Материалдар / Биологиялық прогресс және регресс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биологиялық прогресс және регресс

Материал туралы қысқаша түсінік
Биологиялық прогресс және регресс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2023
410
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













РЕФЕРАТ



Тақырыбы: Биологиялық прогресс және регресс





















Орындаған: Бақытқызы А.

Курс: 1

Білім беру бағдарламасы: 6В010504 География

Қабылдаған: Исакова Д.







Астана, 2023 ж.

ЖОСПАР

1.Кіріспе:

1.1. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы

1.2. Ч.Дарвинның эволюцияялық теориясы

2.Негізгі бөлім:

2.1. Эволюциялық табыс

2.2. Прогресс

2.3.Регресс

2.4.Популяция

2.5.Популяциялар құрылымы мен негізгі қасиеттері

3.Қорытынды:

3.1. Қарапайым эволюциялық факторлар















































Кіріспе.

1.1.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясы.

Эволюция (лат. evolutіo - өрлеу, өркендеу), биологияда - тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі - мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

Дарвинге дейінгі кезеңде биологияның дамуы

Швед жаратылыс зерттеушісі Карл Линнейді (1707-1778) эволюционистердің маңызды әуелгері деуге болады. Сайып келгенде тірі ағзаларды жүйелеуде осы ғалымның жолы болды. Оның Табиғат жүйесі еңбегі 1735 жылы жарыққа шығып, К. Линнейді дүниежүзілік даңққа беледі. Онда өсімдіктер мен жануарлар ағзаларын жіктеудегі негізгі қағидалары сипатталды, сондай-ақ оларды жарыса бағынған жүйелік санаттарға: класс, отряд, туыс және түрлерге бөлді. Осы проблемаға арналған тағы бір еңбегі: Ботаника философиясы кейінірек жарық көрді.

К. Линней ағзалардың қосарланған атауын - қосарлы атаутізімді ғылымға енгізді. Бұл екі сез, оның біреуі сын есім - түрді, екіншісі зат есім - туысты белгілейді. Мәселен, үлкен жолжелкен және қандауыртөріздес жолжелкен бір туысқа - жолжелкен туыстасқа жатады. Бұл дүние жүзі ғалымдарының бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік берді. Линнейдің тағы бір еңбегі, ол түр ұғымын айқын қисындап мазмұндады және оның анықтамасын морфологиялық өлшем негізінде, яғни сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы бойынша жетілдірді. К. Линней адамды адамтәріздес маймылға (құрылысының ұқсастығын басшылыққа алып) жатқызса да эволюцияның болу мүмкіндігін ойламады. Линней: жүйедегі жақындық қандас туыстықты білдірмейді деді. К. Линней эволюция мәселелерімен шұғылданған жоқ. Ол идеалист, метафизик болды, сондай-ақ жаратылған күннен бастап тіршіліктің өзгермейтініне сенді. Линнейдін, сыртқы ұқсастыққа ғана негізделген жүйесінде толып жатқан қателіктер болды және кәбі жасанды еді. Алайда соның өзі өз заманы үшін ең жақсысы болғандықтан, Карл Линней ғылым тарихына жүйелеу атасы ретінде енді.

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы

Биологияда XVII ғасырдың өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тіршіліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы тұтас эволюциялық теория жасады. Оның Зоология философиясы (1809) еңбегі биологияда эволюцияның түсініктерінің басымдылығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.

Линней тәрізді Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ламарк ең алғаш барлық жануарларды омыртқалыларға (жануарларға) және омыртқасыздарға жәндіктерді 10 класқа, сондай-ақ қосмекенділер мен жорғалаушылар класына жіктеді. Ламаркқа дейін жәндіктер (омыртқасыздар) - бунақденелілерге, ал бақалар тритондармен бірге және жыландар тасбақалармен бірге бір класқа жатқызылып жіктелді. Ламарк жүйелеуге жүйке және қантарату жүйелерін негіз еткен. Бұл Линней жүйесінен дұрысырақ ете түсті. Ламарк түрлерді осылай қатарластырып, тірі ағзалардың басқыш баспалдағы тәрізді бірінен-бірінің күрделене, жетіле түсетінін байқады. Біртіндеп көтерілу - градация - өрлеме- сатылау ұғымы осылай пайда болды.

