Материалдар / БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функцианалды сауаттылығын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2024
144
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Садыкова Назым Тохановна

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы

І.Есенберлин атындағы МДШО бар орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Білім беру процесінде нәтижелілік пен айқындылықты, алған ақпаратты өмірде тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында соңғы жылдары «функционалдық сауаттылық» ұғымының маңызы арта түсті. «Функция» – «қызмет» ұғымын білдіреді, демек функционалдық сауаттылық дегеніміз – қызмет ету барысындағы адамның кез келген салада сауатты болып, білімін, білігін жоғары деңгейде пайдалана алу дағдысы. «Шынайы білім фактілерді білуден емес, оларды дұрыс қолдана білуден құралады» [2.9], – Г. Бокльдің сөзі функционалдық сауаттылықтың мән-мағынасын ашып, маңыздылығын танытып бергендей. Ағымдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейту, олардың мәдениеттілігін арттыру, қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке даралығын, гуманистік құндылық жүйелерін қалыптастыруды мақсатты түрде дамыту болып табылатын әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған. 

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру–білім беру процесінің негізі болып табылады. Функционалдық сауаттылық үнемі дамып, жтіліп отыратын процесс ретінде қарастырылады, ең алдымен отбасында ата-аналардың оқыту мен тәрбиелеу процесіне тікелей ықпал етуі маңызды. Одан кейін мектептегі ғылыми пәндерді оқу, негіздерін тоқу арқылы сауаттылыққа қадамдар жасалады. Бұл тұрғыда оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Әлемдегі алпауыт елдерде мемлекеттік саясаттың басымдығы білім беру ісіне жұмылдырылып келе жатқаны белгілі. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бағытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу, алған білімдерін кез келген салада сауатты пайдалана білуге үйрету – ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты борышы. Сол үшін мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

Ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» [3.45], - деген ұлағатты сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі функционалдық сауаттылық негізінде жүретінін байқауға болады.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет, Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін әдіс-тәсілдерге тоқталып кетейін:


« Әліпби» стратегиясында әліпбидегі әріптер реті бойынша жылдам әңгіме құрастырылу тапсырылады. Оқушылар ауызша да, жазбаша да қызықты, оқиға реті бар әңгіме құрастыруы шарт. Топтық немесе жұптық жұмыс ретінде форматын өзгертіп қолдануға да болады.



Нысанаға алынған сөздерді 1 топ жасырын ұстайды, өзге топтарға көрсетіп, сөздерді тікелей ататқызбай, синонимдері мен қызметіне, сапасына қатысты балама сөздерді атайды. Жасырын сөзді топ табу арқылы функционалдық сауаттылығының деңгейін танытады.

«Аялдама» әдісінде ғылыми терминдер немесе қарапайым сөздерді оқушыларға тарату арқылы өз түсініктерін қалыптастыруға болады. Мысалы, бір терминге әртүрлі жауап берілуі мүмкін. Әр оқушы «аялдама» бола отырып, ғылыми тұжырым жасауы да мүмкін, демек бұл әдіс өте тиімді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://bilim-all.kz/tag/thoughts?tag=%D1%81%D0%B0%D1%83%D0%B0%D1%82

  2. «Білімді ел» республикалық қоғамдық-саяси газеті, №23. – М.Тлеубаева. - Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үрдісінің маңыздылығы

  3. Абайдың қара сөздері. – «Мектеп», - 1993 ж. 123 бет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!