Материалдар / Білім мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді информатика пәнінде тиімді пайдалану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Білім мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді информатика пәнінде тиімді пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы деп білемін. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған білім беру бойынша жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдану, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білімалуға және шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2021
392
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтау қалалық білім бөлімі

«Ақтау қалалық білімді дамыту орталығы» КММ

«Исатай Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ





Ақтау қалалық білім бөлімі ұйымдарының біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтері үшін қашықтық форматта білім ұйымдары педагог кадрлерінің

кері байланыс ұйымдастыру семинары




Shape1

Баяндама










Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді информатика пәнінде тиімді пайдалану








Өткізу форматы: ZOOM платформасы










Баяндамашы: информатика пәні мұғалімі

Кунтуарова Айдана Азанқызы

Санаты: педагог-сарапшы








Ақтау 2020 жыл

Сәлеметсіздерме, әріптестер. Мен Кунтуарова Айдана Азанқызы

Ақтау қаласы, И.Сүйеубаев атындағы №8 орта мектептің информатика пәні мұғалімі. Еңбек өтілім 6 жыл, санатым сарапшы-педагог.

Бүгінгі семинарда ұсынатын тақырып: Білім мазмұнын жаңарту бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді информатика пәнінде тиімді пайдалану.

Мақсаты:

  1. Білім мазмұнын жаңарту бойынша курстан алған білімді және жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын көрсету

  2. Білім мазмұнын жаңарту аясында қысқа мерзімді жоспарын құруда сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді қолдану жолдарын ұсыну

  3. Қашықтықтан оқытуда кері байланыс алудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету

Күтілетін нәтиже:

  1. Білім мазмұнын жаңарту бойынша курстан алған білімді және жаңа тәсілдердің тиімді жақтарын түсінеді.

  2. Білім мазмұнын жаңарту аясында қысқа мерзімді жоспарын құруда сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді қолдану жолдарын біледі.

  3. Қашықтықтан оқытуда кері байланыс алудың қарапайым әдістерін қолдану арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру жолдарын танысады.

Қазіргі уақытта мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуы жылдам өзгеріп жатқан әлемнің талабы деп білемін. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Жаңартылған білім беру бойынша жаңа әдіс тәсілдерді сабақта қолдану, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білімалуға және шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы курс аясында оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйрендім. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

Қысқа мерзімді жоспарды дұрыс құру үшін ҰМЖ, ОМЖ оқу бағдарламасына, СМАРТ мақсатқа сүйене отырып құру қажет.

  1. Тақырыпты түсіну үшін мақсат керек.

  2. Мақсатқа жету үшін бағалау крийтерийлері шығады

  3. Крийтерий нақты болса, тапсырма құрастырылады.

  4. Тапсырма дұрыс орындалуы үшін дескриптор керек. Дескриптор әділ бағалау үшін туындайды.

Shape2


Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жақтары оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Білім беру жүйесін дамыту жағдайында мұғалімдерді заманауи әдістермен, жаңа технологиялармен жаңаша жұмыс жасауға бейімдеу, педагог мәртебесін көтеру өте маңызды деп ойлаймын.

Shape3


Бүгінгі ұсынатыным сабағым 5 сынып ұзақ мерзімді жоспарлпаудың Компьютер және қауіпсіздік бөлімі.

Компьютердегі деректерді қалай қорғауға болады? Қысқа мерзімді жоспары.

Осы сабақтың оқу мақсаты: 5.4.2.2 құжаттарға арналған пароль орнату

Оқу мақсатын жүзеге асыру үшін Смарт мақсатқа негіздей отырып төмендегідей сабақ мақсатын құрдым.

  • Пароль орнату себебін түсіну

  • Құжатқа пароль орнату ретін сипаттау

  • Сенімді пароль құру, құжатқа орнату

Сабақ мақсатынан төмендегідей Бағалау критерийі құрдым.

  • Пароль орнату қажеттілігін түсінеді

  • Құжатқа пароль орнату ретін анықтайды

  • Сенімді пароль құру ережесін ескеріп, құжатқа пароль орната алады

Оқу мақсатын жүзеге асыруда мақсатында мынадай белсенді оқу әдістерін қолдандым.

1.«Шаттық шеңбері» арқылы Ынтымақтастық ортасын құру.

2. «Мозайка» әдісі арқылы компьютердің құрылғылары жазылған қиынды қағаздар арқылы оқушылардың топқа бөлемін.

3.Миға шабуыл әдісі арқылы ашық сұрақтар беріп жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламын.

4.Джигсо әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгеру үшін топтарға тапсырма беремін.

5. Сәйкестендіру әдісі арқылы пароль күрделілігі мен пароль түрлерін дұрыс сәйкестендіреді.

6.Көршіңмен талқыла әдісі арқылы жұптық тапсырма беремін. Пароль орнату ретін анықтайды.

