Материалдар / Білім сайысы 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім сайысы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ой сергіту үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2021
971
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс сабақ


Тақырыбы: «БІЛГІР ИНФОРМАТИК»

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі танымдылық қасиеттерін дамыту, адамгершілікке, әдептілікке, шығармашылыққа баулу өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар. Сіздермен бірлесе отырып «Білгір информатика» атты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

деген Абай атамыздың сөзін қайталай келе біздің ойынымыздың шартын түсіндіре кетсек. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1 кезең Кім жылдам? Әр оқушыға 3 сұрақтан беріледі, егер жауап бере алмаса бірінші болып қол көтерген оқушы жауап береді. Әр жауап 5 ұпайдан есептеледі.

2 кезең «Үш тұғыр» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 10 ұпай беріледі. Толық жауапқа 30 ұпай.

3 кезең «Ғажайып алаң» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол ұпайды еншілейді.

«Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды ортаға шығарайық. Ойынға 6 оқушы қатысады.

Бақ пен сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шындарға биік қоңғайсың демекпіз. Ал жас қырандар

1 кезең . «Кім жылдам?» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.

1 кезең .

  1. Аты бар байттар тізбегі? (файл)

  2. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)

  3. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас? (интерфейс)

  4. Дүниежүзілік желі? (интернет)

  5. Зиянкес программа? (вирус)

  6. Келесі жолға өту пернесі? (enter)

  7. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал? (компьютер)

  8. Объектілер қоймасы? (қапшық)

  9. Адам көзі мен монитор арасындағы арақашықтық қанша болуы керек? (60-70 см)

  10. Латынның «information» сөзі нені білдіреді? (баяндау, түсіндіру)

  11. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе)

  12. Дербес компьютердің негізгі құрылғысы, оны компьютердің «жүрегі» дейді? (жүйелік блок)

  13. Ақпартты енгізу құрылғыларын ата? (пернетақта, сканер, микрофон)

  14. Бір килобайт қанша байтқа тең? (1024 байт)

  15. Жұмыс үстелінің элементтері

  16. Компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарлама. (Драйвер)

  17. Пернетақтадағы сандық мәліметті қосатын перне? (NumLuk)

  18. Жұмыс үстелінің элементтері. (Менің компьютерім, менің құжаттарым, себет)

«Ана тілің- арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық.

ІІ кезең. «Үш тұғыр»

Келді  кезек Үш тұғырды шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
30 ұпай, шәкірт саған несібе.

Келесі кезеңіміз – «Үш тұғыр». Бұл кезеңнің шартымен таныстырып өтейін. Берілген жұмбақтың жауабын тауып, оны орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Әр жауапқа 10 ұпай аласыздар, яғни толық үш тілде жауабын айтсаңыздар 30 ұпайға ие боласыздар.


  1. Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың (тышқан-мышка-mouse)

  1. Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап таратқан (компьютер-computer)

  1. Компьютердің айнасы

Бағдарыңды таңдашы

Сурет , сөзін көрсетіп

Тиер саған пайдасы (монитор-monitor)

  1. Қанша тетік тізілген

Саусағыңды сезінген

Барлық сенің ойыңды

Компьютерге енгізген (пернетақта-клавиатура-keyboard)

  1. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер-курсор-cursor)

  1. Барлық сурет, мәтінді

Компьютерге енгізген

Керек емес жерінде

Компьютерден өшірген (сканер-scanner)

ІІІ кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

Ғалымдар

Тарих

Әр түрлі

10

10

10

20

20

20

30

30

30

40

40

40

ҒАЛЫМДАР

10 –«Аналитикалық машина» жобасын жасаған ғалым. Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20 -19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасап шығарған ғалым (Блез Паскаль)

30 -XVII ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

40 – Механикалық есептеу машинасы «Арифмометрді» құрастырған неміс ғалымы. (Лейбниц)

ТАРИХ

10 –Бұл санау құрылғыларын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суанпан», деп атаған, ал, жапондықтар не деп атаған? (Серобян)

20 –Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырдан басталды? (XIX)

30 –Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламасын қай жылы жазды? (1846 жылы)

40 – Америкалық инженер Герман Холеритесепші-перфорациялық машинасын қай ғасырда құрастырды? (ХІХ ғасырдың соңына қарай)

ӘР ТҮРЛІ

10 –Компьютер деген не? (Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрылғы)

20 –Компьютердің негізгі құрылғылары. (монитор, жүйелік блок, пернетақта, тышқан).

30 – Принтердің қандай түрлері бар? (Лазерлік,матрицалық, сия бүріккіш )

40 – Компьютерде деректерді уақытша сақтайтын құрылғы (Жедел жад)

Қорытындылау.

Сонымен бүгінгі сайсымыз өз мәрісне жетті. «Білгір информатик» атты білім-сайысында ең жақсы ойын көрсеткен оқушыларға және де ойынды жақсы бағалап отырған әділқазылар алқасына да рахметімізді айтамыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!