уақыт, қазір инновация заманы, инновация ғасыры деп атап көрсеткен болатын Э.Роджерс «Инновация-нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея»десе, Майлс «Инновация-арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз»-дейді.Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсініуіміз қажет. Бүгінгі мектептің жалпы мұғалімнің басты міндеті-жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздік алып ұлттық даму жолына түсуі білім беру ісін жолға қоюды талап етіп әлеуметтік маңызды істерді жолға қоюды талап етті. Осы маңызды талаптардың бірі білім беру жүйесін ақпараттандыру. Бүгінгі таңда оқу үрдісін сапалы, әрі тиімді өткізудің басты алғы шарттарының бірі әртүрлі инновациялық технологияларды ұтымды пайдаланып сабақ беру болып табылады.

Қазіргі таңда, инновацияны енгізу білім беру саласының тиімділігін арттырудағы маңызды жолға айналды. «Инновация ұғымы»- латын тілінен шыққан,аудармасы «жаңару», «өзгеру», «жаңалықты ендіру» -деген ұғымды білдіреді. Жаңалықты ендіру бұл –жаңашылдық қызмет және тәжірибеге жаңалықты ендіру үдеріс. Білім беру саласы мұғалімдердің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың əдіс-тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық жəне интерактивтік əдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы əрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Инновация – бұл жаңалықты меңгеру, жаңалық алып келу, оны енгізу процесі. Жаңашылдық – өзіне жаңалық енгізудің әдістері мен тәсілдерін, технологиясы мен мазмұнын біріктірген. Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік. «Инновация» ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған. Инновациялық процесс – білім мазмұнын қалыптастырып, дамытудың және жаңашыл ұйымдастырудың қызметі жаңалық ретінде іске асыру процесі ретінде жаңалық енгізу – жаңашылдар деп аталатын адамдардың іс-әрекеті арқылы ұйымдастырылуға тиіс мақсаткерлікпен атқарылатын процесс. Білім берудегі инновация- білім беру үдерісінің нәтижесін өзгертетін жаңалық,соның нәтижесінде жаңа немесе жетілдіретін құрылымдар пайда болады.Білім беру инновациясының бағыттары:

*Психологиялық педагогикалық- Білім беру,әдістемелік және басқару үдерісіндегі жаңалықтар

*Ғылыми-өндірістік- Компьютерлік және мультимедиялық технология,қазіргі материалдық-техникалық жабдықталудағы жаңалықтар

*Әлеуметтік экономикалық- Заңгерлік-құқықтық және экономикалық жаңалықтар

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңы әдіс-тәсілдерін инновациялық-педагогикалық технологияны меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңаша мұғалім болып шығады.Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.Болашақ мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру үрдесінің теориялық-әдіснамалық негіздерін Н.Селевко,Н.Шуркова,В.Беспалько,Қ.Әжібаева және басқалар жан-жақты зерттеген.Олар мыналарды атап өтеді:

- инновациялық іс-әркеттің құрылымдық бөліктері,критерййлері мен функциялары анықталған педагогикалық моделі құрылады.

-мұғалімдердің инновациялық іс-әркетке даярлығын қалыптастыру жолдары мен педагогикалық шарттары теориялық және эксперименттік тұрғыдан анықталған.

- мұғалімдердің ииновациялық іс әрекетке даярлығын қалыптастыруды ұйымдастыру технологиясы теориялық жағынан негізделді.

Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқыту барыснда болашақ мұғалімдердің ой- өрісін кеңейтіп,кәсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге,жаңашыл тәжірибелер мен әдістемелерді кеңінен пайдалануға және оқушыларға білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Инновациялық оқыту әдістерін меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық әдістерді меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

- инновация туралы білімі, инновацияны жан-жақты меңгеру;

- инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру;

- инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;

- инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды яғни, компьютер, интерактивті тақтамен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмаларды пайдалану арқылы өткізуді дәстүрге айналдырдым. Сонымен бірге тыңдаушылармен бірге бұқаралық ақпарат құралдары, журналдардың, әлем елдері әдебиеті мен мәдениетіндегі жаңалықтарға шолу жасап отыруды өз тәжірибеме енгіздім. Себебі оқытумен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы артады. Әр оқытушының оқытуда, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.Сондықтан да тыңдаушының белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер болып табылады.

Жаңа ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап даму жолына жол ашылып, адамзат қоғамын ақпарат тасқыны дәуіріне бастап әкелгені шындық. Инновациялық әдістерді пайдаланып бағдарламалық саиттар жасау,өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану,жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабілетін дамыту. Солардың бірі – ақпараттық технология. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың негізгі көзі сабақ барысында компьютерді пайдалану, интерактивті тақталарды қолдану болып табылмақ. Қазіргі уақытта Білім беру саласындағы мен қолданыста жүрген Ақпараттық-коммуникациялық технология. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жəне одан шығатын нəтиже оқытушының кəсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі əрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында əрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, əрі жетіспеуі, кадрлық əлеуеттің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижені пайдалана білу – əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту

Заман талабына сай оқушыларға сапалы,тиянақты білім беру мұғалімдер алдындағы үлкен міндет. Бұл мұғалімге тынымсыз ізденісті,оқытудың жаңа формасымен,әдіс тәсілдерін тиімді пайдалануды қажет етеді.Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса,оқушыларды тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа енгізу бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, «Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану» - оқыту сапасының нәтижесі. Ал инновациялық әдістерді тиімді қолданылу-қазіргі заман талабы. Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан әр оқушының қабілетіне қарай білім беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асратын жаңартылған инновациялық технологияны меңгеріп,жаңашыл әдіс- тәсілдерді пайдалануымыз қажет. Өйткені,мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық технологияларды сіңіруді міндеттейді. Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Сонымен қатар жоғарыда аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ, болашақ маман сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін.Шәкірттеріміз білімді болса ,біздің болашағымыз да жарқын еліміздің ертеңі де сенімді қолда болмақ. Осындай биік мақсат жолында аянбай еңбек ету әрбір ұстаздың қасиетті парызы деп білемін.



Пайдаланған әдебиеттер:


1.Ф.Б.Бөрібекова, Н.Ж.Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар Алматы, 2014

2.Қ.Сарбасова Инновациялық педагогикалық технологиялар

Атлас баспасы -2001,Алматы 2006

3.Білімді ел газет

4.Мектеп ұстаздарының әлемі журнал №1(26) 2018ж , №8(16) 2016ж.

5.Білім әлемінде журнал №1 2013 ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!