Ламарк жаралым деңгейінің біртіндеп жоғарылауын, тірі ағзалардың күрделілене түсуін градация деп түсінді. Демек тірі табиғат әлемі өзгереді, жетіледі. Сонда ағзалар өз өзгерістерінің, қай жаққа өзгеруі қажеттігін қалай біледі? Міне, осы тұста Ламарк дұрыс болжам жасайды. Оның ойынша тірліктің барлығы қоршаған орта талап еткен бағытта өзгереді. Табиғи жағдайлардың өзгеруімен бірге тірі ағзалар да өзгереді. Бұл үдерістің шапшаңдығының өте баяу екені туралы ойы да дұрыс.

Алайда Ламарк тұжырымдамасында да кемшіліктер бар. Оның бірі - табиғи эволюция себебін идеалистік көзқараспен түсіндіруге тырысуы. Ж. Б. Ламарк өте діншіл адам болды. Оның ігікірі бойынша құдай қарапайым формаларды бір-ақ рет жаратып, әрбірі тірі ағзаның бойына жетілуге ұмтылуды, жақсырақ болуға ұмтылуды сіңірген. Сөйтіп кез келген ағза құдайдық жазғанын ықыласпен орындайды және ұрпақтарына береді. Мәселен, батпақта жүретін кұтан өз аяғын сулағысы келмейді де үнемі батпақтан суырып алады. Күнделікті жаттығудан өте ынталы құтанның аяғы біраз ұзара бастайды. Егер екі ынталы құтан жұптасып, ұрпақ берсе, олардың балапандарының аяғы осы түрдегі машықтанбаған өзге құстар аяғының бастапқы ұзындығынан ұзындау болады. Егер мүшелер ұзақ уақыт жаттықпаса, олардың мөлшері кішірейіп, тіпті жойылып кетеді. Мысалы, көртышканның көзі, жыланның аяғы тәрізді. Қазір мұндай болжамдар сандырақ болып көрінеді. Алайда Ламарк өмір сүрген кезде оның теориясы, ғылыми коғамдастық кенінен мойындамаса да, шыңында төңкеріс жасағанын естен шығаруға болмайды. Ламарктың идеясы толық қиялшылдығына қарамастан, құдайға тіл тигізген сияқты көрінді

1.2.Ч.Дарвинның эволюциялық теориясы.

Чарльз Дарвин

Келесі эволюциялық теория Ч. Дарвиндікі. Ол биологияда пайда болған кезден эволюциялық көзкарас үстемдік етуде, яғни келесі ашылған жаңалықтардың барлығы эволюциялық тұрғыдан анықтап тексеріледі.

Эволюция ұғымы, оның бағыттары

Биологиялық эволюцияның мынадай бірнеше анықтамалары бар:

Тірі ағзалардың тарихи дамуының қайталанбайтын үдерісі.

Биологиялық жүйелердін; біртіндеп, азды-көпті бағытта жоғары сатыға көтерілу үдерісі.

Тірі ағзалардың қарапайым формадан күрделірек (жетілген) формаға баяу өзгерген үдерісі.

Тірі зерзаттардын, ұзақ мерзімінде жоғары сатыға көтерілуі.

Бұдан өзге де анықтамалар тұжырымдауға болады. Егер егжейтегжейлі ой толғаса, тіршілік дамуының эволюциялық үдерісі жай ғана алға үдемелі қозғалыстағы көрініс еместігін байқаймыз. Оны эскалатордың (жылжымалы саты) үдемелі және біркелкі жатық қозғалысымен салыстыруға болмайды. Оның әрбір баспалдағы бірінен кейін бірі біркелкі қозғалыспен жоғары, тек жоғары қарай қозғалады. Ақиқатында мүлде анағүрлым күрделі. Эволюция үдерісі күрделі және оның белгілі жоспары болмайды.

