Материалдар / биология пәні бойынша рефлексиялық С есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

биология пәні бойынша рефлексиялық С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәні бойынша рефлексиялық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
1420
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Чуйкебаева Әсел Ғазизқызы мұғалім портфолиосы С есебі

2 топ 3 - деңгей

Алматы облысы 05.11.2015 ж


Оқыту мен оқуда өзгерістер енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексиялық есеп

Өздігінен білім алатын, өз ойын толық жеткізе алатын, жан-жақты ізденетін тұлға тәрбиелеу – мұғалімдердің қолында. Сол себепті де, осы курстан алған білімімді одан әрі жалғастырып, өзімнің педагогикалық шеберлігімді дамытқым келеді. Шульманның «үш көмекшісі» деп аталатын мұғалімде бас - ол кәсіби түсінік –теориялық білімі негізделген және оны іс-тәжірибемде қолдана алатын, қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары, іс-тәжірибемде жаңа әдістерді тиімді, орайластырып қолданатын, жүрек ол кәсіби - өнегелік тұтастық ұстаз мамандығының құндылығын ұстанатын тұлға болуы тиіс.(Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6 бет ) Мұғалімде осы үш қасиет болған уақытта ғана ол көп жетістікке жетеді деп өз ойымды, дәлелдерімді нақтылай аламын.Мұғалімнің еңбегі бағбанның еңбегімен сәйкес келеді, өйткені бағбан әртүрлі өсімдіктерді күтіп, сол өсімдік пісіп жетілгенше баптайды. Әр өсімдіктің өсіп жетілу ерекшеліктеріне қарай кейбір өсімдіктер күннің сәулесін, кейбірі - салқын самал көлеңкені, кейбіреуі ылғалды топырақты, ал кейбірі тау шыңын, кейбір өсімдіктер шөл дала болмаса өспейді. Әрқайсысы өзіне тиімді күтімді қажет етеді, ал олай болмаған жағдайда нәтижесі қанағаттандырылмайды. Олай болса, педагог атты мәртебемізді құрмет тұта отырып, әрбір ізденісімізді, әрбір қимылымызды тек балаға, баланың дұрыс жолда дамуына, болашағына арнасақ қана, оқытып отырған шәкірттеріміз де сол білімді жоғары дәрежеде көрсете алары сөзсіз. Баланы мектеп табалдырығын алғаш аттаған уақыттан бастап шығармашылық ойлауға, өз бетімен шешім қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру - бүгінгі күннің басты талабы. 1-бетпе-бет теориялық кезеңінде жаңа форматта білім беру бағдарламасының жеті модулі аясында оқыту мен оқу туралы ғылыми және тәжірибелік білімдермен танысып, әрі мұғалім, әрі тыңдаушы ретінде осыған дейінгі өз тәжірибемізге және білімді меңгеру үдерісіне сыни тұрғыдан талдау жасап, әріптестеріммен бірлесе талқылай отырып, жаңа бағдарлама бойынша білім беру тиімді болатынын түсіндік.Оқытудың оқушыға жайлы жағымды ахуалда жүргізілуі оқушының өз пікірін еркін жеткізе білу нәтижеліктің кепілі екендігіне көз жеткізіп заман талабына сай құзыретті тұлға қалыптастырудың әдістемесін меңгере бастадым.Үшінші деңгей бағдарламасының 1-бетпе-бет кезінде алған білімімді іс-тәжірибеде қолдану мақсатында мектепке бардым.Мектеп директорымен, әкімшілік мүшелерімен кездесу барысында оқып келген бағдарлама туралы ой бөлістім.

Picture 2

1-сурет. Мектеп директорымен кездесу


Дәстүрлі оқыту мен сындарлы оқытудың айырмашылығын сипаттап салыстырып талдадым.Ол мына төмендегі кесте бойынша жүзеге асырылды:


Оқу жүйелері

Дәстүрлі білім беру (білімді жинақтауға негізделеді)

Негізгі мазмұны

Оқыту, үйрету, білім беру

Негізгі мақсаты

Адамдардың күнделікті болмысқа бейімделуі, «біліктілік» тұжырымы бойынша білім, білік, дағды беру;

Субъект

Мұғалім

Объект

Оқушы

Оқытушы рөлі

Білім көзі, белсенді үйретуші, біліммен «бос ыдыстарды» толтырушы, оқушылардан анағұрлым көп білуші, «солист», «асаба»

