Материалдар / Биология пәнінен 8-сынып бойынша зертханалық жұмыстарды қалыптастырушы бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінен 8-сынып бойынша зертханалық жұмыстарды қалыптастырушы бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні бойынша 8-сыныптың зертханалық жұмыстарын өз бетімен бағалау үшін дескриптор құрастырылған.Ұстаздар және оқушылар үшін де жұмысты қорытындылауға өте тиімді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2020
29844
20 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Сиранов атындағы орта мектеп.














Биология пәнінен 8-сынып бойынша

зертханалық жұмыстарды

қалыптастырушы бағалау



Пән мұғалімі:

жоғары санатты биология пәні мұғалімі:

Сарсенгалиева Гулжахан Мухимовна





















2020жыл.






1 зертханалық жұмыс.

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты:дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап,өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар:микроскоп,өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1.Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын қараңдар.

2.Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аударыңдар:

1)Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?

2)Жасушалар тығыз орналасқан ба,әлде бос орналасқан ба?Жасушааралық қуыстары ірі ме,әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?

3)Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?

4)Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса,түсі қандай?

5)Көрген ұлпалардың суретін салыңдар.Олардың атауларын жазыңдар.

6)Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.

Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

Сипаттамасы

(белгісі)

Өсімдік ұлпаларының типтері

жабын

түзуші

негізгі

тірек

өткізгіш

бөлуші

Орналасқан жері







Ұлпа тип тармағы







Жасуша пішіні







Жасуша типтері







Жасушалар қалай орналасқан?







Вакуолінің болуы







Ерекшеліктері








Қорытынды.Ұлпалардың құрылысы мен қызметінің өзара байланысты екенін өсімдік ұлпасының кез келген типінің мысалында дәлелдеп,

қорытынды жасаңдар.


Дескриптор Білім алушы(білу,түсіну)


- микраскоп арқылы өсімдік ұлпалардың типтерін

анықтайды;

- өсімдік ұлпаларының ерекшеліктерін ажырата алады;

- ұлпадағы жасушалардың пішіні мен орналасу тәртібін

анықтай алады;

- қандай ұлпада вакуольдің болатындығын анықтайды;

- ұлпалардың құрылысы мен қызметін талдап,қорытынды

жасайды;



2 зертханалық жұмыс.

Жануарлардың ұлпаларын жіктеу


Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, ұлпалардың құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар:микроскоп,жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1.Жабын,дәнекер,бұлшық ет,жүйке ұлпаларының микропрепараттарын қараңдар.Олардың құрылысындағы ұқсастықтары мен айырмашлылықтары туралы қорытынды жасаңдар.

2.Бар болса,осы ұлпалардың негізгі және қосымша жасушаларын табыңдар.

3.Жабын және жүйке ұлпаларының жасушалары қалай бір-біріне жанасып жатады?

4.Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырыңдар.Осы ұлпалардың ағзадағы орнын анықтаңдар.

5.Қарастырған ұлпалардың суреттерін салыңдар,олардың атауларын жазыңдар.

6.Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

Сипаттамасы

(белгісі)

Жануар ұлпаларының типтері

эпителий

бұлшық ет

жүйке

дәнекер

Орналасқан жері





Ұлпа тип тармағы





Жасуша пішіні





Негізгі және қосымша ұлпалар





Жасушалар қалай орналасқан?





Жасуша бояуының ерекшеліктері





Қорытынды:Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.Дәптерге «ұлпа» түсінігіне анықтама жазыңдар.

Дескриптор Білім алушы(талдау)


- микраскоп арқылыжануар ұлпалардың типтерін

анықтайды;

- ұлпадағы жасушалардың пішіні мен орналасу тәртібін

анықтай алады;

- негізгі және қосымша ұлпалардың айырмашылығын

анықтайды;

- ұлпалардың құрылысы мен қызметін талдап,қорытынды

жасайды


3 зертханалық жұмыс.

Өсімдікбөлімдерінің:балдырлар,мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер

ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау.


Жұмыс мақсаты:өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар:мүктәрізділер,қырықжапырақтәрізділер,ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе-өсімдіктері мен суреттері.


Жұмыс барысы


1.Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін қараңдар.

2.Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтаңдар.

3.Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аударыңдар.

4.Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.

Белгі

мүктәріздестер

Қырықжапырақ

тәріздестер

Ашық

тұқымдылар

Жабық

тұқымдылар

Тамыр

(ерекшелігі)









Сабағы

(ерекшелігі)









Жапырағы

(ерекшелігі)









Споронгий

(болуы)





Тұқымы

(ерекшелігі)









Жемісі

(ерекшелігі)









Гүлі

(ерекшелігі)










Қорытынды:күрделену-эволюция барысында өсімдік бөлімдерінің жетілу үдерісін дәлелдеңдер.

Дескриптор Білім алушы (қолдану)

- кеппешөп арқылы өсімдік мүшелерін анықтайды;

- өсімдіктің әрбір бөлімдерінің сыртқы құрылысына

қарап ерекшеліктерін ажырата алады;

- әрбір мүшелердің орналасу тәртібін анықтай алады;

- эволюция барысында өсімдік мүшелерінің күрделенуін

талдап,қорытынды жасайды;


4зертханалық жұмыс

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер

кластарының белгілерін зерттеу

Жұмыс мақсаты:нақты өсімдіктің қандай класқа жататынын анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар:даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер өкілдерінің ірі тұқымдар жиынтығы мен кеппеөсімдік материалдары.

Жұмыс барысы

1.Берілген өсімдіктердің тұқымдарына қараңдар,ола

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!