Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Биология пәнінің генетика бөлімі бойынша 10 сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М.Сиранов атындағы орта мектеп.
Биология пәні бойынша 10 сынып бағдарламасына
құрастырылған тест жинағы.
Дайындаған: Биология пәнінің мұғалімі:
Сарсенгалиева Г.М.
2018жыл
Генетика және
селекция негіздері
1-нұсқа
1.селекционерлердің негізгі міндеттерінің бірін көрсетіңіз
А.Мәдени өсімдіктерді өсіру. В. Қоршаған ортаның жағдайын қадағалау.
С.Өсімдіктердің құрылысын зерттеу. Д.Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығару.
Е.Физиологиялық процестерді зерттеу.
2.Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысады.
А.Ботаниктер В.Экологтар С.Селекционерлер Д.финологтар Е.Физиологтар
3.Г.Мендельдің тәжірибелеріндегі бірінші ұрпақ гибридтері дамитын зиготаның генотипін анықтаңыз
А.Гомозигота В.Гетерозигота С.Аллельдер Д.Бластула Е.Гаструла
4.Г.Мендельдің тәжірибелерінің нәтижелері бойынша дигибридтті будандастыру кезінде жұп белгілердің гендері қайда орналасатынын көрсетіңіз
А.Хромосомалардың үш жұбында В. Гомологты хромосомалардың әртүрлі жұбында.
С.Екі хромосомада Д.Гомологты хромосомаларда Е.Хромосоманың бір жұбында
5.Аллельді гендері бар хромосомаларды қалай атайтынын белгілеңіз.
А.Жұп емес В.Сомалық С.Гомологты Д.Гомологты емес Е.жыныс
6.Мейоз кезінде аллельді гендердің қалай бөлінетінін анықтаңыз
А.Бір жасушада болады В.Әр түрлі жасушада болады С.Бір хромосомада болады Д.Бір ядрода болады Е-бәрі дұрыс
7.Ұрпақтың жасушаларында жұп белгілердің гендері немесе аллельді гендер қалай пайда болатынын анықтаңыз
А.Ата-аналық гаметалардан түзіледі В.Бір ата-анасынан тұқым қуалайды
С.Кездейсоқ қосылады Д.Қайта қалыптасады Е.Екі ата-анасынан беріледі
8.Фенотип 3:1 формуласы бойынша ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз.
А.Аралық тұқым қуалайтын моногибридті будандастыру В.Талдаушы будандастыру
С.Дигибридті будандастыру Д.Моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминаттылық Е.Моногибридті будандастыру кезіндегі толымсыз доминаттылық
9.1:1 бойынша ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтыңыз
А.Үшгибридті будандастыру В.Талдаушы будандастыру С.Дигибридті будандастыру
Д.Аралық тұқым қуалайтын моногибридті будандастыру Е.Моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминаттылық
10.Мутацияның қайда жүрілетінін анықтаңыз
А.ДНК-да. В.Ақуыз молекулаларында С.Жасуша мембранасында Д.Лизосомаларда Е.Рибосомаларда
11.Г.Мендельдің зерзаты болған асбұршаққа тән негізгі белгілерді анықтаңыз
А.Айқас тозаңданатын өсімдік В.Өздігінен тозаңданатын өсімдік
С.Бәсеңдеу белгілердің болуы Д.Көпжылдық өсімдік Е.Бунақденелілер арқылы тозаңданады
12.Асұршақтың тегіс тұқымының(А)және қылқандардың болуын(S)анықтайтын гендер бір хромосомада орналасқан.СондаААSSх ааss будандастыру нәтижесінде алынатын F-ді анықтаңыз
А.Белгілердің жаңа үйлесімі болады В.Бөлінеді С.Тек қана рецессивті белгілер
Д.Тек қана доминатты белгілер Е.Ұрпағында ешқандай өзгерістер байқалмайды
13.Реакция нормасының шегі немен анықталатынын көрсетіңіз
А.Сыртқы орта жағдайларымен В.Генотиппен С.Гендердің әсер етуімен
Д.Экологиямен Е.Генотиптің өзгеруімен.
14.Генотипі бірдей өсімдіктердің вегетативті көбеюі кезінде неге фенотипі әр түрлі болатынын түсіндіріңіз
А.Жыныстық жолмен көбеюден вегетативті көбеюге көшуінен
В.Модификациялық өзгергіштікке байланысты С.Гендердің әр түрлі тіркесінен
Д.Гендердің әсер етуінен Е.Дұрыс жауабы жоқ.
15.Мутацияның себептерін зерттеудің практикалық маңызын анықтаныз.
А.Бұл құбылысты анықтау үшін. В.Селекцияға бастапқы материал дайындау үшін.
С.Практикалық маңызы жоқ. Д.Өсудің реттелуі үшін. Е.Доминаттылықты басқару үшін.
16.Не себепті ауыл шаруашылығының практикасында жақын туыстарға жататыңдарды будандастыратынын анықтаңыз.
А.Дараларды бөлінбейтін гомозиготалы негізге ауыстыру үшін.
В.Шаруашылық белгілердің тұқым қуалауын талдау үшін. С.Практикалық жағынан бұл қолайлы будандастыру. Д.Әр түрлі белгілер алу үшін. Е.Дұрыс жауап жоқ.
17.а гені үш аллельді формада болуы мүмкін:а1,а2,а3.Диплоидты ағзалардың қандай гетерозиготалы генотиптері болуы мүмкін.
А.а1 а2, а2 а3, а1 а3. Д.а3 а2, а1 а3, а1 а1.
В.а2 а2, а3 а2. Е.Дұрыс жауабы жоқ
С.а3 а2, а2 а2.
18.Қандай жанұяда барлық балалары альбинос болатынын(альбинизмнің гені рецессивті аутосомалық-А)анықтаңыз.
А.АА х аа В.Аа х Аа С.аа х аа Д. ВВхВв Е-дұрыс жауабы жоқ
19.Адамның тұқым қуалайтын ауруы доминантты генмен беріліп,Х-хромосомада орналасады.Ауру ер адам сау әйелмен отбасы құрған.Барлық балаларының ішіндегі ауру ер балалардың үлесін анықтаңыз.
А.0,5 В.0,25 С.1 Д.0 Е-жоқ
20.Не себепті алшақ будандастыру бедеулікке әкелетінін түсіндіріңіз.
А.Ата-аналарының хромосомаларының саны әр түрлі В.Мейоз кезінде хромосомалардың конъюгациясының бұзылуы С.Репродуктивті мүшелердің толық дамымауы Д.Кроссинговер процесі Е.Климат жағдайлары әсер етеді
21.Қандай полиплоидтарда мейоз процесі қалыпты өтетінін көрсетіңіз.
А.3n B.5n C.4n D.7n E.2n
22.В.И.Мучириннің жасаған іріктемелері табиғаты бойынша
А.Гомозиготалар В.Химералар,әр түрлі өсімдіктер С.Күрделі гетезиготалар Д.Аралық фенотипі бар гибридтер Е.Солтүстік жағдайларға бейімделген өсімдіктер
23.Қашырларды қандай әдіспен алатынын көрсетіңіз.
А.Тұқымдарды будандастыру арқылы В.Инбридинг жолымен С.Алшақ будандастыру жолымен Д.Үй және жабайы жануарларды будандастыру арқылы
Е.Жақын туыстарға жататындарды будандастыру арқылы.
24.Гомозигота дегеніміз қандай дара екендігін көрсетіңіз.
А.әр түрлі аллельді гендері бар В.бірдей аллельді гендері бар С.гендері жоқ Д.мутант гендері бар Е.аллельді және мутант гендердің жиынтығы бар
25.Гетерозигота дегеніміз қандай дара екендігін көрсетіңіз.