Ғаламшардағы тіршіліктің дәл қазіргідей үнемі бола бермейтіні бұрыннан мәлім. Тіршіліктің ертерек кезендерде дүниеге келген. Бұрынырақта зілдер (мамонт) мен динозаврлар (сұмпайы кесірткелер), үңгір аюлары және қылыш тісті жолбарыстардың тіршілік еткені мәлім. Бұл жануарлар бұрын өмір сүрді, бірақ бізге дейін сақталып қалған жоқ. Ал қазір өмір сүретін, бізге үйреншікті болып кеткен көптеген түрлер ғаламшарда жақында ғана пайда болды. Мәселен, теңіз жұлдыздары немесе ақулаларға қарағанда көдімгі иттер, мысықтар немесе торғайлар олардан тарихи жағынан өлдеқайда жас.

Демек эволюция тарихи өзгеріс үдерісі ретінде үнемі біркелкі жүрмейтінін түсіну қажет. Біріншіден, ағзалардың сан алуан жүйелік топтарындағы эволюциялық өзгеріс жылдамдығы айтарлықтай ерекшеленеді. Топтардың бірде қандай да бір уақыт аралығында өзгелерінен тезірек эволюция жолымен бірте-бірте дамып, сол топтың езі тарихи даму барысында екінші уақыт аралығында мүлдем бөгеліп қала алады.

Тірі ағзалардың қандай да бір жүйеленген тобының дамуына, қалыптасып жетілуіне жүздеген және мыңдаған факторлар әсер етеді. Атап айтқанда сақталуы, тірі қалуы және одан әрі жетілуі - эволюциялық жолмен бірте-бірте дамуы сол факторларға тәуелді болады.

Эволюциялық табыс

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды.































Негізгі бөлім.

2.1.Эволюциялық табыс.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды.



2.2.Прогресс

Биологиялық алға басу (прогресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың биологиялық алға басу кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

Биологиялық прогресс -- жүйелік топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының кеңеюі, басқа да жүйілік топтарға ажырауы. Популяция мен түрдің тіршілік ортасына бейімделуі. Биологиялық эволюцияның бағыттары: ароморфоз, идиоадаптация, дегенерация.

Эволюцияның негізгі бағыты - қарапайымнан күрделіге қарай даму. Орыс биологі А.Н. Северцов органикалық дүниенің. Даму тарихында биологиялық прогресс пен биологиялық регресс болатынын ерекше бөліп көрсеткен.

Биологиялық прогресс - түрдің немесе басқа да жүйелік топтардың тіршілік үшін күресте жеңіп шығуы. Биологиялық прогрестің негізгі белгілеріне -- жүйелік (систематикалық) топтағы даралар санының артуы, таралу аймақтарының (ареалдарының) кеңеюі, жеке жүйелік топтарға ажырауы және популяция мен түрдің жаңа тіршілік ортасына бейімделуі жатады. Организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі:

а) түр дараларының саны артады;

ә) түрдің таралу аймағы кеңейеді;

б) жаңа популяциялар, түр тармақтары, түрлер түзіледі.



