Материалдар / Білімділер сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білімділер сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
447
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Білімділер сайысы

«Қазақ халқының тарихи құндылықтары»

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отаныныа деген

сүйіспеншілік, патриоттық және адамгершілік сезімдерін

қалыптастыру,өз елінің тарихи мұрасына деген құрмет,мақтаныш

сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: сайысқа қажетті құрал-жабдықтар,слайд-презентация

Барысы: Ұлттық ( музыка ойнап тұрады.)

Мұғалім:..Құрметті ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар, көрермендер!

"Білгіштер» сайысына қатысып отырған оқушыларымызға еліміздіғ ғасырлардан мұра болып келе жатқан жәдігерлері туралы кейбір мәліметтерді есте сақтап қалсын деген ниетпен,сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше кезеңдерден тұрады, оған үш топ қатысады.

Ол: 1. ........................... тобы

2............................... тобы

3. ............................... тобы

Баға берер топтарға,

Қара қылды қылышпен қақ жаруға.

Әділұазы алқасын бізсайлайық,

Жүлделерді таңдап бүгін алуға.

Бүгінгі сайымызды саралап,таразылып , сайысқа қатысушыларымыздың білімдерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Олар : 11 сынып оқушысы Құсайын Толқын,

10 сынып оқушысы Мұрат Индира,

9 сынып оқушысы Масалим Еламан.

Енді бүгінгі сайысымыздың шартымен таныстырайын:

  1. Таныстыру : (әр топ өзінің атымен таныстырады)

  2. Суреттер сөйлейді. (музыка аспаптары беріледі,соларды табу қай топ бірінші жауап берсе сол топ 10 ұпай алады)







асатаяқ











сыбызғы







жетіген









шертер







шаңқобыз







қобыз









  1. Сандарды сөйлет: бірінші оқушыларға үш түрлі санды алуды ұсынамыз , сол сандар санымен оқушыларға суреттер таратылады, олар туралы қазақ халқында не айтылады өз ойларын дайындауға 2 минут уақыт беріліді, содан кейін топтың бір оқушысы ойларын ортаға салады. Қай топ бірінші орындаса немесе жауаптары дайын болса қолдарындағы таяқтарын көтеріп белгі береді.( ол сандар 7-қазына, 10- санамақ, 12- жыл қайыру)

Жеті қазына:

1.берен мылтық

2.ит

3.жүйрік ат

4. қазан

5.бүркіт

6.диірмен

7. кітап

Санамақ:

1.Білеу

2 егеу

3.үскі

4.төсек

5.бесік

6.асық

7. желке

8. серке

9.торпақ

10. оймақ

Мүшел жас:

1.тышқан

2.сиыр

3.барыс

4.қоян

5.жылан

6.жылқы

7.қой

8.мешін

9.тауық

10.ит

11.ұлу

12.доңыз

  1. Топ жетекшілерінің сайысы.(тапсырма ұлттық ойынға байланысты мәтін беріледі топ жетекшісі ол ойынныі атын табуы керек) .

1-Топқа : Тауық күрес — ұлттық ойын.

Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Осы екі жақтан екі жігіт ортаға шығып, кәдімгіше күрес жасайды. Оның ең қызыгы да, басқаша күрестен айырмасы да тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарымен қағысып, күресуінде, бұл адамның нық басып, орнықты жүруін жеңілдетеді.

Күресетіндердің бір аягын тізесіне бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Сол аяқты, егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын; сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілердің екеуі де тек бір аяқ, бір қолымен жүріп күреседі. Күресушілерді екі жақтың ойынбасылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады, қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады. [1]

2-топқа : Ақ сүйек — ұлттық ойын.

Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін шөптесін кең алаң таңдалынып алынады. Ойын жүргізу үшін ірі қараның, жылқының, түйенің, кепкен жілік сүйегі керек.

Ойынға қатынасушылар екі топңа бөлінеді. Әр топ өзіне бастық сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арңылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді.

Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың бастығы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.

Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады. Ойын жастарды қараңғыда бағдарды, мөлшерді айыра білуге, тез, жылдам жүгіруге үйретеді

3-топқа: «Теңге ілу» — ұлттық ойын.

Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.

Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді



  1. Салт-дәстүр,ырым-тиымдар бойынша жұмыс (әр топ жетекшілері таңдаған тор көзді ашады, үш тор көзде әріптер жасырылған)

А, Б, Ж- әр топ өзі таңдаған әріптен басталатын қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет –ғұрыптарын аттарын кем дегенде онын табуы керек.

А-ға қатысты:

Аластау

Ат құйрығын кесу

Атастыру

Ас беру

Ат-шапан айып

Ат мінгізіп,шапан жабу

Ауызбастырық

Аяғына жығылу

Ақ құйып шығару

Ауылдың алты ауызы

Б-ға қатысты:

Бітім

Базарлық

Байғазы беру

Бармағын жалау

Бата беру

Бақұлдасу

Беташар

Бесікке салу

Бәсіре

Ж-ға қатысты:

Жанашырлық

Жарыс қазан

Жасау

Жауырын ашу

Жерік ас

Жеті қат көк

Жыл қайыру

Жылу жинау

Жан беру

Жеті қазына

  1. Теңге алу.

1-топ тапсырмасы:

1.Киіз үйдің қабырғасы-кереге

2.әйел адамның құлаққа тағатын әшекейі-сырға

3.қымыз,шұбат ашыту үшін, іркіт пісу үшін мал терісінен жасалған ыдыс-саба

4.теріден жасалған, ұрып ойналатын музыкалық аспап-даңғыра

5.тіл-көзден сақтану үшін, жас нәрестенің бесігін арша бұтақтарымен түтіндету арқылы жын-шайтандарды қашыру- аластау

6.жасамыс (егде)әйелдер киетін бас киім-кимешек

7.жаңа қоныстанған көршіні қонаққа шақыру –ерулік

8.баланың анасының туыстары-нағашы (сыншыл)

9. « кісі бойы» деген қандай өлшем-тереңдік өлшемі

10.талқан дайындалатын негізгі тағам- бидай


2- топ тапсырмасы:

  1. Киіз үйдін төбесі-шаңырақ

  2. Әйел адамдардың шашқа тағатын әшекейі- шашбау

  3. Бүйірі дөңгелек,мойны жіңішке ұзын, аузында ағаш тығыны бар мал терісінен жасалған, сусын құятын ыдыс-торсық

  4. Екі ішекті ысқышпен ойналатын аспап-қылқобыз.

  5. Алыс сапардан келген адамның туған-туысына, көршілеріне,ағайындарына алып келген ірілі-ұсақты сыйлықтары-базарлық.

  6. Келін киетін бас киім- сәукеле.

  7. Бала ержетіп, жеке үй болғанда ата-анасы дүние мүлік,мал береді,-оны не дейміз- енші.

  8. Ер азаматқа әйелінің туыстары- қайын жұрт ( міншіл)

  9. « шымшым» қандай өлшем – салмақ өлшемі.

  10. Құрт жасалатын тағам-сүт


3-топ тапсырмасы:

1.Киіз үйдін есігі – сықырлауық

2. Әйел адамның саусаққа тағатын әшекейі.

3.Ешкінің және бұзаудың терісінен жасалған сүт тағамдарын құюға арналған ыдыс- мес

4.ұрып ойналатын көне музыкалық аспаптың бірі – дауылпаз, даңғыра



5.Балалардың жаңа киген киімі,алған жаңа заттары үшін берілетін сый- байғазы

6.қыздар киетін үкілі бас киім- тақия.

7. Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмысты атқаруға бүкіл ауылдың тегін көмегі- асар.

8. Жігіттің бірге өскен туыстары, ағайындары – өзжұрты (күншіл)

9. «қас-қағым» қандай өлшем- уақыт өлшемі.

10. шұжық жасалатын тағам - ет.



Қортынды: жеңмпаздарды құттықтау

















.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!