Материалдар / Биологиялық қарулар. Ашық сабақ. 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биологиялық қарулар. Ашық сабақ. 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Наурыз 2021
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Биологиялық қарулар».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаппай жою қаруынан халықты және әскери қызметшілерді қорғаудың өте маңыздылығын жеткізу;

Дамытушылық: ұқыптылық пен тапқырлық, шапшаңдылық пен ептілікке үйрету.

Тәрбиелік: оқушылардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, патриоттық сана сезімін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, дағдылану.

Көрнекілік құралдар: плакаттар, стендтер, газ тұмылдырықтары.


І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Взвод командирі сапқа тұрғызу.

Ә) Әскери жетекшіге рапорт тапсыру.

Б) Сәлемдесу.

В) Сырт көрністерін тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жаппай жою құралдарына жалпы сипаттама беріңдер.

2. Ядролық жарылыстың зақымдау әрекеті қандай?

3. Химиялық қаруға жалпы сипаттама беріңдер?

4. Химиялық қарудың тарихы туралы не білесіңдер?

5. Химиялық қару адамдар мен жануарларға қандай қауіп туғызады?















ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Биологиялық қарулар.

Биологиялық қару қазіргі заманның қауіпті қарулардың бір түрі және ол халықты жаппай қырып жою мақсатына арналған, оның потенциалы орасан зор: құрғақ биоматериалының әр грамм мөлшерінде жүздеген миллиард микробтар болуы мүмкін. Мысалы, таза кристалды ботулиникалық токсинның 1 граммы 8 млн. адамды уландырып өлтіре алады. Химиялық қару бірінші дүние жүзілік соғыста, ядролық қару екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған болса, биологиялық қару әлі пайдаланылмаған. Сондықтан оның салдары ешкімге беймәлім. Айтарлық, кейбір инфекциялы аурулар (тұмау) бір мезгіл көтерілісінде бірнеше мемлекет территориясына, - бірнеше құрлыққа таралады - бұл құбылысты пандемия деп атайды. Химиялық қару сыңайлы биологиялық қару ғимараттарға, құрылыстарға, жабдықтарға тікелей өзінің әсерін тигізбейді, бірақ адамдарды ауруға ушырату арқылы өндіріс тіршілігін мүлде тоқтату мүмкін. Биологиялық қару құралдары ретінде жау мынандай аурулардың қоздырғыштарын пайдалануы мүмкін.

-   адамдарды зақымдау үшін (түйнеме, оба, шешек, тyляpeмия, caп, мандам, тырыспа, сары қызба, орнитоз, іш сүзегі),

-   жануарларды зақымдау үшін (аусыл, оба caп, түйнеме және т.б),

-   өсімдіктерді  зақымдау  үшін (астық тұқымдастарының тотықтырғышы, күріш         пирикуляриозы, картоп фитотррозы, мақта гоммозы және т.б).

Биологиялық қарудың негізін биологиялық тірі ағзалар құрайды. Олар: бактерия, вирус, риккетсиялар, саңырауқұлақтар.

Микробтардың өнімдері: токсиндер, мал және ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіретін жәндіктер мен зиянкестер ауру қоздыратын микробтарды тасымалдайтын жәндіктер және өсімдіктерді шірітетін синтетикалық химиялық заттар - гербидцидтер мен дефолианттар.

Биологиялық қаруды нысаналарға жеткізу немесе қолдану әдістерін екі топқа бөлуге болады: негізгі әдіс және диверсия жасау әдісі.

Негізгі әдісі бойынша биологиялық құралдар аэрозоль (тұман) түрінде құрғақ немесе сұйық қалпында жел бағытымен жіберіледі, сонда жерге жақын ауа қабатының жүздеген шаршы шақырымы зарарсызданады (зақымға ұшырайды). Әдісті қолдану үшін аэрозолды ұшақтардан арналған шаңдатқыштар арқылы себеді немесе авиациялық бомбалар тасталады. Одан басқа, жерге тиісімен өздігінен жарылатын: зеңбірек снарядтары, миналар, пластиктен жасалынған бомбалар, контейнерлер, кассеталар, басқармалы биологиялық зымырандар. Нысаналарға жеткізу үшін ауа шарлар да пайдалануы мүмкін.

 

ОРТАНЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗАТТАР.


Адамды, қоршаған ортаны микробтардан зарарсыздандыру үшін дегазацияға арналған тотықтыру және хлорлау әсерін келтіретін заттар, солармен қатар формалин, фенол және  т.б. қолданылады.

Формалин - формальдегидтің суда 30-40%-тік ерітіндісі, өткір, тітіркенетін иісі бар    мөлдір сұйықтық. Сақталу барысында полимерленеді де,  ерітіндіде параформальдегидтің ақ жапырақшалары пайда болады. Формалиннің өзі де, буы да улы (организмнің ішіне   өткен өлім мөлшері 10 граммға жуық).

Сондықтан оны пайдаланғанда противогазды қолдану керек.
Формалинды жүннен жасалған бұйымдарды, теріден тігілген аяқ-киімді, қару-жарақтарды және техниканы зарарсыздандыру үшін пайдаланады.

Фенол, таза түрінде, қызғылт түсті кристаллды зат, суда нашар ериді. Зарарсыздандыру жұмыстарында карбол қышқылы пайдаланылады, ол 90% фенолдан және 10% судан тұратын сұйықтық. Спорлары құрамайтын микробтарға қарсы қолданылғанда, үйлерді, қару-жарақты, техниканы және киім-кешекті зарарсыздандыру үшін 3-5%-тік фенолдың судағы ерітінділері пайдаланынады.

Жәндіктер мен кенелерді жоюға арналған заттарды инсектицид заттары деп атайды. Осы қатарда кеңінен тараған ДДТ, гексахлоран т.б.


ІҮ. Бекіту сұрақтары:

1. Биологиялық қару дегеніміз не?

2. Биологиялық қару адамдар мен жануарларға қандай қауіп туғызады?

3. Биологиялық қарудың тарихы туралы не білесің?
4.Жеке қорғаныш құралдарын киіп көрсету.(противогаз уақытпен).


Ү. Үйге тапсырма беру:

1. «Биологиялық қарулар» тақырыбын оқу.

2. Тақырыпқа байланысты мәнжазба дайындап келу.


ҮІ. Оқушыларды бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!