Материалдар / Білім сапасын арттыруда кері байланыстың маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім сапасын арттыруда кері байланыстың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучингтің мақсаты: Білім сапасын арттыруда кері байланыс орнатудың маңызын түсіндіру және сабақта қолдану дағдысын қалыптастыру. Күтілетін нәтижесі: Кері байланысты қолданудың тиімділігіне көз жеткізеді. Түрлі ресурстармен қаруланады.Тәжірибеде топтаса жұмыс атқара отырып бірлескен жұмыс жасауға үйренеді, кері байланыстың түрлерін, ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2018
1010
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Бастауыш сынып мұғалімі

Дюсебекова Камиля Оразхановна


Коучингтің тақырыбы: Білім сапасын арттыруда кері байланыстың маңызы

Коучингтің мақсаты: Білім сапасын арттыруда кері байланыс орнатудың маңызын түсіндіру және сабақта қолдану дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі: Кері байланысты қолданудың тиімділігіне көз жеткізеді. Түрлі ресурстармен қаруланады.Тәжірибеде топтаса жұмыс атқара отырып бірлескен жұмыс жасауға үйренеді, кері байланыстың түрлерін, ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Оқыту мен оқудағы кері байланысты орнатудың тиімділігі, оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижелер бергендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Оқытушы оқушылардың пікірін тыңдай отырып, яғни кері байланыста білдірген пікірлерін тыңдай отырып, оқыту үрдісіндегі өзі жіберген кемшіл тұстарды айқындайды. Ал келесі оқытуында осы кемшіліктерді түзетуіне, бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады. Ал оқушылар болса, кері байланыс арқылы өз пікірлерін жеткізеді, оқытылған тақырыпты қорытындылап, бекітеді және жаңа ақпарат пен жаңа білімнен өз ойларына түйгендерін айқындайды. Міне, осындай түзету жұмыстар оқытуды жаңаша түрлендіріп, одан да жоғары деңгейде өткізуіне себепкер болады. Сабақтың мақсаты жан-жақты ашылатын болса, сапалы, нәтижелі білім деңгейіне жетуге толық болады.

Жалпы кері байланысты сабақ ортасындағы кезеңдерде де және оқушының өз бетімен орындайтын тапсырмаларынан кейін де, топтық тапсырмаларының соңында да жүргізіліп отыруы керек.

Кері байланысты түрліше өткізуге болады: топтық рефлексия түрінде, пікір алмасу, әңгімелесу түрінде, т.б. Кері байланыс оқытуға қатысқан оқушыларға да, оқытушының өзіне де пайдалы. Кері байланыста жақсартуды қажет ететін сәттерге қарағанда, әр уақыттағы жағымды сәттерді көбірек атау керек.Топқа емес, адамға бағытталған кері байланысты қамтамасыз етіп отырған тиімді. Жұмыс барысында қол жеткізілген жетістіктерді ескеру өте маңызды және қатысушыларды еш уақытта салыстырмау керек.



Уақыт

Кезеңдер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Күілетін нәтиже

Рерурс

тар


3 мин

Ұйым

дасты

ру кезеңі

«Ыстықалақан»


Қатысушылармен ыстық алақандарын бір-біріне тигізу арқылы амандастыру.


Шеңбер болып тұрып, бір-біріне алақандарын тигізеді.




Ұйымшылдықты, бірлікті сезінеді.

Жылдамдықты, белсенділікті арттыруды үйренеді


Жағымды әуенде музыка






Бастапқы кері топқа бөлу

«Миға шабуыл»

Ортадағы столда тұрған шарды түстеріне қарай таңдап алу арқылы 3 топқа бөлемін.


Мұғалімдер шар түстеріне қарап, тұжырым жасайды

Топқа бөлудің әдісін үйренеді


Көк, жасыл, сары түстердің өзіндік ерекшелігі жайлы ой түйеді

Үрленген шарлар

10 мин

Топтық жұмыс
Кластермен жұмыс

1-топ: Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс деген не?

