Материалдар / Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Lesson Study – дің рөлі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Lesson Study – дің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Lesson Study – дің рөлі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Ақпан 2023
227
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы Lesson Study – дің рөлі



Егер бүгін біз балаларды кешегідей оқытсақ, онда біз балаларды ертеңінен айырамыз.

Джон Дьюи


Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе –білім беру, ғылымды дамыту. Білім беру жүйесіндегі негізгі талап – сабақта оқытудың жаңа технология әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бәсекеге қабілетті болып шығуына ат салысу. Қазіргі таңда жалпы орта мектептерінде Lesson Study технологияны пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға септігін тигізері анық. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. [2]

Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс әрекеттердің әр түрлі салаларында сондай-ақ тұлға аралық қарым-қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады.

Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті – мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және  баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында мектеп бағдарламасында Lesson Study әдісін пайдалану оқушының іс-әрекеттік - компетенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Lesson Study – ерекше форманы сипаттайтын сабақтағы іс – әрекеттерді зерттейтін педогогикалық тәсіл. Бұл тәсіл Жапонияда ХІХ ғасырдың 70 жылдары құрылған зерттеу әдісі болып табылады. Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруде, білімін жетілдіруде, тәжірибе алмасуда өте тиімді зерттеу сабағы болып табылады.. Lesson Study тәсілін сабақта қолдану арқылы оқушылардың оқудағы белсенділіктерін арттырып қана қоймай, мұғалімдерге әріптестерінің  зерттеу сабағын бақылауға, бақылау барысында жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, оны болашақта шығармашылықпен қолдануға мүмкіндік туады. [1]

Lesson Study тәсілінің әдістемесі тиімді, себебі ол мұғалімдерге:

* балалардың оқуын неғұрлым анық растауға, әдетте мүмкін болатын әртүрлі көріністер мен бөлшектер;

* мұғалімнің пікірі бойынша не қажет екенін көру балаларды оқыту кезінде және не болып жатқандығы жайлы нақтылық;

* нәтижесінде оқытуды қалай жоспарлау керектігін түсіну оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;

* кәсіби білім шеңберінде Lesson Study тәсілін іске асыру;

Жаңартылған білім мазмұны бойынша, биология пәнінде; Lesson Study тобын құру, Lesson Study-дің мақсатын және күтілетін нәтижелерді айқындау, таңдалған проблема ауқымында коучинг өткізіп, мәселенің теориялық мазмұнын ашу, мүмкін шешімдерін таңдау, сабақты бірлесе жоспарлау, бақыланатын оқушылар мен шағын топтарды, бақылау барысы мен интервьюде қолданылатын құралдарды таңдау. Мен өз сабағымды Lesson Study әдісін биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында STEM технологиясының элемементтерін пайдалану арқылы жоспарладым. Осы орайда оқушылармен 10 – сыныптың биология қоғамдық гуманитарлық бағыты бойынша № 1 модельдеу “Адам кариограммасын құру. Геномдық мутацияны оқып білу” тақырыбындағы модельдеу сабағы барысында оқушыларды бақылау жүргізіп шағын топтарға яғни А, В және С деңгейіндегі оқушылардың сабаққа қатысуымен қызығушылығын зерттеу арқылы жұмыс жасадым.

S-(Science) ғылым.

T – (Technology) технология

E– (Engineering) инжинерия

M–(Mathematics) математика.(есеп-

теулер жүргізу)


Мутацияның түрлерін зерттейді






Интерактивті тақтаны пайдаланып, видеоролик, слайд арқылы тақырыпты жан - жақты түсіндіру.

Микроскоп көмегімен дайын препарат арқылы хромосома жасушасымен танысады.





Қолда бар дүниелер арқылы хромасоманың модельін жасау









Адам кариотипінің идиограммаларының көмегімен хромасома санын есептеу жүргізу арқылы ауру түрлерін анықтап сипаттайды.



Оқушылар ғылыми тұрғыда мутацияның түрлерімен танысады, АКТ пайдалану арқылы хромасомалық және геномдық аурулардың видеороликтерін көреді. Хромасоманың модельін өз қолдарымен жасап көз жеткізеді. Соңында берілген суреттер бойынша хромасома саны бойынша есептеулер жүргізіп ауру түрлерін анықтайды. [3]

Lesson Study әдісін өз сабағымда пайдалану нәтижесінде оқушылардың білімдерін жаңа технологиялар арқылы жетілдіруге болатындығы. Сабақ соңында өз мақсатыма жеттім, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. Сабақ барысында оқушылар сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыланды. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, зерттеу жүргізе отырып пәнге деген қызығушылығын арттырдым. Зерттеу нәтижесінде сабақ барысында іс – әрекеттерді зерттеу арқылы оқушылардың темпераментін анықтап, соған қарай тапсырма жоспарлау керек екенін ескердім. А деңгейдегі оқушы барлық уақытта белсенді тапсырманы орындады, В дейгейдегі оқушы тұқымқуалаушылық аурудың түрлерін анықтап, оқулықтың көмегімен кариограммаға есептеулер жүргізді. С деңгейіндегі оқушы мұғалімнің көмегін қажет етті. Болашақта осындай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып С дейгейіндегі оқушыны В деңгейіне жеткізуге тырысамын.

Қорытындылай келе мұғалім сабақ беру барысында барлық оқушыларды бақылауға тырысқанымен әрбір оқушыны бақылау мүмкін емес, егер  нақты оқушыларды бөліп алып, соларды бақылап отырсаңыз оқушының сабақтағы іс-әрекетін объектівті түрде бағалауға мүмкіндік туады. Сондықтан Lesson Study педагогикалық зерттеу тәсілі оқушылардың сабақтағы белсенділіктері мен оқу үлгерімдерін жақсы нәтижеге жетелеуде үлкен рөл атқарады. Кейде оқушы тарапынан сабақ барысында қателіктер мен олқылылықтар туындап жатса да, мұғалім үшін оның себебін білу, оқушының ішкі жан дүниесін тереңірек түсіну мүғалім үшін аса маңызды. Сонымен қатар, есте ұстар басты мәселе: тіл біле отырып, сапалы, бәсекеге қабілетті маман бола отырып, өз Отанының патриоты болу – әр азаматқа басты міндет екендігін есте ұстау абзал.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану. – Алматы, 2015. – 180 б.

2. «Lesson study» как способ совершенствования практики обучения. Методическое пособие. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2014. 48 бет

3. Биология 10 – сынып оқулығы//Н.Г Асанов, А.Р. Соловьева 163-бет




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!