А. әр түрлі аллельді гендері бар В.бірдей аллельді гендері бар С.гендері жоқ
Д.мутант гендері бар Е.аллельді және мутант гендердің жиын2-нұсқа
2-нұсқа
1.Гетерогаметалы жыныс дегеніміз қандай даралар екенін көрсетіңіз.
А.әр түрлі жыныс хромосомалары бар. В.бірдей жыныс хромосомалары бар С.хромосомалары жоқ. Д.мутант хромосомалары бар. Е.бір ДНҚ жіпшесі бархромосомалары барлар.
2.1ААВВ:2АаВВ:1ааВВ болып ажыратылатын алынған ұрпақтың ата-аналық формаларының белгілерін анықтаңыз.
А.АаВb B.AABB C.AaBB D.AABb E.Aabb.
3.Аллельді гендер орналасатынын көрсетіңіз.
А.Бір аутосомада және бірінші хромосомада. В.Хромосомалардың әр түрлі жұбында.
С.Жыныс хромосомаларында Д.Гомологты хромосомаларда Е.Жұп емес гендерде.
4.Генотипі және фенотипі 1:2:1 болатын ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз.
А.Моногибридті будандастыру. В.Талдаушы будандастыру.
СМоногибридті будандастыру кезіндегі толымсыз доминаттылық
Д.Дигибридті будандастыру. Е.Полигибридті будандастыру.
5.9:3:3:1 болатын ажырау қандай будандастыру кезінде байқалатынын анықтаңыз.
А.Моногибридті будандастыру. В.Талдаушы будандастыру. С.Дигибридті будандастыру.
Д. Моногибридті будандастыру кезіндегі аралық тұқым қуалау.
Е. Моногибридті будандастыру кезіндегі толық доминаттылық.
6.Альтернативті деп қандай белгілерді атайтынын көрсетіңіз.
А.қарама-қарсы В.бірдей С.әр түрлі Д-ұқсас Е-гомологты
7.Жыныссыз жолмен көбейетін ағзалардың жасушаларында гендердің болатынын,не болмайтынын көрсетіңіз.
А.Иә,болады В.Жоқ,болмайды С.Барлығында емес Д.Тек нақты жасушалардың санында болады Е.Тек қана арнайы жасушаларда болады.
8.Қандай жанұяда альбинос балалар болмайтынын анықтаңыз(альбинизмнің гені рецессивті,аутосомалық-А)
А.Р:ААхаа В.Р:АахАа С.Р:Аахаа Д.Р:аа х аа Е.Р:ААхАА
9.Қара және сұр тышқандарды будандастыру нәтижесінде 30 ұрпақ алынды,оның ішінде 14-і қара болып шықты.Сұр түстің доминант белгі екендігі белгілі.Тышқандардың ата-анасының генотипін анықтаңыз.
А.Екеуі гетерозигота(АахАа) В.Екеуі гомозигота(АахАа) С.Біреуі гетерозигота,екіншісі гомозигота(Аа х аА) Д.Біреуі гетерозигота,екіншісі доминантты гомозигота(Аа х АА)
Е.Екі белгісі бойынша да дигетерозигота.
10.Дарада қандай жағдайда доминантты мутация байқалмайтынын анықтаңыз.
А.Ата-анасының екеуінің де доминантты белгілері бар болса В.Әрбір гомозиготалы ағзада доминантты белгісі бар болса С.Гетерозиготалы ағзада Д.Гомозиготада рецессивті белгісі бар болса Е.Ешқашан байқалмайды
11.Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауының цитологиялық негізі қандай екендігін түсіндіріңіз.
А.бөліну кезінде хромосомалардың қозғалысы кездейсоқ болады В.барлық хромосомолар бірге тұқым қуалайды С.хромосоманың бір жұбының бөлінуі басқа жұбыныңбөлінуіне әсер етпейді Д.хромосомалардың жұптары бір-біріне әсер етеді Е.дұрыс жауабы жоқ.
12.Қандай жағдайда дальтоник ер адамның (ген рецессивті Х-хромосомада орналасқан)қызы дальтоник болуы мүмкін екенін көрсетіңіз:А.Әйелі сау,яғни жақсы көреді В.Әйелі сау,бірақ оның әкесі дальтоник болған С.Әйелі сау,оның ата-анасы да сау Д.Әйелі сау,оның жанұясында ешқашан дальтонизм болмағанЕ.Екеуі де сау.
13.Гетерозистің биологиялық мәнін анықтаңыз
А.Бірінші ұрпақ гибридтерінің жоғары өмір сүргіштігі В.Өмір сүргіштігі ылғи да жоғары болады С.Өмір сүргіштіктің ырғақты (ұрпақ сайын)жоғарылау сипаты Д.Гибридтері ата-аналарының біреуін өмір сүргіштігі бойынша қайталайды Е.Дұрыс жауабы жоқ.
14.Не себепті гемофилия ер адамдарда көбірек кездеседі,ал әйелдерде сирек кездесетінін түсіндіріңіз.
А.Доминантты ген В.Рецессивті ген,Х-хромосомада орналасқан С.Рецессивті ген,аутосомада орналасқан Д.Ген Ү-хромосомада орналасқан Е.Дұрыс жауабы жоқ.
15.Цитоплазмалық тұқым қуалау ядролық тұқым қуалаудан немен ажыратылатынын анықтаңыз
А.Аналық тұқым қуалау және мозаикалық фенотиптер байқалады.
В.Ұрпақта сандық бөліну жоқ С.Ұрпақта белгілер бойынша бөліну жоқ
Д.Хромосомамен байланысты емес Е.Дұрыс жауабы жоқ.
16.Комбинациялық (комбинативті)өзгергіштіктің негізінде қандай биологиялық процестер жатқанын көрсетіңіз.
А.Митоз,өсу,дифференциациялау В.Синтез,жыныссыз көбею,транскрипция
С.Хромосомалардың тәуелсіз ажырауы,хромосомалардың тіркесі немесе кроссинговер,гаметалардың кездейсоқ қосылуы Д.Трансляция,транскрипция,тұқым қуалаушылық Е.Тұқым қуалаушылықтар.
17.Моногетерозиготаның өздігінен тозаңдануы нәтижесінде толымсыз доминанттылық кезінде қанша фенотиптік класстың пайда болатынын анықтаңыз.
А.бір В.үш С.екі Д-төрт Е-бес
18.Гендердің тіркесуін зерттеген кезде тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын қандай факт дәлелдейтінін анықтаңыз.
А.Гаплоидты жиынтықтағы хромосомалар санының тіркесу тобының санымен сәйкес келуі В.Бір хромосомада бірнеше геннің болуы С.Гендердің бірлесіп тұқым қуалауы
Д.Гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы Е.Дұрыс жауабы жоқ.
19.Кроссинговер нәтижесінде алынған қандай факт тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын дәлелдейді.
А.Гендердің арасындағы арақашықтықты анықтау В.Хромосомалардың немесе тіркесу топтарының карталарын құру С.Хромосомалардағы үзілуді анықтау Д.Хромосомадағы(тігілуді)анықтау Е.Жынысты генотиптік анықтау.
20.ХҮ жыныс хромосомалары бар адамның жынысын анықтаңыз.
А.Әйел В.Жыныссыз С.Гермафродитті ағза Д-ер адам Е-дұрыс жауабы жоқ
21.Асбұршақтың жасушаларында 14 хромосома болса,ал эндоспермде қанша болатынын анықтаңыз.
А.он төрт В.жеті С.жиырма сегіз Д-жиырма бір Е-қырық екі
22 Асбұршақтың жасушаларында 14 хромосома болса,ал микроспорада қанша болатынын анықтаңыз.
А.он төрт В.жеті С.жиырма сегіз Д-жиырма бір Е-елу екі
23.Генетиканың қандай жаңалықтарын гендік инженерияның негізін құрағанын анықтаңыз.
А.ДНҚ-н кесетін ферменттердің ашылуы В.Хромосомалардың жұп болуының ашылуы
С.Генотип пен фенотиптің арасындағы әсердің ашылуы Е.Генотип-белгі әсері.
24.Гендік инженерияның мақсатын көрсетіңіз.
А.Жасушаларды культивациялау В.Жаңа іріктемені алу
С.Рекомбинантты ДНҚ алу,гендердің синтезі және алынуы,ақуыздарды алу
Д.Жаңа түр алу Е.Транскрипция.
25.Гендерді клондау дегеніміз-
А.ДНҚ-ның вирусқа қосылуы Д.ДНҚ қою
В.Гендер синтезінің көшірмесі Е.Транскрипция
С.ДНҚ ажырауы
3-нұсқа
1.Диплоидты ағзада бір белгінің неше аллельді гені болатынын анықтаңыз.
А.бір В.екі С.үш Д-төрт Е-сегіз
2.Қандай гендер тәуелсіз тұқым қуалайтынын анықтаңыз
А.Аллельді Д.Әр түрлі жұп хромосомада аллельді емес
В.Тіркескен Е.Әр түрлі жұп хромосомада аллельді.
С.Бір хромосомада аллельді емес
3.Генетикалық рекомбинация дегеніміз не?
А.Кроссинговер немесе хромосомалардың тіркесуі нәтижесінде алынған гендердің жаңа үйлесімдері. В.Жасушалардың бөлінуі Д.Дифференциациялау
С.Ағзаның өсуі Е.Мейоз кезінде.
4.Гендердің және хромосомалардың жиынтығы бойынша сомалық жасуша сәйкес келеді.
А.Гамета В.Зиготаға С.Жасуша эндосперміне Д-жұмыртқа жасушасында Е-спермотогенез
5.Өсімдіктердің гомозиготалы таза линияларындағы өзгерістерді көрсетіңіз.
А.Мутациялармен Д.Кроссинговердің нәтижесінде
В.Модофикациялармен Е.Гендердің көп әрекеттілігі
С.Гендердің жаңа үйлесімдерімен
6.Қандай популяция тепе-теңдікте болады,және оған Харди-Ваинберг заңы келеді.
А.Изоляциялық В.Вегативті көбейетін С.Аз санды,біртекті
Д.Даралармен еркін будандасатын популяция,оларға сыртқы орта факторлары әсер етпейді Е.Көптеген реликті түрлер
7.Адам генетикасының негізгі әдісін көрсетіңіз.
А.Эмбриологиялық Д.Палеонтологиялық
В.Генеологиялық Е.Физиологиялық
С.Салыстырмалы-анатомиялық
8. Инбридингтің оң жақтарын анықтаңыз.
А.Ұрпақтың гомозигота дәрежесі жоғарылайды В.Ұрпақтағы депрессия
С.Доминантты аурулардың көрінуі Д.Ұрпақтың бір текті болмауының жоғарлауы
Е.Дұрыс жауабы жоқ.
9.Үй жануарларында инбридинттің теріс жағы
А.Ұрпақтың гетерозигота дәрежесі жоғарылайды. В.Ұрпақтың өмірсүргіштігі жоғарылайды. С.Рецессивті аурулардың байқалуы. Д.Ұрпақтың өнімділігі жоғарылайды. Е.Таза линиялар алынады.
10.Адамның даму теориясындағы жануарлар селекциясының бірінші кезеңін атаңыз.
А.Көбею В.Өсіру С.Қолға үйрету. Д-мәдени Е-аулау
11.Алманың қандай іріктемесін И.В.Мичурин жасағандығын көрсетіңіз.
А.Александрлік апорт Д.Пеструшка
В.Бельфлер-китайка Е.Райка
С.Макиндош
12.И.В.Мичурин іріктемелерді жасауда қандай ыдысты қолданды
А.Инбридинг әдісі Д.Мәдени әдіс
В.Ментор әдісі Е.Табиғи сұрыптау әдісі.
С.Аклимацизация әдісі
13.Алшақ будандастыру нәтижесінде бидайдың жаңа іріктемесін алды.
А.И.В.Мичурин Д.Г.Д.Карпеченко
В.Н.В.Цицин Е.В.С.Пустовоит
С.Н.И.Вавилов
14.Бөлек гендердегі өзгерістер мынадан көрініс табады.
А.Хромосомалық мутация Д.Гендік мутациялар
В.Комбинативті өзгергіштік Е.Өзара байланысты өзгергіштік. С.Генонды мутациялар
15.Генде қайсысының құрылысы туралы ақпарат берілген.
А.Амино қышқылдар Д.Майлар
В.Хлоропласттар Е.Көмірсулар.
С.Ақуыздар
16.Ген-бұл
А.Ақуыз молекуласының мономері
В.Зат алмасу процесстерінің материалы
С.Дараның тұқым қуалайтын факторларының жиынтығы
Д.Ақуыздың құрылымы туралы ақпаратты сақтайтын ДНҚ молекуласының бөлігі
Е.Ата-аналардың өз белгілерін келесі ұрпаққа беру қабілеті
17.Моногибридті будандастырудағы толымсыз доминанттылық кезінде фенотип бойынша ажырау.
А.3:1:3 Д.1:2:1
В.1:1 Е.3:1
С.9:3:3:1
18.Полиплодия-бұл
А.Хромосомалар санынң бірнеше есе көбеюі
В.Бөлек гендердің өзгеруі
С.Хромосомалардың құрылымдық өзгеруі
Д.Хромосомалар құрылысының өзгеруі
Е.Хромосомалар санының азаюы
19.Комбинотивті өзгергіштік сипатталады
А.Хромосомалар санының өзгеруімен
В.Ұрықтану кезінде гаметалардың кездейсоқ қосылуымен
С.Сыртқы орта факторларынын әсерімен
Д.Қоректенумен
Е.Реакция нормасымен.
20.Жыныспен байланысты адамның тұқым қуалайтын аурулары
А-гемофилия,дальтонизм Д-диабет,грип
В-туберкулез,СПИД Е-СПИД, гемофилия
С-холера, дальтонизм
21.Аутосомалар-бұл
А-аталық ағзаның хромосомалары Д-аталық және аналық ағзаның бірдей хромосомалары
В-аналық ағзаның хромосомалары Е-жыныс жасушаларының хромосомалары
С-аталық және аналық ағзаның әр түрлі хромосомалары
22.Асбұршақтың жасушаларында 14 хромосома бар,ал спермиясында хромосомалар саны
А-14 Д-7
В-56 Е-40
С-28
23.Бірінші аллелі ғана бойынша гетерозиготалы дараның генетипі
А-ААВВ Д-АаВв
В-ААвв Е-аавв
С-АаВВ
24.фенотип 9:3:3:1 формуласы бойынша ажырайтын будандастыру түрі
А-моногибридті Д-моногибридті,аралық сипатта тұқым қуалау
В-талдаушы Е-моногибридті,толық доминанттылық
С-дигибридті
25.Генотипте хромосомалардың саны өзгеретін мутация түрі
А-генді Д-нүктелік
В-геномды Е-комбинативті
С-хромосомалық
4-нұсқа
1.аа белгісі бойынша рецессивті гомозиготалы дараны генотипі белгісіз дарамен будандастыру қалай аталатынын көрсетіңіз
А-дигибридті будандастыру Д-талдаушы будандастыру
В-эпистаз Е-гетерозис
С- жоспарлы будандастыру
2..И.В.Мичуриннің негізгі әдістерін көрсетіңіз
А-мутагенез Д-гетерозис
В-партеногенез Е-инбридинг
С-сұрыптау,гибридизация «тәрбиелеу»
3.гетерозиготалы ағзаларды екі белгісі бойынша толық доминантты кезінде дигибридті будандастырғанда фенотип бойынша ажырау былай болады
А-3:1:1:3 Д-.1:2:1
В-1:1 Е-3:1
С-9:3:3:1
4.Жасанды сұрыптау кезінде
А-сыртқыорта сұрыптаушы фактор болып табылады В-дүниге келгеннен кейін сұрыптау басталады С-жаңа іріктемелер пайда болады Д-түрдің және популяцияның маңызына сұрыптау әсер етеді Е.Түрлері қалыптасады.
