Биология пәнінен есептер шығару 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биология пәнінен есептер шығару 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пән мұғалімдеріне қажет деп ойлаймын.Оқушыларға да көмегі тисін деген ойда жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Биология пәнінен есептер шығару



Мақсаты: Г.Мендель заңдарына есептер шығару арқылы оқушылардың генетикалық білімдерін жетілдіру.

Міндеттері:

  1. Г.Мендель заңдарына есептер шығара білуге үйрету

  2. Биология пәніне қызығушылығын арттыру

  3. Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.

ЕСЕП. Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен шағылыстырды. Мынандай сұрақтарға жауап бер:

  1. Бірінші ұрпақтың генотипі қандай?

  2. Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша?

  3. Осы ұрпақтың фенотипі қандай?

ШЫҒАРЫЛУЫ: Қояндарда жүннің қара түсі доминантты белгі.

А-қара түсті қоян

а-ақ түсті қоян

Гетерозиготалы қояндардың генотипі – А а.

  1. Р ♀ Аа х Аа ♂

Гаметалар А,а А,а

Ғ1 генотипі

А

а

А

АА

Аа

а

Аа

аа

Белгілердің ажырауы мына сандық қатынаста жүреді: 1 AA: 2Аа:1аа

Жауабы: 1 ұрпақтың генотиптері АА,Аа,аа.

  1. Гетерозиготалы генотиптің мөлшері 50% (2 Аа ).

Гомозиготалы генотиптің мөлшері 50% (АА,аа).

  1. Қояндардың ¾ бөлігінің түстері қара, ¼ түстері ақ.

ЕСЕП. Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8 тұтас түсті көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы гомозиготалы?

ШЫҒАРЫЛУЫ. Ала түсті қояндар - А

Тұтас түсті қояндар - а

1. Р ♂ АА х аа ♀

Гаметалар А а

Ғ1 генотипі Аа

2. Р ♀ Аа х Аа ♂

Гаметалар А,а А,а

Ғ2 генотипі АА 2Аа аа

23 8

фенотипі 3 : 1

ЖАУАБЫ: Ала түсті тері доминанты белгі. 23 ала түсті қояндардың 1/23 гомозиготалы, 2/23 гетерозиготалы


ЕСЕП. Сұр және ақ тышқандарды бір-бірімен шағылыстырды.Бірінші ұрпақта тек қана сұр тышқандар пайда болды.Ал екінші ұрпақта 198 сұр және 72 ақ тышқан туды.Осы аты аталған белгілер қалай тұқым қуалайды?

ШЫҒАРЫЛУЫ.Сұр түсті тышқан

Ақ түсті тышқан - а

  1. Р ♂ АА х аа ♀

Гаметалар А а

Ғ1 генотипі Аа

  1. Р ♂ Аа х Аа ♀

Гаметалар А, а А, а

Ғ2 генотипі АА : 2Аа : аа

198 72

Фенотипі 3 : 1


Жауабы: Бұл белгілер моногибридті шағылыстыру бойынша тұқым қуалайды.Сұр түс доминантты да,ақ түс рецессивті белгі.


ЕСЕП. Қарбыздың сырты жасыл және ала болады. Ал пішіні жағынан сопақ және домалақ.Сопақ,жасыл гомозиготалы қарбызды домалақ ,ала гомозиготалы қарбызбен будандастырғанда Ғ1 ұрпақта домалақ ,жасыл қарбыздар пайда болған. Ғ2 ұрпағы қандай?

ШЫҒАРЫЛУЫ..Есептің мазмұнынан жасыл түс пен домалақ пішіннің доминантты екенін байқадық.

1.Жасыл - А

ала түс - а

2. домалақ - В

сопақ - в

  1. Р ♂ ААвв х ааВВ ♀


Гаметалар Ав аВ


Генотипі Ғ1 АаВв






  1. Р АаВв х АаВв ♀

Гаметалар

Ғ2


АВ

Ав

аВ

ав

АВ

ААВВ

ААВв

АаВВ

АаВв

Ав

ААВв

ААвв

АаВв

Аавв

аВ

АаВВ

АаВв

ааВВ

ааВв

ав

АаВв

Аавв

ааВв

аавв


Жауабы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді. Демек,

9 жасыл түсті, домалақ пішінді, 3 жасыл түсті, сопақ пішінді,3 ала түсті домалақ пішінді, 1 ала түсті, сопақ пішінді.


ЕСЕП. Түсі қара, жүні бұйра теңіз шошқаларын өзара шағылыстырғанда бірінші ұрпақта түсі ақ, бұйра жүнді және түсі қара, тегіс жүнді жануар пайда болды. Кейінгі ұрпақта қандай теңіз шошқалары пайда болады? Ата-аналарының генотиптері қандай?

ШЫҒАРЫЛУЫ.Теңіз шошқаларының қара түсі және бұйра болуы доминантты болып келеді.

1.Қара түс - А

Ақ түс - а

2.Бұйра жүн - В

Тегіс жүн - в

Фенотиптерін біле отырып,осы ағзалардың генотипін фенотиптік радикал арқылы жазамыз.Түсі қара болғандықтан міндетті түрде А аллелі, бұйра жүн болғандықтан В аллель бар болады. Бірінші ұрпақта түсі ақ, бұйра және түсі қара, тегіс жануар пайда болғандықтан ата –анасы гетерозиготалы деген дұрыс.

Р ♂ Аа Вв х Аа Вв ♀

  1. Shape1

Гаметалар АВ,Ав,аВ,ав АВ,Ав,аВ,ав


АВ

Ав

аВ

ав

АВ

ААВВ

ААВв

АаВВ

АаВв

Ав

ААВв

ААвв

АаВв

Аавв

аВ

АаВВ

АаВв

ааВВ

ааВв

ав

АаВв

Аавв

ааВв

аавв

Ғ1







Бірінші ұрпақта ааВВ, ааВв - бұл генотиптер ақ түсті, бұйра жүнді фенотиптерді береді. ААвв, Аавв –генотиптері түсі қара, тегіс жүнді фенотиптерді береді. Кейінгі ұрпақта мынандай шағылыстыру болуы мүмкін.

  1. Р ♂ ААвв х ааВВ ♀

Гаметалар Ав аВ

Ғ2 гентипі АаВв

фенотипі түсі қара, бұйра жүнді

  1. Р ♂ Аавв х ааВВ ♀

Гаметалар Ав ав аВ

Ғ2 генотипі АаВв ааВв

фенотипі түсі қара, бұйра жүнді және түсі ақ, бұйра жүнді.

  1. Р ♂ ААвв х ааВв ♀

Гаметалар Ав аВ, ав

Ғ2 генотипі АаВв, Аавв

фенотипі -түсі қара, бұйра жүнді және түсі қара, тегіс жүнді.

  1. Р ♂ Аавв х ааВв ♀

Гаметалар Ав ав аВ ав

Ғ2 генотипі

Ав

ав

аВ

АаВв

ааВв

ав

Аавв

аавв



Түсі қара,бұйра жүнді - АаВв

Түсі қара,тегіс жүнді - Аавв

Түсі,ақ, бұйра жүнді - ааВв

Түсі ақ, тегіс жүнді - аавв теңіз шошқалары пайда болады.

Жауабы: Есептің шығарылу барысында түсіндірілді.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Т.Қасымбаева, К. Мұхамбетжанов «Жалпы биология»10 сынып, - Алматы, «Мектеп», 2006 ж.

  2. К.Т.Рахимбаева «Генетикадан есептер шығару», Семей, 1998 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
6964
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі