Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Биология сабағында үш тілде білім беру жүйесін қалыптастыру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат - лицейі
Биология сабағында үш тілде білім беру жүйесін қалыптастыру
Сүгірбаева Жұлдыз Қыдырбайқызы
биология пәнінің мұғалімі
Шолаққорған 2017 жыл
Аннотация.
Үш тілділікті тиімді ендіру – қазіргі заман талабы. Бұл жұмыс барысында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырдым. Қалыптасқан үш тілді ортада оқушылар сыни және шығармашылық қабілеттерінің дамитындығын байқадым. Қоршаған орта мен қоғамға, тілдік дағдыларға сыйластық сезімі қалыптасады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында қазіргі таңда қазақстандықтар үшін үш тілді меңгеру еліміздің қарқынды міндетті шарты екенін, қажеттілік екенін атап өтті. Бүгінгі күні үш тілді білім беру жүйесін ендіру – әрбір Қазақстан азаматы үшін өзекті, әрі маңызды.
Жоспары:
Кіріспе
бөлім
Тілге көзқарас - елге
көзқарас.
І. Негізгі
бөлім
1.1. Үштілділік - қазіргі заман
талабы.
1.2. Үштілділік білім беруді жүзеге асыру
шарттары.
1.3. Биология сабағында үштілділік білім жүйесін
қолдану
ІІ. Қорытынды
бөлім
"Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың
кепілі"
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстандағы тәуелсіз жолындағы күресі қазақ
тілінің қоғамдағы лайықты орнын талап етуден басталған болатын.
Қазақ тіліне мемлекет мәрте бесін әперу
оңай болған
емес. Осы жолда қаншама тар жол, тайғақ
кешулерден өтті. Сөйтіп, елім, тілім деп күрес майданына шыққан
көптеген асыл азаматтардың зор қажыр-қайратының арқасында туған
тіліміз өз тұғырына қонды. Бұл істердің қай-қайсысының болсын
басы-қасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев болғанын тағы жақсы білесіздер. Тәуелсіздік жылдары
мемлекеттік тілімізде оймен бірге жетіліп, қолданыс аясын кеңейте
түсті. Оның әрбір сатысынан Мемлекет басшысының қолтаңбасын
көтеруге болады. Елбасы дәстүрге айналған жыл сайынғы Жолдауларында
да, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларында да мемлекеттік
тіліміздің тірегі ретінде қазақ тілінің өрісін кеңейту, ел халқы-
ның мемлекеттік тіл аясына ұйысуын қадағалап, осыны ұдайы айтып
келеді. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқы
Ассамблеясын құрғандағы мақсаты да ел халқын тұтастандыру болатын.
Ол, әрине, мемлекеттік тіл арқылы іске асады. Сондықтан Қазақстан
Халқы Ассамблеясы мемлекеттік тілге қатысты жұмыстарын бұрынғыдан
да қарқынды жүргізіп, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тіл аясында
топтасуына ұйытқы болғандары жөн дегім
келеді.
«Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел
болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Осы жобаны
түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып
жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар
қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты
орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда
мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Үш
тұғырлы тілді желеу етіп, мемлекеттік тілді ығыстыру мүлде дұрыс
емес» - дейді.
Үш тілділік - қазіргі заман талабы.
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей
пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар:
қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас
тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну
тілі. Дәлірек айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай әрі
қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік
тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үштұғырлы тіл идеясын дамыту үшін мемлекет тарапынан еліміздің әр
азаматына көптеген жағдайлар
жасалынған.
Биылғы жылғы Елбасының дәстүрлі Жолдауынан
кейін тіл саясатында да біраз тың өзгерістер орын алды. Атап
айтқанда, ұлттық терминологияны дамыту, мемлекеттік тілдің бәсекеге
қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын әзірлеу, ағылшын тілін
үйретудің курстарын ашу, мемлекеттік қызметке қабылданатын
үміткерлерге мемлекеттік тілден тест тапсыру, қолданыстағы тіл
туралы заңнамаларға “Тілдердің үштұғырлығы”, дәлірек айтқанда – үш
тілдің бірлігі бойынша өзгерістер енгізу және тағы
басқалар.
“Үш тілдің бірлігі” мәдени жобасы – үш тілді,
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей
меңгеруін меңзегенімен, бұның түпкі негізі, көздеген мақсаты –
мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын
тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһан
тілдерімен тең қолданылатын биікке
жеткізу.
