Материалдар / Биология пәнінен ашық сабақ жоспары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология пәнінен ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәнінен ашық сабақ жоспары. Жаңартылған білім беру жүйесіне сай, ашық сабақты ұтымды өткізуге арналған платформаларды қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруда тиімді әдіс - тәсілдер қолданылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Ақпан 2023
205
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық сабақ

Тақырыбы:Вирустар.Жасушасызқұрылымиелерівирустардыңқұрылысерекшеліктері.

Пән: Биология
Mақсаты: Вирустардың тіршіліктің жасушасыз формасы екендігін түсіндіру.
1. Білімділігі: Вирустар құрылысын, неге жасушасыз тіршілік формасы болып келетінін түсіндіру. Вирустар турадыратын аурулар туралы бейнежазбалар және қосымша ақпараттар арқылы ұғындыру.
2. Оқушының ойлау қабілеттерін шыңдау. Әртүрлі тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлау аясын кеңейту және сыни тұрғысынан ойлауға үйрету, өздеріне жауапты қарау, топтарының ой пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету. Топ алдында сөйлеп үйренуге тәрбиелеу. Оқушылардың аналитикалық ойлаудағы дыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, танымдықойлау, талдау, топтау,
«Барабан» әдісі, «Пазл» әдісі, «Plickers» бағдарламасы, баяндап беру,рефлексия «Ерін микрофон»,бағалау.
Ресурстар: суреттер, кітаптар, оқулық, проектор, интерактивтітақта, маркер, қимақағаздар, видео жазбалар.

1. Ұйымдастырукезеңі –
Психолгиялық дайындық.
«Барабан» әдісі. Барабанды айналдыру арқылы, өзіне түскен сөзді байланыстырып,сабаққа көңіл-күй сыйлау.

Топқа бөлу: генератор программасы арқылы бөлу.Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

1.Антибиотик

2.Антисептик

3.Дезинфекция

4.Вакцина

https://castlots.org/peremeshat-spisok-online/20220511204042691



Сабақтың жоспарымен таныстыру.Сабақтың басты мақсаты-білім шыңына жету


2. Үй жұмысын тексеру:
«Пазлдар» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу.https://learningapps.org/display?v=pkpgw6g5j22

Бактериялық ауруларды олардың жұғу жолдарымен сәйкестендіріңіз.

Picture 2

Бактериялық аурулар

Жұғу жолдары

1.Баспа (ангина)

А.Жуылмаған көкөніс, лас су

2.Тырысқақ

Б.Ауа - тамшылы, ауру адамның заты .

3.Бруцеллез

С.Жарақат арқылы организмге топырақта тіршілік ететін бактерияның түсуі

4.Сіреспе

Д. Ауру жануардың сүті,еті


3. Ой шақыру
Пазлды құрастыру арқылы жаңа тақырыпты анықтайды
Оқушылар пазлды дұрыс құрастырып, шыққан суретке қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбын табады.

4. Жаңа тақырып.

Вирус (лат. vīrus - «у») – тірі ағзалардың ішіндегі жасушасыз тіршілік.

Зерттеу тарихы.

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан.

Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған.

Нәтижесінде Д. И. Ивановский аурудың қоздырғыштарын «бактериялық емес қоздырғыштар» немесе «сүзілген» бактериялар деп атады. Кейіннен бұл бөлшектер вирустар деп аталды.

5.Топтық жұмыс тапсырмалары:

1) Вирустар құрылысы

2) Вирустардың тіршілік кезеңдері

3) Вирустардың классификациясы

4) Вирусологияның маңызы

Әр топқа тақырып бойынша қосымша материал, мәліметтер беріледі. Әр топтан Спикер топтық жұмысты қорғайды.

6. Бекіту тапсырмасы «Plickers» бағдарламасы арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты тест тапсырмаларын орындайды. Әр оқушыға өзінің коды бар қағаз беріледі. Сол қағазды көтеру арқылы тест сұрақтарына жауап береді және жауаптары бірден программа арқылы интерактивті тақтадабағаланып отырады.
Тест :

  1. Ие жасушасын танып, оған жабысып, нуклин қышқылын жасушаға енуіне мүмкінді береді.


А) Гликопротеин

В) Нуклеин қышқылы

С) Капсид

Д) Қабық

2) Вирустарды ашқан ғалым

А) Линней

В) Левенгук

С) Ивановский

Д) Павлов

3)Бауырдың зақымдалуын тудыратын ауру

А) Тұмау

В) АИВ

С) Қызылша

Д) В гепатиті

4)Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті

А) Тітіркену

В) Иммунитет

С) Дезинфекция

Д) Антибиотик


7. Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен микрофон арқылы бөліседі:

1.Бүгінгі сабақтан алған әсерің

2.Сабақ ұнады ма және несімен?

3.Болашақта қандай болу керексің?


Қалыптастырушы бағалау.Топтық бағалау:

Shape1 -фигурасы өте жақсы жауап үшін;

Shape2 -фигурасы жақсы,толықтырулар қажет ететін жауап;

Shape3 - қанағаттандырарлық жауап үшін беріледі.


БМ «Авиценна»ЖМК
Биология пәнінің мұғалімі: Мұқашева Жәйна Назымқанқызы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!