Материалдар / «Білім саласындағы инновациялық технологиялардың рөлі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Білім саласындағы инновациялық технологиялардың рөлі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұстаздарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2021
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Білім саласындағы инновациялық технологиялардың рөлі»

«Бозой жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Нуртаева.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой селосы.

Бүгінгі күні инновациялық технологияларды білім беру процесіне енгізу – сапалы білім негізі екенін жоққа шығара алмаймыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер өндірістің, экономиканың, әлеуметтің қай саласында болмасын инновациялық негізде ізденіп қызмет етпесе, елімізде ілгері даму болмайды. Педагогикалық жүйені өзгерткіміз келсе, алдымен оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда жұмыс жасауымыз керек, қазіргі уақытта инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдіс-тәсілдерді қолдануды айтамыз. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңашылдықтың қайнарт көзі болып табылады. Елбасымыздың Қазақстанның ғылымы мен білімінің әлемдік деңгейге жеткізу идеясы қазіргі таңда өз нәтижесін беруде. Биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа жолдауында индустрияландыру бағдарламалары негізінде жоғары білімді мамандар даярлауға көңіл бөліп, жоғары оқу орындарының алдына үлкен мақсат - міндеттер қойып отыр. Оның бірі - бүгінгі күні өзіміз көтеріп отырған инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту. Елдің әлеуметтік -экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса кейбір оқытушыларымыз оқыту үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектеліп келеді. Осы тұрғыда бүгінгі ұйымдастырып жатқан семинарымыздың берері, айтар жаңалығы, үйретер тәсілі, жинақтар тәжірибесі мол болады деп сенемін. Жалпы, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізетінін күнделікті көріп жүрміз. Сондықтан оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру қажеттілігі күн санап артып отыр.

Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп,оң нәтижелер беруде [1,3б.]. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми- педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. “Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Жаңашылдыққа ұмтылу үшін оқушыға қолайлы мүмкіндік жасап, үйренудегі белсенді ісін қолдап, оның сын көзбен қарау қабілетіне сенім білдіріп, өз ойының дұрыстығын түсіндіріп еркіндікке баулып, өз тарапынан шешімді қабылдай білуге дағдыландыру. Бала жаңалыққа жаны құмар, білмегенін білгісі келіп тұрады. “Шәкірт – шәкірт емес, ұстазын ол сүймесе, ұстаз-ұстаз емес, шәкірт үшін күймесе”,-деп ағартушы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, өз ісін жетік білетін, үнемі ізденісте жүретін, мәдениетті ұстаз ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас ұрпақтарына жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз [2, 2-3б]. ”Масырова Р.Линчевская Т – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея. Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) [3, 6-7б]. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: - әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; - білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; - өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; - аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. О.Бальзактың ‘‘Ұдайы еңбек ету-өнердің де,өмірдің де заңы’’дегеніндей оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.Білім сапасын арттыру,оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту,ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру,т.с.с. Өйткені,ХХІ ғасыр-білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жанжақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.


ӘДЕБИЕТТЕР 1. Р.Мышырбаева.Оқытудың әдістері мен тәсілдерін тиімді пайдалану- // Бастауыш білім, №4, 2008 2. Д.Құрбанбаева. Тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары- // Бастауыш сынып №8, 2012 3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – // Қазақстан мектебі, №4, 2008 4. Сұлтанова Г. Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану - // Бастауыш мектеп №12, 2008 УДК 347.782.5

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!