Білімді биологтар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білімді биологтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы
Д. А. Қонаев атындағы Ойық ауылы орта мектебі











Сайыс





Білімді биологтар



Пән мұғалімі: Г. Айманбетова7-8 сынып





























2013-2014 оқу жылыСайыстың тақырыбы: Білімді биологтарСайыстың мақсаты: Оқушыларға биология ғылымының құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе отырып, ойын элементтері арқылы өздігінен ізденуге, топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа баулу, оқушылардың танымдық қызметтерін арттырып, пәнге қызығуына ықпал ету.Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар! Біздің биологиялық кешімізге қош келдіңіздер!Бүгінгі «Білімді биологтер» сайысына екі топ: «Жас қырандар» және «Жас ұландар» өздерінің білімдері мен біліктерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 9-10 сынып оқушыларынан құралған.Ойынды сынап, әділ бағалап отыратын қазылар алқасының мүшелері сайланады.Жүргізуші: Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің. Бүгін осы сайыста жеңіске жет, Білімді, әрі білікті жас жеткіншек, - деп сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.I кезең топтардың өзін-өзі таныстыруы.Жас ұландар.Ұландарымыз белді мықтап байлаған,Жарысқа келдік, алған беттен таймаған.Тәуелсіз ел, бір ұрпағы, бұл елдіңКөк аспанда көк туы бар асқақтаған.Ал, көрермен, сәлем бердік баршаңызға,Білімменен қалғанбыз араңызда,Білекті болып, ьелді қатты байлаған біз,Жас ұландар өнерін қараңыздар.Тілейміз сәт сапар қарсылас топқаЖас қырандар ұша берсін алыстарғаҚырандарым талмасын қанаттарың,Жете беріңдер асқақтаған армандарған.(Төсбелгілерін және топ басшыларын таныстырады.)Жас қырандар.Біз қырандар алысқа қарай самғаған,Жарысқа келдік жүлде емес бар арман.Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлдардың тегіміз.Қырандармыз алысты әркез жақын еткен.Ұшқыр ой мен білімді алып кетер,Сәлемін қабыл алыңыз жас қыранның! Әр сұрақтың жауабын тауып кетер.Жеңу емес мақсаты бұл қыранның,Білемін, сынау, арманы ғой әрбір жанныңТіледік сәт сапар қарсылас ұландарға,Алға қарай шаба берсін ақ боз атың!(Төсбелгілерін және топ басшыларын таныстырады.)Жүргізуші:Білімді мыңды жығады,Білекті мыңды жығады.Алдағы білім шыңына,Ең білімді топ шығады, - деп келесі кезең «Білгірлер сайысына» өтейік. Бұл кезеңде әр топқа 10-10 сұрақтан қойылады. Сұраққа жылдам жауап берілуі тиіс. Егер топ жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап бере алады.II. Білгірлер сайысы.
  • Топқа қойылатын сұрақтар.
  • Бұл бір жасушалы тіршілік иесі шектің бұзылған жерімен және қанмен қоректенеді. Одан адам зілді ауруға шалдығады. Ол қандай бір жасушалы тіршілік иесі. (дизентерия амебасы)
  • Әрі өсімдік, әрі жануарға жатқызуға болатын ие кім? (жасыл эвглена)
  • Туфелькадағы ядро туралы не білесіңдер? (үлкен ядро – қозғалу, қоректені, зәр шығару қызметтерін атқарады. Кіші ядро: көбеюге қатысады)
  • Регенерация дегеніміз не? (жарақаттанған немесе жойылған бөліктің қайтадан қалпына келуі)
  • Денесі іркілдек, пішіні қолшатырға ұқсас жәндік. (медуза)
  • Ағза мен мүшелердің пішінін, құрылысын зерттейтін ғылым. (антропология)
  • Тұқым қуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын бөлік. (ген)
  • Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. (гипоталамус)
  • Адамның пайда болуын, тарихи даму кезеңдерін зерттейді. (анатомия)
  • Аралас бездерге жатады. (ұйқыбез бен жыныс бездері)
2 топқа қойылатын сұрақтар.
  • Жасушалардың пішіні алмұрт тәрізді және 2 талшығы бар қарапайымдылар (вольвокс)
  • Лас суда тұрқы 0,1-0,3 мм-дей қарапайымды көруге болады. Ол қайсысы? (инфузория туфелька)
  • Ішекқуыстылар типінің өкілі (гидра)
  • Актиния неге жертқыш деп аталады? (нашар қозғалатын жәндікті жейтіні үшін)
  • Планария оттегін қандай мүшесі арқылы сіңіреді? (бүкіл денесімен)
  • Мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметін зерттейтін ғылым (физиология)
  • Адамды жеке тұлға ретінде тани білу туралы көзқарастар жиынтығын қамтиды (гуманизм)
  • Кейбір жасушаларда пішіні мен құрылысын өзгертіп тұратын тығыз түзіліс (ядрошық)
  • Жас балаларда қалқанша бездің гормоны жетіспесе бой өспей жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысының жұмысы бұзылып, ақыл есі кем болады. Мұндай ауруды қалай атайды? (кретинизм)
  • Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты қалай атайды? (гормондар)
Жүргізуші: Білімін сынап, ойын жүйрік еткен,Сұраққа қызықты тез жауап бергенЕң қызығы осы емес пе көрерменКезекке көрермен ойыны шауып жеткен.III. Көрермендер көрімдігі.Балалар күз айы болғандықтан бір сәт бау-бақшаға саяхат жасап қонақтар келген, соны бірге тамашалайық. Көрініс «Бау-бақшаға саяхат».Жүргізуші: Тағы келді сыналар шақ айналып,Тереңіне білім теңіз байланып.Ақын жазушыларымыздың табиғат жайында жазған өлеңдерін жатқа , мәнеріне келтіріп оқудан жарыс. Әр топ 2-2 өлеңнен оқиды.IV. Топ басшылар сайысы.Жүргізуші: Алғандықтан терең білім, қайрат тың,Болашаққа нық сеніммен барамыз.Айдынында білім атты мұхиттыңШаршамаймыз тереңіне самғаймыз, - дей отырып, биолог ғалымдарымызды есімізге түсіріп, топ басшылар сайысын бастаймыз. Ол кім?
  • Өте ұсақ майда ұяшықтарды микроскоп арқылы көріп, жасуша деп атаған ғалым. (Р. Гук)
  • Ең алғаш жарық микроскобын ойлап тапқан ғалымдар. (Янсендер)
  • Бадырақкөз ауруы туралы сипаттап жүрген ғалым. (Базедов)
  • Өсімдіктің ұрықтану үрдісін ашқан ғалым (Навашин)
  • Фотосинтезде хлорофильдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым. (Тимирязев)
  • Қанның лейкоцит жасушаларының қызметін жан-жақты зерттеген ғалым (Мечников)
  • Анатомия, физиология, гигиенаға көңіл бөлген ғалым. (Досмұхаммедов)
  • Көне Грецияда медицина саласын жан-жақты зерттеген ғалым (Гиппократ)
  • Физиологияның дамуына үлес қосқан ғалым (Павлов)
  • Анатомияның негізін салған ғалым (Везалий)
V. Үй тапсырмасы:Үйге берілген тапсырма бойынша әр топ жұмыстарын қорғайды.VI. Қорытынды.
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2019
657
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі