Материалдар / Биология пәнінің мұғалімі Атекенова Лязат Ырысбекқызының тізбектелген сабақ бойынша рефлексиялық есебі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология пәнінің мұғалімі Атекенова Лязат Ырысбекқызының тізбектелген сабақ бойынша рефлексиялық есебі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тізбектелген зерттеу сабақтардан алған тәжірибемді одан ары жалғастырып, өзгерістерді енгізуді жалғастыра беремін деп ойлаймын.Келесі оқу жылдарында өзім сабақ беретін сыныптарда өткіземін деген ойдамын. Бұндай сабақтың тиімділігі оқушыларда ой-пікір қалыптасып, өз ойын ашық айтуға, пікірін дәлелдеуге үйренеді деп ойлаймын. Ал әріптестерімнің тәжірибесіне осы тәсілдермен өзгеріс енгізуге көмек беру үшін әріптестермен міндетті түрде жұмыс істеуім керек. Өйткені мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер қатты қызығушылық танытты .Оларға көмектесуге әрқашан дайынмын. Бәріміздің ортақ мақсатымыз-балаға сапалы білім беріп, ойын ,пікірін дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруымыз керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2018
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология пәнінің мұғалімі Атекенова Лязат Ырысбекқызының тізбектелген сабақ бойынша рефлексиялық есебі.


Биология пәнінен 6а cыныбында өткізген тізбектелген сабақтардың рефлексиялық талдаудың жұмысының тақырыбы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар тақырып бойынша сөйлеуге дағдыланады. Сөздік қоры молаяды. Ойларын еркін жеткізеді.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарауды қажет етуде. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны белгілі.

Білім берудің жаңа жүйесін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін оқыту мен оқуға енгізіп, бәсекеге қабілетті шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күн талабы. Жастарымыздың сапалы білімі ертеңгі ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Қазіргі таңда сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбатының үлкен маңызы бар. Олар оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын айта білуге мүмкіндік береді, басқаларда да әр түрлі ой, идея болатындығын түсінуіне, оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне, мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында оқушылардың қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Тізбектелген сабақты 6а cыныбымен зерттеу жұмысымды «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбы аясында өткізуді жөн көрдім. Осы тақырыпты таңдауыма себеп болғаны 6а cынып оқушылары сабақта бір-бірімен қарым-қатынасқа тез түсіп, өз ойларын толық жеткізе алмайды, тіл байлығы төмен, сөздік қоры аз және бір-біріне сұрақтар қойюға дағдыларын арттыру, өз бетінше қосымша материял дайындап, сыныптас достарымен қарым- қатынасын оқу барысында арттыру еді. Сондықтан сабақтарымда диалогтік оқыту әдісін пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамытуды жоспарладым. Өйткені дәстүрлі оқытуда біз көбінесе оқушы ойымен, пікірімен санасқан емеспіз. Сұрақ қойсақ та, жауабына дұрыс мән бермейміз. Нашар оқитын оқушы назардан тыс қалады. Ал, бұның кемшілік екеніне көзім жетті. Осы кемшіліктерді жою мақсатында диалогтік оқыту әдісін қолдану керектігін түсіндім. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.

Диалогтік оқыту топпен, жұппен жұмыста жүзеге асады. Топтық жұмыс жасау арқылы бірін-бірі тыңдап, баға береді, бірге ойланады. Яғни, оқушының білім деңгейі, сабаққа қызығушылығы, ынтасы артады, бірін-бірі тыңдап, бағалай білуге, талдап, қорытынды жасауға, ойын жинақтай білуге үйренеді.Топта оқушылар әңгімелескенде бір-бірін тыңдайды, бір-біріне сұрақ қояды, идеяға дау айтады, бірлескен шешім қабылдау үшін келіседі. Бір-бірін үйретіп, пікір алмасады.

Диалог негізінде білім беру оқушының ой – пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектеседі. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды.

Әр сабақта оқушыларға ЖИКСО әдісі бойынша оқытып, бір-біріне тақырыпты түсіндіріп, сұрақ қойғыздым. Бұл әдістің нәтижесінде әр оқушы өзі түсініп оқуға, түсінбегенін досынан түсініп алуға, сұрақ қоюға, бір -бірімен қарым -қатынасқа түсе алатын болды. «Өрмек тоқу», «Ортада қалам», «Үшінші артық», «Сәйкесін тап», «Сұрақты ұстап ал» т.б әдістерді әр сабақта түрлендіріп алу нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, бір-біріне сұрақтарды нақты және тақырыпқа сай қоя білуі қалыптасты. Үйге берілген тапсырма «Сөзжұмбақ» «»Сәйкестендір» деген тапсырмаларлар қызығушылықпен өз қиялдарымен түрлендіріп жасап келіп, сыныптас достарымен әр сабақтың басында талдап отырды. Сонымен қатар тақырыптағы зертханалық жұмыстарға да оқушылар үйден дайындап алып келген, кеппешөп, қолдан жасалған материялдарды пайдалана отырып, зертханалық жұмыстарын орындауда да ерекше қызығушылық таныта білді. Сабақ барысында А тобындағы жақсы оқитын оқушылар сабаққа өте жақсы қатысып, белсенділіктері артта түсті. Б тобындағы оқушылар да әр түрлі тапсырмалар «Сөзжұмбақ», «Сәйкесін тап» тапсырмаларын қызығушылықпен орындап келіп А тобындағы оқушыларға қосыла алды. Сонымен қатар С тобындағы оқушылар да диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсап, ынталанады, өз ойларын бөлісіп, пікірлесе отырып, алған білімдерімен бөлісе алып, өз білімін толықтырады.

Әр сабақ соңында оқушыларға рефлексиялық сұрақтар алынып отырды оқушылар сабақтан алған әсерлерін сұраққа жауап жазу арқылы, өз ойларын толық жеткізе алды.

Мен зерттеген диалогтік оқыту оқушылар арасындағы пікірталас кезінде көп туындады. Мұнда оқушылар бір – бірінің жауаптарына қосымша сұрақтар қоя отырып, өз пікірлерін қорғауға қатысты. Әрбір сабақта тақырып бойынша жабық, ашық сұрақтар қою арқылы ойын ашық айтуға мүмкіндік беріп отырдым. Топта бір-бірімен сұхбаттасу арқылы өз ойларын білдіруге мүмкіндік алды, әр түрлі идеялардың болатынын түсінді..

Сабақ жаңаша болғандықтан оқушыларға жақсы әсер етті. Әсіресе топпен жұмыс істеген оқушылардың қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Топпен жұмыста балаларда ынтымақтастық қалыптасты, бірігіп жұмыс істеуге дағдыланды, өз ойын басқалармен бөлісуге әдеттенді, басқа да идеялардың болатынын түсінді. Топпен жұмыста соңғы сабақта ғана оқушыларым бір-бірімен санасып, бір-бірінің пікірін тыңдап, келісіп отырды.Осыдан мен оқушылардың топпен жұмыстың бағдарын түсінді деп ойлаймын. Сабақ соңындағы кері байланысты диалогқа жатқызуға болады. Өйткені диалогті оқыту негізінде сұрақ қоямыз, оған жауап аламыз.Яғни,сабақтан алған білімдері мен сабаққа қатысты ойларын сұрақ қою арқылы анықтадым.

Алғашқы сабақта үлгерімі төмен оқушылар топпен жұмыста басқаларға қосылмай шетте қалды. Себебі, жақсы оқитын оқушылар сөйлеуге , жұмысқа араласуға мүмкіндік бермеді. Бірақ келесі сабақтарда ол оқушылар сабаққа қатыса алды. Жеке қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырылған жұмыстарды орындай алды.

Тізбектелген зерттеу сабақтардан алған тәжірибемді одан ары жалғастырып, өзгерістерді енгізуді жалғастыра беремін деп ойлаймын.Келесі оқу жылдарында өзім сабақ беретін сыныптарда өткіземін деген ойдамын. Бұндай сабақтың тиімділігі оқушыларда ой-пікір қалыптасып, өз ойын ашық айтуға, пікірін дәлелдеуге үйренеді деп ойлаймын. Ал әріптестерімнің тәжірибесіне осы тәсілдермен өзгеріс енгізуге көмек беру үшін әріптестермен міндетті түрде жұмыс істеуім керек. Өйткені мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер қатты қызығушылық танытты .Оларға көмектесуге әрқашан дайынмын. Бәріміздің ортақ мақсатымыз-балаға сапалы білім беріп, ойын ,пікірін дәлелдей алатын тұлға қалыптастыруымыз керек.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!