5.Хромосомалық мутациялар дегеніміз-
А.Бөлек гендердің сапалық жағынан өзгеруі Д.Хромосоманың өзгеруі
В.Ген құрылымының өзгеруі Е.РНҚ өзгертетін өзгергіштік.
С.ДНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің өзгеруі
6.Әр түрлі өздігінен тозаңданатын линиялар арасындағы өсімдіктерді айқас тозаңдандыру.
А.Линияаралық гибридизация В.Полиплоидия әдісімен С.Экспериментальды мутагенез әдісімен Д.ментор әдісімен Е.Алшақ гибридизация
7.Мейоздың редукциялық бөлінуі тұрады.
А.Бес фазадан В.Төрт фазадан С.үш фазадан Д-екі фазадан Е-бір фазадан
8.Бір белгі бойынша гетерозиготалы ағза түзеді.
А.1 типті гаметалар Д.2 типті гаметалар
В.6 типті гаметалар Е.8 типті гаметалар
С.4 типті гаметалар
9.Талдаушы будандастыруды жүргізу үшін генотипі белгісіз дараны будандастырады
А.Рецессивті гомозиготамен Д.Доминантты гетерозиготамен
В.Рецессивті гетерозиготамен Е.Гетерозиготамен
С.Доминантты гомозиготамен
10.Фенотип 3:1 форуласы бойынша ажырайтын будандастыру
А.Дигибридті Д.Талдаушы
В.моногибридті,толық доминанттылық Е.Моногибридті,аралық тұқым қуалау
С.моногибридті,толымсыз доминанттылық
11.Генетикалық рекомбинация
А.Ағзаның өседі В.Гомологты хромосомалардың тіркесуі С.Жасушалардың бөлінуі
Д-мейозда Е-диференциялдау
12.Әр түрге тән болып келетін хромосомалар жиынтығының саны,мөлшері,пішіні ненің негізі екендігін анықтаңыз.
А.Түрдің морфологиялық критерийі Д. Түрдің физиологиялық критерийі
В.Түрдің генетикалық критерийі Е. Түрдің экологиялық критерийі.
С.Түрдің географиялық критерийі
13.Мутациялар өтеді
А.ДНҚда В.Жасуша мембранасында С.Лизосомаларда Д-ақуыз молекуласында Е-рибосомада
14.Кішкентай популяциялардағы мутантты ген жиілігінің тез және кездейсоқ өзгеретінін эксперимент жүзінде дәлелдеген ғалым:
А.И.И.Шмальгаузен Д.С.Райт
В.С.С.Четвериков Е.А.Н.Северцов
С.В.Иогансен
15.Фенотипі формуласы 9:3:3:1 болып ажыратылатын будандастыру түрі
А.Моногибридті будандастыру,аралық сипатта тұқым қуалау
В.Моногибридті будандастыру,толық доминанттылық С.Талдаушы
Д.Дигибридті Е.Моногибридті.
16.егер фенотип формуласы былайша ажыраса-3 қара қоян:1ақ қоян,онда генотип бойынша ажырау осындай болады
А-2:1:1 Д-3:1:1
В-2:1:2 Е-1:2:1
С-2:2:1
17.адамның шежіресін зерттейтін генетиканың әдісі
А-генологиялық Д-гибридолгиялық
В-биохимиялық Е-цитогенетикалық
С-егіздік
18.Жануарлардағы зиготадағы хромосомалар саны
А-тетраплоидты В-пентоплоидты С-гаплоидты Д-трирлоидты Е-диплоидты
19. Аллелді гендердің орналасуы
А-гомологты хромосомада В-хромосоманың әр түрлі жұбында С-жұп емес гендерде
Д-гомологты емес хромосомада Е-бір аутосомда
20. Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеген кезде Г. Мендель қандай тәсіл қолданды?А. гибридологиялық В.Биохимиялық С. цитологиялық Д. Химиялық Е-барлығы дұрыс
21. Аллельді гендер қайда орналасқан
А. бір хромосомада В. бірдей локустарда С. гомологты емес хромосомада Д. гомологты хромосомалардың бірдей локустарында Д-барлығында
22. Фенотип бойынша дигибридті будандастырудың формуласы қандай?
А. 3:3:3:1 В. 1:2:1 С.9:3:3:1 Д. 9:1 Е.5:3
23Кроссинговер құбылысы қашан байқалады?
А. митозда В. мейозда С. амитозда Д. Репликацияда Е.дибликацияда
24.Әйелде хромосомалық көрініс қандай?
А. ХУ В. ХХ С. ХО Д. ХХУ Е.УУХ
25. Гендердің тіркеліп тұқым қуалауын кім зерттеді?
А- Г. Мендель В- М. Мичурин С.- Н. Вавилов Д- Т. Морган Е- В.Иогансен
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
1-н |
Д |
С |
В |
В |
С |
В |
А |
Д |
В |
А |
В |
Д |
В |
В |
В |
А |
А |
С |
Д |
В |
Е |
С |
С |
В |
А |
2-н |
А |
С |
Д |
С |
С |
А |
А |
А |
С |
Д |
С |
В |
А |
В |
А |
С |
В |
А |
В |
Д |
Д |
А |
А |
С |
В |
3-н |
В |
А |
А |
В |
В |
Д |
В |
А |
С |
С |
В |
В |
В |
Д |
С |
Д |
Д |
А |
В |
А |
Д |
Д |
С |
С |
В |
4-н |
Д |
С |
С |
С |
Д |
А |
В |
Д |
А |
В |
В |
В |
А |
Д |
Д |
Е |
А |
Е |
А |
А |
В |
В |
Д |
С |
А |
Жердегі тіршіліктің пайда болуы және дамуы
1-нұсқа
1.А.И. Опариннің болжамын тәжірибе жүзінде тексеруді С. Миллер өзінің колбасында жасады
А-нағыз мұхитты В-жердің моделін С-алғашқы мұхитты Д-аквариумды Е-ДНҚ моделін
2.А.И.Опариннің Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориясын тәжірибе жүзінде дәлелдеген ғалымдар
А-Л.Пастер, Ф.Реди В-Ф. Реди,Аристотель С-С.Миллер,С.Фокс Д-А.Левенгук,Р.Гук
Е-Г.Галилей,С.Миллер.
