Материалдар / БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА «PISA» ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА «PISA» ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА «PISA» ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Тамыз 2024
273
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «pisa» тапсырмаларының тиімділігі



Лукпанова Камшат Тажигараевна

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарақұдық орта мектебінің химия-биология пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі


Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі үдерісінде еліміз үшін маңызды болып табылатын стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы және т.б. функционалдық дағдылар мектеп қабырғасынан қалыптасады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр [1, 5 бет].

Қазақстан Республикасының «Педагогтің мәртебесі» туралы заңының педагог міндеттері туралы жазылған 15-ші бабының 8 –ші тармағында «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға» міндетті деп көрсетілген[2].

Зерттеу мақсаты: жалпы білім беретін мектепте биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың теориялық негіздерін анықтау және «PISA» тапсырмалары негізінде әдістемесін жасап, оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептердің оқу үрдісі.

Зерттеу пәні: биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларының тиімділігі.

Зерттеу болжамы: егер, биология пәнін оқытуда тиімді «PISA» тапсырмалары жүйелі қолданылса, онда ғылыми-жаратылыстану пәнінен құзіреттіліктері дамиды, оқушылардың функционалдық сауаттылығының артуына оң ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;

    • биология пәнінен «PISA» тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының даму деңгейлері, өлшемдерін айқындау, теориялық моделін құру;

    • «PISA» тапсырмалары арқылы биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістемесін жасау;

    • «PISA» тапсырмалары арқылы биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған нәтижелері бағытталған әдістемелік ұсыныстарды тәжірибеге ендіру.

Зерттеудің жетекші идеясы. Биология пәнін оқытуда «PISA» тапсырмаларын қолдануды ғылыми-әдістемелік негізде құру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негіз бола алады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • «сауаттылық», «функционалдық сауаттылық» ұғымдары нақтыланып, дәлелденді;

  • оқушылардың фукнционалдық сауаттылығын дамыту мәселесінде түрлі ғылыми тұғырлар қарастырылып, салыстырылды;

  • биология пәнінен «PISA» тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту шарттары анықталып, сипатталды;

  • биология пәнінен «PISA» тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың теориялық моделі жасақталып тәжірибеге енгізілді.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы: келесідей тұрғыдан негізделеді:

- биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларының тиімділігін көрсететін теориялық мүмкіндіктер анықталған;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларын қолдану тиімділігі мен нәтижелерін түйсіне отырып, мақсатты жүйелейтін, модельдейтін іс-әрекет екені дәлелденді.

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларын қолдану тиімділігінің бұдан кейінгі ғылыми зерттеулер үшін әдістемелік жасақтамалар мен ұсынбаларды қолдану мүмкіндігіне де байланысты[3].

Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларын қолдану тиімділігін қамтамасыз етуге арналған нәтижелерін пайдалану мүмкіндігімен анықталады. Магистрлік жобаның логикалық нүктесі келесідей болмақ:

- жалпы білім беретін мектептерде биология пәнін оқытуда пәндік және ғылыми-жаратылыстану сауаттылық компоненттерін дамыту үшін «PISA» тапсырмаларын қолдану, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту моделі;

- қазіргі жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағыттары сипатталды, ол жалпы білім беру мемлекеттік стандарттарын ескере отырып, модельдің теориялық негіздемесінен, оны жүзеге асыру ресімдері мен құралдарынан, осы іс-әрекеттің нәтижелерін анықтау критерийлері мен әдістерінен тұрады;

- биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларының қолдану тиімділігі жөніндегі жасақталған әдістемелік ұсынбалар.

Зерттеу нәтижелерінің шынайылығы:

- диссертациялық зерттеу аясындағы эксперименттік жұмыс «PISA» тапсырмаларын қолдану жағдайында оқушылардың функционалдық сауатттылығы бойынша негізгі нәтижелердің тұрақты қайталатындығын көрсетіп берді;

- зерттеу қазіргі ғылыми-педагогикалық, әдістемелік және статистикалық дерек көздеріндегі, басқа зерттеулердегі келтірілген фактілерді ескерілді;

- жүйеде зерттеу нысаны, мақсаты, міндеттері мен логикасына сәйкес келетін биология пәнінен «PISA» тапсырмаларын енгізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері бойынша зерттеудің жалпы ғылыми және арнайы әдістері, ақпарат жинау мен өңдеудің қазіргі мәселелері жөніндегі бұрын алынған деректермен салыстыру әдістері; түрлі ақпарат көздері пайдаланылды. Эксперимент барысында алынған нәтижелер сенімді қорыту мен тұжырымдау пікірлерін анықтауға мүмкіндік берді [4].

Қорғауға келесі негізгі қағидалар ұсынылады:

  1. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы - бұл қазіргі білім берудің қажетті компоненті болып табылатын, оқушылардың іс-әрекет процесінде қолданатын пәндік, пәнаралық, интегративті білімдерді, дағдыларды және функционалдық мәселелерді шешу жолдарын көрсететін білім деңгейі.

  2. Биология пәнінен «PISA» тапсырмаларын енгізу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшеліктерін зерттеу оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, өмірлік мәселелерді шешуде пәндік білімді қолдануға бағытталған технологияларды меңгеруге ықпал етеді.

