Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бір сабақ бойынша рефлексивті есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сарыағаш ауданы Мұғалім портфолиосы В2 есебі
Бастауыш сынып мұғалімі 3- деңгей 02 топ
Эрджанова Айнұр Тренер: Жұманова Р
Оқушылар білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.
Тыңдаушының жазбасы |
Тренердің жазбасы |
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өзі айтқандай елдің болашағы біліммен қаруланған жастардың қолында болса, сол жастарға сапалы да табысты білім беру ұлағатты ұстаздар қолында екендігінде дау жоқ. Сол себептен де мұғалімдер алдыңғы қатарлы елдермен білім жағынан теңесу үшін, білім саласында болып жатқан реформалармен танысып, заманауи әдіс –тәсілдерді меңгеріп, әлеуметтік сындарлылық идеяларын үйрене отырып,оқу және оқыту үдерісінде, сабақ түсіндіру кезінде тиімді пайдалана алуы қажет.. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт былай деп айтқан екен; жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді , ұлы мұғалім шабыттандырады. Осы пікірдің өзінен мұғалімге артылар жүк жеңіл еместігін аңғаруға болады.Қазіргі таңда мұғалімдер алдына білім жүйесіне жаңа әдіс –тәсілдер, өзгерістер енгізіп, білім беру жүйесін жаңа үлгіде жоспарлап, білім беру реформасына жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім берудің жаңа тиімді жолын қарастыру деген сөз. Қазіргі таңда мемлекетіміздің білім саласына ерекше қолдау көрсетуінің арқасында, әлемдік деңгейдегі оқу орындарының озық тәжірибелерін еліміздің болашағы жастарға білім беру үшін, мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін Кембридж теориясының негіздерін мұғалімдерге оқытып үйретуде. Осы оқып жатқан курсымыздың өзінің негізгі мақсаты –сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтып отыр. Бұл теория оқушының ойлануын дамытуда олардың мұғалімнен, дереккөздерден, оқулықтан, құрбы –құрдастарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі арқасында жүзеге асады. Кембридж теориясының өзі білім беру саласында жеті модулді кіріктіріп өтуге негізделеді. Бұл жүйе еліміздің білім беру жүйесін дамыту жоспарларының мақсаттарына сай келіп отыр. Бағдарламадағы тәсілдер мұғалімнің өз тәжірибесін түбегейлі өзгертуіне,болашаққа жоспар құруына, және ол жайында саналы түрде ойлануына алып келеді. Әрине біздер осы оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді тек оқып қана қоймай, оны практика жүзінде балаға сапалы білім беруде қолдануға әрекет жасаймыз. Осы айтылғандарға байланысты мен бірінші «Бетпе –бет» кезеңінен кейін өзімнің бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сабақтарым мен жеті модулді кіріктіріп өткен сабақтар арасында үлкен айырмашылық бар екенін түсіндім. Мектептегі тәжірибе кезінде мен осы Кембридж бағдарламасының модулдерін енгізіп тізбектелген сабақ жоспарын және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасадым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы 3 сынып оқушыларына өткізген үшінші сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасы. Сабақтың мақсаты: Жануарлар тіршілігі туралы түсінік беру. Жануарлар туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, меңгерту. Дүниетанымын кеңейту сабаққа қызығушылығын арттыру. Жануарлардың мекен ететін ортасына қарай қалай бөлінетінін меңгерту. Сабақты бастамас бұрын бүгін сыныпта кім жоқ деп сұрап алдым. Сыныпта оқушылар арасында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында оқушылардан алдымен бүгін күніміз қандай болып тұр деп, ауа райын сұрап алдым. Бұл сұрағыма оқушылар күн суытып жаңбырлы болып тұр деп жауап берді. Сосын оқушылар арасынан Сандуғаш есімді оқушым күннің суық болғаны біздің көңіл-күймізге ешқандай кедергі жасамайды деп керемет жауап берді. Сосын «Шаттық шеңбері» арқылы оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Мұнда оқушылар гүлді бір-біріне ұсына отырып ең жақсы-жақсы деген тілектерді достарына арнап айтты. Олардың бірнешеуін атап айтсақ:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып болған соң, кезекшілер көмегімен топқа бөлуді жалғастырдым.
