Материалдар / Биология пәнінен тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінен тест

Материал туралы қысқаша түсінік
жетінші сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Желтоқсан 2018
7442
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

I нұсқа

1.Сукцессия дегеніміз -

А) экожүйенің өлі құрамы

Ә) құрлық экожүйесі

Б) мұхит экожүйесі

В) экожүйе құрамы

Г) экожүйенің ретті құрамы


2.Қазақстанның эндемик жануары жалманды тапқан қазақстандық ғалым

А) Н.Прежевальский

Ә) М.В.Бейерник

Б) В.А.Селевин

В) Д.И.Ивановский

Г) Ж.Ламарк


3. Жануарларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөлуді алғаш рет .... қолданды.

А) Н.Прежевальский

Ә) М.В.Бейерник

Б) В.А.Селевин

В) Д.И.Ивановский

Г) Ж.Ламарк


4. Дихотомиялық тірек сөздерді ұсынған ғалым

А) Н.Прежевальский

Ә) М.В.Бейерник

Б) В.А.Селевин

В) Д.И.Ивановский

Г) Ж.Ламарк


5. Өсімдіктегі қоректік қор зат - крахмалды жинақтайды

А) лейкопласт

Ә) хлоропласт

Б) хромопласт

В) хромосома

Г) рибосома


6. Органикалық заттарға жатпайды

А) нуклейн қышқылы

Ә) оттек

Б) нәруыз

В) көмірсу

Г) май


7. Бактерияны қолайсыз жағдайдан қорғайды

А) циста

Ә) зигота

Б) спора

В) бластомер

Г) финна


8. Су және жуылмаған көкөніс пен жеміс-жидек, лас ыдыс - аяқ арқылы жұғатын ауру

А) бруцеллез

Ә) сүзек

Б) тырысқақ

В) ботулизм

Г) сіреспе


9. Бір қабатты ұрықтың пайда болу сатысы

А) филогенез

Ә) онтогенез

Б) гаструла

В) бластула

Г) нейрула


10. Толық түрленіп даму сатысын көрсетіңіз

АShape3 Shape1 Shape2 ) жұмыртқа қуыршақ дернәсіл имаго

ӘShape4 ) жұмыртқа имаго

БShape5 Shape6 ) жұмыртқа қуыршақ имаго

ВShape8 Shape7 ) жұмыртқа дернәсіл имаго

ГShape11 Shape9 Shape10 ) жұмыртқа дернәсіл қуыршақ имаго


11. Толық түрленіп дамитын жәндік

А) маса

Ә) тарақан

Б) шегіртке

В) дәуіт

Г) бит


12. Тек желілілерге тән ұрықтың даму сатысы

А) филогенез

Ә) онтогенез

Б) гаструла

В) бластула

Г) нейрула


13. Басқа ағзаның кез келген, бірақ маманданбаған бөліктерінен пайда болған ағзалар

А) гамета

Ә) зигота

Б) клон

В) эмбриогенез

Г) телу


14. Ата анасында болмаған тұқым қуалайтын өзгерістер

А) модификация

Ә) миграция

Б) мутация

В) метаморфоз

Г) митоз


15. Жасушаның пайда болуынан келесі жас жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілік

А) жасуша айналымы

Ә) жасушалық химия

Б) жасушалық инженерия

В) жасуша теориясы

Г) жасуша циклі


16. Қарағайдың хромосома саны

А) 46

Ә) 24

Б) 48

В) 104

Г) 12


17. Қай жылы Дж. Уотсон мен Ф.Крик, М.Уилкинстің қатысуымен ДНҚ молекуласының құрылысын ашты?

А) 1963 жылы

Ә) 1958 жылы

Б) 1953 жылы

В) 1853 жылы

Г) 1962 жылы


18. Жұлындағы сегменттер саны

А) 32

Ә) 31

Б) 28

В) 10

Г) 12


19. Жүйке жүйесі торлы ағза

А) жылан

Ә) борсық

Б) тритон

В) көлбақа

Г) гидра


20. Итте шартты рефлекстердің түзілуін қай ғалым зерттеді?