Оқушы рөлі

Ырықсыз, бәсеңді, айтқанды орындаушы, қайталаушы, тыңдаушы

Мұғалім әрекеттері

-Мәлімет пен ақпарат береді;

-Тапсырмалар береді;

-Оқушылардың білімін тексереді;

Оқушы әрекеті

-Бастамашылық пен ынтаны көрсетпейді;

-Сабақта енжарлық танытады;

-Бәсеңділік пен ырықсыздыққа беріліп, қорытынды нәтижеге деген қызығушылығы жоқ

Әдістемелік тәсілдер

Монолог, ұрандар, жасандылық, «диктат» (мәдени жаншу), білім дайын күйде беріледі, шығармашылыққа жол берілмейді

Сындарлы оқу (білімді өздігімен игеруге негізделеді)

Оқу, үйрену, білім алу

Күнделікті болмысты адам мұқтаждарына сәйкес түбегейлі өзгерту, «құзырлылық» тұжырымы бойынша құзырлардың қалыптасуына тиімді орта мен жағдай жасау;

Оқушы мен мұғалім

Бүкіл әлем, бүкіл өмір, (Өмір сүру, еңбек жасау, қарым-қатынас, жаңа нәрсеге үйрену)

Таным процесі мен үйренуді ұйымдастырушы, жүргізуші, бағыт-бағдар сілтеуші, өзі түсінетін және талдайтын болмысты құрастырушы

Белсенді, өз біліміне деген жауапкершілікті түсінуші, білімді өздігімен игеруші, өз қажеттіліктерін айқындаушы

-Өзіндік әрекеттер мен көзқарас қалыптастыру мен дамыту;

-ақпаратты өздігімен игеру: талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құру;

-проблеманы айқындап, оны шешу жолдарын қарастыра білу;

-өз сөзіне иландыра білу;

Білімді өздігімен игереді: олар білімді өзіндік түсінік, ойлар, идеялар, көзқарас беп түсінеді;

-Өз біліміне деген жауапкершілік жоғары: оларға еш қысым жасаудың қажеті жоқ;

-Бастамашыл, белсенді;

Диалог, еркіндік, өзінділік, қысымнан арылу, сыни көзқарас пен шығармашылық белсенділікке негізделеді;

(А.Әлімов 2013)

Тәлімгерім биология пәнінің мұғалімі Ашимова Айман апаймен бірлесіп, мектептегі тәжірибе кезеңін жоспарлай келе, 8 – сыныпта тізбектелген төрт сабағымды өткізуге шешім қабылдадым

Picture 1

Тәлімгермен кездесу


Бұл сыныпқа өзім жетекшілік етуіме байланысты, маған сабақ өткізу барысында оқушыларды бақылауда қиындықтар туындаған жоқ. Орта мерзімді жоспар бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын өткіздім. Алғашқы сабақтың тақырыбы: «Адам ағзасындағы негізгі ұлпалар». Осы тақырып бойынша сабаққа нақты мақсат қойдым. «Ағзадағы негізгі ұлпалар туралы түсінік қалыптастыру». Сабағымда сын тұрғысынан ойлаудың түрлі стратегияларын пайдаландым. Әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер – оқытудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады (МАН,30 бет) дегенді басшылыққа алып жұмыс жүргіздім. Сабақ басында оқушыларды фигуралар (төртбұрыш,үшбұрыш,тіктөртбұрыш, дөңгелек) арқылы топқа бөліп алдым. Фигура бейнелерінің артында эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының атаулары жазылған. Жұмысты бастамас бұрын топ ережесін құрастырып, өздері жасаған ережеге бағынуға өзара келіскендері мені қуантты. Топтық атауларына байланысты тапсырмалар беруім, қолданған жигсо, инсерт әдісі, тест жұмысы, сұрақ-жауап, постермен жұмыс оқушыларға тиімділігі зор болғандай. Жигсо әдісі арқылы оқушылардың пәндік білімін жетілдіруге ықпал еттім, тек қана өздері түсініп қоймай, талдау, талқылау арқылы сыныптастарына түсіндіргені топтық жұмысқа үйренгендерін көрсетті. Постермен жұмыс жүргізу барысында оқушылар шығармашылыққа үйренді, тақырып мазмұны бойынша жұмыс жүргізді. Тест тапсырмасын орындау барысында білімдерін жинақтай отырып, өз деңгейлерін көрсете білгендерін байқадым. Уақыт интервалын сақтауға ұсыныс білдірдім. Сабағымда оқытудың жаңа тәсілдерін үнемі алмастырып, жүйелеп қолдандым, бұл тәсіл пәнді жетік меңгеруге мүмкіндік беретінін анықтадым. Бақылау нәтижесінде сабақтар барысында оқушыларымның өзгеріп қалғандарын байқадым. Мысалға, үнсіз оқушылардың сабаққа араласуы, топ бойынша бірлесе жұмыс жүргізулері, ортақ шешім қабылдай білулері мені қуантты. Бірінші сабақтан кейінгі балалардың осы сабақ жайлы пікірін білу үшін сауалнама ұсындым, оқушылар ойларын нақты жазыпты, мен жұмыс барысында кімнің неден қиналатынын түсінуге мүмкіндік алдым. Сабақта өз ойын анық жеткізе білді ме? оқу материалы ол үшін түсінікті болды ма? Сыныптағы өз орнын сезіне алды ма? сұрақтары аясында жұмыс жүргізуге тырыстым. Сауалнама нәтижесінде ойларын нақты, жүйелі жеткізе білуі үшін жағдай жасап, оқушылардың пікірін ескеруде маңызы зор болды