2. «Қосмекенділер» 3. «Жабайы аңдар.» Құстар суреттерін тарату арқылы топқа бөліп алдым. Мұнда топқа бөлініп жатып әр топтың атауына нелер жататынын атап айту арқылы еске түсірдік. Топқа бөлінген соң, әр топ өздеріне топ басшысын сайлап алды. Бірінші топтан Джолдықараев Дияр Екінші топтан Жақсылықова Сабина Үшінші топтан Жораева Сандуғаш Төртінші топтан Жамалбекова Ұлжарқын сайланды. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымды кезеңге бөлдім. Александр тәжірибеде зерттелген диолгтың бес үлгісін анықтады.Механикалық есте сақтау.
Үй тапсырмасын сұрамас бұрын сабағымды қызықты сұрақ қою арқылы бастадым. Сұрақ:
Оқушыладың жауабы: Өлі табиғатқа су, тас, топырақ, бұлт, ауа, заттар, киімдер жатады. Тірі табиғатқа адамдар, жануарлар, ағаштар жатады. Бұл жерде демек өлі табиғатпен тірі табиғаттың айырмашылығы біреуі жансыз, біреуі жанды болып келеді деп жауап берді. Кейіннен үй тапсырмасын сұрақ-жауап әдісі бойынша жүргіздім.
Үй тапсырмасын жүргізіп болған соң бағалау түрімен таныстырдым. Бүгінгі сабағымыздағы бағалау түрі табиғат құбылыстары арқылы бағалаймыз.
Келесі кезекте АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларға жануралардың тіршілік ортасымен экран арқылы балалар бағыт бағдар алу үшін таныстырып, түсіндіріп шықтым. Сулы, шөлді, орманды және қыс мезгіліне төзімді жерлер тіршілік етеін жануарлар суреттер арқылы таныстырып шықтым. Жаңа сабағымның түсінікті болу үшін оқушыларға бірінші тапсырмамды «сынақтан өткізу» әдісін пайдаланып:
Екінші тапсырмамды «сыни тұрғыдан ойлау» модулін пайдаланып жануарлар топтамаларын әр топқа бөліп А4 форматына жазып, суретін салып қорғауды тапсырдым.
Әрбір топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасап, постерге олар туралы мәлімет жазып, суреттерін салды. Бірінші болып жабайы аңдар тобынан өз тобын қорғау үшін Алтынай шықты. Біз сүтқоректілер бойынша тапсырма алдық. Бұларды сүтқоректі деп атайтын себебі туылған баласын тірідей туып емізіп сүтпен бағады. Бұл сүтқоректілер үй жануарларында да бар. Мысалы: сиыр, қой, жылқы, ешкі. Сүтқоретілер туралы толық мәлімет бере алмағандықтан, бұл топқа бұлттың суретін, яғни «4» баға бердім. Екінші болып бірінші топтың атынан Аслан шығып қорғады. Балықтар туралы мәлімет айтар болсам, балықтардың түрлері өте көп және ішіндегі сүтқоректілерді айтар болсам итбалық пен моржды айтуға болады. Балықтар суда балдырлар арқылы қоректенеді. Бұл балықтар кез келген суларда мекен етеді. Олар желбезектері арқылы тыныс алады және құйрығы арқылы алға жылжып жүреді. Балықтардан дәрілер, консервілер, балық майын алуға, тыңайтқыштар алуға болады. Адамдар мен жануарлар қорегіне де айнлған. Бұған бақаларда