  3. Биология пәнін оқыту процесінде жалпы білім беретін мектеп оқушыларының оқу-танымдық құзыреттілігін дамытудың негізі ретінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін «PISA» тапсырмаларын енгізудің тиімділігі келесі критерийлер бойынша анықталады: мотивациялық, іс-әрекеттік және рефлексивті, олар функционалдық сауаттылықтың құрылымдық компоненттерімен байланысты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың үш деңгейі анықталады: төмен, орта, жоғары[5].

Зерттеу жұмысының дәлелдігі мен негізділігі диссертация қорытындыларының әдіснамалық және теориялық қағидалар арқылы дәлелденуімен, зерттеудің ғылыми аппаратының мазмұнына сай болуымен, зерттеудің мақсат-міндеттеріне сәйкес кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының жоспарлы және кезеңді жүйесімен, ұсынылып отырған әдістеменің тиімділігімен, алынған зерттеу нәтижесінің нақтылығымен, дәйектілігімен және сенімділігімен сипатталады.

Зерттеу жұмысымыздың бұл бөлімінде биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын «PISA» тапсырмалары арқылы арттыру мазмұны баяндалады. Біз педагогикалық-психологиялық экспериментті зерттеуде қойылған міндеттерді шешуге, болжамды, алдыңғы тарауларда берілген теориялық зерттеуді практикада, ғылыми-объективті және дәлелді түрде тексеруге мүмкіндік беретін зерттеу әдістерінің кешені ретінде қарастырдым.

Мен өткізген анықтау экспериментінің жоғарыдағы қорытындыларын тұжырымдай келе, жалпы білім беретін мектепте биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмалары тиімділігін зерттеу экспериментінің келесі кезеңіне көшу қажеттілігі туындады[6].

Қалыптастырушы эксперименттің міндеттері төмендегідей жүйеленді:

- биология пәнінен «PISA» тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін кешенді педагогикалық-психологиялық тұрғыдан зерттеу жүйесін жасау;

-биология пәні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған «PISA»тапсырмаларын құрастыру және іріктеу;

- жалпы білім беретін мектепте биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін енгізітені «PISA» тапсырмалары мотивациялық, іскерлік, рефлексиялық дағдыларын қалыптастыруды көздейтін факультативтік курс бағдарламасын жасап, оқыту үдерісіне енгізу.

Биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын «PISA» тапсырмалары арқылы арттырудың мынадай жолдары анықталды:

  1. «Биология пәнінен РІSA тапсырмаларымен орындау арқылы функционалдық дағды қалыптастыру» факультативтік курсы енгізу;

  2. Оқу мақсаттары бойынша күтілетін нәтижеге жету үшін кері байланысты үнемі өткізу;

  3. Оқушылардың рефлексиялық дағдыларын дамыту тәсілдерін қолдану;

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастыру кезеңіне Ақтөбе облысы Алға ауданының Қарақұдық орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты.

Теориялық қағидалар мен тәжірибелік-эксперимент жұмысының негізінде қорытындылар жасай отырып, мынадай ұсыныстар беріледі:

  • алған биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда «PISA» тапсырмаларының тиімділігінің теориялық негіздемесін жоғарғы оқу оқытушылары, жалпы білім беру ұйымдары педагогтарына арналған оқу құралы ретінде шығаруға болады;

  • Биология пәні мұғалімдеріне арналған ««Биология пәнінен РІSA тапсырмаларымен орындау арқылы функционалдық дағды қалыптастыру» факультативтік курсын шығару.

Зерттеліп отырған тақырып тың, күрделі болғандықтан, оның барлық аспектілерін жан жақты қарастыру бір зерттеу жұмысының аясында мүмкін емес. Зерттеу мәселесі бойынша одан әрі әзірлемелер білім берудің әртүрлі деңгейлерінде функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың сабақтастығын зерттеуге, ғылыми-жаратылыстану пәндерді оқу процесінде оқушылар функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мұғалімдерді дайындаудың тиімді жолдарын анықтауға бағытталуы мүмкін. биология пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын «PISA» тапсырмалары арқылы арттыру мәселесін шешудің тек бір нұсқасын ұсындық. Алдағы уақытта мектептер және жоғары оқу орындарында биология пәнінен оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мәселелерін қарастыру зерттеу жұмысына негіз болады деп есептеймін.


Қолданылған әдебиеттер:


  1. PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 40 б 5 бет

  2. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293

  3. Тангян, С. А. «Новая грамотность» в развитых странах Текст. / С. А. Тангян // Советская педагогика. 1990. - № 1. - С. 3-17.

  4. Гершунский, Б. С. Философия образования Текст. / Б. С. Гершунский.- М. : МПСИ, Флинта, 1998. 432 с.

  5.  Мацкевич В., Крупник С. Функциональная грамот-ность // Всемирная энциклопедия: Философия. - Минск, Харвест, 2001. - 312 с

  6. Акатова, Т. И. Языковая функциональная грамотность и языковая культура студентов: Психо лого-педагогический аспект Текст. : монография / Т. И. Акатова. М. : ИТК «Дашков и К», 2006. - 237 с.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!