А) И.М.Сеченов

Ә) И.П.Павлов

Б) В.А.Селевин

В) Д.И.Ивановский

Г) Н. Докучаев





II нұсқа

1. Ағаш сабағының негізгі қор жинаушы бөлімі

А) өзек

Ә) сүрек

Б) қабық

В) тоз

Г) камбий


2. Бауырымен жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты?

А) төрт қуысты

Ә) үш қуысты

Б) екі қуысты

В) бес қуысты

Г) қуысы болмайды


3. Көпжасушалы жануарлардың ішінде алғаш рет қан және қантамырлар жүйесі пайда болды

А) буылтық құрттарда

Ә) ұлуларда

Б) буынаяқтыларда

В) омыртқалыларда

Г) омыртқасыздарда


4. Эпиблема орналасқан аймақ

А) өсу аймағында

Ә) бөліну аймағында

Б) тамыр аймағында

В) өткізу аймағында

Г) сору аймағында


5. Оттексіз тіршілік ете алатын тіршілік иелері

А) аэробты ағзалар

Ә) автотрофты ағзалар

Б) гетеротрофты ағзалар

В) анаэробты ағзалар

Г) редуценттер


6. Алғаш рет өкпе пайда болған жануарлар

А) қарапайымдар

Ә) буылтық құрттар

Б) сүтқоректілер

В) жорғалаушылар

Г) қосмекенділер


7. Адамда көмей жалғасады

А) тілдің түбімен

Ә) ауыз қуысымен

Б) өкпемен

В) кеңірдекпен

Г) оң жақ өкпемен


8. Тыныс алу орталығы орналасқан ми бөлімі

А) мишық

Ә) аралық ми

Б) сопақша ми

В) жұлын

Г) үлкен ми сыңарлары


9. Буылтық құрттарда алғаш пайда болған бөліп шығару мүшесі

А) хитинді демтүтіктер

Ә) метаболизм

Б) мальпигий түтікшелері

В) метанефридиялар

Г) жасыл түсті бездер


10. Адам және сүтқоректілерде қанның зиянды заттардан тазаруына жауапты басты бөлу мүшесі

А) бауыр

Ә) жүрек

Б) ішек

В) бүйрек

Г) өкпе


11. Адам және сүтқоректілер ағзасындағы зиянды заттарды зарарсыздандырады

А) бауыр

Ә) жүрек

Б) ішек

В) бүйрек

Г) өкпе


12. Реактивті қозғалатын жануар

А) амеба

Ә) гидра

Б) тоспаұлу

В) сегізаяқ

Г) ақсұлама


13. Тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты өзінің физиологиялық үдерістерін өзгерту қабілеті

А) тропизм

Ә) гликолиз

Б) фотопериодизм

В) фототропизм

Г) таксис


14. Жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұратын ағзалар

А) қарапайымдар

Ә) жалпақ құрттар

Б) буылтық құрттар

В) желілі жануарлар

Г) ішекқуыстылар


15. Рефлексті жүзеге асыру үшін жүйке импульсі өтетін жол

А) рефлекс доғасы

Ә) нейрон

Б) рефлекс

В) мишық

Г) шартты рефлекс


16. Жасуша бөлінуінің әдістері

А) инверция, делеция

Ә) интерфаза, делеция

Б) мутация, модификация

В) мейоз, митоз

Г) анаболизм, катаболизм


17. Шала түрленіп дамитын жәндік

А) ара

Ә) қоңыз

Б) шыбын

В) тарақан

Г) маса


18. Туғаннан кейінгі даму кезеңі

А) интерфаза

Ә) зигота

Б) постэмбриогенез

В) онтогенез

Г) эмбриогенез


19. Үтір пішінді бактериялар

А) бациллалар

Ә) кокктар

Б) спирохеталар

В) спириллалар

Г) вибриондар


20. Дж. Уотсон мен Ф.Крик, М.Уилкинстің қатысуымен ДНҚ молекуласының құрылысын ашқан жаңалықтары үшін қай жылы Нобель сыйлығын алды?

А) 1963 жылы

Ә) 1958 жылы

Б) 1953 жылы

В) 1853 жылы

Г) 1962 жылы



I нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Г

Б

Г

г

а

ә

б

б

в

Г

а

г

б

б

г

ә

б

ә

г

Ә





II нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

а

ә

а

г

в

г

в

б

в

в

а

в

б

в

а

в

в

б

г

г



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!