Материалдар / БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2024
386
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН 8-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР.


1 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Өсімдіктердің ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, өсімдік ұлпаларының құрылысымен танысу. (Жеке ұлпалардың айырмашылығына назар аударыңдар).

Құрал-жабдықтар: микроскоп, өсімдік жасушалары мен ұлпаларының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Өсімдіктің 6 түрлі ұлпасының әрқайсысының құрылысын қараңдар.

2. Ұлпалардың әртүрлі типтерінің құрылысының мынадай қырына назар аударыңдар:

1) Жасушалар бір типті ме? Олардың пішіндері қандай?

2) Жасушалар тығыз орналасқан ба, әлде бос орналасқан ба?

Жасушааралық қуыстары ірі ме, әлде жасушалар бір-біріне тығыз орналасқан ба?

3) Вакуольдің құрылысы қандай? Олар көріне ме?

4) Пластидтері көріне ме? Егер көрінетін болса, түсі қандай?

5) Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Олардың атауларын жазыңдар.

6) Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер. Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.


Сипаттамасы

(белгісі)


Өсімдік ұлпаларының типтері


Жабын

Түзуші

Негізгі

Тірек

Өткізгіш

Бөлуші

Орналасқан жері








Ұлпа тип тармағы








Жасуша пішіні








Жасуша типтері








Жасушалар қалай

орналасқан?








Вакуолінің болуы








Ерекшеліктері









Қорытынды. Ұлпалардың құрылысы мен қызметінің өзара байланысты екенін өсімдік ұлпасының кез келген типінің мысалында дәлелдеп, қорытынды жасаңдар.




2 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Жануарлардың ұлпаларын жіктеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қарап, ұлпалардың құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, жануар ұлпасының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Жабын, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпаларының микропрепараттарын қараңдар. Олардың құрылысындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңдар.

2. Бар болса, осы ұлпалардың негізгі және қосымша жасушаларын табыңдар.

3. Жабын және жүйке ұлпаларының жасушалары қалай бір-біріне жанасып жатады?

4. Микропрепараттарды оқулықтағы суреттермен салыстырыңдар.

Осы ұлпалардың ағзадағы орнын анықтаңдар.

5. Қарастырған ұлпалардың суреттерін салыңдар, олардың

атауларын жазыңдар.

6. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер.

Кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.


Сипаттамасы (белгісі)

Жануар ұлпаларының типтері

Эпителий

Бұлшық ет

Жүйке

Дәнекер

Орналасқан жері





Ұлпа тип тармағы





Жасуша пішіні





Негізгі және қосымша ұлпалар





Жасушалар қалай орналасқан?





Жасуша бояуының ерекшеліктері






Қорытынды. Ұлпалардың әрбір типінің ерекшелігіне сипаттама беріңдер. Дәптерге «ұлпа» түсінігіне анықтама жазыңдар.


3 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Өсімдік бөлімдерінің: балдырлар, мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың ерекше белгілерін анықтау

Жұмыс мақсаты: өсімдіктердің негізгі топтарының құрылысының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабықтұқымдылардың кеппе-өсімдіктері мен суреттері.

Жұмыс барысы

1. Ұсынылған өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің кеппеөсімдігін (және иллюстрацияларын) қараңдар.

2. Өсімдіктердің әрбір бөлімдерінің мүшелерін анықтаңдар.

3. Қарастырылып отырған мүшелердің құрылысының ерекшелігіне назар аударыңдар.

4. Жасаған бақылау негізінде кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.


Белгісі

(мүшесі)

Мүктәрізділер

Қырықжапырақтәрізділер

Ашық-

тұқымдылар

Жабықтұқымдылар

Тамыры

(ерекшелігі)









Сабағы

(ерекшелігі)









Жапырағы

(ерекшелігі)









Спорангий

(болуы)





Тұқымы

(ерекшелігі)









Жемісі

(ерекшелігі)









Гүлі

(ерекшелігі)










Қорытынды: күрделену – эволюция барысында өсімдік бөлімдерінің жетілу үдерісін дәлелдеңдер.

