Материалдар / Білімімді шыңдай түскен курс-2017
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білімімді шыңдай түскен курс-2017

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал деңгейлік курсты оқып керек мәлімет жинап жүрген мұғалімдерге өз көмегін береді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2018
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білімімді шыңдай түскен курс.......

Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы

(Қазақтың мақал-мәтелі)

Мен өз мақаламды Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атамыздың «....біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр.Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспай жалтырай да, жарқырай береді» деген даналық сөздерімен бастағым келіп отыр. Қаныш атамыздың осы сөздерден курсқа келіп,білім нәрімен сусындап, алған білімімді «мектеп тәжірибесіне» барғанда шыңдай түскен өзімнің іс-әркеттерімді көргендей болдым. Тізбектелген сабақтарымды өткізуде мұғалімге: орта мерзімді жоспар, әріптес үні, мұғалімнің сабақтан кейінгі рефлексиялық есебі,оқушы үнінің маңызы зор екенін білдім.Тізбектелген сабақтарымды өзімнің 2 «Қ» сыныбымда Жаратылыстану пәнінен жүргіздім.Әр сабағымда оқушылардың көңіл-күйін көтеруде «Дыбыссыз іс-әрекет» ойынын ойната отырып, сапалы білім алуға шақырдым.Ойын ойнау арқылы оқушының ойы да дамитынын білдім.Бұл ойынды әр сабақтың тақырыбына сай өзгертіп отырдым.Мысалы: «Өсімдік әлемін қалай сақтауға болады?» атты сабағымда дыбыссыз ым-ишарамен өсімдіктерге қамқорлық жасаймыз дегенімде әр оқушы әртүрлі қимыл жасады.Жасаған қимылдары арқылы өсімдіктерге қалай қамқорлық жасау керектігін естеріне түсірді және бүгін қандай тақырыпты өтетеінімізді сыни ойлана отырып тапты. Жұмбақ арқылы басталған сабақ оқушылардың одан ары сабаққа деген қызығушылығын, білсем, үйренсем деген ынтасын арттыра түсті.Өз сабақтарымда алдыңғы оқуды қайталауда: «Ыстық орындық», «Ыстық картоп», «Сен маған, мен саған», «Бумеранг» атты интербелсенді әдістерін пайдаландым. Бұл әдістер арқылы өткен сабақты ойын ойнап отырып еске түсіру оңай әрі қызықты болды. «Оқу мен оқытуда жаңа тәсілдер» модулін осы әдістерді тиімді пайдалана отырып өз сабағымда ықпалдастырдым.Жаңа тәсілдерді қолдануда біршама қиындықтар болғанын мойындаймын.Жаңа тәсілді түсініп, оны орындауға көп уақыт кетіп қалды.Әр сабақта әр тәсілді қолданану бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне байланысты мүмкін болмады. 2 сынып оқушылары жаңа нәрсеге бірден үйренісе алмайды. Тізбектелген сабақтарымның барлығын топтық, жұптық жұмыс жүргізумен өттім.Тәжірибеде топтық жұмыс кезінде оқушыларды топтастырудың өзіне ерекше мән беру қажеттігін түсіндім. Әр сабақты сол күннің тақырыбына байланысты топтастырдым.Бұл арқылы жаңа сабақты өтпестен оқушылардың сол тақырып туралы не білетінін біліп, түрткі және жетелеуші сұрақтар қойып, ойлана отырып жауап беруге, бір-бірімен өзара қарым- қатынасқа түсіп, диалог арқылы тақырыпты ашу тиімді екенін көрдім.Сынып оқушыларына топтағы өз міндеті мен белгілі бір жауапкершілікті бере отырып, оқушы бойында өзі бағ-өзіне баға беруін, өзін-өзі реттеуін қалыптастырдым.Өзім де топтық жұмысты қалай жүргізсем тиімді болатынын тәжірибеде көрдім.Бір топ мынадай құрамнан жинақталды:топ басшысы, нұсқаушы, бағалаушы,уақытты шектеуші, баяндаушы, хатшы.Әр сабағымда әр оқушыға әртүрлі қызмет түрі түсіп отырды.Соған қарай әрбір оқушы топ құрамы өз қызметін ойдағыдай орындады.Бұл арқылы топтық жұмыс бірлесе жүргізілді және әр топ мүшесі өзіне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындауға машықтанды.Бұл арқылы мен оқушылардың бойында жиі көріне бермейтін көшбасшылық қасиеттерін анықтадым және оқуш бойындағы менмендік қасиетінің жойылуына жол аштым.Әр сабағымда «Кел, көрейік!», «Назар аудар!», «Сен білесің бе?» айдарымен интербелсенді тақтадан әр сабақтың тақырыбына байланысты бейнежазбаны көрсетіп отырдым.Оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты бейнежазбаны іздей отырып, кейде өзім білмейтін білімді де тауып, сол арқылы өз білімімнің дами түсуіне септігін тигіздім. Төменде сызбадан оқушылардың бойында қандай дағды қалыптасқанын байқауға болады.Осылайша мен өз сабақтарымда «Оқу мен оқытуда АКТ-ні пайдалану» модулін тиімді пайдаландым. Оқушылардың бейнежазбаны тыңдау, көру арқылы есте сақтау жадысы дамып,мұғалімнің қойған сұрақтары арқылы дұрыс шешімді іздеді.Сол арқылы олар топта бірлесе жұмыс жасап, өзара қойылған сұраққа жауап берді, дәлелдер келтірді, дұрыс жауаптарды талқылады, салыстырды.Сабақ жоспарлауда жаңа тақырыпты қорытындылау аса маңызды кезең.Сондықтан бұл кезеңге тиімді әдісті таңдап алу бұл маңызыд екенін білдім.Мен сабақты қорытындылауда «Коллаж жасау» әдісін қолдандым.Бұл әдіс оқушыларға жаңа білімді өздері танып білулеріне жол ашты және шығармашылық жұмыс істеуге машықтандырды.Әр сабағымда «Кім жылдам?» ойынының желісін пайдаланып, «Қалыптастырушы бағалау» парақшасын алып отырдым.Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушы сабақтың өң бойында нені білді, нені білуде қиналғанын есепке ала отырып, кері байланыс беріп, оқушына саналы білім алуға жетеледім.Егер мұғалім қалыптастырушы бағалауды дұрыс құрастырып, дәл уақытында алып отырса, оқушылар жиынтық бағалауларды жоғары деңгейде тапсыратынын байқадым.Оқушылар қалыптастырушы бағалаудағы сұрақтарға жауап бергенде олардың жазылым дағдысының қалыптасатынын байқадым. Сабақтарымның барысында оқушыларға сергіту жаттығуын жасатуды ұмытпадым.Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан өз сабақтарымда оқушыларымды ойын ойнап отырып ойлануына жетеледім.Сабақты пысықтап, бекіту мақсатында мен үшін жаңа «Балық қаңқасы» әдісін алдым. 2 сынып оқушыларына бұл әдіс қиындау болды. Бірақ ЖАДА арқылы мәселе тез шешімін тапты, оқушылар бір-бірін оқытуды үйренді.Сол арқылы сыныптағы төмен деңгейдегі оқушылардың өзі сабаққа ынталана қатысты.Бұл әдіс арқылы балықтың басына оқушының жас ерекшеліктерін ескеріп, мәселінің түйінді сұрағын құрастырдым.Мысалы:балықтың басы «түйінді мәселе»-Өсімдік әлемін қалай сақтаймыз?Ал балықтың ортасындағы сүйектердің жоғары бөлігіне оқушылар осы сұрақтың қиындықтарын жазды, төменгі сүйектерге қиындықтарды шешу жолдарын іздеп жазды.Балықтың соңғы сүйектеріне осы мәселеден не істесе шығатынын топта талқылап, шешімін дұрыс таба білді.Бұл әдіс арқылы мен сабағымды қорытындылап, оқушылардың білімдерін бекіттім.Осы «Балық қаңқасы» әдісі арқылы оқушылар ойланды, салыстырды, дәлелдеді, проблеманы анықтады, одан шығудың жолын іздеп тапты.Яғни оқушылар сыни тұрғыдан ойланды.Оқушылар зерттеушілік әңгімеге түсті.Сөйлеу дағдылары дамыды. Әр сабақта тапсырманы тез орындап, белсенділік танытқан балаларға (дарынды балаларға) «Жедел жауап» саралау тапсырмасы берілді.Бұл тапсырма оқушыларды тез әрі дұрыс ойланып, жауап беруге машықтандырды.Сабақтағы ең жауапты кезең оқушыларды қалай бағаладым? Сынып оқушыларын бағалауда «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс метафорасын қолдандым.Оқушылар бірі-бірі бағалады, отшашу, бағдаршам әдісі арқылы, топтарды бағалады,өзіне-өзі рефлексия берді, досына ауызша кері байланыс берді. Осылайша сыныптың барлық оқушысы бағаланды және оқушының өзін-өзі бағалауын дамыттым деп ойлаймын.Келешекте де өз сабақтарымның барлығында 7 модульді бір-бірімен ықпалдастырып өтуді жалғастырамын деп шешім қабылдадым.Осылайша «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» атты 1-ші деңгейлік курсымды аяқтадым.Осы қиындығы мен қызығы қатар болған курсымнан ұстаздық жолымда көп тәжірибе жинақтадым.Осындай көп тәжірибе мен білім жинап,санама өшпестей сіңдіре білген өзімнің тренерім,ұстаздардың ұстазы Алматы қаласында Педагогкалық шеберлік орталығының аға тренері Асима Дәулетбекқызының еңбегінің зор екенін және ұстазыма мың да бір алғысымды білдіремін.Қазақ атамыз «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы болады» деп бекер айтпағанын осы кезде бірақ түсіндім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!