2-топ: Кері байланыстың мақсаты не?

3-топ: Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?

Топпен бірлесе өз

сұрақтарына кластер құрады және оны топпен бірлесе талқылап, сұрақтарына дәлелдеме айтады.






Өз ойларынша кері байланыстың сабақта білім сапасын арттырудағы маңыздылығын ашады.

Оны сабақта қолданудағы маңыздылығы не екені жайлы түсініктемелер мен тұжырымдар алады.

Кері байланыстың қандай түрлері барын біледі.

Плакат, маркер, стикерлер

2мин






Кері байланыс

«сыйлық»

Қай топтың кері байланыс жайлы айтқаны саған түсінікті болғанын кері байланыспен білдіру үшін, ұнаған тобына өздерінің бір шарларын сыйға тартуын ұсыну.

Топтар бірін-бірі бағалауды басшылыққа алып, сыйға шарларын тартады.

Бірлестік, еңбекті бағалай білу қарым-қатынас артады

Шарлар,

10 мин

«Ой қозғау»

Презентациямен таныстыру Сабақтағы кері байланыстың білім сапасын арттырудағы маңыздылығы

Слайдтар арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның түрлері, формасы жайлы мәліметтер беру.
«Табыс сатысы» әдісі туралы

өз тәжірибемнен түсірілген оқушылардан алынған интервьюді көрсету.

Кері байланыс жайлы теориялық және тәжірибелік деректерді көреді.

Кері байланыстың түрлерін, оқытуда тиімді қолдану жайлы түсініктер алады.


Видеоролик, слайдтар

5мин

Ой қозғау

Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табуды ұсыну

Кері байланыстың білім сапасын арттыруда қандай маңызы бар?

Топтар ерекше өз ой туындыларынан кері байланыс түрлерін анықтауға тырысады, яғни шығармашылық әрекет арта бастайды

Топтық жұмыс жасауға үйренеді. Басқаның пікірімен санасуды үйренеді. Ортақ шешімге келеді. Өз жұмысын басқа топқа таныстырады, өз ойын дәлелдеуге үйренеді

А-4 парағы, фламастер, маркер, қарындаштар

2мин

Тапсырма бойынша кері байланыс орнату

Топ жұмыстарын бағалау арқылы «Бас бармақ» тәсілі бойынша әр топтың жұмысы нәтижелі болды ма?

Топтарға қарап, бармақ бағытымен бағалап, түсініктерін білдіреді

Әр істің нәтижесі бағаланып, марпатталу керектігін түсінеді.


2минут


Сергіту сәт

Видеодан «Көңілді күн» сергіту сәтін көрсету

Видеодан көру арқылы қимыл –қозғалысты қайталайды


Денелері серігіп, шаршағандары басылады


Интернет желісі

6 ми

нут

қорытындылау

Білім сапасын арттыудағы кері байланыстың маңыздылығы ойларына SWOT талдау жасау


SWOT кестесіне салып талдау түрін игереді

Тиімді тәсілдердің маңыздылығ барын түсінеді, әр істің нәтижесін шығарып, қажетті нәтижені алғандарын сезінеді.

SWOT кестесі сызылған парақтар

2 минут

Тапсырмалары бойынша кері байланыс

Смайликтерді кқрсету арқылы тапсырма қорытындысын бағалату

Топтарды бағалау арқылы сұрақтарының жауаптары түсінікті болғандарын білдіреді

Өзіндік тұжырымдар жасап, талдап, талқылауды игереді.

смайликтер

3 мин

Рефлексия

Сіз бүгінгі коучингтан не алдыңыз?

Стикерлерге жазуларын ұсыну

Мұғалімдер «Не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Қалай қолданамын?» сұрақтары бойынша Стикерлерге жазады.

Жұмыстың нәтижесі қандай болғанын түсініп алады


стикерлер








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!