4 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер

кластарының белгілерін зерттеу

Жұмыс мақсаты: нақты өсімдіктің қандай класқа жататынын анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер өкілдерінің ірі тұқымдарының

жиынтығы мен кеппеөсімдік материалдары.

Жұмыс барысы

1. Берілген өсімдіктердің тұқымдарын қараңдар, олардың қабығын алып тастаңдар. Оларды екі жарты бөлікке бөлуге бола ма? Анықтаңдар.

2. Берілген өсімдіктердің әрқайсысының кеппеөсімдігін қараңдар.

3. Жапырақ, тамыр жүйесінің типі, жүйкелену типі сияқты құрылысын анықтаңдар.

4. Гүлдерінің құрылысына қараңдар. Гүл бөліктерін санаңдар. Тостаған жапырақшалары бар ма?

5. Жасаған бақылаулар негізінде өсімдіктердің гүлді өсімдіктердің

белгілі бір класқа жататыны туралы қорытынды жасаңдар.

6. Гүлді өсімдіктердің екі класының негізгі айырмашылықтарын белгілеп, кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.


Даражарнақтылар

класы

Белгісі

Қосжарнақтылар

класы


Тұқымдағы тұқым жарнағының саны



Тамыр жүйесінің типтері



Жапырақтарының жүйкелену типтері



Жапырақтарының типтері



Тостаған жапырақшаларының болуы



Гүл бөліктерінің еселенуі



Камбий және сүрегінің болуы



Тіршілік формалары



Қорытынды: қарастырған өсімдіктердің кластарын дұрыс анықтағандарыңды дәлелдеңдер.



5 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Жұмыс мақсаты: азық-түлік құрамындағы С дәруменін анықтаудың қарапайым әдістерін меңгеру.

Құрал-жабдықтар: қара қарақат, лимон, алма, ашыған қырыққабат, апельсин, картоп шырыны, дистилденген су, крахмал суспензиясы немесе коллоид1, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.

Жұмыс барысы

1. Әртүрлі сынауыққа 20 мл-ден шырын құйыңдар.

2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл-ден құямыз. Сосын сынауықтағы қоспаны араластырамыз.

3. Йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз. Енді осындай йодтың 1 мл-іне 0,875 мг С дәрумені сәйкес келеді.

4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауықтарға тамшылатып (титрлеу) дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар. Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап алыңдар.

5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йодтың С дәруменін тотықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел. Әр сынауыққа неше миллилитр йод жұмсалғанын жазыңдар.

6. Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасаңдар.

7. Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырыңдар. С дәруменінің мөлшерін шамамен есептеп, көрсетуге болады.


6 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Түрлі ағзалар қанының формалы элементтерін зерттеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы әртүрлі ағзалар қанының формалы элементтерінің құрылысының ерекшеліктерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, адам, бақа, құс, лама немесе түйе, қоян қанының дайын микропрепараттары; егер дайын микропрепараттар болмаса, олардың кез келген тасымалдаушыдағы (электрондық,полиграфиялық) суреттері.

Жұмыс барысы

1. Дайын микропрепараттарды микроскоп арқылы қараңдар. Микропрепараттардан қанның барлық жасушалары көріне ме?

2. Егер дайын микропрепараттар болмаса, әртүрлі ағзалардың қанының жасушаларының суреттерін қараңдар. Мынадай тапсырма сұрақтарына жауап беріңдер.



Қан жасушаларын қарап, олардың пішіндері мен түстерін анықтаңдар. Жалпы қандай жасушалар көп?

Бір-біріне қатысты жасуша өлшемдері қандай? Оқулықтағы сипаттамасымен салыстырыңдар.

Эритроциттерді қараңдар. Қандай ағза эритроциттерінде ядро болады?