Қандай мемлекет болмасын оның, ең әуелі мән
беріп, ұлықтайтын тілі, әрине, мемлекеттік тілі. Өйткені,
мемлекеттік тіл әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің сипатты
белгілерінің бірі, ұлттық саясатының көрсеткіші. Міне, осы бағытта
еліміз, ең әуелі, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін арттыруға күш
салып отыр. Бұл мәселе тек қана қазақ халқының ғана емес, елімізде
тұратын өзге ұлт өкілдерінің де алдында тұрған
міндет.
Еліміздегі ең жоғарғы лауазым –
Президенттікке үміткер тұлғаға қойылатын талаптың бірі –
мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеретін сынақтан өту.
Осындай қатаң талап неге мемлекеттік құрылымның басқа да лауазымды
тұлғаларының алдына қойылмайды?! Мемлекеттік тілге деген шынайы
құрмет жоғарыдан бастау алып, қарапайым халыққа үлгі болса, қазақ
тілінің тұғыры беки түсер
еді. Әрбір маманның, қызметкердің өз қызметі
шегінде, өзінің кәсіби біліктілігінің аясында мемлекеттік тілді
меңгеру межесі нақты айқындалып, жаңа міндеттер жүктелуі
тиіс. Осы арада айрықша тоқталатын мәселе, ілдің
тағдырын тек заңмен, басқа да міндеттеу шараларымен, шешу мүмкін
емес. Тілге қажеттілік тудыру
керек.
Бүгінгі таңда тіл саясатында атқарылып жатқан
жұмыстар аз емес. Атап айтқанда, нормативтік-құқықтық және
ғылыми-лингвистикалық базаны одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тілді
оқытудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілді білу деңгейін
бағалау жүйесін дамыту, терминологиялық базаны қалыптастыру, тарихи
атауларды қалпына келтіру, т.б. салалар бойынша жүйелі жұмыстар
жүргізілуде.
Үштілділік білім беруді жүзеге асыру
шарттары.
Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев – өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен,
саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің
қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат
еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер.
Жалпы Мемлекет басшысы қойған негізгі мақсат
- 2050 жылға дейін Қазақстан әлемдегі 30 дамыған мемлекеттің
қатарына қосылуы керек. Бұл әрине өте үлкен мақсат. Бірақ бұл
жетуге болатын мақсат екеніне көзіміз жетеді. Бұған
«Қазақстан-2030» даму стратегиясы куә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы
бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады , ел болашағы
– ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең
үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға
жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» - деген болатын
Елбасы. Білім берудің мектепке дейінгіден бастап
жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерін түбегейлі жаңғыртуға
бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске
асырылып, сондай-ақ жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлініп жатқаны жасырын
емес.
Елбасы Қазақстан-2050 Стратегиясында жаңа
қазақстандық патриотизм туралы ой қозғайды. Болашаққа деген сенім
болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. «Мемлекет пен
азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік
тұрғыдан маңызды. Сондықтан да өз бойымызда және балаларымыздың
бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек». Осы
мақсатта «Қазақстан тарихы» және жаңадан енгізілген «Қазіргі
әлемдегі Қазақстан» пәндері - оқушылардың белсенді азаматтық
ұстанымын қалыптастыру, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту,
сонымен қатар қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған моральдық –
адами құндылықтарын меңгеруге ұмтылысын тәрбиелеуге бағытталған.
Бұл мәселе 1997 жылғы Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -
2030» даму стратегиясының өзінде ұсынылған болатын. Шынымен де
қазіргі қоғаммен оның өткенін байланыстырушы тарихи сана
қалыптаспайынша патриотизмді қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан да
тарихты объективті оқыту және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып табылады.
Қазіргі таңда оқушыларға компьютермен,
интернетпен,интербелсенді тақтамен сабақ өткізу толығымен жолға
қойылып отыр. Көптеген мұғалімдер осы уақытқа дейін техникалық
құралдармен сабақ өтіп, оның қаншалықты тиімді екенін
дәлелдеді.
Компьютермен сабақ өткізу арқылы оның
қолданылуын үйрене отырып телесабақтарды тың, жаңа деңгейде
өткізуге, оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық және
методикалық тұрғыдан сараланып алынған алуан түрлі қызмет
түрлерінің қолданылуы жүзеге асады. Компьютерді қолдану барысында
өздерін қызықтыратын әр түрлі мәселелерді шешуге болады және
талқылайды. Компьютермен бала жазады, оқиды, түрлі тесттер
орындайды. Техникалық құралдарды пайдаланудың ең тиімді жағы
уақытты ұтасың, дәл, тиянақты оқу-материалдарын алдын-ала дайындап,
оқушыға беріп отырсаң өзінен-өзі жасауға тырысады, қызығады,
жасамай,үлгермей отырған оқушы болмайды, себебі оның алдында бәрі
дайын тұр. Сонымен қатар мұғалім қазіргі мектептегі ақпараттық
құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Active Studio
бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет
жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне
қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер
мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпыну керек. Соңғы
кезде уақыт көрсетіп отырғандай, мұғаліммен салыстырғанда оқушыда
көп ақпарат болатыны кейінгі көрсетілген тәжірибелер дәлелдеп отыр.
Сондықтан әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны
пайдалана білуі кажет. Бұл мәселе білім беруді ақпараттындырудың
қажетті шартына айналып
отыр.
Қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне,
білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік
талаптар қойып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын
мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік
тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша
қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана
білулері қажет.
Биология пәнінде үштілділік білім жүйесін қолданудың тиімді әдіс – тәсілдері мен жолдары
Білекке сенген заманда ,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенген заманда ,
Қапы қалып жүрмелік
Абылай хан
Үш тілділік туралы ойтолғау жазарда көп ойландым.Неден бастау керек? Осы көптілділіктің бізге керегі бар ма,жоқ па деген сауалдар мазалай берді. Ғаламтор, газет-журналдардан мәлімет іздегенімде, қайшы пікірлер, маңдытып ештеңе таппадым.
Олай болса, ата-бабамыздың өткен тарихына көз жүгіртсек…
Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілін білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге бермегендігі мыңдаған жыл тарихынан айқын.
Мен мектепте үш тілділікке байланысты бақылау - тәжірибелік жұмыстарын жүргіздім. Ол үшін мен бір сыныпты бақылауға алдым да, екіншісіне тәжірибе жүргіздім. Жүргізіліп отырған жұмыстың нәтижесінде үнемі сабақта үш тілде кіріктірілген сыныптарда оқушының тәртібі, сабаққа деген ынтасы, үлгеру белсенділігі өсе түсті, демек пәнге қызығушылығы артты. Тақырып бойынша жүргізген педагогикалық зертеу мен алдын –ала айқындау тәжірибе жұмысым 7-сыныптар аралығында өтті. Айқындау тәжірибесінде жалпы саны 42 оқушы қатысты, оның ішінде бір топ тәжірибелік, бір топ бақылау тобы болды. Бұл педагогикалық тәжірибе төмендегідей міндеттерді шешуді мақсат етті: оқушылардың биология сабағына қызығушылығын арттыру және үш тілділікке байланысты терминсөздерді еркін меңгерту.
Тәжірибе кезінде бақылау, сауалнама, анкета жүргізу арқылы талдау жасадым. Әуелі , оқушылардан үш тілділіктің биология пәніне әсері туралы білімін анықтау мақсатымен мынадай анкеталық сұрақтарды бердім:
Қандай тілді білесіңдер?
Үш тілде білім алу керек пе?
Үш тілділіктің биология пәніне қандай әсері бар?
Анкеталық сұрақтардың жауабын қысқаша талдау мынаны көрсетті.
1-сұраққа: тәжірибе тобы 80 % , бақылау тобы 55%
2- сұраққа: тәжірибе тобы 90% , бақылау тобы 70%
3- сұраққа: тәжірибе тобы 70% , бақылау тобы 50%
Мен сауалнама жүргізу арқылы оқушылардың қаншалықты үш тілділікті қолдайтынын байқадым. Осы тәжірибемді қолдана отырып 7-сыныпта өткен сабағымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы:
Жыландар.
Мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларға жыландар, олардың улы аппараты,
уының
әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін
алғашқы көмек, жыландардың маңызы жайлы білімдерін толықтыру,
терминсөздерді меңгерту.
Дамытушылығы:
Тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.
Білім алушылардың анализ, синтез, салыстыру қабілеттерін дамыту,
пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі:
Өзін - өзі бақылау дағдысын тәрбиелеу,
өздігінше ойлануға баулу. Денесін жетілдіру қажеттілігін сезінуге
баулу
Құрал-жабдықтар:
интерактивті тақта, оқулық, ғаламтор
материалдары, буклет,тірек- сызба,муляж,маркер,плакат, стикер,
бинт,тас жіп,жапсырма стикерлер,
Н.Кац, Н.Дронова, В.