2.3.Регресс

Регресс (лат. regresus -- кері қозғалу) -- дамудың кері кетіп, төмен қарай құлдырауы. Регресске деградация, ұйымдастыру дәрежесінің әлсіреуі, қажетті іс-әрекеттерді орындау қабілетінің жойылуы тән. Регресс, сондай-ақ тоқырау, ескі формалар мен құрылымдарға кері оралу кезеңдерін қамтиды. Регресс өзінің бағыты жағынан прогреске қарама-қарсы. Бірақ та бұлардың арасында күрделі, жан-жақты байланыс бар, бір жағынан, кейбір регрессивті өзгерістер жалпы прогрессивті дамудың шеңберінде болып жатса, екінші жағынан, кейбір регрессивті өзгерістердің үдей түсуі кезінде оның кейбір құрамы дамудың прогрессивті бағытын сақтайды. Қоғамдық дамуда Регресстің болуы тарихи дамудың қарама-қарсылық мәніне тән. Реакцияшыл топтар мен күштер уақытша (реакция кезінде, фашизм өріс алғанда) прогрессивті күштерден басым болуы мүмкін. Бірақ мұндай регрессивті құбылыстар бұрынғы әлеум. форманың ыдырауының нәтижесі ғана болып, оның орнына алдыңғылардың құнды жағын бойына сіңірген жаңа форма келеді. Мұндай құбылыстың ыдырауы жалпы жүйе шеңберіндегі даму процесін үзіп тастай алмайды, оның қажетті алғышартының біріне айналады. Регресс (лат. regressus -- кері кету, артқа қарай қозғалу), биологиялық Регресс -- эвол. кері кету, яғни қоршаған ортаның өзгерістері едәуір қарқынды жүргендіктен организмдердің бейімделіп үлгере алмауы немесе басқа топтармен бәсекеде төтеп бере алмауы; қандай да бір жүйелік топқа жататын таксондар санының азайып, олардың ареалдарының тарылуы, дарабастар санының үздіксіз азайып, біртіндеп жойылуы; биол. Регрессті жануарлар арасынан қосмекенділерден, жұпартышқаннан, ал өсімдіктерде гинкго ағашынан айқын көруге болады;

* морфофизиологиялық Регресс -- жалпы дегенерация, яғни организмдердің тіршілік қабілетінің тұрақты және қалыпты жағдайларға бейімделуінің нәтижесінде құрылысының қарапайымдалуы. Мыс., саккулина шаянының крабтың денесінде паразиттік тіршілік етуіне байланысты оларда ішекқуыстыларға тән дифференцияланған күрделі органдар жүйесінің жойылуы.

Регресс, теңіз регрессиясы (лат. regressіo -- кері қозғалыс) -- теңіздің жағадан (құрлықтан) шегінуі. Регресске тектоник. процестерге байланысты құрлықтың көтерілуі, мұхит түбінің төмендеуі немесе мұхит бассейндеріндегі су көлемінің азаюы (мыс., мұз басу дәуірінде) себепші болады. Регресс жер түзілу тарихының өн бойында әр түрлі аудандарда бірнеше рет болып өтті.

Биологиялық регресс — организмдердің таралу аймағын азайтады; түрлер мекен ету ортасына дұрыс, жақсы бейімделе алмағандықтан саны азаяды; басқа түрлердің ығыстыру себебінен өліп, жойылып бітеді. Өткен геологиялық дәуірлерде артына ұрпақ қалдырмай өте көп түрлердің жойылып кеткенін палеонтология дәлелдеп берді. Биологиялық прогрессте түрлер дамып, көбейіп, жер жүзіне кең таралса, биологиялық регрессте бейімделе алмаған кейбір түрлер тіршілігін бірте-бірте жояды.

Сонымен биологиялық регрестердің себебі: сыртқы орта жағдайының өзгеруіне организмдердің әсер ету қабілетінің жойылуы.

Биологиялық регреске ұшырағандар:

1. Паразитті тіршілік етуге көшкендер;

2. Қозғалмай бекініп, тіршілік ететіндер;

3. Жер астында және үңгірлерде тіршілік ететін жануарлардың жеке мүшелерінің қарапайымдануы.



2.4.Популяция

Әрбір түр белгілі бір территорияда - ареалда тіршілік етеді. Демэкология, яғни популяциялық экологияның зерттеуобъектісі популяция болып табылады.

Экологияда популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым қатынаста болатын және үлкен аймақта бірігіп тіршілік ететінбір түрге жататын даралар тобы.

Популяция – бұл тарихи қалыптасқан және ареал жағдайына бейімделген бір түрдің даралар жиынтығы. С.С. Щварцтың берген анықтамсы бойынша: популяция – бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санынтұрақты ұстап тұруға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілген белгілі бір түр ағзаларының элементарлық тобы.

«Популяция» ұғымы латынша populus – халық деген мағынаны білдіреді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріпотыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғнипопуляциялардың белгілі генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.