Әртүрлі ағзалардың лейкоциттерін қараңдар. Айырмашылықтарын көрдіңдер ме?

Адам лейкоциттерінің әртүрлі типтерін ажырата алдыңдар ма?

Зертханалық жұмыс қорытындысы ретінде қан жасушаларын:

1) пішіні,

2) мөлшері;

3) жасуша саны;

4) ядросы бойынша салыстырыңдар.











күні:________оқушының аты-жөні:____________________________________


7 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Денешынықтыру жаттығуларының жүрек жұмысына әсерін зерттеу

Жұмыс мақсаты: жүрек жиырылуының жиілігі мен дене жүктемесінің арасындағы өзара байланысты анықтау.

Құрал-жабдықтар: оқулық, секундомер немесе секундтық тілі бар сағат.

Жұмыс барысы

1. Тамыр соғуының теориялық негіздемесі және оны өлшеу әдістемесімен танысу.

Пульс (лат. пульсус – соғу, соққы) –жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуына байланысты

артерия қабырғасының ырғақтық тербелісі. Жүрек жиырылғанда қан жоғары қысыммен, күшпен ұлғаятын қолқаға айдалады. Қолқа қабырғасы тербеле бастайды.

Сосын тербеліс артерия қабырғасы бойынша тез таралады. Бұл тербеліс тамырдың соғуы деп аталады. Білезіктің іш жағына, мойынды екі жағынан, самайды саусақпен басып, тамырдың соғуын анықтауға болады. Тамырдың соғуы арқылы 1 минуттағы жүректің жиырылу санын анықтауға болады.

2. Отырып, өздеріңнен тамырдың соғуын табыңдар. 1 минуттағы жүректің жиырылу санын санаңдар.

3. Тұрыңдар және 1–2 минуттан кейін тұрған кездегі тамырдың соғуын есептеңдер.

4. 20 рет отырып, тұрыңдар. Сосын тамырдың соғуын санаңдар. Кестені дәптерге сызып алып, барлық алған деректеріңді жазыңдар.

53-сурет. Жүрек соғысын әдетте білек арқылы анықтайды.


1 минуттағы тамырдың соғу саны






Тыныш күйде

Отырған кезде:



Тұрған кезде:

20 рет отырып, тұрғаннан кейін











Қорытынды жасаңдар. Жүректің жиырылу санының неліктен өзгергенін түсіндіріңдер.











күні:________оқушының аты-жөні:____________________________________


8 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын зерттеу

Жұмыс мақсаты: өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау.

Құрал-жабдықтар: сұйық, ауа немесе электрондық спирометр.

Жұмыс барысы

1. Спирометр жұмысымен танысыңдар.

2. Отырып, барынша терең тыныс алыңдар. Спирометрге бүкіл деміңді шығарыңдар.

3. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді дәптерге жазыңдар.

4. Өз ӨТС көрсеткіштеріңді анықталған нормамен салыстырыңдар.

Өз өкпелеріңнің функциялық даму деңгейі туралы қорытынды жасаңдар.


9 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Сүйектің макро- және микроскопиялық құрылысы. «Сүйектің химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілетін тәжірибе

Жұмыс мақсаты: табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және макроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымының әртүрлі құрамбөліктерінің рөлдерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сүйек ұлпасының микропрепараттары, сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері, жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздендірілген сүйектері (мысалы, тауықтың); препараттық ванна немесе табақ.

Жұмыс барысы

1. Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

тығыз сүйек заты;

кемікті зат – оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар;

сүйекқапты табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?

сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;

қуысты – сары сүйек кемігін табыңдар;

зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар.

2. Сүйектің микроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

сүйек цилиндрлерінің пластиналары;

остеоциттер және олардың өсінділері;

остеондардың орталық қуысы.

3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерін көрнекі түрде зерттеңдер.

Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендірілген сүйек қандай қасиетке ие?

Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген сүйекті игенде не болады? Ол қандай қасиетке ие?

Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар.

Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.


Сүйек типтері

Созу

Ию

Құрамының

өзгеруі

Алынған

нәтиже

себептері

Қалыпты





Кальцийсіздендірілген





Күйдірілген






Сүйек элементтері мен сүйек ұлпасының, оның химиялық құрамбөліктері мен қасиеттерінің өзара байланысы туралы қорытынды жасаңдар.


10 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу

Жұмыс мақсаты: дайын микропрепараттар арқылы бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысымен танысу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип

тармақтарының дайын микропрепараттары.

Жұмыс барысы

1. Бұлшық ет ұлпасының әртүрлі тип тармақтары жасушаларының құрылысын қараңдар. Олардың пішіндерін анықтаңдар.

2. Олардан ядроны табыңдар (олар едәуір қара болып боялған). Ядро цитоплазмада мембранаға қатысты қалай орналасқан?

3. Бірыңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасының тип тармақтарында цитоплазмасының боялуы қалай ерекшеленеді?

4. Жүрек және қаңқа ұлпасы жасушаларының негізгі айырмашылықтарын табыңдар. Олардың жасушалары бір-біріне қалай бірігіп жатады?

5. Өздерің көрген жасушалардың суретін салыңдар. Оның негізгі бөліктерін көрсетіңдер.

6. Олардың құрылысында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Қорытынды жасаңдар. Кестені толтырыңдар.


Белгілері, ерекшеліктері

Бірыңғай

салалы

Көлденең жолақты

Қаңқа

Жүрек

Ядро саны




Ядроның орналасуы




Жасушалардың пішіні




Цитоплазманың боялуы




Жасушалардың өзара байланысуы




Ағзада орналасуы




Қызметінің ерекшеліктері






11 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Көру қабілетін зерттеу

Жұмыс мақсаты: көру өткірлігі мен көру өрісін анықтауды үйрену.

Құрал-жабдықтар: көру өткірлігін анықтауға арналған кесте, ұзындығы 5 м-лік рулетка, нұсқар (указка (лазер), сантиметрлік таспа.

Жұмыс барысы

1. Кестені жарық жақсы түсетін жерге іліп қою керек. Егер жарық жеткіліксіз болса, оған қосымша электр шамымен жарық түсіріңдер.

2. Зерттелетін оқушыны кестеден 5 м қашықтықта орындыққа отырғызу керек. Оған бір көзін алақанымен немесе қалқанмен жабуды сұраңыз.

3. Зерттелетін оқушыға әріпті нұсқармен көрсетіп, атауды сұраңыз. Жоғары қатардан бастап ең төменгі қатарға түсіңіз.

4. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді дұрыс атаса, демек, көру қабілеті қалыпты деп есептеледі.

5. Егер зерттелетін оқушы оныншы қатардағы әріптерді 5 м қашықтықтан ажырата алмаса, оған окулистке қаралу керек.

6. Көру өрісін анықтау үшін қолдарыңа картина алыңдар.

Жазбаша қорытынды жасаңдар. – Көру өрісі қалыпты ма?


12 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Есту ерекшеліктерін зерттеу (есту қабілетін анықтау)

Жұмыс мақсаты: есту қабілетін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сыбырлап сөйлеуді анықтауға арналған сөздер жазылған кесте, 7 м-ден кем емес рулетка.

Жұмыс барысы

Жұппен жұмыс істеу керек: алдымен бір оқушы зерттелуші, екіншісі зерттеуші рөлін атқарады. Сосын рөлдерін ауыстырады.

1. Толық тыныштықта 6,5–7 м арақашықтықта зерттелуші кестедегі сөзді сыбырлап айтады.

2. Зерттелуші кезек-кезек біресе оң, біресе сол құлағын жауып, зерттеушінің сөзін қайталайды. Зерттеуші сөздің дұрыс не қате айтылғанын жазып алады.