Перевертун «Жануарлар әлемі» Алматы, 1995.
Сабақ түрі:
кіріктірілген
сабақ
Пәнаралық
байланыс: ағылшын тілі,орыс тілі,
медицина.
Сабақтың
әдісі: әңгімелесу, білім алушылардың ойын тыңдау,
кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топтық жұмыс, «өрмек тоқу» әдісі, «миға
шабуыл» әдісі.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Білім алушылардың көңіл күйін сұрау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару (ағылшынша сұраймын). Үй тапсырмасын сұрамастан бұрын сергіту сәтін өткізу. Оқушылар шаттық шеңберін құрады.
Тренинг «Әртүрлі ұлттың тілінде сәлемдесу!»
Сыныпты топқа бөлу(үш топқа үш гүл беремін):
Біздің класс super
Үй тапсырмасын
сұрау. «миға шабуыл»
әдісі
1. Жорғалаушылардың қанша түрі бар?
2.Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым?
3.Денесі қанша бөлімнен тұрады?
4. Қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?
5. Ас қорыту жүйесі?
6.Тыныс алу жүйесі?
7.Жүрегі қанша қуысты?
8.Зәр шығару жүйесі?
9.Сезім мүшелері?
10.Миы қандай бөлімдерден тұрады?
11.Жорғалаушылар қандай типке, қай тип тармаққа жатады?
12.жорғалаушылар класы қанша отрядқа бөлінеді?
13.Қабыршақтылар отрядының
өкілдері?
Жаңа
сабақ.
Жаңа тақырыптың атын жасырамын:
Жылы-жылы сөйлесең,
... інінен шығады.(жылан-snake-змея)
Үш топқа мәтінді, қажетті жабдықтарды таратамын (кітаппен, дәптермен жұмыс жасайды).
1-топтың тапсырмасы: Постер
қорғау
Жалпы сипаттама. Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы
8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен
қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан,
ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі
қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен
жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып,
құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді.
Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен
жабылған. Күндіз белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы
дөңгелек болса, ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететіндерінде –
тік бағытта орналасқан саңылау
тәрізді.
Сыртқы құлақ (есту) тесігі және дабыл жарғағы
болмайды. Сондықтан жыландар ауадағы дыбысты естімейді. Тілі ұзын,
ұшы – айыр. Сезу қызметін тілі мен бір жұп Якобсон мүшесі атқарады.
Якобсон мүшесі – кеңсіріктің ішкі жағындағы ауыз қуысына ашылатын,
екінші ұшы тұйықталып біткен екі қуыс; бауырымен жорғалаушылар мен
сүтқоректілерде болатын иіс сезу мүшесі (тек қолтырауын мен
құстарда болмайды). Бұны дат анатомы Людвиг Якобсон ашқан. Тістері
жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері
жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі
жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар
қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері
бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс
аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға
жәрдемдеседі.
Аяқтары жоқ, тек айдаhарда, ұршық тәрізді
жыландарда, соқыр жыландарда, бүрме ауызды жыландардың кейбір
түрлерінде ғана жамбас белдеуінің қалдығы мен артқы аяқтарының
тырнақ тәрізді жұрнағы сақталған. Иық және жамбас белдеулерінің
болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген:
қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі
жіңішкелерінде – 435-ке жетеді. Жыландар жылына 2 – 4 мәрте
түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай
түседі. Тіршілік ететін ортасына сәйкес реңі алуан түрлі
келеді.
Жыландар Жер шарына кең тараған (тек
Антарктидада ғана кездеспейді), 3000 жуық түрі белгілі. Олар 12
тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей
түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1
түрі), айдаhарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар
(2 түрі), бозша жыландардың 18 түрі белгілі. Жыландардың көпшілігі
құрлықта, әдетте, қалың шөп өскен жерлерде, ағаш басында, шөлді
аймақтарда, кейбір түрлері тұщы сулар мен теңіз-мұхиттарда тіршілік
етеді.
2- топтың
тапсырмасы
Жыланның шаққан жағдайда сенің әрекетің (көрініс құру):
- Кешіктірмей аузыңмен уды сорып таста. Егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет 10-15 минут бойы жүргізіледі.
- Зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қой.
- Қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қой.
- Аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып таста.
- Зардап шегушіге сусынды көп ішкіз (шай, минерал немесе жай су).
-Ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкіз.
- Зардап шегушіні жатқан бойында емдеу
мекемесіне жеткіз.