3.Жерде тіршіліктің абиогенді пайда болғандығы туралы болжамның авторы:
А-Ф.Реди В-Л.Пастер С-А.И.Опарин Д-С.Миллер Е-В.И.Вернадский
4.Аммяк,метаннан және сутегінен қарапайым май қышқылдарын және бірнеше амин қышқылдарын синтездеп алған ғалым:
А-Ф.Реди В-Л.Пастер С-А.И.Опарин Д-С.Миллер Е-В.И.Вернадский
5.Ыстықты реттеушілікке қабілеттің пайда болуы
А-құрттарда В-құстарда С-бунақденелілерде Д-жорғалаушыларда Е-қосмекенділерде
6.Жердің алғашқы мұхитында қою желімтік макромолекулалық жиынтықтар пайда бола бастады
А-прокариоттар В-коацерваттар С-дәрумендер Д-эукариоттар Е-катализаторлар
7.Тікентерлер мен сауытты балықтар пайда болды
А-силурда В-протерозойда С-кембрийде Д-ордовикте Е-архейде
8.Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теориялардың ішіндегі ең тиянақты екі болжам:
А-овогенез,биогенез В-филогенез,абиогенез С-абиогенез,биогенез Д-онтогенез,метаморфоз Е-эмбриогенез,филогенез.
9.1862 жылы тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп,арнайы сыйлыққа ие болған ғалым
А-Ф.Реди В-В.И.Вернадский С-А.И.Опарин Д-Л.Пастер Е-С.Миллер
10.Жалаңаштұқымдылардың үстемдік етіп,алғашқы жылы қанды жануарлар шыға бастаған заман:
А-мезозой В-палезой С-архей Д-кайнозой Е-протерозой
11.Өсімдіктердің құрғаққа шыға бастауы
А-архей В-протерозой С-кайнозой Д-палезой Е-мезозой
12.Неорганикалық заттардан алғашқы органикалық заттардың жерде синтезделуіне қабілетті еткен
А-төмен температура В-өсімдіктер С-жанартау сөнуі Д-жоғары жанартаулық белсенділік Е-адамдар
13.Органикалық заттар жерде алғашқы «сорпада»шексіз ұзақ өсе берер еді,егер
А-өсімдіктер қатысатын болса В-бактериялар мен саңырауқұлақтар болмаса С-оттегі қатысатын болса Д-су болмаса Е-саңырауқұлақтар қатысатын болса
14.Биогенез-бұл қандай теория екенін көрсетіңіз
А-тірінің тек тіріден пайда болатыны туралы В-органикалық әлемнің тарихи дамуы С-жеке даму туралы Д-тірінің өліден пайда болуы Е-ағзаның туғаннан өлгенге дейін дамуы
15.Тастан еңбек құралдарын жасап баспана тұрғызған адамдар
А-осы заманғы адамдар В-ежелгі адамдар С-дриопитектер Д-ертедегі адамдар Е-австрало питектер
16.Неандер өзенінің атымен аталатын ертедегі адамдар:
А-дриапитектер В-неандерталдықтар С-австралопитектер Д-кроманьондықтар Е-синантроптар
17.Қытай адамының басқаша атауы:
А-австралопитек В-синантроп С-неандертальдық Д-кроманьондық Е-дриапитек
18.Мезозойға жатады
А-девон В-силур С-триас Д-карбон Е-ордовик
19.Саусаққанатты балықтар пайда болған
А-кайназойда В-протерезойда С-архейде Д-мезозойда Е-полеозойда
20.Қарапайым еңбек құралын жасау,қоғамдасып тіршілік ету және отты жағып пайдаланған
А-ежелгі адам В-дриопитек С-ертедегі адам Д-австралопитек Е-осы заманғы адам
21.Оңтүстік Африкадан қалдықтары табылған
А-кромоньондықтар В-синантроптар С-австролопитектер Д-нендертальдықтар Е-питекантроптар
22.Мұнай түзілген
А-ертедегі теңіз плонктондарынан В-бактериялардан С-көкжасыл балдырлардан
Д-былқылдақжденелілерден Е-қызыл балдырлардан
23. Алғашқы сүтқоректілер пайда болған заман
А-архей в-кайназой С-мезозой Д-полеозой Е-протерозой
24.Жабықтұқымды өсімдіктер пайда болған заман
А-мезозой В-архей С-протерезой Д-кайназой Е-полеозой
25.Шыбынның сасыған ет бетінде өздігінен пайда болуы мүмкін еместігінтәжірибе жүзінде дәлелдеген италяндық дәрігер
А-В.И.Вернадский В-Л.Пастер С-Ф.Реди Д-С.Миллер Е-А.И.Опарин
Эволюция 1-нұсқа
1.жабықтұқымдылардың қандай ерекше белгілері, олардың жерде басымдық танытытып,қаулап өсуіне мүмкіндік жасағанын көрсетіңіз
А-тамыр, сабақ, жапырағының болуы
В-гүл мен жемістің ішінде дамитын тұқымның болуы, әр түрлі шөптектес,бұтақтектес, ағаш тектес пішінде болуы
С-тұқым арқылы көбеюі
Д-жемісі болмайды, гүл мен тұқымының болуы
Е-гүл, тұқым бүрі, тұқымның болуы
2.Алғашқы құрлыққа шыққан өсімдікті атаңыз
А-саңырауқұлаұтар В-қыналар С-псилофиттер Д-мүктер Е-балдырлар
3.шошқа цепені ненің нәтижесінде пайда болғанын көрсетіңіз
А-араморфоз В-идиоадаптация С-дегенрация Д-биологиялық прогресс Е-регресс
4. бунақденелілер класынан биологиялық прогрестің мынадай белгілерін ажыратады
А-белсенді қозғалу В-дайын органикалық затпен қоректену
С-таралуы,әр түрлілігі және барлық тіршілік жағдайына бейімделуі
Д-паразиттік өмір салты Е-жүйке жүйесінің жоғары дәрежеде дамуы
5. жануарлар құрылысындағы қандай өзгерісті араморфозға жатқызуға болмайтынын түсіндіріңіз
А-мұртшалары құрылысындағы өзгерісті В-өкпемен тыныс алуы С-баласын сүтпен асырауы Д-жынысты көбеюі Е-көпжасушалалақты
6.араморфоз мысалы ретінде қарастыруға болады
А-тері жабынының түсін В-жыныстық үдерісті С-балық денесінің тығыздалуын
Д-гүлдердің тозаңдалуға бейімделуін
Е-тіршілік үдерісінің әр түрлі жағдайына бейімделген
7.Төменде аталғандардың қайсысы биологиялық регрессжағдайында тұрғанын көрсетіңіз
А-Канада элодеясы В-коларад қоңызы С-қар барысы Д-сұртышқан Е-қоян
8.Органикалық дүниенің күрделі және ұзаққа созылған тирихи даму үдерісі
А-прогресс В-регресс С-революция Д-эволюция Е-филогенез
9.Жұмыр құрттардың барлық экологиялық деңгейде өмір сүруін(суда,топырақта,өсімдіктерде,жануарларда) қандай эволюциялық өзгеріс типіне жатқызатындығын көрсетіңіз:
А-ароморфоз В-биологиялық прогресс С-дегенерация Д-биологиялық регресс Е-идиоадапция
10.Эволюцияның қандай бағыты төмендегі белгілермен сипатталатындығын көрсетіңіз1)даралар санының артуы; 2)ареалының кеңеюі,түрлердің алуан түрлілігі.
А-ароморфоз В-биологиялық прогресс С-биологиялық регресс Д-идиоадаптация Е-дегенерация
11.Эволюция барысында пайда болған көбеюдің ең соңғы түрі:
А-вегатативті В-жынысты С-жыныссыз Д-қалемшелеу Е-бүршіктену
12.Ақылтістің болуы,аппендикс-бұл ненің мысалы екендігін көрсетіңіз
А-гомология В-ароморфоздың С-атавизмнің Д-рудименттің Е-аналогияның
13.Түрішілік күрес дегеніміз:
А-жыртқыш-жемтік арасындағы қатынас В-бір түрдің даралардың арасындағы бәсеке С-қоршаған ортаға бейімделу Д-ие-паразит арасындағы қатынас Е-әр түрдің даралары арасындағы бәсеке.
