Материалдар / Биология ғажайыптары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология ғажайыптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 7 сынып оқушыларға биологиялық кеш ұйымдастыру барысында қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қырқүйек 2019
1138
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Биология ғажайыптары» атты тақырыптағы сыныптан тыс шараның мақсаты: оқушылардың биология пәніне қызығушылығын арттыру, табиғат ғажайыптарымен таныстыру және білімдерін толықтыру. Биология пәні бойынша өтілген тақырыптарға қайталау жүргізе отырып, оқушылардың білімін тексеру, қабілетін дамыту басты міндет болды. Шара сайыс түрінде өткізілді. Табиғат ғажайыптарын бейнелейтін көрнекіліктер, коллекциялар, кестелер қолданылды. Сыныптан тыс шара жүргізушінің сөзімен басталды.

Ақыл - тон, аңдағанға тозбайтұғын,

Білім – кен, қанша болса азбайтұғын

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскер топтар таныстырылды.

І - топ – «Білгірлер» тобы

ІІ - топ – «Тапқырлар» тобы

ІІІ - топ – «Алғырлар» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін қазылар алқасы таныстырылды.

«Биология ғажайыптары» сыныптан тыс шарасы «Бұзылған телефон» сергіту сәті арқылы жүзеге асырылды. Бұл әдісте жүргізуші бір сөзді бір оқушыға сыбырлап айтады, оқушы сол сөзді келесі оқушыға, осылай бір – біріне сыбырлау арқылы соңғы оқушыға жеткізеді. Ең соңғы оқушы өзіне жеткен сөзді айтады, егер сөз дұрыс жеткізілсе әдістің мақсатына жеткендігін білдіреді, жетпесе қателескен оқушы өз өнерін көрсетеді. Сергіту сәтінен кейін сайыс бөлімдері таныстырылды.

1 – кезең - «Ойлан тап»

2 – кезең - «Сәйкесін тап»

3 – кезең - «Білгір биологтар»

4 – кезең - «Көшбасшылар сайысы».

Тапқыр, білгір, дарынды,

Жарыс бар бүгін арынды

Биология пәнін сүйсең сен,

Ортаға сал барыңды – деп сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.

1 – кезең - «Ойлан тап» кезеңінде үш топқа ортақ 5 сұрақ беріледі, жылдам жауап берілген әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан берілді.

Топқа қойылған сұрақтар:

1

2

3

4

5


2 – кезең - «Сәйкесін тап»



ІІІ. Ойлан тап «?»

І топ

  • Әртүрлі типке жататын жасушалардан тұратын өткізгіш ұлпа – флоэма және ксилема

  • Құстардың зәр шығару мүшесі (бүйрек)

  • Пластидтер неше топқа бөлінеді және оларды атандар? (3, лейкопластар, хлоропластар, хромопластар)

  • Фотосинтез – күн сәулесінің қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі.

  • Камбий – түзуші ұлпа, жасушалардың бөлінуінен сабақтың барлық ұлпалары түзіледі.

ІІ топ

  • Өсімдіктегі фотосинтездеуші және қор жинаушы ұлпалар құрайды ( негізгі ұлпа)

  • Алғаш тұйық қан айналым жүйесі пайда болды(шұбалшаң)

  • Бунақденелілерді зерттейтін ғылым (энтомология)

  • Гуттация – организмдегі артық суды өсімдіктердің жапырақтары арқылы шығаруы

  • Жапырақтың кеңейген бөлігі ( жапырақ тақтасы)


ІІІ топ

  • Су мен минералды заттарды сабақ бойымен жапыраққа жылжытатын күш (тамыр қысымы)

  • Құрлықта тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу мүшесі ( өкпе және демтүтік (трахея)

  • Балықтарды зерттейтін ғылым (ихтиология)

  • Фотопериодизм – жарықтың тәуліктік ырғағына организмнің реакциясы

  • Популяция – бір түрге жататын, бір ареалда өмір сүретін, еркін будандаса алатын, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.


II. Полиглот «Тіл өнері». Берілген сөздердің орыс, ағылшын тілдеріндегі нұсқасын айтуы тиіс. Әр сөзге 5 ұпайдан беріледі.

I топ.

    1. Өсімдік – растение – plants

    2. Ми – мозг - brain

    3. Фотосинтез – фотосинтез - photosynthesis

ІІ топ.

  1. Жапырақ – листья – leaves

  2. Қан – кровь – blood

  3. Жарықкезеңділік – фотопериодизм - Photoperiodism

ІІІ топ

  1. Жануар – животное – animals

  2. Тамыр – корень - root

  3. Популяция – популяция - population



III кезең. Білгір биологтар. Бұл кезеңде топтар берілген 3 конвертті таңдап алады. Әр конверт ішінде сурет қиындылары болады. Сол берілген тақырып бойынша сурет қиындыларын сәйкес кестеге жабыстырулары керек. Әр кестеге 10 баллдан беріледі.

І топ. Омыртқалылар мен омыртқасыздар.

ІІ топ. Біржасушалылар мен көпжасушалылар.

ІІІ топ. Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер.

IV кезең. Көшбасшылар сайысы. Бұл сайысқа топ көшбасшылары қатысады, Әр топ басшысы слайдта көрсетілген жұлдызшаларды таңдау арқылы биологиялық логикалық сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап – 10 балл.

І топ. 1963 жылы шыққан Қызыл Кітаптың беттерінің түсі қызыл, сары, ақ, жасыл болуы нені білдіреді?

Кітаптың қызыл түсі – жойылып бара жатырған түрлерді;

Сары түсі – саны азайған немесе жойылу қаупі бар түрлерді;

Ақ түсі – сирек кездесетін түрлерді;

Жасыл түсі – қалпына келген түрлерді білдіреді.

ІІ топ. Адам өсімдіктің фотопериодизмін қалай басқара алады?

Жасанды жарық түсіру арқылы күн ұзақтығын арттырып, жылыжайда жыл бойы көкөніс және сәндік өсімдіктерден мол өнім алуға болады.

ІІІ топ. Жалманның дыбыс шығаруы шегірткенің шырылдауына ұқсас болу себебі?

Жалманның жақсы көретін қорегі – жасыл шегіртке мен көкқасқа шегіртке, бұндай дыбыс шығаруы қорегін аулауға көмектеседі.

IX. Қорытынды. Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы әр топтың ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтайды. Сайысқа қатысушыларға және көрермендерге алғысымызды білдіреміз!Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!