Назар аудар! Шаққан жерді күйдіруге, кесуге
болмайды!
Сұрақ:
«Жыланның уы тілінде» ұғымы шындыққа жата
ма?
3-топтың
тапсырмасы
Жорғалаушылардың адамға пайда - зияны. Ұсақ жыландар мен кесірткелер зиянды бунақденелілер мен кемірушілерді жеп, ауылшаруашылығына едәуір пайда келтіреді. Ірі денелі кесірткелердің, жыландардың, әсіресе тасбақалардың еті көптеген аймақтарда тағам ретінде пайдаланылады. Сондай - ақ ірі кесіртке, жылан және крокодилдің терісі ежелден - ақ әр алуан бұйымдар жасау үшін таптырмайтын шикізат болып табылады. Тіпті улы жыландар да адам үшін пайдалы, оның уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
Cұрақ: жылан туралы мақал -мәтел немесе жұмбақ жасыр, мәтінде кездескен термин сөздерді орысша, ағылшынша аудармасын жазып айту.
Сергіту сәті: оқушылар шаттық шеңберін құрып, жұптасады.
«Double this,
Double that »
Бекіту
: «жылан» тақырыбына кластер
құру
Қорытынды:
«Өрмек тоқу»
әдісі
Үй
тапсырмасы:
Жыландар,жыландардың
маңызы.
Қазақстанда кездесетін жыландардың түрлеріне
эссе жазу
Рефлексия «Фишбоун» ( құс қаңқасы)
Құстың әрбір қаңқасына оқушылар дәптерден
қарамай бүгінгі сабақтан үйренген ағылшынша 5 - 10 cөз жазады. Сол
арқылы бүгінгі сабақтан қандай сөзді үйренгенін қорытынды жасай
алады.
Бағалау
( жапсырма стикер арқылы
бағалау)
«Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли атамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын.
Қорытынды.
Қорыта айтатын болсам, көптілді білім беру
бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік
деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға
қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын
нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне
мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел
ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны
әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие
берілуі қажет.
ҚР жалпы тарихи тағдыры ұштасқан, жүз отыздан астам этникалық
топтар өкілдерінің ұлт бірлігі топтасқан, серпінді даму үстіндегі
ел. Бұл тәуелсіз елімізді өз Отаным деп санайтын ұлт өкілдерінің
бірлікте, татулықта өмір сүруі ел үшін аса маңызды жағдайлардың
бірі. «Тіл-халықтың ең ұлы байлығы» деген қазақ қағидасы бар. Кез
келген адам үшін осы қағиданың маңызы зор. Аталған маңыздылық
Елбасы биылғы жылғы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына жолдауында айқын
көрсетілген. «Көпұлттылық пен көптілділік осы құндылықтардың бірі
және біздің еліміздің басты артықшылығы болып
табылады. Елбасының мына бір сөзімен
аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса
қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің
кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі
мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана
тіліміз».
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Америка ғалымының көзқарасы. Идея триединства языков в Казахстане
правильна и будет способствовать развитию страны.
Казинформ. 15
мамыр. - 2008жыл.
2. Кузьмин С. С., Шадрин Н. Л. Русско-английский
словарь пословиц и поговорок. – М.: Русский язык,
1989.
3. Колпакчи М. А. Дружеские встречи с английским языком. - Ленинград, 1978.
4. Тен Т. Трудности перевода. «Карав» газеті.
5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 28сәуір.
- 2007 жыл.
6. Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н. English – Ағылшын тілі. «Мектеп» баспасы,
1981.
7. Н.Кац, Н.Дронова, В. Перевертун «Жануарлар әлемі» Алматы, 1995.
Негізгі мақсатым – сана-сезімі оянған, парасатты, ұқыпты, еңбекқор, ұлтжанды қазақы мәдениетке рухани бай ұрпақ тәрбиелеу.
Оқушылардың ой өрісін дамытып, биология пәніне қызығушылығын арттыру арқылы «Ана тілімізді» құрметтеуге тәрбиелеу.
Міндеті:
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді жас ұрпаққа үйрету, ұлттық сана-сезімі жоғары, ұлтжанды оқушылар тәрбиелеу.
Оқушылардың белсенділіктері мен қабілеттерін ескере отырып рухани тәрбиесін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау.
Биология сабағында үш тілділік оқытуда оқушының бойындағы рухани адамгершілік мәдениетін айқындау.
Оқушылардың сыни және шығармашылық қабілеттерін дамыту