14.Ағзаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі бейімділіктердің пайда болуы.
А-ароморфоз В-жалпы дегенерация С-конвергенция Д-идоадаптация Е-дивергенция
15.Адамдағы рудиментті көрсетіңіз:
А-қою түкті жабын В-аппендикс(соқырішек) С-күшті дамыған азу тіс Д-көп емшектік Е-құйрықтың болуы
16.Тас көмір пайда болған ертедегі өсімдіктерді көрсетіңіз:
А-шаңжапырақтәрізділер В-гүлді өсімдіктер С-жабық тұқымдылар Д-балдырлар Е-мүктер
17.Жан Батис Ламарк
А-тірі ағзалардың өзгермейтіндігін дәлелдеді
В-алғашқы толық түрдегі эволюциялық теорияны жасады
С-тұқымқуалаушылық заңын ашты
Д-түрлердің пайда болуы мен қолдан сұрыптауды ашты
Е-Бинарлы жіктеуді ұсынды
18.Микроағзалардың өздігінен пайда бола алмайтындығын дәлелдеғен ғалым
А-Ф. Энгельс В-Л.Пастер С-АИ.Опарин д-С.Миллер Е- СФокс
19.Қандай эволюцияның дәлелдемесі атавизмді көрсетті
А-салыстырмалы анатомиялық В-эмбриологиялық С-полеонтологиялық
Д-биогеографиялық Е-генетикалық
20.Гомологтық мүшелерді көрсетіңіз
А-құстар мен көбелектердің қанаттары В- иттің табаны мен құстың қанаты
С-шаян мен балықтың желбезегі Д-көбелек пен жарқанаттың қанаттары
Е-кактус пен итмұрынның тікенегі
21.Ескек аяқтылар отрядының үш тұқымдасының (теңіз мысығы,морж,итбалық) дене пішіні мен аяқтарының ұқсастығы ненің мысалы болатындығын көрсетіңіз
А-пареллелизмнің В-ароморфоздың С-конвергенцияның Д-мимикрия Е-дивергенция
22.Сонаның араға ұқсас болуы ненің мысалы екендігін көрсетіңіз
А-бүркеніш рең В-сақтандырушы рең С-қорғаныш рең Д-жасырушы рең Е-сұрыпталу
23.Тіршілік үшін күрестің ең қауіпті түрін көрсетіңіз
А-түртаралық күрес В-табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес С-түрішілік күрес
Д-адаптация Е-абиотикалық факторлармен күрес
24.мезодерманың түзілуі басқаша аталады
А-идиоадаптпция В-конвергенция С-дигенерация Д-ароморфоз Е- биологиялық регресс
25.ағзалардың жекелей бейімделуі
А-ароморфоз в-биологиялық прогресс С-идиоадаптация Д-конвергенция
Е-биологиялық регресс
ЭВОЛЮЦИЯ.2-нұсқа
1.Гүлді өсімдіктердің тозаңдану тәсілінің алуан түрлілігін көрсетіңіз
А-регенерация В-идиоадаптация С-дегенерация Д-биологиялық регресс
Е-араморфоз
2.түрлердің өзгергіштігін ділелдеген «Зоология философиясы» кітабының авторы
А-Ж.Б.Ламарк В-Ч. Дарвин С-Эразм Дарвин Д-К.Линней Е-А.Вейсман
3. анологиялық мүшелерді көрсетіңіз
А-көртышқан мен бақаның аяқтары В-иттің табаны мен құстың қанаты С-құстар мен көбелектердің қанаттары Д-ит пен мысықтың аяқтары Е-кактустың мұртшасы мен итмұрынның тікенектері
4.Түрдің негізгі эволюциялық бірлігін көрсетіңіз
А-дара В-популяция С-жанұя Д-диверген Е-ареал
5.Эволюцияның қозғаушы күшін сипаттаған ғалым
А-К.Линней В-А.Ливенгук С-Ж:Б: Ламарк Д-Ч. Дарвин Е-Р.Гук
6.Көп емшектік,құйрықтың болуы,адам денесін жаппай түктің басуы ненің мысалы бола алады
А-ароморфоз В-атавизм С-аналогия Д-рудимент Е-гомология
7.Биоценоздағы алғашқы энергия көзін көрсетіңіз
А-ақуыз В-АТФ С-минералды тұздар Д-оттегі және су Е-күн сәулесі
8.Чарльз Дарвин
А-эволюцияның қозғаушы күші
В-генетика мен эволюцияны біріктіруге қадам жасады
С-генетика ілімін ұсынды Д-ағзаларды түр, туыс,класқа жіктеді
Е-эволюцияның негізгі бағыттарын анықтады
9.Жан Батис Ламарк
А-эволюциялық идеяны алғаш ұсынған В-эволюцияның негізгі бағыттарын ашты
С-эволюцияның қозғаушы күштерін ашты Д-генетика ілімін ұсынды
Е-ағзаларды түр,туыс, класқа жіктеді
10.Жер ноосферасын құратындар
А-вирустар В-жануарлар С-өсімдіктер Д-бактериялар Е-адамдар
11.Дараларды бір популяцияға біріктіретін негізгі фактор
А-жыртқыштардың болуы В-жаппай қоректену С-климат жағдайларының ұқсастығы
Д-табиғи жауларыныңболмауы Е-еркін шағылысу
12. «Бигль» кемесімен жер шарын аралап,саяхат жасап шыққан кім екенін көрсетіңіз
А-Р.Гук В-Чарльз Дарвин С-А.Вейсман Д-Ж.Б.Ламарк Е-К.Линней
13.Алғашқы эволюциялық ілімнің авторын көрсетіңіз
А-А.Ливенгук В-Р.Гук С- К.Линней Д-Ж.Б. Ламарк Е-Ч.Дарвин
14.Бір түр дараларының арасындағы қорек, мекен ету ортасы үшін күрес қалай аталады
А-түрішілік. В-популяциялық. С-изоляция. Д-өзгергіштік. Е-түраралық.
15.Жүйелеудің негізін кім қалағандығын көрсетіңіз.
А-Теофраст. В-Гиппократ. С-Линней. Д-Аристотель. Е-Пастер.
16.Экологиялық критерийді көрсетіңіз.
А-Сыртқы орта факторлары.
В-Белгілі бір ареал.
С-Сыртқы құрылыстың ұқсастығы.
Д-Тіршілік әрекеттерінің ұқсастығы.
Е-Белгілі бір хромосома саны.
17.Ұйымдастырушылық деңгейді көтеретін эволюция жолы қалай аталатындығын көрсетіңіз.
А-Дегенерация. В-Идиоадаптация. С-Ароморфоз.
Д-Биологиялық тұрақтылық. Е-биологиялық регресс.
18.Макроэволюция нәтижесінде жаңадан қалыптасады.
А-даралар. В-популяция. С-түрлер. Д-тұқымдас. Е-түрасты.
19.Дараларды бір популяцияға біріктіретін негізгі факторды көрсетіңіз.
А-Маңыздылығы бірдей барлық факторлар. Д-Азықтық өсімдіктер.
В-Даралардың бір-бірімен еркін шағылысуы. Е-Микроклимат.
С-Топырақ.
