Жәнібекова Гүлайна, №194
жалпы орта мектебінің биология пәні
мұғалімі
Биология сабағында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Қазіргі жаһандану заманында
мұғалімге қойылатын талап та, жауапкершілік те жоғары. Күн сайын
өзгеріп жатқан қоғамда ұстаз оқушыға саналы тәрбие және бәсекеге
қабілетті білім берумен шектеліп қалмай, жан-жақты
ғылыми-шығармашылық бағыттарда жұмыс жасай білу керек. Елімізге
заман талабына сай, білімді, жоғары мәдениетті, бәсекеге қабілетті
білімді ұрпақ қажеттілігі туындады. Ал сол ұрпақты мектеп
қабырғасында тәрбиелеп, үлкен өмірге қанаттандырсақ еліміздің ең
басты құндылығы – адами әлеуетті қалыптастыруға қосқан үлкен
үлесіміз болмақ.
Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман
талабына сай, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын
тың бағдарлама. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың
әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және оны тиімді қолдана білу
міндеті тұр.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде
өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму
бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың,болашағы бұлыңғыр
болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі
тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты
талабы.
Тиімді әдіс- тәсілдер- сапалы сабақ
кепілі.Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып,
сабақты қызықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне
байланысты екені баршамызға мәлім.
«Биология» пәні бойынша оқу бағдарламасындағы оқу
мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы
ой-пікірлерін білдіріп, оны талдай және бағамдай білуді талап
етеді. Әдістердің тиімділігі мұғалімнің оларды әдістемелік
тәсілдермен байыта білуіне байланысты. Әңгімелеу, сұхбаттасу
барысында табиғи объектілерді, суреттемелерді, сызбаларды,
жүйелеуші және жинақтаушы кестелерді пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттыруға, негізгі материалды игеруге жағдай
жасайды.Биологияны оқыту үдерісінде әдіс таңдаған кезде оқу
материалының мазмұнын және шешілуге тиісті нақты оқу-тәрбие
міндеттерін, биология кабинетінің оқу жабдығымен жабдықталуын,
үлестірмелі материалдың болуын, оқушылардың жас ерекшеліктерін,
олардың дайындық деңгейін ескеру қажет.Оқу оқушылардың ойлауын
дамытуға септігін тигізуі үшін оларды біліммен қатар, талдау,
жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру, ортақ, жеке және ерекше
белгілерін анықтау, жалпылау, қорытындылар жасай білуді
қалыптастыру қажет.
Мысалы, мен өз сабағымда «Құрылысшы
ойыны»,«Қораптағы сұрақ», «Серпілген сауал», « Температура өлшеу»,
«SVOT», «Сұраққа жылдам жауап», «Мұғалімге хат жазу», « Эссе
жазу», «Сұхбат алу», «Қалың және жұқа сұрақтар»,
«Логикалық тізбекті ажырату», «Шырша немесе фишбоун», «Стикердегі диалог»
әдіс-тәсілдерін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылықтарының арттатындығын аңғардым. Сабақ барысында
ресурстарды молынан қолдануға тырысамын. Яғни, қолжетімді
ресурстарды дұрыс, әрі ұтымды пайдалану тиімді. Ал осы
әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде тиімді пайдалану үшін сабақ
мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек.Өйткені сабақтағы ең
маңыздысы қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер. Дұрыс
қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс-
әрекетке жетелейді. Сондықтан сабақтарымды жоспарлауда мен үшін
маңызды сабақ мақсатын нақты әрі қолжетімді етіп құру
болды.
Кез келген сабақ өз мақсатына
толық жету үшін оған белгілі бір әдіс- тәсілдерді таңдап, саралап
қолдану керектігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Сол себепті сабақтарымда мен курс барысында
игерген әдіс-тәсілдерімді кеңінен қолдану арқылы, оқушыларымның өз
бетімен білім алуға дағдыландыра отырып, шығармашылық қабілеттерін
дамытуды көздедім. Осы мақсатымды жүзеге асыру үшін, 7 модульді өз
сабақтарыма кіріктіре отырып, жаңаша әдіс –тәсілдерді пайдалана
бастадым. Жаңашыл, іздемпаз ұcтaздың мiндeтi – сынып оқушыларының
бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға
мүмкіндік туғызатын ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Сондықтан өз сабақтарымда сапалы білім беру мақсатында қолданған
бірнеше әдіс-тәсілдердің тиімділігі жөнінде ой
бөліспекпін.
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе
үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» —
деп, Альберт Эйнштейн айтқандай, бұл бағдарламаның басты
мақсаты — сабақты жаңа әдіс — тәсілдерді қолдана отырып,
дәстүрлі сабақтан өзгеше етіп өткізу.Ал оқушылардың сыни ойлауын
дамыту, айтылым, оқылым, жазылым бойынша ой-өрісін ,
сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Сын тұрғысынан
ойлауға үйрету» модулінің тәсілдерін қолдану көп нәтиже береді. Сын
тұрғысынан ойлау деген тіркесінде тұрғысынан деген термин ойдың
мәселені шешу үдерісінде шоғырлануын білдіреді. Бұл тұрғыдан
алғанда сыни сөзі «мақұлдау» немесе «теріске шығаруды» білдірмейді.
«Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану » деп сипатталады. Ол
маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді
қамтиды.Сыни тұрғыдан ойлауға оқушыны жетелеу үшін дұрыс сұрақ
қоюға үйрету шарт. Егер оқушы өзі қойған сұрақтың маңыздылығын, қай
дәрежелі сұрақ қойғанын анықтап, саралай алатын болса,яғни ол
өзіне- өзі сыни көзқараспен қарайды деген сөз.
Биология пәнін оқытуда жаңа
технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы
үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар оқушылардың білім сапасын
арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін
тигізеді. Себебі, жер бетінде
тіршілікті сақтауда биология пәнінің рөлі зор. Мен өз тәжірибемде
жаңартылған білім беру жүйесі бойынша модульді оқыту технологиясы
және сын тұрғысынан ойлау технологиясының кейбір элементтерін:
схема, кесте және тағы басқа бейне кескіндерді, түсіндіру
әдістерін, диалог, топтық жұмыс формасын қолданамын. Оқушылар оқу
материалының теориясын түсініп, кез келген тақырыпты оңай түсіне
алады. Кез келген оқушыда әрбір сабақта тыңдау, көру, есте сақтау,
жорамалдай алу қабілеті
қалыптасады.
Биология сабағында жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін
арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, терең
білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай
ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру негізгі міндет саналады. Қорыта
айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру
шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне,
оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да
болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып
үйренуіне сенімін ұялатып, қорытынды жасай алуына ықпал етіп білім
сапасын арттырады. Оқыту технологияларын сабақта қолдану
оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке
тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді
мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек,
балаға білім беруде ұтарымыз
анық.