Picture 3

Сауалнама парағы

Бірінші сабақ қиындыққа толы болса, екінші сабақта біраз төселіп қалдық. Оқушылар алдыңғы сабақта топ ережелерін сақтауы мүмкін болмады, бірақ осы сабақта олардың сол ережеге бағынып қалғандарын байқадым. Топқа бөлінуде әлі де болса қиындықтар кездесті, себебі, оқушылар өздері қалаған досымен отыруды қалады, нақтылап түсіндіре келе оларда қалыптасты. Теория жүзінде үйренгенімізді тәжірибе жүзінде іске асыру оңай болмады, сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалауда, топтардың бірін-бірі бағалауында топ басшының бағалауын жүргізуде біраз қиындық жолыққандарын байқадым. Олардың критерий деген не екенін түсіне алмауы, достық көңілдерін қимай асыра бағалауы кедергі келтірді. Дегенмен, орындалған тапсырмадан кейін оқушылар екі жұлдыз;бір тілек, от шашу, смайликтер арқылы формативті бағалауға қалыптасты. Жас ерекшеліктерін ескермей тапсырмалардың алынуы, мүмкіндіктерінің шектеулігінен уақытты үнемдей алмауға себеп болды. Оқушыларға сабақ соңында кері байланыс жасауға дағдыландырдым, пікірлері мен ұсыныстарын ашық әрі нақты жаза білгендері сыни ойлау қабілеттерінің шыңдалғанын көрсетті.

Үшінші аптада нәтижеге қол жеткізе бастадық. Сабақтағы жоспарланған тапсырмаларды орындау барысында сынып оқушылары белсенділік танытты, бірақ, кейбір С деңгейлі оқушыларым енжарлық көрсетіп, сабаққа қатысу белсенділіктері төмен болып отырды. Бұл оқушыларды барынша алға жетелеуге тырыстым. Өздеріне тапсырмалар бойынша сұрақтар құрастыра білуге талпындырып, түрткі сұрақтарын қойып, топтық жұмыс кезінде олардың ойларының құнды екенін түсіндіру арқылы пікірлерін өзгертуге тырыстым. Нәтижеге жете алдым себебі, оқушыларым сұраққа жауап беру үшін ізденіп, талпынғандарын, постер жасау барысында сурет салуға, сызба жасауға ат салысуға қалыптастырдым.