20.Өнер дамып, әдет-ғұрып пайда болған:
А-австралопитектерде. Д-питекантроптарда.
В-синантроптарда. Е-кроманьондықтарда.
С-неандертальдықтарда.
21.Түрге тән негізгі критерий.
А-генетикалық біртұтастық. Д-физиологиялық қасиеті.
В-морфологиялық қасиеті. Е-экологиялық жағдайы.
С-географиялық орналасуы.
22.Ағзалардың сыртқы белгілерінің жиынтығы дегеніміз-
А-түрдің биохимиялық критерийі.
В-түрдің эколого-географиялық критерийі.
С-түрдің морфологиялық критерийі.
Д-түрдің физиологиялық критерийі.
Е-түрдің генетикалық критерийі.
23.Түрдің физиологиялық критерийі негізінде жатыр:
А-бір түр дараларының ішкі және сыртқы құрылыстарының ұқсастығы.
В-түрлердің табиғатта иеленетін ареалы.
С-әрбір түрге тән хромосомалар жиынтығының сипаты.
Е-біртүр дараларының барлық тіршілік әрекеттерінің ұқсастықтары.
24.жабықтұқымдылардың қандай ерекше белгілері, олардың жерде басымдық танытып,қаулап өсуіне мүмкіндік жасағанын көрсетіңіз
А-тамыр, сабақ, жапырағының болуы
В-гүл мен жемістің ішінде дамитын тұқымның болуы, әр түрлі шөптектес,бұтақтектес, ағаш тектес пішінде болуы
С-тұқым арқылы көбеюі
Д-жемісі болмайды, гүл мен тұқымының болуы
Е-гүл, тұқым бүрі, тұқымның болуы
25.Алғашқы құрлыққа шыққан өсімдікті атаңыз
А-саңырауқұлаұтар В-қыналар С-псилофиттер Д-мүктер Е-балдырлар
Экология. 1-нұсқа
1.Канцерогенді заттардың тудыратын аурулары
А-рак ауруы В-аллергиялық аурулар С-өмір бойы сақталатын аурулар
Д-жұқпалы аурулар Е-саңырауқұлақты аурулар
2.Жыртқыш-жемтік түріндегі табиғи қарым-қатынасқа түседі
А-дала шырмауығы және алабұға В-қоян мен елік С-бүркіт пен түлкі
Д-көкек пен қарға Е-суыр мен құндыз
3.Бастапқы қоректік заттан қажетті органикалық заттар мен энергияны алатын өзара байланысқан түрлер тізбегі
А-кәсіптік популяциялар В-қоректік тізбектер С-биоцероз қалыптастырушылар
Д-агреценоздар Е-дұрыс жауабы жоқ
4.Екінші реттік консументтерді көрсетіңіз
А-автотрофтар В- өсімдікқоректі жануарлар С-етқоректі жануарлар
Д-саңырауқұлақтар Е-бактериялар
5.Биогеоценоздардың агреценоздардан айырмашылығы
А-қосымша энергия көздерінсіз Күн энергиясын пайдалануы
В-жасанды сұрыптау әрекеті С-қоректік элементтерінің бір бөлігін жоғалтуында
Д-қосымша энергияны пайдалануы Е-табиғи сұрыпталудың нашарлауы
6.топырақ эрозиясымен күресу шаралары
А-топырақты соқамен жырту В-топыраққа жасалатын қысымды арттыратын техниканы жасау С-қышқылды тыңайтқыштарды енгізу Д-танап қорғайтын орман белдеулерін жасау Е-бір жерге жыл сайын бірдей өнім өсіру
7.Антропогендік факторға жатады
А-жер сілкінісі В-ауа ағынының қозғалысы С-ауа температурасының қозғалысы
Д-жер жырту Е-жыртқыштардың жемтігін жеуі
8.Көмірқышқыл газы сіңіріліп,көмірсуға ненің көмегімен айналатынын көрсетіңіз
А-редуценттер В-консументтер С-продуценттер Д-ыдыратушылар Е-тұтынушылар
9.Ағзалардың ұқсас тағамдарды пайдалана отырып,бір-бірін жоюы
А-арамтамақтық В-жыртқыштық С-бәсекелестік Д-симбиоз Е-паразитизм
10.Жер шарында тек бір жерде ғана тіршілік ететін ағзалар қалай аталатынын көрсетіңіз
А-сапрофиттер В-эндемиктер С-автотрофтар Д-гетеротрофтар Е-паразиттер
11.Көміртегінің негізгі факторлары
А-түйнекті бактериялар В-жасыл өсімдіктер С-көпаяқтылар
Д-радиоляриялар Е-топырақ бактериялары
12.Агреценозда
А-түрлердің саны өте көп болады. В-негізгі фактор табиғи сұрыпталу болады.
С-өздігінен реттеледі. Д-қосымша энергия көзі ретінде тыңайтқыш енгізіледі.
Е-заттар айналымы жүзеге асырылады.
13.Бірінші реттік консументтерді көрсетіңіз.
А-Өсімдіктер. В-Микроағзалар. С-Өсімдіктегі жануарлар.
Д-Етқоректі жануарлар. Е-Балдырлар.
14.Биосферада атом энергиясын пайдаланған кезде:
А-радиоактивті заттар жинақталады. В-көп мөлшерде оттегі сіңіріледі.
С-көмірқышқыл газының мөлшері азаяды. Д-озон қабты бұзылады.
Е-зиянды заттар жинақталады.
15.Агроценоздың биогеценоздан айырмашылығы:
А-қосымша энергия көздерінсіз Күн энергиясын пайдалануы.
В-барлық элементтерді топыраққа қайтаруы.
С-қсымша энергияны пайдалануы. Д-экожүйенің өздігінен реттелуі.
Е-табиғи сұрыпталудың тұрақтылығы.
16.Су дағдарысы адамзатқа қауіп төндіретін себебі:
А-аң аулауға шектеу болмағандықтан.
В-су қорын тиімді пайдаланбағандықтан.
С-ормандарды бей-берекетсіз кескендіктен.
Д-су жеткіліксіздігінен.
Е-балық аулауға шектеу болмағандықтан.
17.Агроценозға жатады:
А-тундра. В-бақша. С-дала. Д-өзен. Е-орман.
18.Өнімділігі төмен экожүйе:
А-дала жайылымы. В-қайынды орман. С-тропикалық орман.
Д-еменді орман. Е-тайга.
19.Барлық биогеоценоздың жиынтығы
А-жасуша В-биосфера С-тіршілік Д-популяция Е-экожүйе
20.Агреценоздағы қоректік тізбектің негізгі сатысындағылар
А-адамдар В-саңырауқұлақтар С-жасыл өсімдіктер Д-жануарлар Е-микроағзалар
21.Қалдықсыз технология дегеніміз:
А-күн энергиясы. В-мұхиттың кинетикалық энергиясы.
С-зиянды заттарды тастамайтын технологияның жабық жүйесі.
Д-жел энергиясы. Е-жылу энергиясы.
22.”Биогеоценоз” терминін ғылымға енгізген ғалым:
А-В.Н.Сукачев. В-В.И.Вернадский. С-Ч.Дарвин. Д-Н.И.Вавилов. Е-Ф.Энгельс.
23.Антропогендік фактор дегеніміз:
А-тірі ағза мен мекен ету ортасы арасындағы байланыс.
В-тірі ағзалар тіршілік ететін табиғат.
С-адамның табиғатқа тигізетін шаруашылық әрекеттері.
Д-тірі ағзалардың әсері.
Е-өлі табиғат компонентері.
24.Жердегі барлық биоценоздардың жиынтығы:
А-ноосфера. В-биосфера. С-гидросфера. Д-литосфера. Е-атмосфера.
