Материалдар / Білім ғана жүрекке шырақ жағар

Білім ғана жүрекке шырақ жағар

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың білімге дегнн құштарлығы.Шығармаларының, қара сөздерінің жастарды білімге шақыруы, тəрбиелік мəні мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы

Науырзым ауданы

Шилі жалпы білім

беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мурзахметова Гульнар Жангабыловна





Білім ғана жүрекке шырақ жағар

Адамның ұлы байлығы-білім. Әрбір адамзат баласының жетістіктері білім арқылы болады. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алады. Білімсіз адам болашағы жоқ адам деп ойлаймын. Өйткені адам тырысып оқымаса, ол білімсіз болады. Ал білімсіз болса, өз армандарына, мақсаттарына жете алмайды.

Абай – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан мүлде озық , ерекше тұлға. Қазақтан дара шыққан, ұлы ақын - Абай атамыз жастарды білім мен ғылымға шақырған . Ұлы Абай болашақ жас ұрпақтың білім алып, сауатты болуына айрықша мән берген, қараңғылықпен, надандықпен күрескен.

Абайдың :

«Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын.» деген ұлағатты сөзінен оның надандықпен күрескенін көреміз.

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,

Мен де бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Абай халықты білімге, ғылымға, еңбекке көп үндеген ақын. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері білімге, ғылымға шақырғаны мейлінше байқалады . Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»,- деген өлеңінде білімге асығыңдар деп үндейді. «Интернатта оқып жүр...»,- дейтін өлеңінде қазақ жастарын білім –ғылым үйренуге шақырады. Бұл өлеңде еңбексіз, ықылас –ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым – білім қолға түспейді деп, одан әрі оқудағы мақсат не, алған білімдердің қажеті не, қандай қызмет атқарған дұрыс болады дейді.

«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба...» ,-дегенде , орын тап деп отырғаны, яғни , сол алған біліміңді жұмсайтын орын.

Бұдан Абай:
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол...»,-деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Абай өз өлеңдерін де ғалым болу мен адам болуды бір –бірімен ұштастырып тұрады, бұл екеуінің түпкі тамыры бір. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсе болсын таразысына салып өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау.

Оның «Қара сөздерінде» әңгімеленетін басты мәселе – оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие жүйелері. Абай бұл мәселені өзінің «Қара сөздерінің» көпшілігінде әңгіме қылады. Бұған соқпай кететін өлең де, «Қара сөзі» де аз. «Қара сөздерінің жиырма шақтысы осы ағарту шылық пікірді қозғап отырады. Олардың ішінде «Екінші сөзі», «Сегізінші сөзі»,«Жиырма бесінші сөзі», «Отыз екінші сөзі», «Отыз үшінші сөзі», «Отыз жетінші сөзі», «Отыз сегізін ші сөзі», «Қырық үшінші сөзі» оқу, өнер -білім мәселесін көбірек қозғайды. Абайдың «Қара сөздері» - оның ағартушылық пікірін айқын танытатын еңбектер. Ол «Қара сөзінде» оқу, өнер-білім мәселелерін өте жоғары бағалап, өнер-білімсіз надандыққа қарсы шығып отырды. Адамның санасы, бірінен-бірінің озықтығы осы білімі асып, өнері артқандықтан білінеді деп, оны адамшылықтың өлшеуіші ретінде түсінді. «Он сегізінші сөзінде»: Тегінде,- дейді Абай,- адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, білім, ар , мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық», -деп санайды.

Абай адамға, қоғамға пайдалы, тұрмыс керегіне асарлық оқуды жақтайды. Оқу елдің ілгері басуына жәрдемдесерлік, замана талабына сай келерлік, өмірге пайда келтірерлік, шындыққа жеткізерлік, әр нәрсені жете танытарлық оқу-ғылым болу керек деген талап қояды.

Абай «Отыз сегізінші сөзінің» бір жерінде ғылыммен шұғылданып, ынтық болған адам шындыққа негізделген дүниені ,әр нәрсенің түрін білерлік ғылыммен айналысуы керек, ол Алланың ғылымы емес, кәмманы білетұғын ғылым. Соған ықыластанса, адам тез жетіледі»,- деп ашық айтады.

Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолын өтті. А.С.Пушкин, М.Ю Лермонтов, И.А. Крыловтардың бастаған алпысыншы, жетпісінші жылдар әдебиетімен де танысты, тек ақындарды ғана құрметтемей, Л.Толстой , Салтыков- Шедрин сияқты ұлы прозаиктерді де түсінді. Орысша аудармалар арқылы Абай Гете мен Байронды , Батыс Европаның басқа да классиктерін білді.

Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес , қазақ әдебиетінің шамшырағы ретінле қабылдаймыз.

Қазір Абайды бүкіл әлем таниды. Биылғы 2020 жыл Абай атамыздың 175 жылдығын тойладық. Біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес , халықтың алға қарай қажырлы ұмтылыстарында да бірге болған ақын болды, ал мұндай ақын өлмек емес , өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды. Абай қазақ халқымыз ғасырлар бойғы қараңғылықтан құтылатын бірден-бір дұрыс жолы- орыс және қазақ мәдениетінің жақындастырылуы деп білді.

Қазіргі таңда Абай атамыз айтқандай біліммен ғана бәрінен озасың. Білім аламын деген жастарға жол ашық, шет елдерде де білім алып жатқан жастар жетерлік. Абай атамыз сол заманның өзінде жастардың болашағына шамшырақтай сәуле төкті , сол білімнің жүрекке шырақ жағарына кәміл сенді.

Эссемді : «Білім , еңбек - бақыттың жібермейтін қазығы , Білімсіз бақ- әлдекімнің азығы»,- деген М.Әуезовтың сөзімен аяқтағым келеді.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