Материалдар / "Білімдіге биіктен орын" білімділер додасы 7-8 сыныптар арасында
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білімдіге биіктен орын" білімділер додасы 7-8 сыныптар арасында

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға сыныптан тыс жұмыс ретінде көмегі тиеді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
955
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні :08.02.2019 жылСайыстың тақырыбы: «Білімдіге биіктен орын » білімділер додасыСайыстың мақсаты : Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту, оқушылардың математикалық ой-өрісін әрі қарай жетілдіру және де өз еркімен еңбектенуге үйрету. Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: Сайыс тақырыбы жазылған плакат, интерактивті тақта.Сайыс барысы :1.Ұйымдастыру кезеңі:Ғылымдардың патшасы атанған, Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған, Төзбейтін өтірікке жалғандыққа! Жасықтан емессің сен қаталдансың Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін Нағыз пән математика атанғансың .Армысыздар құрметті оқушылар және ұстаздар.Бүгін 7- 8 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілгелі отырған «Білімдіге биіктен орын » атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер дейміз.Сайысымызды бастамас бұрын қатысушы оқушылар келіп, менің қолымдағы жасырылған реттік нөмерлерін анықтайды және топ басшыларын сол арада сайлап, олар да мұғалімнің қолындағы рет нөмерін анықтайды. Сол арқылы қай топтың 1-ші және2 болып бастайтынын анықтаймыз. Олар «Дарын» және «Жалын » топтары болып сайысқа түседі.Ендігі кезекте бүгінгі біздің сайысымызға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болайық. Олар:Әділ қазылар:II. Сайыс жоспары:Алдымен сергіту жаттығуына кезек берейік. Тақтада фунуцияларды салу.Гипербола , парабола,кубтық парабола. Мәңгі бақи есте қалар,Қызықты бір жиын болсынБілімдіден шәкірт озар,Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Тапқыр болсаң тауып көр » деп аталатын І бөлімін бастаймыз.Тақтада көрсетілген түрлі математикалық фигуралар не сандарды еске түсіріп аттарын жазу керек.(1мин)Дұрыс және толық жазған топқа әрқайсысына ұпай беріледі. Ұпйдан беріледі.11 тур «Кім жылдам»«Жарыс заңы ежелден,Жеңімпазды анықтау.Жеңімпаз болу шарты сол,Еңбектену жалықпау-дей отырып ,ойнымыздың кім жылдам бөлімін бастаймыз.Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек.Оқушылардың шапшаңдығын анықтау.Бұл турда барлық команда жауап береді.Ал « Дарын » тобы дайын болса бастайық.1.Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)2.Алгебра сөзі қандай мағына береді?3.Алымы бөліміне үлкен бөлшек .( бұрыс бөлшек)4.Нәрселерді санағанда қолданылатын сан.(Натурал сан)5.400 саны 4-ке бөлінеді ме? (иә)6.Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең.(1)7.Дәлелденбейтін тұжырым (аксиома)8.Санақ басы О нүктесінен басталатын кесінді?9.Бір нүктеден бірдей қашықтықта орналасқан нүктелер жиыны( шеңбер)10. Координатада неше ширек бар?« Жалын» тобы1.Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді? (диаметр)2.2 теріс санның қосындысы ?3.840 саны 4ке бөлінедіма? (иә)4.Алымы бөлімінен кіші бөлшек ?(дұрыс)5.17 саны құрама сан бола алама?6.Үшбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы?180 градус7.Дәлелденетін тұжырым ( теорема)8.ПИ-дің мәні неге тең? 3,149.Планиметрия қандай фигураларды зерттейді?10.ОУ осі қалай аталады? ординатаІII бөлім. «Ойлан тап » жұмбақтарды шешу.«Білім деген биік шың,Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың,Қиындықтан өткізер»-дей келе келесі сайысымызда жұмбақты тауып , орысшаға , ағылшыншаға аудару керек.Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, 2 тілде жауап берсе 20 ұпай ,3 тілде жауап берсе 30 ұпай беріледі.1.«Дарын » тобынаЖоқ өзінде баста, қаста, мойында,Ұзындығы жазулы тұр бойында .( сызғыш, линейка, а ruler)2.Ел құлағы нешеу?(елу, пятьдесять, fifty)«Жалын » тобынаОтыз тістен шыққан сөз, неше рулы елге тарайды?(отыз,тридцать,sooty)Түйе құс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг, ал егер екі аяғымен тұрса қанша тартады?(12, двенадцать,twelve)IY. Тур «Адасқан әріптер»Фигуралар атаулары берілген ,соны тауып сөз құрау қажет.Y. Қатесін тапҚысқаша көбейту формулалары берілген.Соның ішінен қалып қойған дәреже немесе таңбаларды анықтау керек.YI. Қызықты тапсырмалар.Бұл тур да жалпы командаға арналған. Мына жердегі өздеріңіз қалаған әріпті алу арқылы, сол әріпке қатысты  5 математикалық терминдер айтуымыз қажет. Бұнда, бір сөз – 5 ұпаймен есептеледі.«А»-алгебра, арифметика, азайту, алты, аудан.«С»-синус, симметрия, сегіз, сан, сызғыш, сызықтық, сәуле.«П»-пайыз, процент, периметр, пирамида, параллель, перпендикуляр.«К»-конус, квадрат, көбейту, көлем, кесінді, координата.«М»-метр, масса, миллион, математика, минус«Д»-доға, дөңгелек, диаметр,«Т»- теріс сан, тоғыз, трапеция, төртбұрыш, теңдеу, түзу, төрт.«Е»-екі, есеп, елу,«Б»-бөлу, бес, бұрыш, бөлшек, биіктігі, бос мүше.«Н»- натурал сан, нөл,«Ш»-шаршы, шеңбер,«О»-оң сандар, осьтік симметрия, отыз, ордината.Сайысты қорытындылау .Мараппаттау. Жеңіске жеткен оқушыларды алғыс хатпен марапаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!