Материалдар / Бір халық – бір ел – бір тағдыр

Бір халық – бір ел – бір тағдыр

Материал туралы қысқаша түсінік
халық ел туралы түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2018
502
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



№167 жалпы бiлiм беретiн мектеп



















Сынып сағаты

Тақырыбы:«БІР ХАЛЫҚ – БІР ЕЛ – БІР ТАҒДЫР»































Алматы

Тақырыбы: «Бір халық – бір ел – бір тағдыр»Мақсаты: Оқушыларға отанын сүюге, бірлікке, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың  байлығын қорғауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.Барысы:Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмынен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.Ой қозғау:- Біз қандай мемлекетте тұрамыз?- Қазақстан.- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?- ҚРның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.- Біздің тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме?- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Мұғалім сөзі. Міне, балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.  Қазақ еліеркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірдіМыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.      Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. Сессияда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!» деп атады. Сессияның аты: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

-     Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,«Бір ел», бұлбарлығымыз үшін ортақ Отан.«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.-  Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! -  деген болатын..     Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынып,бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз.Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреуол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат  қылдық.-   Елбасы Жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы –балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне –«Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деді. Бұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет.

-Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен- ана. Ал ана- отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы –ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық –зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады. -   Білім- барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Оларинженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