3. Егер айтушының сөзі қате болса, арақашықтық біртіндеп

5 м-ге дейін қысқартылады. Сыбырлап сөйлеуді зерттеуге арналған сөздер кестесіне мысал:


Жиілігі төмен сөздер Жиілігі жоғары сөздер

Бала Рига Вагон Саша Шұжық Басқа

Дәм Бөбек Мәре Жас Шұлық Босқа

Олжа Дін Өрік Шаш Тас Тіс

Үкі Қайрат Қалам Шай Құлық Шу

Мәре Ұн Өгіз Сіріңке Зат Шайға


Есту қабілетің туралы қорытында жаса. Қалыпты есту (жақсы есту) 6 м-ден алыс қашықтықта, ал нашар есту 5 м-ден аз қашықтықта сыбырлап сөйлеуді анықтауға байланысты екенін ескеріңдер.


13 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

соқыр дақты анықтау. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа

өткізгіштігін анықтау

Жұмыс мақсаты: торлы қабықтағы соқыр дақты табу. Түстерді алмастыра отырып, сүйек және ауа өткізгіштігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: соқыр дақты анықтауға арналған суреттер, түрлі түсті бояулар: қызғылт, қызғылт сары, сары, жасыл, көк және т.б., қылқалам, суы бар ыдыс. Тербеліс жиілігі 128 Гц (С128) және 2048 Гц (С2048) болатын екі камертон.

Жұмыс барысы

1. Соқыр дақты анықтау үшін сол көзіңді алақаныңмен жауып тұрып, қолдарыңа картина алыңдар. Қолсозым арақашықтықтан оң жақ көзіңмен қара түсті дөңгелекке қараңдар.

2. Ақырын суретті көзіңе жақындата отырып, екі геометриялық пішінді бір мезгілде көруге бола ма? Соны анықтаңдар.

3. Көзден қандай арақашықтықта бір бейне жоғалып кетеді? Бұл арақашықтықтың шамамен 15–25 см болуы мүмкін бе?

4. Оң жақ көзіңді жауып тұрып, сол көзіңмен де осы тәжірибені қайталап көріңдер. Бір бейненің жоғалып кететін арақашықтығы сәйкес келе ме?

5. Суреттегі бір бейненің көз алдынан жоғалып кететінін анықтайтын нақты білім саласы бола ма?

6. Шыны сынауықтың 2/3 бөлігін сумен толтырыңдар. Қылқаламмен, бояудың мөлшері бірдей болатындай етіп, сынауыққа азғана бояу салыңдар.

7. Таза сынауықтарға мынадай түсті бояуларды араластырыңдар: жасыл/көк (көкшіл); сары/қызыл; қызыл/көк; қызғылт сары/жасыл.

Сынауықтағы бастапқы зат қалатындай етіп алынған 3/1 бөлігіне дейін құйыңдар.

8. Оларды бастапқы түсімен салыстырыңдар. Нәтижесін сипаттап жазыңдар.

9. Камертон браншты алақанға (С128) немесе тізеге (С2048) бірдей күшпен соғу арқылы дірілдетеді. Камертон аяғын саусақпен жайлап ұстау керек екенін есте сақтау қажет (оның дірілдеуін тоқтатпау үшін).

10. Ауа өткізгіштігін анықтау үшін камертонды сыртқы есту түтігіне құлаққа тигізбейтіндей етіп жақындатады. Камертонның екі браншы да, сыртқы есту түтігінің тесігі де жалпы бір жазықтықта болуы керек.

*Есту мүшесінің бейімделмеуі және шаршамауы үшін әрбір 4-5 с сайын камертонды алыстатып, қайтадан құлаққа жақындату қажет.

11. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.

12. Сүйек өткізгіштігін зерттеу үшін камертон аяғын емізікше тәрізді өсіндіге (бас сүйекке, құлақтың астына) тақап қояды.

