Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Білім саласындағы жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселес1
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім саласындағы жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі
«Мұғалімнің айналысатыны-үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды...»
Ж.Аймауытов
Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған, алдыңғы қатарлы елдермен теңесу. Ал оған жетудің басты жолдарының бірі –әлемдік білім кеңістігінен орын алу. Мұның өзі ұлттық білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны тың арнаға, жаңа сапаға жеткізу қажеттілігін міндеттейді. Сондықтан да білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, инновациялық технологияларды дүниеге әкелу, жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру өз шешімін қажет ететін, кезек күттірмей, іс жүзіне асыратын мәселе болып отыр.
Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Оқу бағдарламасы қазіргі таңда екі түрлі бағытпен жұмыс жасайды:
1. Дәстүрлі (репродуктивтік) оқыту технологиясы
2. Жаңартылған білім мазмұны
Дәстүрлі оқыту технологиясы оқушыға білім, білік, дағдыны беруге негізделген. Мұнда оқушыға білім мазмұнын беру арқылы бақылау және бағалау репродуктивті деңгейдегі сапада беріледі. Бұл технология ертеден қалыптасқан, қазіргі кезде барлық мектептерде кең тараған, оның негізгі мәні төмендегідей болып келеді:
Жаңаны оқыту, үйрету- бекіту- бақылау – бағалау үрдісі болып табылады.
Технологияның түп негізі білімдендіру парадигмасына құрылған оқушыға өмірдегі іс-әрекетін жүзеге асыру көлемінде ғана білім беруге негізделген.
Оның негізгі оқыту әдісі:
- Көрнекіліктер арқылы түсіндіру
- Оқушының басты іс-әрекеті тыңдау және тоқып алу
- Оқыту кезінде еш қателік жібермеу сияқты негізгі талаптар қойылады.
Оқушының білім алу нәтижесіне тоқталатын болсақ:
- Көркемдік –түсіндірмелі
- Шеңберлі – ақпараттық
- Өмірлік білік пен дағдыны қалыптастырмаған
- Мұғалім тапсырма беруші
- Оқушы тек жақсы орындаушы
Дәстүрлі оқыту технологиясының мақсаты:
- Білім жүйесін, ғылым негіздерін қалыптастыру
- Ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру
- Әр оқушының жан-жақтылығын қалыптастыру
- Алдын-ала белгіленген қасиеттерге тәрбиелеу
Дәстүрлі оқыту технологиясы әдістемесінің ерекшелігі:
- Орташа оқушыға бейімделу
- Оқыту процедураларының өктемділігі
- Тексерудің жалпыға бірдейлігі.
Оқушы позициясы:
Оқушы оқыту процедураларының бағынышты объектісі. Оқу үрдісінде оқушының өзіндік сипатының ескерілмеуі.
Мұғалім позициясы:
Мұғалімнің білмеуге, қателесуге қақысының болмауы
Түсіндіруші
Көрсетуші
Бағалаушы
Түзетуші
Білім жайлы бағдарлама жаңадан,
Өзгертіліп енгізілді қайтадан.
Алға қарай самғау керек қашанда,
Заман соны талап етер байқасам.
Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Үштілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылған талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет:
7. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалды бағалау жүйесіне өтеді.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді.
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
- Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
- Анық, айқындылығы;
- Бағаның әділдігі;
- Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын тудырады.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы керібайланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқталған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.
Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:
Дәстүрлі және дамытушы оқытуды салыстыру кестесі № 1 кесте
Дәстүрлі педагогика Дамытушы педагогика
Мәні Білім, ептілік, дағдыны меңгерту Баланың өзін-өзі субъект ретінде сезінуі
Мақсаты Білім, ептілік, дағдыны игерту Әрбір оқушыға оқып тану үрдісінде өзгеретін субъектісі ретінде дамыта жасау, қасиет қабілеттерін дамыту
Дамытудың негізгі
факторы Білім, ептілік, дағдының дәрежелері Соған қоса маңызды психикалық ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік береді
Мұғалімнің рөлі Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, бағалаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйтқысы
Педагогтың негізгі талабы; Мен сияқты істе, Ойлап істе.
Педагог қызметі Білім беру Адам «өсіруші»
Әрекеттестік стилі Авторитарлы Демократиялы
Мұғалім мен оқушының
өзара қарым-қатынастық
стилі Монологты (мұғалім жағынан) Диалогты
Оқытудың басым әдісі Мәліметтілік Ізденісті-зерттеушілік
Сабақты ұйымдастыру формасы: Фронтальды-топтық Жеке бастық, топтық
Мазмұнының негізі Адамның кейбір саладағы іс-әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарына сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері Дамыту үрдісіндегі оқушылардың зерттеушілік әрекеттерін қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер
Әдіс-тәсілдері Көрсету – түсіндіру – жаттықтыру – бақылау – бағалау Оқу мақсаттарының қойылуы, зерттеушілік әрекет, табылған мәліметті дәлелдеу, шешімді тексеру
Әрекеттестік түрі ;Басқарушы мен бағынушы Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық
Әрекеттестіктегі қызметтер; Мұғалім – жетектеуші, оқушы – орындаушы Қызметтер бөлінбейді, бірлесіп жұмыс жасау
Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмысының уақыты; Өте аз. Салыстырмалы
Оқушы позициясы; Қызығуы аз, пассивті .Қызығуы бар, белсенді, ынталы
Оқуға деген мотив; Эпизодты түрде Әрқашан және мақсатты
Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдері пайдалану оқу процесін жетілдіруге, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға, олардың өзін - өзі бақылуына, жауапкершіліктерін арттыруына, білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді. Осындай кездерде мұғалім студенттің жеке кемшіліктеріне, көңіл бөліп, олардың ой - өрісін дамытуға , белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстарымен айналасуға мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге жетеді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім беру технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді. Ол топтағы 25 баланың бес-алтысы ғана жаттап алуы мүмкін. Ал он бес бала тақырыпты меңгере алмай қалар еді.
Дамыта оқыту оқушының ойлай білуін мақсат тұтады. Себебі студентті ойлауға үйретпей тек ережені ғана жаттауға негізделсе, бала ережені түсінбес те еді. Соның салдарынан ереже айтқанда, кітаптағы бір сөзді ұмытып қалса, ереже айта алмай тұратын болады. Өйткені жаттанды біліммен оқушы ұзаққа бара алмайды. Бала аталған ереженің мағынасын, оның маңызын, қай жерде қолданатынымызды білуі керек. Дамыта оқытуда оқушыға ережені өзіне шығартуды алға тартады. Сонымен бірге бала бұл ереженің өмірдегі пайдасын түсіне алуын мақсат етеді.
Тоқсан ауыздың тобықтай түйіні, дамыта оқыту технологиясының маңызы үлкен болып отыр. Тек оны оқытушылар қауымы орнымен, жүйесімен қолдана алса игі болар еді