Төртінші сабақта айтарлықтай өзгерістер байқалып,оқушылардың бойында жеке, жұппен, топпен жұмыс барысында Чиксентмихайдың «өзіндік мақсаты» мен Райан мен Декидің «ішкі уәж» деп аталатын қасиеттерінің қалыптасқанын байқадым. Топтағы пәнге қабілетті оқушылар тапсырманың барлық түрлерін орындағандары басқа топ мүшелеріне түрткі жасады. Өз топтарын ілгері тартып, барлық топ мүшесінің сабаққа қатысуын қадағалағандары олардың жауапкершіліктерін байқатты. Топтық жұмысты қорғауда кейбір оқушылардың пәндік тіл байлығы, сөздік қорлары аз екені байқалды. Сәтті жағы оқушылар осы тақырып аясында түсініктерінің бар екендігін, күнделікті өмірмен байланыстыра білетінін, ойын бүкпесіз жеткізе білуге дағдыланғандары мені қуантты. Оқу процесінде кері байланыс білім нәтижесін бақылаумен қатар оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру, оқушы өз білімінің дәрежесіне рефлексивті есеп беруі үшін де қажеттігін ескеріп, оқушыларды соған дағдыландырдым. Балалар бір-бірімен диалогқа түскен кезде қойылған сұрақтарға қысқа жауап беріп, ойларын толық жеткізе алмауы да байқалды. Сабақ кезінде алдын ала дайындалған сұрақтарды қоямыз, бірақ оқушылардың жауаптарына қарай жаңа сұрақтар пайда болады. Сараптай келе сұрақтардың төмен дәрежеде берілгендігін байқадым. Әрі қарай сыныпта пікір талас туындату мақсатында жоғарғы дәрежелі сұрақтарды қолдандым. Мысалы, Йодтың ағза үшін маңызына берер баға қандай? егер сұрақтар қойылды,бұл оқыту үдерісінің сапасын бірден көтереді екен. Жаңа бағдарлама бойынша формативтік бағалаудың бірі өзін-өзі бағалау. Сол себепті де оқушылар бүгінгі сабақта не білдім? сабаққа қалай қатыстым? - деп өзін-өзі бағалай білу керек. Өзін әділ бағалаған оқушы топтағы оқушыларға да әділ баға берері сөзсіз. Мен дәстүрлі сабақ кезінде сабақтың соңында жиынтық баға қойып, кімге, не үшін баға қойғанымды түсіндірмейтін едім, ал қазір осы курсқа арқылы бағалаудың жаңа технологияларымен таныстым. Бірақ формативті бағалауда оқушылардың өз -өздерін, бір-бірін дұрыс бағалай білуге әлі де болса үйретуім қажет түсіндім. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы, топтық бағалауы және өзін-өзі бағалауы - оқытуды бағалау болғандықтан, оқушылар әр тапсырмаға қандай баллды және оны қандай тапсырма үшін алып жатқандарын біліп отырады. Осы іс-әрекеттерді жасай отырып, оқушылардың ізденімпаздығы, пәнге деген қызығушылығы, еркін ойлауы, есте сақтау қабілеті, топтық жұмыстарға деген белсенділіктері, өздерін бағалауы, уақытпен санасу, әр оқушы өз ойын ашық айту қабілеттеріне дағдылана бастады. Формативті бағалауда критерийлерді оқушылармен бірге жасау, олардың оқуға деген ынтасы мен жауапкершілігін арттыратындығына толық сендім. Сын тұрғысынан ойлаудың оқу үдерісінде де оқушыларға да тигізер пайдасы мол екеніне аз уақыттың ішінде көзімді жеткіздім. Менің мақсатым сыныптағы үндемей отыратын оқушыларды әлі де сабаққа тарту. Ең бастысы өзімде, оқушыларымда сындарлы оқытуға деген көзқарасты қалыптастырып, аз уақыт ішінде осы модульдің тиімділігін түсініп, пайдалана алдым. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілді үйренгенім тиімді болды. Болашақта жіберілген кемшіліктерімді талдап, оқушылардың қызығушылықтарын арттыруда тапсырмаларды жүйелі таңдап, АКТ-ны кең көлемде қолданып, бағалау критерийлерін оқушылармен біріге отырып құрып, талдауға қалыптастырамын. Жалпы жеті модульдің сабақта ықпаладасуын айтар болсам: топпен, жұппен жұмыста тапсырмаларды орындауда диологқа түсе отырып, сыни тұрғыдан ойлауы дамыды. Ал АКТ- да ауысқан әріптерді орналастырып, оқушылар сабақтың мақсаты мен тақырыбын өздері ашып, сыни тұрғыдан ойлайнуға дағдыланды. Әр тапсырма орындалған сайын басбармақ, қол шапалақтау, жұптық, топтық бағалаулар, «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ынталандырып, оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырдым. Жалпы, аталған модульдерді басшылыққа ала отырып, оқыту барысында әр оқушы назарда болатынына менің көзім анық жетті. Оқушылар тиянақты болуға тырысып, тапсырмаларды жауапкершілікпен, ізденіспен орындады. Бұл сабақтан менің түйгенім оқушылардың ой еркіндігін жетілгендігі, іздену арқылы тапсырмаларды өз бетімен орындауы, оқу танымдық әрекеттерінің артуы, сондықтан менде осындай нәтижелі сабақтар өткізу үшін әдіс-тәсілдерді түрлендіріп қолданып, нәтижелі жұмыстар атқарамын деген мақсат қойдым. Себебі, аз ғана уақыттың ішіндегі жеткен жетістіктерім, менің бойыма сенімділік пен құлшыныс ұялатты, 7 модульге негізделген бағдарламаны болашақта бала тәрбиесі мен педагогикалық іс-тәжірибемде тиімді қолдансам, оқушыларымнан да жүйелі нәтиже көретініме сенімім мол. Мектептегі тәжірибе кезеңі мен үшін маңызды болды. Себебі, сабақтарымды түрлендіре отырып, сындарлыққа бағыттай алдым. Биология сабағында, яғни топтық жұмыста оқушыларым өзін еркін ұстады, сабақта өздерінің белсенділігін таныта бастады. Бірінші сабақтан бастап олар тапсырманы аса қызығушылықпен орындауға тырысты. Кейінгі сабақтарымда оқушылар толығымен тақырыпты өз беттерімен меңгере білді. Сондағы үлкен жетістік берілген тапсырмаларды қызыға отырып, ынталанып орындады. Топтық жұмыста оқушылар өз ойын еркін жеткізе алып, дәлелдеп отырды, сонымен қатар оқушыларға сұрақ қойып, жауапты талқылап өздерінің ой-пікірлерін айтты. Биология сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануым бүкіл сыныпты оқу мотивациясының өсуіне әсер етті. Жалпы оқушылар тапсырманы күштеу арқылы емес, керісінше бірлесіп жасағанды ұнатады. Мұғалімнің бастамасы барлық деңгейде іске асырылуы қажет. Сонда ғана мұғалімнің көшбасшылық деңгейі әр қырынан қалыптасады. Сабағымда мен бағыт-бағдар беремін, оқушы өз бетінше ізденеді, жұмыс жасайды. Сонда ғана сыныптағы топпен жұмыста көшбасшы оқушылар өздері анықталады, өйткені, олар қасындағы сыныптасына тапсырманы бөліп беріп, көмектесіп отырады. Мысалы, сыныптағы А. Б. А есімді оқушыларымның көшбасшылық қабілеттері анық байқалды. Себебі, олар топқа бөлу әдістерін де толық меңгере отырып, топтық жұмысты ұйымдастырып, тапсырмаларды топ мүшелеріне бөліп беріп, үлгермеушілерге көпіршелер тұрғызу арқылы көмектесіп, негізгі идеяларымен бөлісіп отырды.