Бір популяцияға жататын ағзалар бір-біріне, қоршағанортаның факторлары немесе басқа да бірге тіршілік ететін түрлерден кем әсер етпейді. Популяцияда түраралык, қарым-қатынастың барлық формалары кездеседі. Алайда популяцияда көбіне бәсекелестік және мутуалистік (бір-біріне пайдалы) байланыстар қатты байқалады.

Популяция – тіршілік циклдары, морфологиялық белгілеріұқсас, генофондары ортақ даралар жиынтығы. Популяциятерминнің алғашқы рет 1913 жылы В. Иогансен қолданған.Популяцияның негізгі қасиеті ұздіксіз өзгеруі, қозғалуы жәнединамикасы.

Популяцияның динамикасы дегеніміз оның негізгібиологиялық көрсеткіштерінің уақытта өзгеруі.

Популяиялар георафиялық және экологиялық деп бөлінеді.

Географиялық популяция – біртекті тіршілік жағдайы бар аймақты мекен ететін бір түр особьтарының жиынтығы.

Популяцияның географиялық таралу аймағын ареал деп атайды. Ареал тұрақты болмайды: ол ығысуы, кеңейу немесетарылуы мүмкін.

Экологиялық популяция – екі особь бір-бірімен еркін шағылыса алатың жағдайы бар ареалды мекендейтін бір түр особьтарының жиынтығы.

Популяциялар арасындағы байланыстар оларды бүтін біртүр ретінде ұстап тұруға көмектеседі.

Әр популяцияның өз құрылымы болады: жастық,жыныстық, кеңістік және генетикалық. Сонымен қатар әрпопуляцияның өз саны және саннын өзгеру амплитудасыболады.



2.5.Популяциялар құрылымы мен негізгі қасиеттері

Популяциялар құрылымы – түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, ортаның абиотикалық факторларынажәне басқа түрлердің популяциялары әсерінен қалыптасыпқұрылады.

Популяцияның жастық құрылымы – особьтардың барлық жас топтарын, ағзаның барлық даму сатылары мен фазаларынқамтиды. Жалпы өмірінің ұзақтығына қатысты әрбір жастың ұзақтығы әр түрде әрқалай болады.

Мысалы, жануарлар популяциясында үш экологиялықжасты бөледі:репродуктив алды (өндіруге дейінгі);

репродуктивті (өндіруші);

репродуктив соңы (өндіруден кейін)

Егер популяцияда барлық жастағы особьтар біркелкімөлшерде болса соғұрлым өміршең болады. Мұндай популяцияларды қалыпты деп атайды. Егер попляцияда кәрі особьтар көп болса оны регрессивті немесе өліп бара жатқанпопуляциялар дейді, ал жас особьтар саны көп болса инвазиялық немесе өсіп келе жатқан популяциялар депатайды.

Популяцияның жыныстық құрылымы – особьтардыңжыныстары бойынша ара қатынасы. Популяциядағыжыныстардың ара қатынасы генетикалық заңдар бойынша анықталады. Жыныстық белгілері көп жағдайда аталықтары мен аналықтарының морфологиялық, физиологиялық, экологиялық және мінез-құлықтық айырмашылықтарын анықтайды.

Популяцияның кеңістіктегі құрылымы – популяцияособьтарының кеңістікте орналасу ерекшеліктері. Ол тіршілікортасының және түрдің биологиялық ерекшеліктерінебайланысты. Популяция особьтары кеңістікте бірқалыпты,кездейсоқ және топтанып орналасады.

Популяцияның генетикалық құрылымы – особьтардың әртүрлі дәрежедегі генетикалық әртүрлілігімен сипатталады. Популяция особьтарының гендерінің жиынтығын генофонд деп, ал бір ағзаның хромосомасындағы бүкіл гендердіңжиынтығын генотип деп атайды. Генетика тұрғысынан,популяция – генотиптер жиынтығы.

