Материалдар / "Білімділер бәйгесі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білімділер бәйгесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәні мұғалімдеріне қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
683
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейі



Тақырыбы:

«Білімділер бәйгесі »

(үздік биолог сайысы)
















Жауапты: Ж.Сүгірбаева













2017-2018 оқу жыл

Күні:02.12.2017ж

Сабақтың тақырыбы: «Білімділер бәйгесі » (үздік биолог сайысы).

Сабақтың мақсаты:

I.білімділік; осы сайыс сабақ арқылы оқушылардың білімдерін арттыру;

II.дамытушылық;пәнге қызығушылығын, ізденуін, жан-жақты болуын, экологиялық білімдерін көтеру;

III.тәрбиелік;табиғатты сүюге баулып, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: интелектуалды ойын- зияткерлік сайыс

Сабақтың әдістері:ойын, сұрақтар, тапсырмалар;

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, таяқша, төсбелгі, А4 парақтар, слайд, АКТ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

Жүргізуші: -Армысыңдар, бүгінгі  «Білімділер бәйгесі » атты сайыс жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымызға 7 және 8- сынып оқушылары қатысып отыр.

Сайыс сабағымызды бастамас бұрын сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

1.Бәйге. Бұл кезеңде әр топқа 14 сұрақтан қойылады, әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

2.Ғажайып сандар.

3.Полиглот.

4.Кім жүйрік?

Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ баға беретін әділ қазылармен таныс болыңыздар:

Нұрмағанбетов Мұхтар ағай

Жұмашов Кенжебек ағай

Иманбекова Әсем апай

Дәулеткелді Фатима апай

1.Бәйге.

Шын жүйрік сыналатын кезің келді,
Көрейік тамашалап бәйгені енді.
Болса егер ойың терең, ақылың кең
Саралап ой-өрісін ел көреді.

Бәйшешек” тобының сүрақтары:

1.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым?(Ботаника)

2.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты?(1978ж)

3.Өсімдіктің вегетативті мүшелерін ата?(тамыр, сабақ, жапырақ)

4.Қынадан алынатын шикі зат?(қант,спирт,бояу, лакмус)

5. Микроскопты ойлап тапқан ғалымдар?( Янсендер)

6.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы?(Ұлпа)

7. Өсімдіктің жер асты мүшесі?(Тамыр)

8. Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша?(спора)

9. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ?(оттек)

10. Өсімдіктерге жасыл түс беретін пластид? (хлоропласт)

11.Жасушаны зерттейтін ғылым?(Цитология)

12.Мүктерді зерттейтін ғылым? (бриология)

13.Қыналарды зерттейтін ғылым? (лихенология)

14.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым?(микология)

«Қызғалдақ» тобының сұрақтары:

  1. Жануарларды зерттейтін ғылым?(Зоология)

  2. Жалпақ құрттар типі қандай кластарға бөлінеді?(кірпікшелі, сорғыш, таспа құрттар класы)

  1. Бунақденелілерде қанша жұп аяқ болады?(3жұп)

  1. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы?(имаго)

  2. Гидра қандай типке жатады?(ішекқуыстылар типі)

  3. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат?(хитин)

  4. Ұлулар анатомиясыатты еңбектің авторы?(Ж.Кювье)

8. Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернәсілі?(нимфа)

9.Омыртқасы жоқ желілі жануар?(қандауырша)

10.Шаянтәрізділердің денесі қанша бөлімне тұрады?(баскөкірек, құрсақ)

11.Өрмекшілерді зерттейтін ғылым? (арахнология)

12.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым? (герпетология)

13.Балықтарды зерттейтін ғылым? (ихтиология)

14.Қосмекенділерді зерттейтін ғылым?(батрахология)

2. Ғажайып сандар. Бұл тур бойынша ұпай санын (10,15,20) таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.

Ал,шәкірттер алды артың оңдасын,

Шешілмеген ешбір сұрақ қалмасын.

«Ғажайып сандар» бөлімінде

Ұяшықтан сұрақтарды таңдасын.

10 ұпай. Қазақтың бас ақыны

А.Құнанбаевтың табиғат туралы

жазған өлеңдерінен үзінді

оқып беріңіздер?

10 ұпай. Табиғатқа байланысты

жазылған ақындардың

өлеңдерінен үзінді оқып

беріңіздер?

10 ұпай. Тәуелсіздік күні тақырыбына ән айтып беріңіз?

15 ұпай. Күте білсең ....

15 ұпай. ......... тасқа бітеді,

....................... басқа бітеді.

15 ұпай. Бір тал кессең ...

20 ұпай. Тіршіліктің қуатын,

Өз бойына жинайтын,

Жинай-жинай азықты,

Адамзатқа сыйлайтын (өсімдік)

20 ұпай. Бұйра тұлымы желмен ойнайды

Қызыл мұрыны жерге бойлайды(сәбіз)

20 ұпай. Біреу бердім, көп қып тердім. Бұл не?(тұқым немесе дән)

3. Полиглот

1.Құрғақ жерде сақтайсың, онсыз тамақ татпайсың?(Тұз, соль, solt )

2.Сырқат адам(Ауру, больной, gel)

3.Халқымыз жеңіл ауру санайтын

қатерлі дерт? (Тұмау, грипп, flu)

4.Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге ... қалқып.( Ай, луна, moon)

5.Соғады күні түні алмай тыным, құлайды ол тоқтаса таудай ... .

(Жүрек, сердце, heart)

6.Бөлмеде өсірілетін өсімдік?( Гүл, цветок, flower)

7.Өсімдіктің жасыл түсті мүшесі(Жапырақ, лист, leave)

8. Қайталап атымды,

Ән салып аламын.

Кез келген ұяға

Жұмыртқа саламын (Көкек, кукушка, cuckoo)

4. Кім жүйрік?!

«Бәйшешек» тобына: Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік.( 10000)

«Қызғалдақ» тобына:

Қарағайдай мүйіз бар, Екі қошқар, екі ешкі.

Тауып оны санаңдар: Сен тұр, қойыңа бар,

Сегіз сиыр бес бұзау, Сен тұр, сиырыңа бар!

(жауабы: 28)

5.Қызықты сұрақтар. Көрермендерге

1.Керемет секіретін бұл жануардың құйрығы тепе-теңдікті сақтауға қажет, ол қандай жануар?(кенгуру)

3.Оның құйрығы жазда сұр түсті, ал қыста ақ түсті болады? (қоян)

4.Бұл алып жануардың тұмсығы құйрығынан ұзын болады? (піл)

5.Ең тез өсетін өсімдік. (Бамбук)

6.Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен өсімдік (кактус)

Марапаттау.

Қорытынды. Осы өткен ойын-сайыста биология пәні әлі де қызыққа, жаңашылдыққа толы екенін көрсетеді.

Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,

Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.

Ғалымдар патшасы боп, дараланып,

Биология қызыққа тоймайтұғын.

Өткен сабағымызды өлең шумағы арқылы қорытындылау.

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Жан-жануарымыз аманболсын.

Бәріміз аман сау болайық. Сауболыңыздар!










































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!