13. Зерттелуші камертон дыбысын қанша секундта естіген уақытты белгілеп алады. Мәліметтерді кестеге жазып қою керек.

14. Қорытынды жаса. Кестені дәптерге сызып алып толтыр.


Зерттелуші дыбысты еститін уақыт, секундпен

Ауа өткізгіштігі

Сүйек өткізгіштігі




14 з е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Терінің сезімталдығын зерттеу

Жұмыс мақсаты: терінің беткі жағында орналасқан тактильді және суықты қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігін анықтау.

Құрал-жабдықтар: басы доғал түйреуіш, 600С температурадағы су, мұз, сиясы түрлі түсті қалам.

Жұмыс барысы

1. Алақанның сыртқы бетінен және білек буынынан басы доғал түйреуішпен тактильді нүктелерді тауып, оны қызыл түсті сиямен белгілеп қойыңдар.

2. Осы жерлерден суытылған түйреуіштің басымен теріде орналасқан суықты қабылдайтын нүктелерді тауып, көк түсті сиямен қоршап қойыңдар.

3. Терінің 1 см2 ауданындағы тактильді және суықты қабылдайтын нүктелерді санаңдар. Терінің 1 см2 ауданында орта шамамен 25 тактильді, 12 суықты қабылдайтын нүктелер орналасады.

Тері анализаторының физиологиялық ерекшеліктері туралы қорытынды жасаңдар.








1 модельдеу.

Адам, сиыр және жауынқұрттың асқорыту жүйесінің

құрылысын салыстыру

10-параграфтың материалын оқып және 31, 32-суреттер бойынша жауынқұрт, адам және сиырдың асқазан жүйесін салыстырып кестені толтырыңдар.


Белгілері

Жауынқұрт

Сиыр

Адам

1

Сілекей безінің болуы




2

Бауырдың болуы




3

Ұйқыбезінің болуы




4

Бірінші сілекей бездері болады




5

Аналь тесігінің болуы




6

Тістерінің болуы




7

Тістері күрек, ит, азу тістерге бөлінеді




8

Тістер үстіңгі және астыңғы жақсүйектерге

симметриялы орналасады




9

Алқымның болуы




10

Асқазаны бір бөлімді




11

Асқазаны көп бөлімді




12

Соқырішегі бар




13

Соқырішегі қысқа




14

Соқырішегі ұзын




15

Асқазан немесе тікішегінде симбиоздық бактериялардың болуы




16

Бактериялар қызметінің нәтижесін ағза пайдаланады




17

Бактериялар қызметінің нәтижесін бактериялардың

өздері пайдаланады






2 модельдеу.

Су және құрлық экожүйелерін салыстыру

54-параграфты оқып, су және құрлық экожүйелерін салыстырып, кестені толтырыңдар.

Белгілері

Экожүйелер

Құрлық

Су

1

Ағзалар – продуценттер – атап шығу:



2

Негізгі продуценттер өсімдіктер: жоғары және төменгі сатыдағы



3

Продуценттердің арасында өсімдік және цианобактериялардың болуы (көп болуы немесе аз болуы)



4

Продуценттердің арасында көпжасушалы

және біржасушалы өсімдіктер саны (биомассасы)



5

Продуценттерге қатысты бірінші реттік

консументтердің саны (биомассасы)



6

Жоғары реттік консументтерге қатысты

Бірінші реттік консументтердің

саны (биомассасы)



7

Энергиямен қамтамасыз ететін негізгі биосфералы үдеріс



8

Келесі қоректік деңгейге өтетін энергия %



9

Қоректік пирамида геометриялық фигура

түрінде берілген



10

Ерекшеліктерінің себебі неде?



11

Экожүйелердегі ең ірі мекендеуші*



12

Экожүйелердің ең ірі мекендеушісінің салмағы мен өлшемі*



13

Ең ірі мекендеуші* қай экологиялық топқа жатады?




*Оқушылар соңғы үш қатарды (11–13) толтыруға міндетті емес.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!