7. Ойлан – бірік – орында әдісі арқылы компьютерде практикалық жұмыс орындайды.

8. Қорытындылау үшін СВОТ талдау әдісі арқылы топтық тапсырма беремін.

Саралау әдістері.

Саралау әдісі – әрбір білім алушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.

Саралаудың дереккөздер, диалог және қолдау, қарқын, бағалау әдістері қолданылды.

«Джигсо» әдісі арқылы білім алушылар мәтінді шағын топта талқылап, басқа топтарға барып, түсіндіреді. Бастапқы топқа қайта оралып, қорытынды жасайды. Бұл әдіс арқылы білім алушылар арасында достық қарым – қатынас жақсарады, басқаның пікірін тыңдай алуға және өз пікірін еркін айта алуға үйренеді. Бұл әдісте саралаудың дереккөздер әдісі қолданылды. Білім алушылар баспадан шыққан және электронды, қосымша дереккөздерді сүйене отырып нәтиже көрсетеді. Дереккөздерді жан-жақты қолдана отырып, жеке шешімдер ұсына алатын жоғары қабілетті оқушыларда анықталады.

«Көршіңмен талқыла» әдісі арқылы білім алушылар В деңгейіндегі тапсырманы жұпта бірін – бірі толықтырады. Қолдауды қажет ететін білім алушылар көршісімен талқылайды, өз ойын қосып, өзгертуге бағыттау үшін диалог арқылы қолдау көрсетемін. Мысалы-құжатқа пароль орнату үшін қандай әрекеттерді орындаймыз? деген сияқты сұрақтар беру арқылы білімін толықтырып отырамын.

«Ойлан – бірік - орында» әдісі арқылы білім алушылар С деңгейінің тапсырмасын компьютерде орындайды. Бұл тапсырмада білім алушылар жұптасып интернет желісінен «компьютер және оның құрылғылары» тақырыбында ақпарат іздеп, құжатқа орналастырып, пароль орнатуды жүзеге асырады. Бұл әдісте саралаудың қарқын әдісі қолданылды. Топтағы білім алушылар бір тапсырма орындаса да олардың тапсырма орындау жылдамдығы әртүрлі болады. Қарқын әдісі арқылы тапсырмалар сараланады.

Сабақты қорытындылау үшін «SWOT – талдау» әдісі арқылы білім алушыларға «Құжаттарға пароль қою маңызын талдау» тақырыбында тапсырма беремін. Бұл әдісті қолдану барысында білім алушылар мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп – қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіреді. Бұл әдісте саралаудың бағалау әдісі қолданылды. Білім алушылардың табысты оқуын қаматамыз етумен қатар жеке даму аймағын анықтау үшін бағалап, нені жақсару қажеттігін айтып отырамын.

Критериалды бағалау:

Сабақ басынан соңына дейін әр орындалған жұмысты қалыптастырушы бағалаумен бағалаймын. Қалыптастырушы бағалау баланың алға жылжуына, жүйелі жұмысқа ынталануына, жауапкершіліктері артуына және ізденістерін арттырады. Сабақта қолданылған қалыптастырушы бағалау түрлері:

  1. Бағдаршам арқылы

  2. Бас бармақ

  3. Табыс баспалдағы

  4. Екі жұлдыз, бір тілек

«Бағдаршам» әдісі  арқылы білім алушылардың, өз  жұмыстарының  нәтижелері  бойынша  оқу  мақсатына 
қаншалықты жеткендігін және өзінің білімдеріне қаншалықты сенімді екендігін көрсетуді.
• Жасыл – мақсатқа қол жеткізілді, сенімді алға жүреді. 
•  Сары  –  біршама  алға  жылжу  бар,  

•  Қызыл  –  жетістікке  қол  жеткізбеді,  абыржуда,  сондықтан  ол  туралы  мұғалімге 
мәлімдейді. 
Бұл  әдіс  мұғалімдерге  қиындықтарды  ерте  анықтауға,  ал  білім алушыға  
алдын ала көмек сұрауға мүмкіндік береді. 

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*,
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН


Рефлексия

«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды шабаданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса еттартқыш тұсына жазады. Керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.

Қазіргі кезде қашықтықтан сабақтарымды mektep.edu.kz, zoom платформасында оқытып жүрмін. Қашықтық жағдайы болса да топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолданып өткіземін.

Shape4

Қашықтықтан оқытуда кері байланыс алудың қарапайым әдістерді информатика пәні мұғалімі ретінде ұсынғым келіп отыр. Ең қарапайым форма ол google форма. Өзіңіз құрған сауалнама мен тестты оқушылардың электрондық почтасы немесе ватсаптарына жібере аласың. Оқушылар орындаған нәтижесі сіздің google формаға автоматты түсіп отырады.









Shape5

Жаңа google форма құру.





Shape6

Тест құрастыру үшін



Shape7

Оқушылардың жауаптары

Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.

Назарларыңызға көп рахмет!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!