кіреді. Осы бақаларға арналып өлең шумақтарыда шыққан. Оны айтатын болсам: Бақа, бақа балпақ, Басың неге жалпақ. Темір тостақ көп киіп, Басым содан жалпақ деп өз тобын керемет қорғап шығып күннің суретін алды. Үшінші болып құстар тобынан Дастан шықты. Сүтқоректілер ішіндегі үй жануарлары түсті. Бұл үй жануарларына сиыр, қой, ешкі, жылқылар кіреді. Аталған жануарлар тек өздерінің балаларын ғана сүтпен асырап қана қоймай, біздерге де, яғни адамдарға пайдасы мол. Мысалы: сиырдан біз сүт алып ішеміз, одан айран, май, ірімшік, қаймақ, құрт жасаймыз. Жылқының сүтінен қымыз жасап емдік сусын ретінде пайдаланамыз. Жылқыны біз көлік ретінде де пайдаланамыз. Бұлар көк шөппенен және жемменен қоректенеді. Жауабын өте жақсы деп күннің суретін бердім. Енді соңында қалған қомекенділер тобынан Диана есімді қызымыз шықты. Бізге «Бауырмен жорғалаушылар» түскен болатын. «Бауырымен жорғалаушыларға» тасбақа, жылан, кесіртке, қолтырауын жатады. Қолтырауын жайлы айтатын болсам, олар суда мекендейді. Ал кесірткелер шөлде, ормандар да және кейде ағаштарда да мекен етеді. Себебі олар секіруге бейім болып келеді. Жыландар жер астында мекен етеді. Күннің көзі шыққан уақытта жыландар жер бетіне шығады. Бұл топ өте баяу және мәлімет толық бере алмағаны себепті Диананың тобына бұлттың суреті бар бағалау парағын ұсындым. Тапсырманы орындап болған соң, қошемет көрсетіп қол шапалақтап көңілімізді көтеріп алдық. Үшінші тапсырмам «Қайта бағыттау әдісі» бойынша болды. Тақырыбы. «Мекен ету ортасына қарай орналастыр». Суреттерді экраннан көрсетіп оқушылар ауызша жауап береді.
Әр топтан бір-бір оқушыдан тұрып жауап берді. Әр тапсырмадан кейін топ ережесін қайталап ескертіп отырдым. Осы жерде айтатыным Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болу мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет делінген. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 57-58 бет) Мұндағы айтарым әрбір берілген тапсымадан кейін топты немесе оқушыны өз деңгейін тексеріп, соған қарай бағалап отыру. Тапсырмаларды орындап болған соң, оқушыларды бір мезгіл демалдырып алу үшін сергіту сәтін өтткіздім. Мұнда оқушылар бейне роликтегі би қимылдары арқылы биледі. Сабақты пысықтау кезінде барлық топтарға А4 форматын таратып шықтым. Таратылған парақтарға сабағымызда айтылған барлық жануарлардың түрлерін атап, оларға мәлімет жазып берулерін тапсырдым. Әрбір топ атынан бір оқушыдан тұрып берілген тапсырма бойынша өздерінің шамаларына қарай жауаптарын айтты. Мұнда оқушалар толық жауап берген және толық жауап бере алмаған топтарда болды. Кері байланыс: Таратылған смайликтерге балалар өздерінің сабақты қандай дәрежеде үйренгендерін жазды.