Популяцияларда особьтар жиынтығы ретінде, бөлек әр особьқа тән емес, көрсеткіштер болады. Популяцияныңсандық және сапалық сипаттамалары сыртқы факторлармен анықталады. Сандық көрсеткіштерді екі топқа бөледі:статикалық және динамикалық.

Популяцияның нақты (белгілі) уақыттағы күйін статикалық көрсеткіштер сипаттайды. Оларға: популяцияның саны ментығыздығы жатады.

Популяцияның саны – белгілі бәр аймақтағы немесекөлемдегі особьтардың жалпы саны. Популяцияның саны тұрақты емес, ол көбейю және өлу жиілігіне тәуелді.

Популяцияның тығыздығы – белгілі бір аймақтағы немесекөлемдегі особьтардың орташа саны. Популяция тығыздығытікелей туу және өлу көрсеткіштерімен байланысты.

Популяцияның динамикалық көрсеткіштеріне: туылу, өлу, өсім және өсім қарқыны жатады.

Туылу – белгілі бір уақыт ішінде көбейю нәтижесінде популяцияда пайда болған жаңа особьтар саны.

Өлу – белгілі бір кезеңдегі популяциядағы өлген особьтарсаны.

Популяция өсімі – популяциядағы особьтардың туылуымен өлуі арасындағы сндық айырмашылық.

Өсу қарқыны – белгілі бір уақыт ішіндегі популяциядағы орташа өсім. Мұндай белгілерді зерттеу популяциятіршілігінің заңдылықтарын,

жалпы экожүйедегі тұрақтылық негіздерін анықтауғамүмкіндік береді.

Белгілі бір аймақта селбесіп тіршілік ететін ағзаларды қамтитын және физикалық ортамен әсерлесетін биолгиялық жүйені экологиялық жүйе ретінде қарстыруға болады.

«Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д. Тенсли 1935 жылы еңгізген. Ол экожүйе құрамына ағзалар да, абиотикалық орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалды бөлігідеп есептеген. Экожүйе экологияның негізгі объектісі, өйткені тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ берумақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

А.Д. Тенслидің айтуы бойынша экожүйенің тұрақтылығынакелесілер қажет:

күн энергиясы;

абиотикалық заттар (су және минералды заттар);

биотикалық заттар (ағзалар): продуценттер, консументтер,редуценттер;

энергия әсерімен биотикалық және абиотикалыққұраушылардың көмегімен жүзеге асатын зат айналымпроцесі.

Барлық экожүйелер ашық болады, экожүйелер арасындағышекараны экотондар деп атайды.

1942 жылы В. Сукачев биогеоценоз туралы ілімдықалыптастырды. Биогеоценоз белгілі бір тіршілік ету аймағына қатысты экожүйе. Экожүйе зат айналымыменбайланысты, ал биоценоз – белгілі бір аймақпен байланысты.

Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді.

Ешқандай биоценоз ортадан бөлек өздігінен дами алмайды.

Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін ағзаларқоғамдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп –биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан ағзалар тобы ретінде қарастыруға болады. Кез келген биоценоз биотоппенбірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе биогеоценоздықұрайды.

Экожүйеде зат айналымы жүзеге асуы үшін продуценттерпайдалана алатын формадағы бейорганикалық заттар,продуценттермен немесе басқа консументтермен қоректенетінконсументтер және органикалық молекулаларды қайтабейорганикалық молекулаларға дейін ыдырататынредуценттер қажет.

Ағзалардың қоректену арқылы әсерлесу тұрғысынанэкожүйенің трофикалық құрылымы екі ярусқа бөлінеді: 1) жоғарғы – автотрофты ярус, оған бейорганикалық жайзаттардан күрделі органикалық молекулалар түзетін,фотосинтезге қабілетті ағзалар жатады; 2) төменгі –гетеротрофты ярус, онда өлі органикалық заттардың жай минералды заттарға дейіныдырауы жүзеге асырылады.

Әрбір экожүйеде келесі компоненттерді бөліп қарастыруғаболады:

зат айналымына қатысатын бейорганикалық қосылыстар(C, N, P,

CO2);

экожүйені

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!