Материалдар / "Білім мен парасат сайысы" сайыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Білім мен парасат сайысы" сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын сайыс. 3-4 сыныптарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1033
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

№58 мектеп гимназиясы



Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп , есте сақтау қабілетін шындайтын, білімді жастарды анықтайтын, білімге қызығушылықтарын арттыратын « Білім мен парасат»атты сайысымызға хош келдіңіздер. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды. Әр уақытта да батыл. Өмірдің өзі адамды тірестірген, Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген, Айнала отырып ап исі қазақ.Азаматын өзара күрестіргенСахна төріне бүгінгі сайысқа қатысатын білімді тұлпарларымызды шақырайық. Шын жүйріктер сыналады жарыста, Жарыстың ба? Орта жолда қалыспа. Әділқазы бағалайды Сіздерді, Жеңіс мәре жақын ба әлде алыс па?Сонымен құрметті қонақтар мен сайыскерлер, ойынды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.Ойынның барысына тоқталсақ, сайыс 6 кезеңнен тұрады. Сайыс бағдарламасы.
  • Таныстыру. Ұраны
  • Бәйге (оқушыларға әртүрлі сұрақтар қойылады)
  • Өлең сөздің патшасы (қазақ ақындарының шығармаларын жатқа айту)
  • Тіл-өнер (мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді табу)
  • Қасиетті жетілік (таңдаған конверт ішінде пән бойынша берілген 7 сұраққа жауап беру)
  • Өнерлінің өрісі кең (әр сайыскер өз актерлық шеберлігін көрсетеді)


Әр кезеңнен кейін оқушылардың ұпай саны хабарланып отырады. Сәлемдесу – игі дәстүр киелі, Сөзбен қарап, кейде шешер шиені. Жақсы сөзге жан семірер қашанда, Жолданады сайыскерлер сәлемі!1 кезең «Сәлем –сөздің анасы»Қатысушылар рет-ретімен өз таныстырулары мен ұрандарын айтады.2 кезең «Бәйге»
  • Республикамыздың рәміздері (ту, елтаңба, әнұран)
  • Үш кемеңгер би(Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
  • Ең киелі құс (аққу)
  • Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
  • Ер қанаты не?(ат)
  • Тоғызқұмалақ ненің атауы? (ойын)
  • Ұлттық аспап (домбыра)
  • Ең кішкентай құс (колибри)
  • Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
  • Сөз өнер жарысы (айтыс)
  • Дүние жүзіндегі ең терең көл (Байкал)
  • Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады? (диалог)
  • 100 жылдың басқа атауы.
  • Абай атамыз былай деген еді:
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүреккежылы тиіп, теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы. Келесі 3 кезең «Өлең сөздің патшасы»
  • Бұл кезеңде сайыскерлеріміздің мәнерлеп оқу шеберлігін бағалаймыз.
Келесі 4 кезең «Тіл өнері» берілген мақал –мәтелдегі жасырын сөздерді тауып, мақалды жалғастыру.
  • Тауды,тасты жел бұзар,
(адамзатты сөз бұзар)
  • Жақсы сөз, (жарым ырыс)
  • Білім –теңіз,(мектеп-кеме)
  • Өнер алды (қызыл тіл)
  • Ананың көңілі (балада)
  • Отансыз адам, (ормансыз бұлбұл)
  • Әдепттілік белгісі- (иіліп сәлем бергенің)
  • Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
  • Үлкенге –құрмет, (кішіге – ізет)
  • Кітап білім бұлағы, (білім –өмір шырағы)
  • Бірлік болмай-(тірлік болмас)
  • Жақсы туса елдің ырысы , (жаңбыр жауса жердің ырысы)
Қазақ халқында жеті саны киелі деп есептеледі. Аптада жеті күн бар. Білімдар кісіні «жеті жұрттың тілін білген»дейді. Ендеше әр оқушы мына конверттерді таңдап алады, ішіндегі тест сұрақтарына жауап береді.1 конверт
  • Өзара кері амалдар
А) қосу, бөлуӘ) көбейту, қосуБ)көбейту, бөлу
  • Шөпке, топыраққа түсетін су тамшылары ? (шық)
  • Жұрнақ деген не? (сөздің мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз)
  • Грек сөзі. Әдеби шығармада кейіпкердің өзіне –өзі қарата айтылған, ішкі сырын білдіретін ойы. (монолог)
  • Өзен басталатын орын қалай аталады? (бастау)
  • 2-ден 6 км дейінгі биіктікте жүретін, түсі сұрдан қараға дейінгі аралықтағы бұлт? (Будақ)
  • Отан туралы мақал-мәтел.
2 конверт
  • 1см куб қай фигураның көлемі
А) тікбұрыш Ә)текше Б)шаршы

  • Ең ауыр және төмен орналасатын бұлт , одан жауын-шашын жауады?(қабатты)
  • Күрделі етістік деген не ? (екі немесе одан да көп сөзден құралатын етістікті күрделі етістік дейміз)
  • Өзендегі судың қозғалысы не деп аталады?(ағыс)
  • Грек сөзі. Әдеби шығармаларда екі немесе бірнеше адамның бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздері. (диалог)
  • 450 саны 5 ке қалдықпен бөліне ме қалдықсыз ба?
  • Мақал-мәтел айт
3 конверт
  • Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөзді қандай сөз дейміз? (туынды сөз)
  • 1 литр қай өлшем бірлігі?
А) ұзындық Ә) сыйымдылық Б) уақыт

  • Ағып келе жатқан өзенге жолдан басқа да өзен, бұлақтар қосылған орынды не дейміз? (сала)
  • Ұйқас сөздерді, шумақтарды тез әрі жаңылмай айту шеберлікті қажет ететін қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі (жаңылтпаш)
  • Санды 0-ге көбейткенде қай сан шығады (0)
  • Құрамында металдар бар қатты тау жыныстарын не дейміз ( кенді пайдалы қазбалар)
  • 333 саны 111 болу үшін нешеге бөлінеді (3 )
4 конверт
  • Кез келген санды 1-ге көбейткенде не шығады? (сол сан шығады)
  • Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды не дейміз? (тәуелдік жалғау)
  • Заттар мен табиғат құбылыстарын танып білу мен зерттеу әдісі қалай аталады? (Тәжірибе)
  • Өзеннің басқа бір суқоймаға құятын жерін не дейміз? (саға)
  • Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтушы жасырып отырған нәрсені соған ұқсас басқа заттармен сипаттап айтады. Ол не деп аталады? (жұмбақ)
  • Жанғыш пайдалы қазбалардың басты қасиеті (олар жанады)
  • Қай екі бірдей санды көбейткенде немесе қосқанда бірдей жауап шығады








Соңғы кезең « Өнерлінің өрісі кең» деп аталады. Бұл жерде әр сайыскер өз өнерін көрсетеді.Осымен сайыстың шарттары аяқталды. Әділқазылар алқасы жалпы ұпай санын есептегенше жанкүйерлер өнерін тамашалайық. Жер бетінде адам өмір өткізер,Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар. Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!