25.Биотикалық факторға жататынын көрсетіңіз.
А-Жыртқыштық. В-Жарық,температура. С-Қысым.
Д-Ультракүлгін сәуле. Е-Жел күші.
2-нұсқа.
1.Қышқыл жаңбырдың жауатын себебі:
А-күн радиациясының өзгеруінен.
В-атмосферадағы көмірқышқыл газының жоғарлауынан.
С-атмосферадағы озон мөлшерінің артуынан.
Д-атмосфераға күкірт диоксиді мен азот оксидінің тасталуынан.
Е-атмосфераға ауыр металдардың тасталуынан.
2.Адам қолы тимеген табиғат бөліктерін сақтау мақсатында ұйымдастырылады:
А-табиғат ескерткіштері. В-биосфералық қорықтар.
С-зоологиялық бақтар. Д-табиғи қорық қорлар. Е-ботаникалық бақтар.
3.Түрдің тіршілік еткен аумағын анықтайтын түр критерийі:
А-морфологиялық. В-физиологиялық. С-экологиялық-географиялық.
Д-биохимиялық. Е-генетикалық.
4.Мәдени өсімдіктер бәсекеге түседі:
А-арам шөптермен. В-бунақденелілермен. С-кемірушілермен.
Д-құстармен. Е-адаммен.
5.Популяциядағы гендердің толық жиынтығын қалай атайтындығын көрсетіңіз.
А-геном. В-биотоп. С-бирценоз. Д-генофонд. Е-критерий.
6.Зат,энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
А-биоценоз. В-биотоп. С-экологиялық пирамида.
Д-экожүйе. Е-бірлестіктер экологиясы.
7.Биосфералық қорығы бар:
А-Қырғызстан. В-Украина. С-Қазақстан. Д-Қиыр шығыс. Е-Молдавия.
8.Озон қабатының негізгі қызметін көрсетіңіз.
А-Атмосфераның ластануын болдырмайды.
В-Ультракүлгін сіуленің енуіне кедергі жасайды.
С-Ауадағы шаң тозанды сүзеді.
Д- Ауаны ластайды.
Е-Азотты жинақтайды.
9.Биосфераның негізгі қызметін көрсетіңіз.
А-Жанартаулардың алдын алады. В-Аралдар түзеді.
С-Таулар түзуге қатысады. Д-Тіршілікпен байланысты зат пен энергия алмасуы жүреді.
Е-Жер сілкінісі жүреді.
10.Көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада көбейіп кетуінен пайда болады:
А-Лондондық у түтін (смог). В-фотохимиялық у түтін. С-қышқыл жаңбыр.
Д-озон қабатының жұқаруы. Е-судың ластануы.
11.Шектеуші фактор дегеніміз:
А-қоршаған ортаға адамның тигізетін іс-әрекеті.
В-әрбір ағзаға әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі.
С-климаттың өзгеруін көрсететін абиотикалық факторлар.
Д-ағза үшін қолайлы фактор.
Е-экожүйеде болмайтын фактор.
12.Ағзалардың өлігін ыдыратып, неоарганикалық заттарға айналдыратындар.
А-продуценттер. В-консументтер. С-тұтынушылар. Д-өндірушілер. Е-редуценттер.
13.Өсімдіктер-шегірткелер-бақалар-жыландар-бүркіттер.Осы қоректік тізбек неше сатыдан тұратындығын көрсетіңіз.
А-үш. В-Алты. С-Бір. Д-Төрт. Е-Бес.
14.Химиялық текті улану тамаққа ненің түсуінен болатын көрсетіңіз
А-азот тұтушы бактериялар В-сіркеқышқыл бактериялар С-улы заттардың
Д-сүт қышқылы бактериялардың Е-түйнекті бактериялардың
15.Ағзада өлгеннен кейін ақуыздар бактериялардың әсерінен пайда болады
А-аммиакқа. В-өсімдіктердің ақуызына. С-ауадағы азотқа.
Д-азот қышқылына. Е-азот қышқылының тұздарына.
16.органикалық қалдықтарды ыдыратушыларды көрсетіңіз.
А-Екінші реттік консументтер. В-Продуценттер.
С-Бірінші реттік консументтер. Д-Автотрофтар. Е-Редуценттер.
17.Түрдің төзімділік шекарасынан шығып кететін факторды көрсетіңіз.
А-Мутагендік фактор. В-Летальды фактор. С-Ғарыштық фактор.
Д-Шектеуші фактор. Е-Температуралық фактор.
18.Шөлдегі шектеуші фактор:
А-атмосфералық қысымның жоғарлауы. В-жылудың жеткіліксіздігі.
С-ылғалдың жеткіліксіздігі. Д-оттегі концентрациясы. Е-жарықтың жетіспеушілігі.
19.Тіршілік үшін неғұрлым қолайлы фактор:
А-абиотикалық. В-минимум. С-оптимум. Д-максимум. Е-биотикалық.
20.Озон тесіктерінің пайда болуының салдарынан:
А-терінің қатерлі ісік ауруларының саны артады.
В-тау жыныстары бұзылады.
С-Әлемдік мұхит деңгейі жоғарылайды.
Д-жыртқыш жануарлардың саны кемиді.
Е-тұнбаның түсуі азаяды.
21.Редуценттерге жатады:
А-саңырауқұлақтар. Мен микроағзалар. В-продуценттер. С-автотрофтар.
Д-бір жасушалы балдырлар. Е-етқоректі жануарлар.
22.Көмірқышқыл газын сіңіріп, оны көмірсуға айналдыратындар.
А-ыдыратушылар. В-консументтер. С-продуценттер. Д-тұтынушылар. Е-редуценттер.
23.Жыртқыш-жемтік-бұл ненің мысалы екендігін көрсетіңіз.
А-қолайсыз жағдаймен күрестің. В-өзгергіштіктің. С-түрішілік күрестің.
Д-изоляцияның. Е-түраралық күрестің.
24.Агроценозда табиға биогеоценозға қарағанда:
А-қоректік тізбегі қысқа болады. В-өндірушілер болмайды.
С-заттар айналымы тұйық болады. Д-тұтынушылар болмайды.
Е-экологиялық пирамида ережесіне әсер етеді.
25.Ормандардың жойылуы салдарынан болады:
А-егіс алаңының қысқаруы. В-суқойма алаңының артуы.
С-су көлемінің артуы. Д-өзендердің тайыздануы. Е-топырақтың батпақтануы.
№ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
1-н. Жер/т |
С |
С |
С |
Д |
В |
В |
А |
С |
Д |
А |
Д |
Д |
В |
А |
Д |
В |
В |
С |
Е |
А |
С |
А |
С |
А |
С |
1н. Эволю |
А |
С |
С |
С |
А |
В |
С |
Д |
В |
В |
В |
Д |
В |
Д |
В |
А |
В |
В |
А |
В |
А |
С |
С |
Д |
С |
2-н эволю |
В |
А |
С |
В |
Д |
В |
Е |
А |
А |
Е |
Е |
В |
Д |
А |
С |
А |
С |
Д |
В |
Е |
А |
С |
Е |
С |
С |
1-н экол |
А |
С |
В |
С |
А |
Д |
Д |
С |
С |
В |
В |
Д |
С |
А |
С |
В |
В |
А |
В |
А |
С |
А |
С |
В |
А |
2-н экол |
Д |
В |
С |
А |
Д |
Д |
А |
В |
Д |
А |
В |
Е |
Е |
С |
А |
Е |
Д |
С |
С |
А |
А |
С |
Е |
А |
Д |