Жалпы осы жаңа әдіс-тәсілдерді сабағымда қолдану менің оқушыларымның үлкен жетістіктерге жетуіне ықпал етті. Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. (МАН, 46 бет) «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, балалар кеңесе отырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарумен бірге, сыныпта достық қарым-қатынас та арта түсті. Оқушыларымды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін өзімде үнемі ізденіс жолында бағдарламаның тың идеяларын пайдалана отырып, әр бастамамды сыни ойлауға бағыттаймын. Сол жолда мұғалімнің қажырлы еңбегінің маңызы зор. Оқушыға ерінбей, жалықпай білім нәрін егетін болсақ, еңбегіміз жемісті болмақ.Сонда ғана Қазақстанның болашағы нұрлы болып,біз өмірде өз орнын таба алатын, еліне адал еңбек ететін, елжанды,белсенді ұрпақ тәрбиелеп шығамыз. «Әлем өзгерсе, біз де өзгереміз!» Әлемде қандай өзгеріс болып жатса да, соған әрқашан да әзір болуымыз керек деп ойлаймын. Қиыншылықсыз еш нәрсе өнімді болмайтынына көзім жетті. Тәжірибеден кейінгі өзгерген оқушыларды көру маған бір үлкен бақыт болды. Себебі, тек қана оқушылар өзгерген жоқ, олардың іс-әрекетінен, жеткен жетістіктерімнен өзімнің де өзгергенімді байқадым.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!