Материалдар / Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Желтоқсан 2020
273
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Мектеп: «Абай атындағы орта мектеп» КММ

Күні: 20.02.20

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 17

Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.14

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі,шешімдерін табады;

  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;

  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.

Бағалау

Критерийлері

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі,шешімдерін таба алады;

  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;

  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • сызықты теңдеудің анықтамасын және түрін, санды теңдіктердің қасиеттерін, модуль анықтамасын біледі;

  • тепе-тең түрлендірулерді орындай отырып, теңдеулерді сызықты түрге келтіреді;

  • теңдеулердің қасиеттерін айта алады;

  • сызықты теңдеулердің коэффициенттерін нұсқай отырып, сызықты теңдеулерді сипаттайды;

  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;


Құндылықтарды дарыту

- Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

- Өзгенің пікірін құрметтеу;

- Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

Пәнаралық

Байланыстар

Қазақ әдебиет

Бастапқы

Білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 3 мин

Сәлемдесу. Оқушылардың көңіл күйлерін білу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық: «Амандасу» әдісі

Үй тапсырмасын тексеру, жауап тақтада көрсетіледі,оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, бағалайды.

Топқа бөлу.

Оқушылар кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді, топ атауы беріледі,топ басшысы сайланады. Топта жұмысістеу ережесін еске түсіреді.

Презентация

Сабақтың

ортасы

4- 10мин

«Ойлан, жұптас, бөліс» - өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары. Жұптық жұмыс

1 - топ: Сәйкестендіріңіз

Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі ( Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері).

Мәндес теңсіздіктер шешімдері бірдей болатын немесе шешімдері болмайтын теңсіздіктер

Теңсіздікті шешу теңсіздіктің барлық шешімдерін табу немесе шешімі болмайтынын дәлелдеу

Теңсіздіктер жүйесін шешу теңсіздіктер жүйесінің барлық шешімін табу немесе шешімі болмайтынын көрсету

Бірігу сан аралықтарының ең болмағанда біреуіне тиісті болатын сан аралығы

Дескриптор: оқушылар берілген терминдерге дұрыс анықтаманы сәйкестендіреді.

2 - топ: Бір айнымалысы бар теңсіздіктердің шешімдерін табу алгоритмін ретімен орналастырыңыз.

1 - Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;

2 -Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;

3- Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек;

4- Жүйедегі теңсізідктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады;

5- Жүйенің шешімдері сан аралығымен немесе теңсіздікпен жазылады).

Дескриптор: оқушылар теңсіздіктер жүйесін шешудің алгоритмін дұрыс ретімен орналастырады.

3 – топ:Бос орынды толтыр

1 - Санды теңсіздіктер сандар және оларға қолданатын амалдар мен теңсіздік таңбасынан тұрады.

2 – Сол және оң жақ бөліктеріндегі әрбір қосылғышты теңсіздіктің мүшесі деп атайды.

3 - Жүйенің әрбір теңсіздігін тура санды теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәні ---деп аталады

4- Егер сәуленің басын кескіндейтін нүкте сәулеге тиісті болмасы,онда сәуле ашық сәуле деп аталады.

5-Берілген сан аралықтарының әрқайсысына тиісті болатын сан аралығын сан аралықтарының қиылысуы деп атайды.

Дескриптор: Оқушылар сөйлемдегі бос орынға сөздерді дұрыс қояды.

























11 – 25 мин

«Графикалық органайзер»

Оқушылар плакатта берілген тапсырмаларды орындайды. Есептерді шығарып, сәйкес әріптерді орналастырып жасырынған сөзді табады.

Дескриптор:

а – ның орнына берілген сандарды қою;

Шыққан теңсіздіктер жүйесін шешу;

Ортақ шешімін табу.


Математика

2-бөлім,



28 – 37 мин

Өз беттік жұмыс

«Ойлан тап»

Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

Жауаптары:

1) ( 11; +∞) 2) [-2;2) 3) [-4; 6]

Дескриптор: оқушылар берілген теңсіздіктер жүйесіндегі теңсіздіктерді шешеді;

Оларға ортақ шешімді табады;

Табылған шешімді координаталық түзуде кескіндейді.

Қосымша:

а)

Ж: [-2;3].

б)

Ж: [-4;3].


Сабақтың соңы 37-40

Сабақты қорытындылау.

Рефлесия: «Көңіл күй аралы»

Үйге тапсырма: № 1033,1034 есептер



Математика

2-бөлім,



















3

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!