Сабақтың
тақырыбы: Мен – кіші Отанымның
патриотымын
Сабақтың
мақсаты:
1. Отанды
сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға,
халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға,
болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек
екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін
дамыту.
2. Оқушыларды
ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
сайыс сабақ
Сабақтың
көрнекілігі:Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятатын әр түрлі
көрнекіліктер мемлекет рәміздер, елтаңба, жалау, суреттер
.т.б
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
Тренинг Мұғалім
Мен сендерді көргеніме қуаныштымын -деп шеңбер бойындағы оң жағымда
тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді
басқаларына жеткізеді. Әр оқушы аты,жөнін,өзінің сүйіп айналысатын
ісімен-хоббиімен
таныстырады.
Мұғалімнің
сөзі:
Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы Мен – кіші Отанымның патриотымын деп
аталады?
Патриот –
Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі
жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Мирза Фатали Ахундов
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді
,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне
отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен халыққа қызмет етіп ,
отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар.
Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де,
қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа
тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар.Бұлар қазақтың
нағыз патриоттары!
Олай болса
патриот дегеніміз не?
Қазақта қандай
патриот ұл қыздарымыз бар?
Сен өскенде
қандай патриот болғың
келеді?
Патриот болу
үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарға
сіздерден жауап іздеп
көрейік?
Қызығушылықты
ояту сұрақтары .
1.Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы не жайлы
екен?
2. Балалар
патриот деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
3.Ел патриоты
болу үшін бойымызда қандай қасиеттер болуы
керек?
4. Қазақстанда
патриоттық бейнесімен көзге түскен қандай
тұлғаларға,ақын-жазушыларға, спортшыларға, әншілерге т.б.
ұқсағыларың келеді?
Бүгінгі сынып
сағатымызда өзіміздің тапқырлығымызды ,білімділігімізді
,ақылдылығымызды көрсету арқылы патриот екенімізді
дәлелдейміз.
Сол мақсатта
білімдерімізді ортаға салып
сайысамыз.
Бүгінгі сынып
сағатымыз ІІІ бөлімнен
тұрады?
І бөлім: Бәйге
деп аталады? (бұл бөлімде сіздерге сұрақтар
қойылады?)
ІІ бөлім: Ізін
жалғастыр ( мақал –мәтелдердің ізін
жалғастыру)
ІІІ бөлім: Сөз
тапқанға (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап
беру)
І бөлім: Бәйге
15 сұрақ
1.ҚР астанасы
қай қала? (Астана)
2. Қазақстан
Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
(Әнұран,Ту,Елтаңба).
3. ҚР рәміздері
қай жылы қабылданды? 1992ж 4
маусым
4.Әнұранның
сөзін кімдер жазған?( Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев).
5.Әнұранның әнін кім жазған?( Шәмші
Қалдаяқов).
6.Тұңғыш
елбасымыз кім?( Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев).
7. Тудың авторы
кім?( Шәкен
Ниязбеков)
8. Елтаңбаның
авторы кім?( Шота Уәлиханов пен Жандарбек
Мәлібеков).
9. Қазақстан
қандай мемлекет?(Егеменді,тәуелсіз
мемлекет).
10. Ата Заң қай
жылы, қай айда қабылданды? (1995жылы,30-шы
тамыз)
11.
Тәуелсіздікті қай жылы, қай айда алдық?(1991жылы,16-шы
желтоқсанда)
12.Тiл туралы
Заңы қашан,қай айда қабылданды? ( 1997 жылғы 11
шiлде)
13. ҚР ұлттық
теңгесі қай жылы жарыққа шықты?(1993жылы 5
қараша)
14. Қазақстан
жерінде қанша ұлт өкілдері тұрады? (130- дан астам
)
15. Қазақстан
тәуелсіздігіне биыл неше жыл? (25
жыл)
ІІ бөлім: Ізін
жалғастыр ( мақал –мәтелдердің ізін
жалғастыру)
1-топ:
1.Отан неден
басталады... ( от басынан
басталады)
2. Отан үшін
еңбек етсең ... (халқыңның сүйген ұлы
боласың.)
3. Отан үшін
отқа түс — күймейсің ...(Арың үшін алыссаң — өлмейсің.
)
4. Туған жердей
жер болмас,.. (Туған елдей ел
болмас.)
5.Кісі елінде
сұлтан болғанша ... (өз еліңде ұлтан
бол)
ІІ-топ
6. Тіл
мәртебесі ... (ел
мәртебесі.)
7. Ерлік
білекте емес,... (
жүректе.)
8. Еңбек
ерлікке жеткізер... (Ерлік елдікке
жеткізер.)
9. Ел үмітін ер
ақтар...( Ер атағын ел
сақтар.
10. Ерлік –
елге мұра... (ұрпаққа -
үлгі.)
ІІІ-топ
11. Ерте тұрған
жігіттің ырысы артық,..(Ерте тұрған әйелдің бірі ісі
артық.)
12. Еңбек
қылсаң ерінбей,..(Тояды қарның
тіленбей.)
13. Ер дәулеті
... (еңбек.) 14. Еңбек етсең... (
емерсіз.)
15. Еңбек түбі
– береке,...(Көптің түбі –
мереке.)
ІІІ бөлім: Сөз
тапқанға (Әріп суырып, шыққан әріптен басталатын сөздермен жауап
беру) бұл бөлімде үш оқушы шығып жарысып, тапқырлықтарын
танытады.
1-топ басшысы:
(Б)
Суды немен
ішесің?
Сенің досың
кім?
Бүгін сенде
неше сабақ?
Қандай тағамды
ұнатасың?
Қай ертегіні
ұнатасың?
2- топ басшысы:
(М)
Қай жануар
ұнайды?
Зат есімге
мысал?
Көйлекті неден
тіккен?
Пырылдап
ұйықтайтын не?
Сүйікті
пәнің?
3- топ басшысы:
(Т)
Сенің көршің
кім?
Дос қызыңның
есімі?
Қай көшеде
тұрасың?
Жасың
нешеде?
Ағаңның
есімі?
Қорытынды:
Сыныпта сынып сағатына белсенді қатысқан оқушыны анықтау. Елбасы
Н.Ә. Назарбаев: Біздің балаларымызбен немерелеріміз бабалардың игі
істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы,нарықтық экономика
өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі әрі сыйлы, өз елімнің
патриоттары болады - деп нақты көрсетілген. Сондықтан да біз
Елбасымыздың айтқан жолымен жүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне үлес
қоссақ нағыз патриотқа
айналамыз.