Мен үшін алдыңғы дәстүрлі сабақтарға қарағанда сындарлы оқыту теориясы бойынша 7 модулді кіріктіре отырып өтілген сабақтарым оқушыларға көбірек нәтиже берді деп ойлаймын. Себебі оқушыларға сындарлы оқыту теориясы бойынша өткен сабақтарым өз тиімділігін көрсете алды. Әр сабақта бала менен бір жаңалық күтіп отырағандай сезілді. Сабақта істеген әрекеттер, әдіс-тәсілдер мен стратегиялар нәтиже берді. Дәстүрлі оқыту стилін қолдану кезіндегі сабаққа қарағанда, сындарлы оқыту теориясы бойынша өтілген сабақтарым әлдеқайда қызықты әрі сапалы болды деп айта алмын. Демек бұл әдістің тиімді жағы балаға ыңғайластырып берілгені айтпасада түсінікті болып тұрған секілді. Бірақ неге екенін білмеймін басқа тапсырмаларға қарағанда жауап алу үдерісін бағалау және жалпы бағалау туралы тақырыптырында ешқандай қиындық тумайды деп ойлаған едім, бірақ ең қиыны, ең таныс емесі бағалау болып шықты. Бұл біз білетін дәстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау емес. Біз бұрын жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң оқушылар түсінікме беріп немесе сұрақ қойғанда, оны қайталап бізге жауап беретін, толық бағалай аламын деп бағалаушы едім. Менің түсінгенім бағалау өте күрделі екен, тіпті тапсырмалардың ішінде ең маңыздысы десемде болады. Өйткені бағалау арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға, оларды қорытындылауға, оқушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ең маңызды фактор деп ойлаймын. Маған осылай түйілді. Соңынан сабақты қорытындылап, үйге эссе (Жануарлардың тіршілік ортасы тақырыбына) жазып келуді тапсырдым. Жалпы оқушыларға бағалаудың түрлерін үйрете отырып, олардың көмегіне сүйенер едім. Нәтижесінде оқушылар өзін – өзі реттеуді, когнитивті, эмоционалды бақылай алу мүмкіндігіне қолжеткізді, өз бетімен ізденіп, жұмыс жасауға дағдыланды, ұжымшылдыққа, топта ортақ шешім қабылдауды және бірін-бірі әділ бағалауды үйренді. Әрине, сабақтың жоғары нәтижеге жетіп, табысты болуы мұғалімнің шеберлігі жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «Мұғалімнің үш көмекшісі» (Shylman 2007. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 8 бет) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсібі түсінігі тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай – ақ тәжірибені түсіну, жетілдіру үшін дәлелдер нәтижелерін қалай қолдану керектігін көздейді. Оқытудың тәжірибелік дағдылары түсінігімен жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, сабақтар кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын үшінші түсінігі кәсіби – өнегелілік тұтастық болып табылады. Ұстаздар мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірменен құрмет көрсете білетін әділ жан бола алғанда ғана, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете алса, шәкірт сеніміне ие болып, жасанды емес құрметке ие болады. Мен өзімнің сабағымда оқушыларға деген, олардың маған деген шынайы қарым – қатынас орыналғандықтан, сабағымда жақсы нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл -күйінің куәсі бола алдым. Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген сабағымнан Бағдарламаның негізінде оқытуға қызығушылығым арта түсті. Көптен күткен серпіліс енгізіп отырған оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті, сондықтан құзырлығымды арттыру мақсатында, бұл жаңаша әдіс – тәсілді өзім үшін әліде болса тереңірек меңгеріп, тәжірибеме енгізуді көздеп отырмын. Өсіп келе жатқан еліміздің болашақ қалаушыларына жоғары деңгейлі білім беруді негізгі мақсат етіп алдым, себебі біздің алдымызда қызықты да қиынды үлкен міндеттер тұр. Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал ететін бүгінгі ұрпақты білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі өмірлік ұстанымым. Қорыта келе айтарым: Әр ұстаздың міндеті-өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, ақылды, парасатты, білгенін өмірде қолдана білетін, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолдану-оң нәтижеге жеткізеді, тигізетін әсері ерекше болады.Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болуы керек.
Менің келешектегі жоспарым: осы Кембридж бағдарламасының негізгі жеті модулін басшылыққа ала отырып, сабақ жоспарымды дұрыс ұйымдастыру, сабақтың әдіс-тәсілдерін түрлендіру, оқушылармен ынтымақтастықта болу, сабақтың өмірмен байланысын нығайту, үнемі ізденіс үстінде болу, еркін ойлы азамат тәрбиелеу. |
|